Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«АУЫЛДЫ БІРЛЕСЕ ДАМЫТУ» ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУҒА БІРЛЕСЕ ЫҚПАЛ ЕТУ


«Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, жергілікті қоғамдастық мүшелерінің және үкіметтік емес ұйымдардың жергілікті өзін-өзі басқару процесіндегі рөлін күшейтуге бағытталған «Ауылды бірлесе дамыту!» жергілікті өзін-өзі дамытуға бірлесе ықпал ету жобасын 2017 жылдың наурыз айынан бастап жүзеге асыруда. Ұзақтығы 36 ай болатын жоба облыс әкімдігі қолдауымен және Еуропалық Одақтың қаржыландырылуымен жүзеге асырылады.

Жобаның мақсаты Мұнайлы және Түпқараған аудандарының 13 пилотты ауылында жергілікті өзін-өзі басқаруды енгізуге ықпал ету және жергілікті экономиканың дамуына қолдау көрсету.

Қазіргі таңда, жоба аясында Мұнайлы ауданына қарасты 7 ауылдың (Қызылтөбе, Батыр, Баянды, Маңғыстау, Атамекен, Басқұдық және Дәулет) инклюзивті даму жоспары жасақталды. Аталған құжатта ауылдардың қазіргі жағдайына талдау жасалған яғни, ауылшарушылығының, шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейі, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым жағдайы, экономикалық даму перспективалары және оны тежейтін факторлар, SWOT талдау. Сонымен қатар, даму жоспарында ауылдардың стратегиялық даму бағыттары, оларды жүзеге асыру іс-шаралары, жауаптылар, қаржыландыру көздері және орындау мерзімі көрсетілген нақты жоспар жасақталған. 

Ауылдардың даму жоспарында көрсетілген жергілікті мәселелерді шешу мақсатында 2018 жылы Қызылтөбе, Батыр, Баянды және Маңғыстау ауылдарының кәсіпкерлеріне жалпы сомасы 7 100 000 теңгені құрайтын қаржылық қолдау көрсетілді. Қазіргі таңда,  11 кәсіпкер бизнес тренингтен өтіп әлеуетін көтерді, соның ішінде 3 кәсіпкер қаржылық қолдауға ие болып өз ісін табысты жүргізуде, яғни, бизнесін кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашуда.

Атамекен, Басқұдық және Дәулет ауылдарының кәсіпкерлері бизнес тренингке қатысып, 1 500 000 теңгеге дейін қаржылық қолдауға ие болу мүмкіндігін 2019 жылдың 30 сәуіріне дейін бизнес-идеялар байқауына қатысу арқылы ала алады.

Байқау шарттары Маңғыстау облыстық Азаматтық Альянсының ресми сайтында www.gamo.kz және Facebook (@GAMO.Mangystau), Instagram (gamoaktau) әлеуметтік желідегі ресми парақшасында көрсетілген. 


Ақпараттық ресурстар