Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне зерделеу жүргізілуде


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі ҚР ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күштерге жататын, ҚР Президентінің Күзет қызметі мен ҚР Республикалық ұланының функцияларын атқаратын және ҚР заңнамасымен белгіленген құзырет шегінде күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс – шараларын жүзеге асыратын, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін арнаулы мемлекеттік орган.

  Мемлекеттік күзет қызметінің әскери қызметшілері Тұңғыш Президентінің – Елбасының, басқа да күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, объектілерді күзету және қорғау, терроризмге қарсы операцияларға қатысуға, ҚР Мемлекеттік Туының және Мемлекеттік Елтаңбасының эталондарын күзету, рәсімдік және протоколдық  іс – шараларды орындауға тікелей тартылады.

  ҚР Мемлекеттік күзет қызметі, бұл:

-  Астана мен Алматы қалаларында элиталы арнаулы бөлімшеде әскери қызмет өткеру;

-  Мерзімді қызмет аяқталғаннан кейін ҚР МКҚ – де келісімшарт бойынша әскери қызметші немесе қызметкер болып қызметті одан әрі өткеру мүмкіншілігі болып табылады.

Мерзімді әскери қызметке түсу кезінде әскерге шақырылатындарға қойылатын талаптар:

1)  Жоғары білімі бар әскерге шақырылатындарға, спорт шеберлеріне және үміткерлерге басымдылық беріледі;

2)  Білімі: орта – арнайы, жоғары;

3)  Жасы: 18-27 жас;

4)  Бойы: 180см және одан биік.

Олар еліміздің бет-бейнесі!

ҚР Мемлекеттік күзет қызметі туралы толық ақпарат ҚР Мемлекеттік күзет қызметінің ресми сайтында http://www.sgork.gov.kz

Мекен-жайы: Маңғыстау-3, 27 кварталл 24 участок Мұнайлы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі.

Байланыс нөмірі: 8(7292)30-54-53, 8(7292) 30-54-52. 


Ақпараттық ресурстар