Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Үкіметтік емес ұйымдар назарына!


Үкіметтік емес ұйымдар назарына!

 2018 жылғы  1 қаңтарда күшіне енген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес ҮЕҰ дерекқорына  тіркелу мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында әлеуметтік бағдарламаларды және әлеуметтік жобаларды, мемлекеттік гранттарды іске асыруға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт болып табылады.

  Азаматтық қоғам істері комитеті 2018 жылы 31 наурызда үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтерді жолдау мерзімі аяқталатынын хабарлайды. Осыған орай, үкіметтік емес ұйымдарға infonpo.kz сайтындағы электрондық есеп беру нұсқасын уақытылы толтыруды ұсынамыз.

  Анықтама телефондары: 8 (7172)74-04-20,64-25-24;

Осыған байланысты мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы, заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында құрылған үкіметтік емес ұйымдарға, Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктеріне (оқшауланған бөлімшелері) уақытылы, соңғы күндерге қалдырмай infonpo.kz сайтында есеп берудің электронды нұсқасын уақытылы толтыру ұсынылады.

  ҮЕҰ дерек қорына өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынудың балама тәсілі – есеп берудің қағаз нұсқасын толтыру болып табылады. Есептің қағаз нұсқасын электрондық форманың CD – дискте немесе флэш – жинақтауышта қосымшасымен қоса Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мекен-жайына ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін жолдау қажет. (мекенжайы: 010000, Астана қаласы,Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8,15-кіре беріс).

  ҮЕҰ дерекқорына мәліметтерді уақытылы өткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі.


Ақпараттық ресурстар