Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мемлекеттік мекеме және жергілікті атқарушы органдардағы қызметшілерге


Терминология мәселесіне қатысты

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының  үстіміздегі жылғы 26 сәуірдегі № 19-32-20.154 тапсырмасына сәйкес барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында Республикалық терминология комиссиясы мақұлдағантерминдердің жүйелі түрде бірізді қолданылуын қадағалау,сондай-ақ құрамына тікелей кәсіби сала мамандары қамтылған салалық терминологиялық секцияның жұмысын жандандыру және салалық терминдерді дайындау жөніндегі жауапкершілікті күшейту бойынша жұмыстарды жүргізу тапсырылған болатын.

Бүгінгі таңда терминдердің бірізді қолданылуын қамтамасыз ету – терминология саласындағы ең өзекті мәселелердің бірі. Өйткені кей терминдердің түрлі баламада қолданылуы, яғни теледидар, газет-журналдарда, оқулықтар мен әдебиеттерде басқа нұсқаларының қатар жүруі, оның ішінде сәтсіз баламалардың болуы қазақ тілін ғылыми тіл ретінде дамытуға кедергі келтіруде.

Терминдерді қолданудағы әркелкілікті жою, жалпы терминологиялық жұмыстарды жүйелендіру, терминдерді біріздендіру мақсатында оларды бекіту мәселесімен Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық терминология комиссиясы (бұдан әрі – Терминологиялық комиссия) айналысады.

Терминологиялық комиссияда қаралатын терминдердің басым бөлігі орталық және жергілікті атқарушы органдардан, квазимемлекеттік секторлардан келіп түседі. Сол себепті бүгінгі таңда мемлекеттік органдар жанынан құрылған салалық терминологиялық секцияларға Терминологиялық комиссияға бекітуге ұсынатын терминдерін алдын ала әлеуметтік желілерде, қоғамда талқылап, жан-жақты пысықтап, көпшіліктің пікірі негізінде мониторинг жасап, ұсыну жүктеліп отыр. Бұл – терминологиялық жұмыстардың ашықтығын көрсетуге, қоғаммен тығыз байланыс орнатуға және салалық терминдердің сапасын арттырып, сөздік қорымыздың терминжасамдағы мүмкіндіктерін мейлінше пайдалануға жол ашады.

Бұл ретте Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі салалық терминологияға қатысты республикалық ғылыми-практикалық конференция, онлайн, офлайн-конференциялар, әдістемелік семинарлар және онлайн, офлайн семинарларды тұрақтыұйымдастырып отырады. Өткізілетін шаралардың өзектілігі салалық терминдерді біріздендіру, ұлттық терминқорымызды жетілдіру қажеттілігіне негізделген және аталған шаралар негізінде Қарар қабылданып отырады (Қарар қоса беріледі).

Сонымен бірге бекітілген және бекітуге ұсынылатын терминдерді көпшілікке кеңінен таныстыру мақсатында «Termincom.kz» сайтында арнайы терминологиялық алаң ашылған болатын. Электрондық алаң – қазақ терминологиясын жетілдіруге бағытталған, ұлттық терминологиялық қорды толықтыруды көздейтін платформа. Бүгінгі таңда «алаңда» салалық терминдерді көпшілік алдында талқылауға, бекітуге ұсынылатын терминдермен танысуға, әрбір терминге балама ретінде өз нұсқаңызды салуға, алаңда талқыланған терминдерге дауыс беруге, офлайн форматындағы конференция арқылы дәріс оқушыға сұрақ қоюға, алаңда орналасқан онлайн семинар және конференцияларға қатысуға, алаңда талқыланатын мәселелерді әлеуметтік желілер арқылы бөлісуге болады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде терминологиялық жұмыстарды  жандандыру мақсатында терминологиялық секциялық топтар құру мәселесін қарастыруға және Терминологиялық комиссия бекіткен терминдерді жұмыс бабында қолдану үшін 

https://termincom.kz/alan 


Ақпараттық ресурстар