Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Хабарландыру!


Құрметті қала және аудан тұрғындары!

 Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі «Мемлекеттік қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысына өгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысының 2019 жылғы 23 қыркүйекте мақұлданғандығын хабарлайды. Жоғарыда көрсетілген жоба шеңберінде «Тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі ағымдағы жылдың 1 қарашасынан бастап алып тасталатын болады. Осыған байланысты барлық мүмкін мекемелерде: мектептер, ауруханалар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтары т.б. – қандай да жағдай болмасын азаматтардан тұрғылықты жерінен мекенжай анықтамалары талап етілмеуі қажет.
Желі пайдаланушылары оның орнын қандай құжат басады, енді тұрғылықты жер бойынша тіркеу қажет емес пе деп сұрап жатыр. Онда мына постымызды сақтап, мұқият оқып, көңілге тоқи жүріңіз. Мекенжай анықтамасы қашан жойылады?
1 қарашадан бастап «Мекенжай анықтамасы» мемлекеттік реестрден мүлде алынып тасталады.
Мекенжай туралы мәліметтерді қалай, қайдан көруге болады?
Тұрғылықты мекенжай жөніндегі мағлұматты egov.kz электронды үкімет порталы мен eGov mobile  қосымшасындағы жеке кабинет арқылы тексеруге болады.
Мемлекеттік органдар мен өзге заңды тұлғалар бұл мәліметті қайдан алады?
Мемлекеттік органдар мекенжай деректерін ішкі істер министрлігінің деректер базасымен интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы алатын болады.
Басқа ұйымдар, соның ішінде жеке компаниялар egov.kz электрондық үкімет порталындағы үшінші тұлғаларға анықтама беруге мүмкіндік беретін сервисті пайдалана алады. Бұл тек азамат  бір рет ақпарат алуға рұқсат беретін SMS-ке келісім бергенде ғана жүзеге асатын операция.

Ақпараттық ресурстар