Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!


Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаровтың

2018 жылы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы ЕСЕБІ

2018 жылдың 12 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жұмыстар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауында берген және Үкіметтің, Облыс әкімінің тапсырмалары негізінде жүргізілді. Сонымен бірге, өткен жылы аудан әкімінің тұрғындарға есеп беру кездесулерінде тұрғындар тарапынан  20 ұсыныс пікірлер келіп түсті. Олардың орындалысы төмендегідей:

1.Қызылтөбе ауылдық округінің сумен қамту жүйелерінің құрылысын бастау.

Қызылтөбе ауылдық округінің ауыз сумен қамту құрылысының жұмыстарына республикалық бюджеттен 300,5 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары 2018 жылдың сәуір айында басталды. Мердігер мекеме «Шебер Құрылыс» ЖШС. Қазіргі таңда, 32 шақырымға ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізілді. Келісім – шарт құны 2 млрд. 039 млн. теңге. Аяқталу мерзімі: 2019 жыл.

2.Басқұдық ауылдық округін сумен қамту жүйелерінің құрылысын жалғастыру.

Басқұдық ауылдық округінің ауыз сумен қамту жұмыстары  2017 жылдың маусым айында басталды. Мердігер мекеме «Альянс ЛТД» ЖШС. Келісім-шарт құны 2 млрд. 511 млн. теңге. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарының 95% орындалып, 130 шақырымға ауыз су құбырын тарту жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округте қосымша жұмыс көлемінің пайда болуына байланысты құрылыс жұмыстары өтпелі кезеңмен 2019 жылы жалғастырылатын болады.

3.Шерқала (Маңғыстау-4) елді мекенін сумен қамту жүйелерінің құрылысын аяқтау.

Шерқала (Маңғыстау-4) елді мекенін сумен қамту жүйелерінің құрылысы толық аяқталды.

4. Айрақты, Бесшоқы (Маңғыстау-3, 5) тұрғын үй массивтерін сумен қамту жүйелерінің құрылыстарын бастауға қаржы көзін қарастыру.

Айрақты (Маңғыстау – 3) тұрғын үй массивіне су тарту жұмыстарын бастау үшін республикалық бюджеттен 100 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша жеңімпаз «НұрЖол  - Құрылыс» ЖШС анықталды. Келісімшарт құны - 333,4 млн тг. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары 30 пайызға орындалды.

Бесшоқы (Маңғыстау-5) тұрғын үй массивін сумен қамту жұмыстары  2019-2021 жылдарға арналған  инвестициялық жобалар тізіміне енгізілді. Жоба құны – 832,1 млн.теңге.

5.Батыр ауылдық округінде ауылішілік көше жолдары құрылысы жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын жасақтау бойынша қаржы көзін қарастыру.

Батыр ауылдық округінде ауылішілік көше жолдары құрылысы жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптамаға тапсыруға құжаттары дайындалуда. Жоба бойынша нысан 7 кезеңнен тұрады.

6.Басқұдық - Маңғыстау бағытындағы орталық бас жолды кеңейтуге арналған жобалық - сметалық құжаттарын жасақтауға қаржы көзін қарастыру және аяқтау.

Басқұдық-Маңғыстау бағытындағы орталық бас жолды кеңейту бойынша жобалық–сметалық құжаттары жасақталып, мемлекеттік сараптама қорытындысын алу үшін құжаттар топтамасы табысталды.

7.Басқұдық ауылдық округінің орталық бас жолы мен «Қошқар Ата» көліне баратын канал бойымен Ақшұқыр жолына қосылатын айналма жол құрылысын бастау үшін қаржы көзін қарастыру.

Басқұдық ауылдық округінің орталық бас жолы мен «Қошқар Ата» көліне баратын канал бойымен Ақшұқыр жолына қосылатын айналма (қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны арқылы автокөлік иелері үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына дейін) автомобиль жолын салу мақсатында, жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталды. Жобалаушы мекеме: «Deluxe design» ЖШС. Қазіргі таңда, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынып, тиісті қаражат бөлу жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныс берілді. Жалпы жоба құны: 1 млрд. 098,4 млн. теңге.

8.Баянды ауылының және Қызылтөбе-2, Айрақты, Шерқала (Маңғыстау-3,4) тұрғын массивтерінің әрқайсысы 15 шақырымды құрайтын ауылішілік автокөлік жол құрылыстарын жалғастыру

Баянды ауылындағы ауылішілік 15 шақырым асфальт жолын салуға 2017 жылы 101 млн. теңге қаражат бөлініп, 3 шақырым асфальт жолын салу жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме «Алтынқұрық» ЖШС. 2018 жылға 20 млн. теңге қаржы бөлініп, 2 шақырым қатқыл табанды автокөлік жолының құрылысы салынды. Келісім-шарт құны 501,3 млн. теңге.

Қызылтөбе-2 тұрғын үй массивінің ауылішілік 15 шақырымының 2017 жылы 6 шақырымына асфальт жабынды автокөлік жолы салынды. Мердігер мекеме «СМК-Атамекен» ЖШС. 2018 жылға 20 млн. теңге қаржы бөлініп, қосымша 1 шақырым асфальт жабынды автокөлік жолы салынды. Келісім-шарт құны 793,5 млн.теңге.

Айрақты, Шерқала (Маңғыстау-3, 4) тұрғын үй массивтеріндегі ауылішілік көше жолдарының құрылыс жұмыстарын жалғастыруға  2018 жылға қосымша 20 млн. теңге қаржы бөлініп, 200 метр асфальт жабындысы мен 1,5 шақырым грейдер жолы төселді. Мердігер мекеме «АқжолҚұрылыс» ЖШС. Келісім-шарт құны 515,3 млн.  теңге.

9.Бесшоқы (Маңғыстау–5) тұрғын массивіне 15 шақырым ауылішілік жол құрылысын жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың есебінен бастау

Маңғыстау ауылы, Бесшоқы (Маңғыстау-5) тұрғын үй массивіне  15 шақырым автокөлік жолының құрылысын жүргізу үшін жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың есебінен («МКДСМ» АҚ) жүргізіліп, қазіргі  таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталды.

10.  Мұнайлы аудандық орталық аурухана құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, құрылысын бастауға қаржы көзін қарастыру

Мұнайлы аудандық орталық аурухана құрылысының жобалық  - сметалық құжаттарын жасақтау бойынша облыстық құрылыс басқармасымен тапсырыс берілді. Жобалық - сметалық құжаттарды «Мұнайгазпроект - Сервис» ЖШС тарапынан әзірленді. Қазіргі таңда, алдын ала тексеру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік сараптамаға тапсырылатын болады.

11.  Әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған жатақхананың құрылыс жұмыстарын аяқтау

Мамандарды тұрақтандыру үшін Маңғыстау ауылынан  100 отбасына арналған жатақхана құрылысы жер қойнауын пайдаланушы компаниялар есебінен жүргізілді. Тапсырыс беруші: «Маңғыстау Құрылыс Инвест» ЖШС. Мердігер мекеме «Альянс ЛТД» ЖШС. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы шілде айында аяқталып, пайдалануға берілді.

12.  Маңғыстау ауылындағы 24 пәтерлі төрт қабатты жалдамалы 8 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау

Маңғыстау ауылындағы 24 пәтерлі төрт қабатты жалдамалы  8 тұрғын үйдің құрылысына 2018 жылға 348,4 млн. теңге қаржы бөлініп,  құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан пайдалануға берілді.

13.  Батыр ауылы Емір шағынауданынан төрт пәтерлі  24 тұрғын үйдің құрылысын бастау

Батыр ауылы Емір шағынауданынан төрт пәтерлі 24 тұрғын үйдің құрылысын бастауға 617,1 млн теңге қаражат қарастырылған. Конкурс қорытындысы бойынша жеңімпаз мекемелермен келісім - шарт жасақталды. Мердігер мекемелер: «Нұр Құрылыс Болашақ» ЖШС және «СИКО» ЖШС.  

14.  Маңғыстау ауылынан кітапханасымен бірге 500 орындық аудандық орталық мәдениет үйінің құрылысын жер қойнауын пайдаланушылар есебінен жалғастыру

Аудан орталығынан кітапханасымен бірге мәдениет үйінің құрылысы жер қойнауын пайдаланушы компания (NCOC) қаржысы есебінен жүргізілді. Тапсырыс беруші: «Маңғыстау Құрылыс Инвест» ЖШС. Нысанның құрылыс монтаждау жұмыстары 2017 жылдың шілде айында басталып, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары аяқталып, нысан пайдалануға берілді.

15.  Атамекен ауылдық округінен кітапханасымен бірге  200 орындық ауыл клубының құрылысын бастау және Басқұдық ауылдық округінен кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының құрылысын жалғастыру

Атамекен ауылдық округінен кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының құрылысы бойынша, мемлекеттік сатып алу қорытындысы негізінде жеңімпаз болып «Жамалбек» ЖШС анықталды.

Басқұдық ауылдық округіндегі кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының құрылыс жұмыстары 2017 жылдың тамыз айында басталып, құрылыс жұмыстары өтпелі кезең бойынша 2019 жылы жалғасатын болады.

16.  Бесшоқы (Маңғыстау–5) елді мекенінен 160 көрерменге арналған дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың есебінен бастау

Бесшоқы (Маңғыстау – 5) тұрғын үй массивінен 160 көрерменге арналған дене шынықтыру - сауықтыру кешенінің құрылыс монтаждау жұмыстары жер қойнауын пайдаланушы компанияның есебінен 2018 жылдың мамыр айында басталды. Мердігер мекеме «Еврострой – А» ЖШС. Аяқталу мерзімі: 2019 жылдың сәуір айы. Келісім шарт құны 433 млн. теңге.

17.  Қызылтөбе, Батыр ауылдық округтерінен және Бесшоқы (Маңғыстау–5) елді мекенінен әр қайсысы 1200 орындық және Басқұдық ауылдық округінен 1200 және 600 орындық мектеп құрылыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын жасақтау

Мұнайлы ауданы аумағынан жаңадан салынатын 5 орта мектептің жобалық - сметалық құжаттамаларын әзірлеу бағытында 41 млн. теңге қаржы бөлініп, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мемлекеттік сатып алу конкурстары жүргізілді. Қызылтөбе - 2 тұрғын массивінен 1200 орындық, Батыр ауылдық округі, Самал шағын ауданынан 1200 орындық, Бесшоқы (Маңғыстау – 5) тұрғын үй массивінен 1200 орындық орта мектеп құрылыстарының жобалық - сметалық құжаттамаларын жасақтау бойынша «Шебер» ЖШС және Басқұдық ауылдық округі, Жаңа қоныс тұрғын үй массивінен 600 орындық орта мектеп құрылысының жобалық - сметалық құжаттамасын жасақтау бойынша «Мұнайгазпроект Сервис» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Қазіргі таңда, жобалық - сметалық құжаттамаларын жасақтау жұмыстары жүргізілуде.

Басқұдық ауылдық округінен 1200 орындық орта мектеп құрылысының жобалық - сметалық құжаттамасы демеушілер қаражаты есебінен орындалуда.

18.  Атамекен ауылдық округіндегі қолданыстағы 640 орындық мектеп құрылысына қосымша 320 орындық мектеп және Басқұдық ауылдық округінен қолданыстағы 960 орындық мектеп құрылысына қосымша 320 орындық мектеп құрылыстарын бастау

Мектептердің құрылыс жұмыстарын бастау бойынша республикалық бюджеттен қаржы бөлу жөнінде бюджеттік өтінімдер жолданды. Жалпы жоба құны – 400 млн. теңге. Жоба 2019-2021 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізіміне енгізілді.

19.  Атамекен ауылдық округі мен Басқұдық ауылдық округінің дренаж жүйесі құрылысының жобалық-сметалық құжаттамаларын Республикалық бюджеттің нақтылауына ұсыну, қаражат көзін қарастыру

  Атамекен, Басқұдық ауылдық округтері бойынша жер асты дренаж құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық - сметалық құжаттамалары жасақталды. Аталған жобаларға тиісті қаржы бөлу жөнінде республикалық төтенше жағдайлар жөніндегі комитетке құжаттар табысталды. Жобалардың жалпы құны: 1 млрд. 443,6 млн. теңге.

20.  Аудан бойынша елді-мекендердің, тұрғын үй массивтердің және көшелердің атауларын өзгерту

    Маңғыстау облысының ономастикалық комиссиясының 2018 жылғы 14 қарашадағы қорытындысы негізінде әкімшілік – аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау бойынша Мұнайлы ауданы әкімдігінің ұсынған құжаттарының негізінде мынадай қорытындыға келді:

Мұнайлы ауданы бойынша:

Маңғыстау – 1 тұрғын үй массивіне «Ақ Еспе»;

Маңғыстау – 2 тұрғын үй массивіне «Бозжыра»;

Маңғыстау – 3 тұрғын үй массивіне «Айрақты»;

Маңғыстау – 4 тұрғын үй массивіне «Шерқала»;

 Маңғыстау – 5 тұрғын үй массивіне «Бесшоқы» атауын беру туралы ұсыныстарға оң қорытындысы берілді.

    Сонымен бірге облыс әкімі Е.Л.Тоғжанов Мұнайлы ауданының әкімдігіне 89 хаттамалық тапсырма жүктеген болатын. Оның  57 орындалды. Қалған 32 тапсырманың 6 өтпелі кезеңмен 2019 жылы іске асырылатын болады, 24 тапсырма тұрақты бақылауға алынды.

  Ауданның 2018 жылғы әлеуметтік - экономикалық даму қорытындысы төмендегідей:

Соңғы 10 жылда аудан халқының саны 3 есе немесе  2007 жылы 53 400 тұрғынды құрап, 01.12.2018 жылғы жағдай бойынша 160 000 тұрғынды құрады.

Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі  54 928,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6816,2 млн. теңгеге көбейді. (01.12.2017ж.- 48 112,3 млн. теңге) Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индекстері – 98% құрады (01.12.2017ж   .-83,6%).

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 1 601,4 млн. теңгені құрады. Өткен жылғы есептік көрсеткішпен салыстырғанда  343,7 млн. теңгеге көбейді немесе 27,3 пайызға өсіп отыр. (01.12.2017ж.-1 257,7 млн.тг)

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 20 395,2 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 40%-ға немесе 6 826,2 млн. теңгеге көбейген. (01.12.2017ж.-14579 млн.теңге.)

Құрылыс жұмыстарының көлемі  13 486,7 млн. теңгені құрады. (01.12.2017ж.- 16 843,6 млн.теңге). Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 76,3%. (01.12.2017ж.-75,7%)

Жалпы көлемі 160 мың ш.м. тұрғын үйлер іске қосылды. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 25,1 мың шаршы метрге көбейген. (01.12.2017ж – 134,9 мың ш.м.).

Жергілікті бюджетке түскен салықтық және салықтық емес түсімдер – 7 405,4 млн.теңгені құрады. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 838,3 млн. теңгеге көбейген. (01.01.2018ж. – 5 390,8 млн. теңге). Бюджет түсімінің орындалысы – 103,3%, Бюджет шығындарының орындалысы – 95,5%

2018 жылдың 12 айында аудан әкімдігіне 100 заңды және  1644 жеке тұлғалардан, барлығы 1744 арыз келіп түсті. Барлық арыздарға жауаптар заң талаптарына сай уақытында берілді. Сонымен қатар, жыл басынан аудан әкімінің және оның орынбасарларының жеке қабылдауында 455 адам қабылданды.

Мұнайлы ауданында 2019 жылдың 1 қаңтар жағдайына  95 мемлекеттік қызметтер түрлері бойынша барлығы 74 584 қызмет көрсетілді, оның ішінде:

1)  Мемлекеттік органда көрсетілген қызметтің саны – 39294;

2)  «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген қызметтердің саны – 12665;

3)  Мемлекеттік корпорация  арқылы көрсетілген қызметтердің саны-22625.

Білім саласы.Білім саласына ағымдағы жылы 8 823 млн. теңге бөлінді (2017ж.-7 231,6млн.тг.), бұл барлық аудан бюджетінің 43,7% құрап отыр.

Қазіргі таңда, ауданда 15 мектеп және 1 лицей білім береді.

Биыл Басқұдық, Қызылтөбе ауылдық округтерінен әрқайсысы  600 орындық 2 мектептің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді. 

Аудан мектептерінің түлектері соңғы 5 жыл қатарынан  ҰБТ көрсеткіштері (76,6 орта балл) бойынша облыс деңгейінде жоғары көрсеткіштерге ие болып жүр.

Балабақшамен қамту. Қазіргі таңда ауданда 15 мемлекеттік,  43 жекеменшік барлығы 58 балабақша жұмыс жасайды.

Балабақшамен қамту 2017 жылы 83% болса, 2018 жылы 96,7% пайызға өсіп отыр.

2018 жылы барлығы 1086 орындық 14 жекеменшік балабақша ел игілігіне табысталып, іске қосылды. (Жұмыспен қамтылған адам саны – 247)

Соның ішінде, Бозжыра (Маңғыстау-2) тұрғын үй массивінен мемлекеттік жекеменшік әріптестік бағытында 140 орындық балабақша құрылысы аяқталып, іске қосылды.

Бүгінде, статистикалық есеп бойынша 3-6 жас аралығында мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтылған бала саны – 7979. Соның ішінде 5868  бала балабақшамен қамтылған. 2111 бала мектеп алды даярлық топта, 270 бала балабақша кезегінде.

Денсаулық сақтау саласы. Ауданда 14 денсаулық сақтау ұйымдары тіркеліп, әр ауылдарда дәрігерлік амбулаториялар, бастапқы медициналық көмек көрсету орталықтары, аудандық орталық емхана (ауысымына 250 адамды қабылдайды) іске қосылып, тұрғындарға дәрігерлік қызметтерін жүргізіп келеді. Сонымен қатар, 3 жекеменшік «Көңілімқос», «Мұхаммед» және «Ясин» денсаулық ұйымдары іске қосылып, медициналық қызметтерін жүргізуде.

Денсаулық сақтау саласында 1 жасқа дейінгі 39 сәби өлімі тіркеліп, туылған 1000 сәбиге шаққанда 9,6 промильді құрап отыр.  (01.12.2017ж.–33 сәби, 8,2 промиль)  2018 жылдың 1 қараша жағдайына туылғандар саны – 4071. (01.12.2017ж.– 4004 бала).

Өкпе ауруына  шалдыққандар (80 адам) 100 мың тұрғынға шаққанда 60,2 промильді құрап отыр. (01.12.2017ж.–60,9 промиль,  79 адам)

 Ана өлімі тіркелген жоқ.

Мәдениет және спорт саласы. 100 дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы Елбасы тапсырмасын іске асыру мақсатында,жер қойнауын пайдаланушы компания есебінен, Бесшоқы (Маңғыстау-5) тұрғын массивінен 160 орындық дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. (Аяқталу мерзімі 2019 жылдың мамыр айы). Осы бағытта2018 жылдың желтоқсан айының 16-даМаңғыстау ауылынан кітапханасымен бірге 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.

Сонымен қатар, Маңғыстау ауылынан көп салалы жекеменшік жабық  спорт кешенінің құрылысы жүргізілде.  (Аяқталу мерзімі 2019 жылдың қыркүйек айы)

Атамекен ауылында 2 спортзал құрылысының (жоба құны 516 млн. теңге) жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, бүгінгі күнде мерзімі өтіп кетуіне байланысты, түзету енгізу үшін қайта қаржыландыруға ұсыныс енгізілуде.

Айрақты (Маңғыстау-3) тұрғын массивінен спорт кешені (жоба құны 5,6 млрд. теңге) (жүзу бассейні, мұз айдыны және әр түрлі спорт ойындарына арналған залдары бар)құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы жасақталып, қаржыландыруға ұсыныс берілді.

Ауыл шаруашылығы саласында ірі қара мал – 1 121, қой,  ешкі – 16 578, жылқы-3700, түйе-4095, құс-39542 басты құрайды.

Қазіргі таңда, ауыл шаруашылығы өнімінің мал мен құстың барлық түрін тірідей салмақта етке өткізу 15 пайызға (724 тонна) өсті, сауылған сиыр сүті 27 пайызға (440,4 тонна), алынған тауық жұмыртқасы  66 пайызға, (6,5 млн. дана)  көбейді.

Аудан аумағында 144 мал шаруашылығы және 40 егін шаруа қожалықтары тіркелген. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта 10 фермерлік типтегі және 2 өнеркәсіп типтегі жылыжай жұмыс жүргізуде.

  Аудан бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу мақсатында  2 кооператив құрылды. (Құйылыс-А, Кішкенеқұм ш.қ.)  Кооперативтердің негізгі бағыты - ауыл  шаруашылығы өнімдерін (ет, сүт, көкіністер және түйе етінен консервілеу) және мал сою алаңын салу болып табылады.

  «Greenhоuse E.C.O» ЖШС  2 гектар көлемінде егін егіп, 100-150 тонна қияр өнімін алып, қол жетімді бағамен халыққа жеткізуде. Жұмыспен қамтылғандар саны 25 адам.

  «КаспийАгроКомпани» ЖШС 4 гектар көлемінде егін егіп,  1 гектарынан 70-100 тонна қияр өнім алуда. Бүгінгі күнге дейін  2520-3600 тонна өнім өндіріліп, қол жетімді бағамен халыққа жеткізілуде. Жұмыспен қамтылғандар саны 60 адам. 

  «Тұман шах» ЖШС құс фермасы – 2014  жылдан бері құс шаруашылығымен айналысуда. Бүгінгі таңда фермада 38 250 бас құс өсіріліп, тәулігіне 12000 көлемінде тауық жұмыртқасы өндіріледі. Құс фермасында жыл ішінде 3 млн. 240 мың дана жұмыртқа өнімі өндірілді. 2018 жылдың қыркүйек  айынан бастап Алматы-Шымкент қалаларынан 1750 бас бройлер балапаны әкелініп, қазіргі таңда құс фермасындағы балапандар ет бағытына тапсыру үшін өсірілуде. Осы аталған 1750 бас бройлер балапанынан 3500 тонна ет өнімін алу жоспарлануда.

  «Экзотика құс фермасында» ЖШС-гі (үйрек, қаз, түйеқұс, бөдене, күрке тауық, қырғауыл фазан және павлин) 5000-ға жуық құстар өсіріледі. Жалпы алаңы 800 шаршы метрді құрайтын 3 жылыжай салынып, қызанақ және құлпынай өнімдерін өндіруде. Бөдене құстарының күніне 1000 жұмыртқалары өндіріліп, Ақтау қаласының сауда орталықтарына тапсырылып отыр. Тұрақты жұмыспен 15 адам қамтылған. 2018 жылдан бастап туризм саласын дамыту мақсатында «Этно ауыл» 3 ағаш үй тігіліп халыққа қызмет көрсетуде.

   Маңғыстау ауылында 6000 тонна ұн сақтайтын астық қоймасы бар «Асқар» ұн-жарма өңдейтін өндірістік комбинаты іске қосылып, қаңтар айынан бастап жұмысын бастады. Жыл басынан бүгінгі күнге дейін 682,5 тонна бидайдан 482,3 тонна жоғары сұрыпты ұн, 163,8 тонна бірінші сұрыпты ұн, 36,4 тонна екінші сұрыпты ұн, 9,1 тонна кебек, 218,4 тонна жарма дайындалды.

Кәсіпкерлік саласы. 2018 жылдың 1-ші желтоқсан айына  5 638 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелген (01.01.2018 жылы 5154), олардағы жұмыспен қамтылған адамдар саны 6 672 (01.01.2018 жылы 6112). (Аула аралау бойынша жұмыспен қамтылған адамдар саны 19 085).

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында кепілдендіру бойынша 27 жобаға (314,3 теңге) мемлекеттік қолдау көрсетілді. (01.12.2017 жылы 20 жоба (176,6 млн. теңге).

«Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы аясында Мұнайлы ауданынан ағымдағы жылы барлығы 47 жоба мақұлданды. Мақұлданған 47 жобаның жалпы құны 1 млрд. 826,4 млн.теңге, несие сомасы 859,8 млн. теңге және 484 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Қазіргі таңда 6 жоба қаржыландырылды, 1 жоба «Атамекен» шағын қаржы ұйымы арқылы қаржыландырылды, 7 жоба несие алу бойынша АҮК мақұлданды, 2 жоба банктен (Сбербанк) мақұлданып, АҮК күтіп отыр, 8 жоба банктен шешім күтіп отыр,  14 жобалар бойынша құжаттар жинақталуда және 9 жоба несие алудан бас тартуда.

«Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен жергілікті кәсіпкерлерге қаржылай грант беру арқылы ауыл экономикасын көтеру мақсатында бизнес  -идеялар байқауының қорытындысы бойынша Мұнайлы ауданынан сомасы 7 млн.теңге құрайтын 5 жеңімпаз анықталды.

Кәсіпкерлерді қолдау бағытында 306,5млн.теңге көлемінде  71 адамға несие берілді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалы арқылы 43 кәсіпкерге 169,7 млн. теңге, «Атамекен» Микроқаржы ұйымы» ЖШС арқылы 26 кәсіпкер 112,6 млн. теңге,«Аграрлық несие корпорация» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы арқылы «Агробизнес» бағдарламасы аясында 2 жоба жалпы сомасы 24,2 млн. теңге несие алды.

Сонымен қатар, азық-түлік бағасын негізсіз көтермеу мақсатында ауданға қарасты бес ауылда аптаның 6 күнінде 8 жерде жәрмеңке тұрақты түрде ұйымдастырылуда. 

2018 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша барлығы 102 жәрмеңке ұйымдастырылды. Тұрғындардың сатып алған заттарын өздері тексеріп алу үшін электронды таразы орнатылды және азық-түлік тауарларына баға белілері орнатылды.

Мұнайлы ауданынында 4жанар-жағар май (ГСМ) құю бекеті және 84 автокөліктерге газ құю бекеті қызмет көрсетуде. 2 моноблок және 77 АГҚБ  «ҚазГӨЗ» ЖШС-нен «SK LTD KZ» ЖШС арқылы сұйытылған мұнай газын және 7 АГҚБ «СНСП Ақтөбемұнайгаз» АҚ арқылы сұйытылған мұнай газын сатуда. Қазіргі таңда сұйытылған мұнай газ бағасы 45-55 теңге.

Әлеуметтік сала. 2018 жылдың 27 желтоқсан  жағдайына 4678 жұмыс  орны құрылып,  2017 жылмен салыстырғанда  2264 жұмыс орнына көбейген. Оның ішінде: 3345 адам тұрақты жұмыспен қамтылды (1702 адам – мемлекеттік органдар және жеке кәсіпкерлік нысандарына, 1295 білім беру, 205 денсаулық саласына және 143 жасыл ел).

Сонымен қатар, 215 азамат жастар практикасына, 195 азамат әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. 2018 жылдың аяғында есепте тұрған жұмыссыздардың саны - 819.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға  арналған» бағдарламасының бірінші бағыты аясында қысқа мерзімді курстарға барлығы 217 адам жолданды. 

Табысы есептеліп, өмірі қиын жағдайға тап болған 189 адамға  3,5 млн. теңге, арнаулы туберкулезге қарсы медициналық мекемелерден шығарылған 128 адамға  7,6 млн. теңге көлемінде қаражат төленді.

9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73  жылдығына орай 274 адамға жергілікті бюджеттен 31,5 млн. теңге әлеуметтік қаржылай көмек төленді.

2018-2019 оқу жылында облыс әкімінің грантымен оқитын  6 студентке 4,3 млн. теңге, әлеуметтік көмекке мұқтаж 45 студентке   22,9 млн. теңге, білім грантының 3 иегеріне 2,3 млн теңге қаражат бөлінді, сондай-ақ, 54 студентке (ай сайын 12025 теңге) барлығы  2,5 млн. теңге көлемінде шәкіртақы төленді.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 2018 жылдың  12 айында 138 құжат қабылданып, 33 маманға (білім - 28, денсаулық  - 5), 119 млн.теңге бюджеттік кредитжәне 45 маманға (білім-23, денсаулық - 20, ветеринария-1, спорт-1) 7,5 млн.теңге көтерме жәрдемақы тағайындалды.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы.2018 жылдың желтоқсан айына  тұрғын үйге мұқтаж 2614 адам кезекте тұр. Батыр ауылында 4 пәтерлік 40 үйдің құрылысы биыл басталып, оның 64 пәтерден құралған 16 үйі және Маңғыстау ауылынан барлығы  168 пәтерден құралған 7 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, бүгінгі күнде 167  адамға тұрғын үй берілді.

Аудан тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында,  2017 жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында  24 пәтерлік 12 үйдің, барлығы 288 несиелік пәтер құрылысы салынып, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы сатылымға жіберілді. 2018 жылы жалпы сатылған  пәтер саны  151. Сатылым сомасы 827,1 млн. теңге. 

Сонымен қатар, 2018 жылдың сәуір айында Батыр ауылдық округіндегі Емір шағын ауданынан 4 пәтерлі 24 тұрғын үйдің барлығы   64 пәтерді құрайтын тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары аяқталады.

Бұдан басқа, Маңғыстау ауылында 4 қабатты 24 пәтерлік 30 үйдің жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде және Батыр ауылдық округінде 4 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасына түзетулер енгізілуде. Осы жобалар дайындалып, қаржыландырылып, құрылысы жүргізілген жағдайда тұрғын үй кезектілігін азайтуға септігін тигізеді.

Инженерлік инфрақұрылымдардың дамуы. (Газ, су және электр желісімен қамту)

2017-2018 жылдары Шерқала (Маңғыстау-4) тұрғын массивін сумен қамту нысанының құрылысы аяқталды. Басқұдық ауылдық округін сумен қамту нысанының құрылысы 2019 жылдың I тоқсанында аяқталады. Қызылтөбе ауылдық округі және Айрақты (Маңғыстау-3) тұрғын үй массивін сумен қамту нысандарының құрылыстары жүргізілуде, құрылыс жұмыстары 2019 жылға өтпелі нысан болып табылады. Бүгінгі күні ауыз сумен қамту аудан бойынша 72%-ды құрап отыр.

Бесшоқы (Маңғыстау-5) тұрғын үй массивін сумен қамту құрылысын бастау үшін 2019-2021 жылдардың инвестициялық жобалар тізіміне енгізілді.  

Газ және электр желісі.Ауданның барлық елді мекендері электр, газ желілерімен толықтай қамтылды. Жаңа жоспардан тыс салынған тұрғын үйлерге жобалық сметалық құжаттамалар жасақталып, құрылыс жұмыстарын бастау үшін 2019-2021 жылдардың инвестициялық жобалар тізіміне енгізілді.   

Жол мәселесі.Мұнайлы ауданы бойынша 636 шақырым жол бар, оның ішінде аудандық маңыздағы жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолының ұзындығы 70,9  шақырымды құрайды, оның   91 шақырымы асфальтталған, 94 шақырымы грейдер  жолдарды құрайды. 

Мұнайлы  ауданының автокөлік жол құрылысын салуға  2017 жылы 1 038,1 млн. теңгеге 26,9 шақырым асфальт жолы төселді. Айрақты, Шерқала (Маңғыстау-3,4) тұрғын массивтерінде 7,2 шақырым асфальт жолы, Баянды ауылынан 5 шақырым, Қызылтөбе-2 тұрғын массивінде ауылішілік 7,5 шақырым, сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушы компания есебінен Бесшоқы (Маңғыстау-5) т.ү.массивін 15 шақырым автомобиль жолдарының құрылысы жүргізілуде.

Ауданда жалпы ұзындығы 10,2 шақырымды құрайтын жалпы (жоба құны 2 170,6 млн. теңге) автожол құрылысының ЖСҚ жасақталып қорытындысы алынды. Басқұдық ауылындағы ұзындығы 2,2 шақырым, Баянды ауылының №3 орта мектебіне дейін ұзындығы  2 шақырым автокөлік жолының құрылысы, Басқұдық ауылын айналып өтетін автомобиль жолы 1,7 шақырым, Басқұдық ауылындағы ТҚҚ полигонынан автокөлік иелері үшін мамандырылған ХҚКО дейінгі айналма автокөлік жолының құрылысы 4,3 шақырым жол құрылыстарын бастау үшін облыстық барқармаға ұсыныс берілді.

Сонымен бірге, 2018 жылы 16,3 шақырымды құрайтын аудандық маңыздағы  автокөлік  жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін автомобиль жолдары комитетінің техникалық құжаттамасына  ведомстволық сараптама қорытындысы алынды. Сметалық құны 251,7 млн. теңгені құрайды.(Маңғыстау  ауылынан - №400 Карьерге дейінгі аудандық маңыздағы автокөлік  жолына орташа жөндеу  жұмыстары 6 шақырым, Баянды  ауылына кірме  автокөлік жолы 2 шақырым, Маңғыстау  ауылына  кірме  автокөлік  жолына  орташа жөндеу жұмыстары  2,3 шақырым, Маңғыстау ауылын айналып өтетін автокөлік жолына орташа жөндеу  жұмыстары 6 шақырым)

Жалпы ұзындығы 13,2 шақырымды құрайтын автомобиль жол құрылысының ЖСҚ жасақталуда. (Басқұдық ауылында орналасқан ескі көпірді қайта құрылымдау, жалпы ұзындығы 10 шақырымды құрайтын Басқұдық ауылындағы аудандық маңыздағы  автомобиль жолын қайта құрылымдау, Атамекен ауылдық округінің 3 шақырым ауылішілік жолы, Атамекен ауылдық округіндегі «Ару» рестораннан Приозерный елді мекеніне дейінгі 3,3 км жолын қайта құрлымдау)

Жалпы 35 шақырымды автокөлік жолының ЖСҚ әзірлеу үшін жоба шығындары есептеліп 67,6 млн. теңгеге  ұсыныс берілді. (Маңғыстау ауылының кварталдары, Ақ Еспе, Бозжыра, Шерқала (Маңғыстау-1,2,4) т.ү.массивіне 15 шақырым автомобиль жолы, Қызылтөбе ауылдық округіне 15 шақырым автомобиль жолы, Басқұдық ауылында орналасқан «ЕвроСтрой»ЖШС-нен Гранит т.ү.м. дейін  2 шақырым, Басқұдық ауылында орналасқан «Мейрамгүл» дүкеннен Шығыс-2 дейін 3 шақырым)

Қылмыстық ахуал. Ауданда қылмыстардың алдын алу, қоғамға қарсы бағытталған құқық бұзушылықты болдырмау, оқушылар мен студенттер арасында, сондай-ақ, топтық қылмыстарды болдырмау мақсатында бірқатар профилактикалық жұмыстар атқарылып келеді.

Нәтижесінде аудан көлемінде тіркелген жалпы қылмыс саны  26 пайызға (922-ден 682-ге), оның ішінде ұрлық қылмыстары  34,9 пайызға (505-тен 329-ға), бұзақылық қылмыстары 32,5 пайызға  (115-ден 76-ге), алаяқтық 34 пайызға (73-тен 39-ға) қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 12,2 пайызға (156-дан 137-ге) төмендетілді.

Мұнайлы ауданы көлемінде  49 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның салдарынан 12 адам қаза болып, 53 адам әртүрлі дене жарақатын алды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес профилактикасының тиімділігін арттыру мақсатында, аудан әкімдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссия жұмыс жасайды. Комиссияның құрамы аудандық мәслихат депутаттарынан, құқық қорғау органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің, аумақтық мемлекеттік органдардың бөлімшелерінің басшыларынан құралған.

Мұнайлы ауданын дамытуға бағытталған алда тұрған міндеттер:

Атамекен ауылдық округіндегі қолданыстағы 640 орындық мектеп құрылысына қосымша 320 орындық мектеп және Басқұдық  ауылдық округінен қолданыстағы 960 орындық мектеп құрылысына қосымша  320 орындық мектеп құрылыстарын бастау.

Бесшоқы (Маңғыстау – 5), Қызылтөбе – 2 елді мекендерінен және Батыр ауылдық округінен 1200 орындық мектеп құрылысының және Басқұдық ауылдық округінен 600 орындық мектеп құрылыстарының жобалық сметалық құжаттамаларын жасақтау;

Қызылтөбе, Басқұдық ауылдық округінің және Айрақты  (Маңғыстау-3) тұрғын массивінің сумен қамту жүйелері құрылысын жалғастыру  және  Бесшоқы (Маңғыстау-5) тұрғын массивінің сумен қамту жүйелерінің құрылыстарын бастау.

Баянды ауылының және Қызылтөбе-2, Шерқала (Маңғыстау-4)тұрғын массивтерініңәр қайсысы 15 шақырым автокөлік жол құрылысын жалғастыру және Басқұдық ауылдық округін айналып өтетін 1,7 шақырым автомобиль жолының құрылысын бастау.

Атамекен және Басқұдық ауылдық округтерінен кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының құрылыстарын жалғастыру.

 

  Елбасымыздың әр жылғы Жолдауының қайсысын алып қарасаңыз да еліміздің болашағы – Біздерге, яғни жастарға қолдау көрсетіп, нәтижелі жұмыс жасауға жағдай жасалатынын көреміз.

  2018 жылы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты жолдауында да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Осы мақсатта, 2019 жылы Қазақстанда бірқатар өзгерістер болады. Олардың басым көпшілігі әлеуметтік саланы қамтиды.

Салықтар, тарифтер, жалақы мен зейнетақы

Фрилансерлерге жаңа салық – Бірыңғай жиынтық төлем

Қазақстандықтарға қызмет көрсететін азаматтар жаңа жылдан бастап бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) жасауға міндетті. БЖТ төлеушілерге кіріс салығы мен әлеуметтік төлемдер бойынша ең төменгі мөлшерлеме бекітілген: елорда, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 1 АЕК және басқа елді мекен тұрғындары үшін 0,5 АЕК.

Бірыңғай жиынтық төлемнің 10%-ы жеке кіріс салығына, 20%-ы әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына, 30%-ы зейнетақы төлеміне, 40%-ы міндетті медициналық сақтандыру қорына жұмсалады.

БЖТ төлеушілер жұмысшы жалдамайды, жұмысты өздері орындап, жеке тұлғаларға қызмет көрсетеді.

Басқа фрилансерлер жеке кәсіпкерлік ашып немесе заңды тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасасуы тиіс. 2018 жылы олар үшін міндетті зейнетақы аударымы енгізілді.

Жалақы аз болса, кіріс салығы төмендейді. Президенттің тапсырмасымен 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы  25 АЕК-тен (63 125 теңге) төмен азаматтар үшін жеке кіріс салығы  10 есе төмендетіледі.

Бизнесмендерге салық амнистиясы. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап президенттің тапсырмасымен Қазақстанда салық амнистиясы жүргізіледі. Амнистия 340 миллиард теңге қарызы бар 90 мың кәсіпкерді қамтиды.

Әйелдердің зейнет жасы ұлғаяды.2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда әйелдердің зейнет жасы 59 жасқа дейін ұлғаяды.  Ер азаматтар зейнетке 63 жасында шығады. Бірнеше жыл бұрын қабылданған заңға сәйкес әйелдердің зейнет жасы кезең-кезеңімен ұлғаятын болады. Өзгерістер 1960-1964 жылдары туған әйелдерге қатысты.

Зейнетақы мен жәрдемақы өседі. Жаңа жылдан бастап зейнетақы көлемі өзгереді.

Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі көлемі — 16 037 теңге.

Ең төменгі зейнетақы көлемі — 36 108 теңге.

Ең төменгі жалақы жаңа жылдан бастап күнкөріс минимумына қатысты 1,5 есе көтеріліп, 42 500 теңге болады.

Елбасының 2018 жылғы қазандағы жолдауына сәйкес,  2019 жылдан бастап елімізде ең төменгі жалақының жаңа көлемі белгіленіп, бұдан былай күнкөріс минимумынан 1,5 есе көп болады.

Базалық әлеуметтік төлем көлемдерін есептеу үшін күнкөріс минимумының шамасы — 29 698 теңге.

Жәрдемақы мен әлеуметтік төлемақылар, айыппұлдар, салықтар мен басқа да төлемдерді есептеуге арналғанайлық есептік көрсеткіш көлемі 2019 жылдан бастап 2 525 теңге.

Газ бен жарық тарифтерін төмендету және "қатыру"

2019 жылдан бастап Қазақстанда энергетика саласы үшін жаңа тарифтік әдіснама енгізіледі, сөйтіп, электр жарығы мен тауарлық газ тарифтері төмендейді.

Құжаттар мен сақтандыру. Балалар үшін шетелдік төлқұжат міндетті. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 16 жасқа дейінгі балалардың шетелге шыққанда жеке төлқұжаты болуы міндетті.

Әлемдік төлқұжат-визалық бақылау қауымдастығы талаптарының күшейтілуіне байланысты заңға өзгерістер енгізілді. Себебі – терроризм мен экстремизм қаупінің артуы.

Техникалық паспорттың жаңа үлгісі. Қазақстанда 1 қаңтардан бастап техникалық төлқұжаттың жаңа үлгісі енгізіледі – кредиттік карта көлемімен бірдей, чипі бар, жүргізуші куәлігі мен жеке куәлікке ұқсайды.

Бірақ ескі техникалық паспортты тез арада ауыстырудың қажеті жоқ, себебі жаңа жылға дейін берілген құжаттар көлікті қайта тіркегенше күшін жоймайды.

Көлікті "қағаз жүзінде" сақтандыру жойылады. Қазақстанда жаңа жылдан бастап автокөлік иелері үшін онлайн сақтандыру енгізіледі. Сақтандыру құжатын өзіңмен алып жүру міндетті емес. Жүргізуші куәлігі мен көлікті тіркеу туралы куәлік (техникалық паспорт) болса жеткілікті. Сақтандыру полисі жоқ жүргізушілерге айыппұл салынбайды. Дәстүрлі сақтандыруды электронды форматқа көшіру де техникалық паспорт сияқты біртіндеп жүргізіледі.

Еңбек кітапшалары электронды болады.  2019 жылдың  1 қаңтарынан бастап қазақстандықтар біртіндеп электронды еңбек кітапшасын қолдана бастайды.

Мемлекеттік органдар реформалары.

Ішкі істер министрлігі реформасы.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2019 жылдың  1 қаңтарынан бастап ІІМ реформасы басталады. Ол үшін "Ішкі істер органдарын модернизациялау жол картасы" әзірленген.

Бірінші кезекте ІІМ-нің штат саны оңтайландырылады. Министр Қалмұханбет Қасымов атап өткендей, 450 полиция қызметкері жұмыстан шығарылады.

Қызметкерлер санының азаюы есебінен полицейлердің жалақысы арттырылып, олардың баспана және басқа әлеуметтік проблемалары шешілетін болады.

Полиция қызметкерінің жаңа стандарты бекітіліп, мансаптық жоғарылау жүйесі өзгереді, сонымен қатар полиция академиясы арқылы кадрлар дайындау және іріктеу тәртібіне өзгертулер енгізілмек.

ІІМ барлық қызметкері қайта аттестациядан өтеді. Үздіктері ғана қызметін жалғастыратын болады.

Халықпен жұмыс істеудің заманауи форматтары енгізіліп, полицияны бағалау критерийлері өзгереді.

Халық полицияның жаңа формасын талқылайды. Адамдардың құқық қорғау органдарына жүгінуі оңай болуы үшін полиция жұмысы сервистік үлгіге ауысады. Қазақстанның барлық қаласы қоғамдық қауіпсіздікті бақылау жүйелерімен қамтамасыз етіледі.




Маңғыстау ауылы әкімі Қалқатай Өтемұратовтың

2018 жылы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы ЕСЕБІ

  1. Ауылдың демографиялық жағдайы.

  Маңғыстау ауылының құрамына Маңғыстау, Ақ Еспе,  Бозжыра, Айрақты, Шерқала және Бесшоқы тұрғын үй массивтері кіреді. Ауылдың аулалар саны –5806, оның ішінде 83 көп пәтерлі тұрғын үйде 3225 пәтер бар. Ауылдың жалпы ауданы - 3063 га..

  2. Ауылдың экономикалық дамуы.

  Статистикалық мәліметке сәйкес, қазіргі таңда, ауылдың халық саны – өткен жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға немесе 2205 адамға өсіп – 31157 адамға жетті. Соның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 19003 адам, оқушылар - 6391, зейнеткерлер - 1750 адам. Ал, мүгедектер саны – 1252  адамды құрап отыр

  3. Бюджет.

  Ағымдағы жылғы «Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бюджеті  702 009 000 теңгені құрады.

  Оның ішінде:

  Маңғыстау ауылы әкімінің аппаратының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге  53 497 000 теңге.

2) Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыздандыру бағдарламасы бойынша, мұқтаж азаматтарға үйінде әлеуметтік көмек көрсетуге  2 269 000 теңге.

3) Мәдени және дене шынықтыру  іс – шараларын өткізуге  600 000  теңге. 

4) Білім беру, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарына (балабақшаларға)  497 553 000 теңге.

5)Ауылдың коммуналдық шаруашылығы бойынша:

а) Елді мекендегі көшелерді жарықтандыруға  69 110 000 теңге,

б) Елді мекеннің санитариясын қамтамасыз етуге  63 400 000 теңге,

в) Елді мекенді абаттандыру мен көгалдандырға 14 000 000 теңге.

6) Мекеменің күрделі шығыстарына 1 340 000 теңге.

7) Ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың күрделі шығыстары  240 000 теңге.

«Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемеcінің бюджетіне осы жылғы жоспар бойынша  31 900 000 теңге түсу жоспарланған болатын.

Оның ішінде:

1) Жеке тұлғаларға салынатын авто көлік  салығы бойынша  -  25 000 000 теңге,

2) Мүлік салығы  -  2 000 000 теңге

3) Жер салығы  - 900 000 теңге

4) Жеке кәсіпкерлерге салынатын табыс салығы  -  1  000 000  теңге

5)Заңды  тұлғалардың  төлеуге  міндетті  көлік  салығы  бойынша  -  3  000 000 теңге.

 

  «Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2018 жылғы қажетті субвенция сомасы 625 440 000 теңге. Ағымдағы нысаналы трансферттер 40 163 000 теңге.

Қазіргі таңда, Маңғыстау ауылы бюджетіне (20.12.2018 жағдайына сәйкес) :  Түскен салық  көрсеткіштерінің сомасы:  40 171 836  тг құрап отыр.  Оның ішінде:

1) Жек тұлғалардың көлік салығы  -  24 663 600 теңге 

2)заңды тұлғалардың көлік салығы – 2 177 345  теңге

3)Көлік салығы бойынша барлығы – 26 840 945  теңге

2)  Жеке тұлғалардың  мүлік салығы -  591 491 теңге

3) Жеке тұлғалардың жер салығы  - 424 029 теңге

4) Табыс салығы – 12 315 371  теңге бюджетке түсті.

2018 жылға жоспарлы салық түсімінің орындалысы:

І тоқсан

ІІ тоқсан

ІІІ тоқсан

22.11.2018

Жоспар

Орындалысы

Жоспар

Орын/ы

Жоспар

Орын/ы

Орын/ы

1 600 000 тг

2 611 692 тг (163 )

2 931 000 тг

2 977 348 тг (102 )

7 509 000 тг

16 593 388 тг (221)

8 807 995 тг

  Барлығы

30 990 423  тг

 

Маңғыстау ауылының  4  деңгейлі  бюджетіне келіп түсетін қаржыны ұлғайту бағытында  жасалған жұмыстар:

Ағымдағы жылдың мамыр айында тіркелмеген немесе басқа аумақтық мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелген кәсіпкерлерді анықтау бойынша аудандық жұмыс тобы құралып, Маңғыстау ауылы бойынша барлығы 256 кәсіпкерлік нысан мемлекеттік кірістер басқармасы арқылы тексерілді.

 Оның ішінде: 38 кәсіпкер салықтық тіркеу есебіне тұрмағандығы және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмегендігі анықталды. Түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде,  22 жеке кәсіпкер аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде тіркелді. Атап айтқанда 4 шаштараз, 3 дүкен, 1 шаруа қожалық, 1 қызмет көрсету орталығы, 8 такси қызметі және 5 базардағы жеке кәсіпкерлер.

Сонымен бірге, 23 кәсіпкерлік нысан Ақтау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына және 1 кәсіпкерлік нысан Өзен қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелгені анықталды. Аталған 24 кәсіпкерлік нысандардың иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, 2 жеке кәсіпкер  «Адия» мейрамханасы және «Строй Дом» құрылыс дүкені,  2 ЖШС-гі  «Сауқымбек» және «Глобал Эко Сорт» аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына тіркелді

   

  4. Білім беру саласы бойынша.

Маңғыстау ауылы бойынша 4 жалпы білім беру орта мектебі бар, оларда 6391 оқушы білім алуда, 2 ауысым бойынша № 1 орта мектепте 1200 бала, №5 орта мектепте 1792 бала, №8 орта мектепте 2092 бала, №11 орта мектеп 1307 бала. Сонымен қатар, 637 оқушы Басқұдық ауылынан тасымалдау арқылы қатынап білім алуда. 2018-2019 оқу жылында ауылымыздан алтын алқаға үміткер оқушылар саны 4, үздік аттестатқа үміткер саны -12. Ауылда 1-ші сынып оқушылар саны - 1092. Келесі жылы 1 сыныпқа баратын балалардың саны – 613.

Қазіргі таңда ауыл аумағында барлығы 5 мемлекеттік, 13 жекеменшік балабақша және №1, №5 орта мектептерінің жаңындағы мектепке дейінгі тәрбие беру шағын орталықтарында барлығы 1681 бала тәрбиеленуде  және балабақша кезегінде 766 бала бар, оның ішінде 3 жасқа дейінгі 720 бала, 3 жастан 6 дейінгі балалар саны – 46. Маңғыстау ауылы бойынша мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу 100 пайызға орындалып отыр. Алдағы уақытта 3 балабақша ашылу жоспарлануда. Олар 22 кварталдан 100 орындық ЖК Текеев бала-бақшасы Айрақты тұрғын массивінен 180 орындық Рабиға бала-бақшасы және Шерқала тұрғын массивінен 125 орындық Айжанай бала-бақшалары.Сондай-ақ «Тәуелсіздік» мерекесі қарсаңында, Бозжыра тұрғын массивінде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында, 140 орындық «Жанымай» бала-бақшасы ашылып, пайдалануға берілді.

5. Денсаулық сақтау саласы бойынша.

Маңғыстау ауылында 250 орындық орталық аудандық емхана мен 25 орындық аурухана, жедел жәрдем және Бесшоқы тұрғын үй массивінде орналасқан дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетеді. Жедел жәрдем станциясындағы көлік саны 14. Есептік кезеңде ана өлімі тіркелген жоқ, 11 бала өлімі тіркелді.  2017 жылмен салыстырғанда 7 балаға көбейген. Өкпе ауруына шалдыққан 22 адам тіркелген, 2017 жылмен салыстырғанда 2 адамға өсіп отыр.

6. Әлеуметтік сала бойынша.

Маңғыстау ауылында 10 тыл ардагерлері және әлеуметтік қызмет көрсетілетін 14 жалғыз басты зейнеткер бар. Ауылымыздың тұрғындарының Алтын Алқа иегерлерінің жалпы саны – 168 адам, ал  Күміс алқа иегерлерінің саны –  201 адам. Ауылда 2018 жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек – 180 адамға берілді.  Өмірлік қиын жағдайға тап болған 62 отбасыға 1 515 890 теңге,  туберкулез ауруына шалдыққан 22 адамға 1 322 750 теңге бір жолғы материалдық көмек көрсетілді. Есепті кезеңде кәсіпкерлердің демеушілігімен ауылдағы күн көрісі төмен 70 отбасы азық-түлік тағамдарымен қамтамасыз етілді.

Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында, әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасындағы - 551 оқушы мектеп құралдарымен қамтамасыз етілді.

7. Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы туралы.

Қазіргі таңда Маңғыстау ауылында 304 кәсіпкерлік нысан тіркеліп, 287 кәсіпкерлік нысан қазіргі таңда, жұмыс жасап тұр. Оларда 2142 адам жұмыс жасайды. Супермаркет пен базарлардағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның күрт өзгеруіне жол бермеу мақсатында мониторинг жүргізіліп, үнемі бақылауда. Мәлімет әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері аудандық кәсіпкерлік бөлімінежолданады және айына бір рет аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсында жарияланып тұрады.

Ауыл аумағында орналасқан 29 газ құю бекеттеріндегі газ бағасы үнемі бақылауда тұр.

Сонымен қатар, заңсыз жер телімін иеленген АС-ДА базары жанында салат сататын дүңгіршек  және ет сататын дүңгіршектері және Шымкент кафесі жанында ВИП «Сауна» кіре берісінің қоршауы анықталып, сот шешімі негізінде заңсыз деп танылып, айыппұл салынды.Сонымен қатар 9 кәсіпкерлік нысан ашылып, 137 жұмыс орны ашылды.

  «Нұр Капитал» бағдарламасы бойынша құны 77 млн.теңге құрайтын 3 жоба қаржыландырылды. Қалған  176,9 млн.теңге құрайтын 12 жоба мақұлданып, қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерге жолданды. Олар: Жабық азық түлік базар, химиялық тазалау және кір жуу кешені, 180 орындық жекеменшік балабақша, тігін шеберханасы, шағын наубайхана ашу және кондитерлік өнімдер өндіру, баспахана, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, көп салалы жекеменшік спорт кешені, медициналық орталық ашу, ағылшын тілін үйрету курсы, сүт өнімдерін өндіретін фермерлік шаруашылық, қазақтың ұлттық қолөнер бұйымдарын  өндіретін шеберхана.

 

 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021» жылдарға арналған бағдарламасының «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен  және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» 1-ші бағыты бойынша – Қысқа мерзімді курстарға  барлығы 48 адам жолданды. Оның 12 компьютерлік сауаттылыққа, 3 мемлекеттік қызметшіге, 1 темір жонушы және 1 қосалқы станция бағдарлаушы, 13 массажға, 9 тігіншіге, 1 кеңесшіге, 1 кондитер, 2 шаштараз, 2 визажист, 3 логапед және 1 машинист. 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2021» жылдарға арналған бағдарламасының  «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2-ші бағыты бойынша –  2018 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы58 ауыл тұрғыны оқып, 5 кәсіпкер барлығы мал шарушылығын жүргізіу үшін  19,5 млн теңге несие алған. 

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасының  «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарынын ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» 3-ші бағыты бойынша –  Маңғыстау ауылы бойынша жыл басынан бері 825 адам жұмысқа орналасты.

Олар:

1.  Тұрақты жұмысқа 647адам орналасты.

2.  Жастар практикасына 70 адам жолданды.

3.  Әлеуметтік жұмыс орындарына 43 адам жолданды.

4.  Қоғамдық жұмысқа 65 адам жолданды.

Маңғыстау ауылы бойынша аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыздар саны –  69 адам.

 

  Ауыл шаруашылығы бойынша, Қазіргі таңда ауыл аумағында 46 шаруа қожалығы тіркелген. Олар «Қызыл құм» аймағында егін және мал шаруашылықтарымен айналысуда. Шаруа қожалықтарында барлығы 219 бас ірі қара, 210 бас түйе, 449 бас жылқы және  4960 ұсақ мал тіркелген.     Статистикалық есептілік кезеңдегі  және 2017 жылғы есептегі өсім көрсеткіші:

 Мал түрлері

2017 жыл

2018 жыл

көрсеткіш

1

Ірі қара

153 бас

219 бас

49.1

2

Ұсақ мал

2333 бас

4960 бас

12.6

3

Түйе

187 бас

210 бас

12.2

4

Жылқы

321бас

449 бас

39.8

Маңғыстау ауылындағы үй шаруашылығы мен шаруа қожалықтарындағы мал түрлерін тіркеу және есебін жүргізу мақсатында үй аралау арқылы статистикалық деректерге жаңарту жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі таңда, Маңғыстау ауылында 48 жару қожалығы жұмыс жасап, олардың ішінде 8 шаруа қожалығы өз өнімдерін Мұнайлы ауданы бойынша жәрмеңкелерде тиімді бағада сатуда.

  8. Мәдениет және спорт саласы бойынша.

  Ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, оларды өнерге, мәдениетке баулуға «Өнер» мектебі мен Шерқала тұрғын массивіндегі «Өркен» және Бесшоқы тұрғын массивіндегі «Тұлпар» аула клубтары жұмысын атқаруда. «Өнер» мектебінде 8 бағыт бойынша 351 бала,  «Тұлпар» аула клубындағы үйірмелерде 329 бала, «Өркен» аула клубында 443 бала қамтылған.  Маңғыстау ауылындағы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» 524 бала спортпен шұғылдануда. Мектеп бокс, карате-до, дзюдо, футбол, волейбол, баскетбол, еркін күрес және қазақша күрес секцияларымен қамтылған. Ауылдың спорт және өнер салаларының жаттығушылары республика және облыс деңгейлеріндегі әр түрлі жүлделі орындарды иеленіп келуде. Ауыл көлемінде 8 ашық спорт алаңы мен 11 балалар ойын алаңдары орналасқан. Бесшоқы тұрғын ұй массивінде 160 орындық көрерменге арналған спорт кешенінің құрылысы басталды.  

   Тәуелсіздік күніне орай, Айрақты тұрғын үй массивінде облыс әкімінің қатысуымен кітапханасымен 500 орындық мәдениет үйі ашылып, пайдалануға берілді.

  9. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша. (Гос.услуга)

  Ағымдағы жылы, «Маңғыстау ауылы әкімінің аппаратына» жеке тұлғалардан  жыл басынан бері 409 арыз түсті. Олардың ішінде 384 жеке тұлғалардан, 25 заңды тұлғалардан түсті. Маңғыстау ауылы әкімінің жеке қабылдауында 262 азамат қабылданды. Сондай-ақ, аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы барлығы - 825,  оның ішінде нысаналы мақсатын өзгерту өтініштері - 94,  ал елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін сұраған өтініштері - 731, «Электрондық үкімет порталы» арқылы  - 71  мемлекеттік қызмет көрсетілді.

10. Инженерлік инфрақұрылымдар бойынша. (газ, электр энергиясы, жол, су).

Маңғыстау ауылы халыққа қажетті негізгі энергоресурстармен, соның ішінде электр энергиясымен, жылумен және газбен толықтай қамтамасыз етілген. Орталықтандырылған құбыр арқылы ауыз сумен Маңғыстау ауылының 73 % пайызы, атап айтқанда Маңғыстау ауылының өзі ауылдағы 15 кварталдар, Есмамбет, Шапағат көшелері және Ақ Еспе, Бозжыра және Шерқала тұрғын үй массивтері қамтамасыз етілген (барлығы 5133 үйдің 3353 үйі). Қалған тұрғын үй массивтері ауыз суды тасымалды түрде алып отыр (1780 үй).

  «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында, Шерқала тұрғын үй массивіне ауыз су тарту жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

  Айрақты тұрғын үй массивін ауыз сумен қамту жұмыстарын бастауға 100 млн.теңге қаржы бөлінді. Қалған жұмыстары өтпелі кезеңмен 2019 жылы жалғасатын  болады.Бесшоқы тұрғын үй массивіне ауыз су тарту жұмыстарын бастауға қаржы қарастырылды.

   Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың  2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында  № 6, 10, 22, 23, 37, 39, 40, 42, 43, 86, 99, 104 тұрғын үйлердің кондоминиум объектілері ретінде Әділет басқармасында тіркелді. Ал, № 22, 39, 40, 42, 43, тұрғын үйлердің сараптаманың уақыты  ағымдағы жылдың қараша айында өтіп кетуіне байланысты  құжаттарын сараптамаға қайта жолданды. 

  «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында  «Төрт қабатты жиырма төрт пәтерлі жиырма тұрғын үйдің» құрылыс  жұмыстары толықтай аяқталып пайдалануға берілді. Оның ішінде 12 тұрғын үй кредиттік және 8 тұрғын үй жалдамалы.  Жер қойнауын пайдаланушылар есебінен бюджет саласының қызметкерлеріне арналған 100 орындық жатақхананың  құрылыс жұмыстары  ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталып, пайдалануға берілді.

  Ауылішілік автокөлік жолдары бойынша. Ауыл ішілік жолдардың жалпы ұзындығы 80,8 шақырымды құрайды, соның ішінде асфальт жолдар – 23 шақырым, қатқыл табанды жолдар – 21,8 шақырым.

  Сондай-ақ, Айрақты, Шерқала тұрғын үй массивтеріндегі ауылішілік көше жолдарының құрылыс жұмыстарын жүргізуге 2016-2017 жылдары 7,2 шақырым асфальт жол салынды. 2018 жылы 200 метр асфальт жабындысы, 1,5 шақырым грейдер жолы төселді. Қалған құрылыс жұмыстары қаржы мәселесінің шешілуіне қарай жалғасатын болады.

  Ал, Бесшоқы тұрғын үй массиві бойынша 15 шақырым жол ағымдағы жылдың маусым айында құрылыс жұмыстары басталып, желтоқсан айында аяқталған болатын. Қазіргі таңда, қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

  Сонымен қатар, Маңғыстау ауылы және Маңғыстау ауылындағы 15 кварталдар және Ақ Еспе, Бозжыра және Шерқала тұрғын үй массивтерінің автокөлік жолдарын асфальттауға  жобалық сметалық құжаттамасын жасақтауға қаржы бөлуге ұсыныс берілді.

11. Қылмыстық ахуал туралы.

Ауылда штат бойынша барлығы 2 учаскелік полиция және 5 көмекші бар. Ағымдағы жылы 98 қылмыс тіркелді және оның 61-і ашылды. Жасыл желектерді бүлдіргені үшін , мүлдем төзбеушілік қағидатын бұзған, белгіленбеген орында сауда жасау және қоқыс тастаған  тұлғаларға хаттама толтырылды.

12. 2019 жылға қойылған міндеттер.

1.   Маңғыстау ауылында орналасқан  көп қабатты тұрғын үйлерде пәтер иелері кооперативін құру жұмыстарын ұйымдастыру;

2.  Ақеспе,Бозжыра,Айрақты,Шерқала,Бесшоқы тұрғын үй массивтеріне балалар ойын және спорт  алаңдарын салуға инвестор тарту.

3.  Ауылдың көшелеріне атау беру жұмыстарын қолға алу.

4.  Ауылдың абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру



Баянды ауылының әкімі Рахмет Таймуратовтың 2018 жылы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы ЕСЕБІ

Ауылдың демографиялық жағдайы

Ауыл тұрғындары жыл сайын көбеюде, бүгінгі таңда, халық саны-6495 адамды құрап отыр. (2017 жылы 5920 адам) Еңбек жасындағы экономикалық белсенді тұрғындар саны-3578 адам, оның ішінде-2797 адам жұмыспен қамтылғандар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-654, жұмыссыздар саны-97, жұмыспен қамту бөлімінде тіркелгендер-30 адам.

Әлеуметтік-экономикалық дамуы

Баянды ауылы, Баянды-2, 3 тұрғын үй массивтеріне 15 шақырым автокөлік жолының құрлысын салу үшін 2017 жылға 101,3 млн. тенге қаражат бөлініп, 3 шақырым асфальт төселді.

Қатқыл табанды жол төсеу жұмыстары басталып, қазіргі таңда Баянды-2 тұрғын үйлер массивінің бір көшесіне асфальт төселді.

Баянды ауылы, Баянды-2 тұрғын үйлер массивінің тоқ жүргізілмеген учаскелеріне электр бағаналары қойылып, толықтай тоқпен қамтамасыз етілді

Жеке кәсіпкер Келдібаев Жалғас жылыжай ашып, 350 тонна көкөніс сатылымға шығарып, 30 жұмыссызды науханды жұмыспен,  5 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды.

Жеке кәсіпкер Төлешова Назкен «Ән» мейрамханасын ашып, пайдалануға берді. Жұмыспен қамтылғандар саны-10 адам.

Ауыл бюджеті

2018 жылы ауыләкімі аппаратының бюджеті  222 млн. 654мың  теңге, оның ішінде:

-  ауыл әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз етуге 32 млн. 272 мың теңге;

-  мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік қолдауға 131 млн. 548 мың теңге;

-  елді мекенді жарықтандыруға 13 млн 645 мың теңге;

-  елді мекеннің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге 17 млн 622 мың теңге;

-  елді мекенді абаттандыру және көгалдандыруға 9 млн 450 мың теңге;

-  күрделі шығыстары 991,6 мың теңге;

балабақшаны материалды техникалық жарақтандыруға 54 мың теңге болып, есепті кезеңге  жоспарланған қаржы 95,7 пайыз игерліді.

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің кіріс көздері:

төлем көздерінен салық салынбайтын кірістерден алынатын жеке табыс салығы – 1 млн. 902 мың 200 теңге;

жеке тұлғалардың мүлігіне салынатын салық – 143 мың 100 теңге;

жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы – 6 млн 580 мың 600 теңге;

заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы - 6 млн 481 мың 700 теңге;

елді мекендердің жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы - 166 мың 800 теңге.

Білім беру саласы

2018-2019 оқу жылында 1-11 сыныптар аралығында оқушы саны-1654, дайындық топтарында тәрбиеленуші саны-169. 2018-2019 оқу жылында ҰБТ-ға 26 оқушы қатысып 81% көрсеткіш иеленіп 17 мектеп бітіруші жоғарғы оқу орнына түсті.

Мемлекеттік 280 орындық «Айналайын» балабақшасында  250 бала, жеке меншік «Ботақан» балабақшасында 140 орындық балабақшасында 3-6 жас аралығында балалар толық қамтамасыз етілген. Ауыл бойынша балабақша кезегінде тұрған бала жоқ.

Денсаулық сақтау саласында 1 жасқа дейінгі 1 сәби өлімі тіркелді (01.12.2017ж.–4 сәби). 2018 жылдың 1 қараша жағдайына туылғандар саны – 183 (01.12.2017ж.– 251 бала).

Өкпе ауруына шалдыққандар3 адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 адамға азайды(01.12.2017ж.–6 адам). Ана өлімі тіркелген жоқ.

Баянды ауыл тұрғындарына 1 бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы қызмет көрсетіледі. Толық медициналық құралдармен қатар тиісті жабдықтармен қамтылған. Сапалы медициналық қызмет көрсетуге толық мүмкіндік бар. Амбулаторияда 3-жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 стоматолог, 1 акушер гинеколог дәрігері, 25 медбике, 2 санититарлық қызметкер 3 қарауыл жұмыс істеп келді. УЗИ, ЭКГ, физ.кабинет, лаборатория бар. Күндізгі ем қабылдау, емшара, егу жұмыстары жүргізілді. Есепте тұрған науқастарға ай сайын тегін дәрі-дәрмектер беріледі.

Әлеуметтік сала бойынша

Нәтижелі жұмыспен қамту бойынша тұрақты жұмысқа 300 адам, жастар практикасына 12 адам, қоғамдық жұмысқа 16 адам, әлеуметтік жұмысқа 15 адам, курстарға 13 адам.  Сонымен қатар, 26,5 млн. теңге көлемінде 7 адамға несие берілді.

-Ауыл тұрғындарының статусы анықталып, жұмыссыздыққа тіркеу мақсатында үй-үйлерді аралау жұмыстары жүргізілді. Анықталған 37 жұмыссыз тұлға аудандық халықты жұмыспен қамту орталығына жолданды, 23 тұлға тұрақты  жұмыспен қамтылды. Өзін-өзі қамтыған (таксист,құрлысшы, шаштараз т.б) 25 жеке азамат патент алып жұмысын заңдастыру үшін кірістер басқармасына жолданды.

«Мектепке-жол» акциясы аясында ауылдағы жетім, жартылай жетім, сәтсіз, мүжәлсіз және көп балалы отбасылардың 65оқушысына оқу-құрал жабдықтарымен, мектеп формасы портфель және қаржылай барлығы 471 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Өз кезегінде мереке күндері (наурыз мерекесіне, 9 мамыр жеңіс күні,  құрбан айт және тәуелсіздіктің мерекесі) кәсіпкерлер тарапынан мүгедектерге, аз қамтылған жанұяларға көмектер көрсетіліп тұрады. Наурыз мерекесіне орай «Мобил-Сервис», «АқтауКранТехсервис» «АлтынҚұрық және «ҚараойҚұрлыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 25 аз қамтылған жанұяға көмек көрсетті. Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғандар саны- 62 тұлға.

Ауыл шаруашылығы.

Ауыл шаруашылығы саласында50 мал шаруа қожалығы бар. 2018 жылдың қорытындысымен 5671 бас қой-ешкі, 1507 жылқы, 1760 бас түйе, 250 бас сиыр бар.

Баянды ауылында "Тұман Шах" ЖШС – де айына 21 мың, жылына 252 мың дана жұмыртқа және 144 құс еті өндіріледі.

«Ветеринарлық станциясы» қызметкерлерімен ағымдағы жылдың қорытындысымен 315 бұралқы ит ауланды.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 178 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркеліп, (ЖШС-29, шаруақожалығы-50, жеке кәсіпкерлер-99) Жұмыспен қамтылған адам саны 534.

Нәтижелі жұмыспен қамту бойынша тұрақты жұмысқа 300 адам, жастар практикасына 12 адам, қоғамдық жұмысқа 16 адам, әлеуметтік жұмысқа 15 адам, курстарға 13 адам. Сонымен қатар,  26,5 млн. теңге көлемінде 7 адамға несие берілді.

Мәдениет және спорт.

Баянды ауыл клубында 11 қызметкер жұмыс жасайды оның ішінде мәдени қызметкер саны - 9. Музыкалық құрал-жабдықтарымен қамтылған. «Ақжелең» халықтық фольклорлық ансамбль ұжымы, «Домбыра», «Хореография», «Сурет» және «Вокал» үйірмелері жұмыс жасайды. Осы жылы 36 шара ұйымдастырылып, шара барысында 1150 өнерпаз өнер көрсетті. Ауылда спортпен айналысатындардың санын көбейту және жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектепте балалардың спорт секциясына қатысуға мүмкіндіктер жасалған. Ауыл жастары мектеп оқушыларымен бірлесе отырып 30 тамыз Конституция күні қарсаңында әртүрлі сайыстар өткізіп отырады. Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, оларды өнерге, мәдениетке баулу мақсатында «Сұңқар» аула клубы жұмыс жасайды. Аула клубында 12 кәсіби мұғалім оқушыларға дәріс береді. Атап айтар болсақ: домбыра, би, ән вокал, қолөнер, ағылшын тілі сабағы үйірмелері жұмыс жасап тұр.

Мемлекеттік қызмет көрсету.

Әкімшілікте стандартқа сәйкес 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1.  Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру бойынша – 20 адамға.

2.  Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру бойынша 27 өтініш келіп 14 – і қанағаттандырылды.

3.  Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама беру болған жоқ және Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру-321 адамға.

  2018 жылға барлығы 347 тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Ауыл әкімінің азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдау кестеге сай әр сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізіледі, жыл басынан бері 29 адам қабылданып, тиісті жауаптар берілді. Қабылдауда негізгі көтерілетін мәселелер жер телімдері, тұрғын үй туралы болып отыр. Жеке тұлғалардан  2018 жылы тұрғын үй салу үшін 41 өтініш тіркелді.

Қылмыс пен құқық бұзушылық.

Баянды ауылында1 учаскелік инспектор және көмекшісі бекітілген. Ауыл бойынша 8 профилактикалық есепте тұратын азамат бар. Осы профилактикалық есепте тұратын азаматтарды ай сайын мекен - жайлары бойынша тексеріліп қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасамау туралы сұхбаттар уақытылы жүргізіліп отырылады. Баянды ауылында қылмысты болдырмау мақсатында 420 әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтар анықталып әкімшілік хаттамалар толтырылды. 2018 жылдың 11 айы ішінде 10 қылмыс тіркеліп, оның барлығы ашылды. Қазіргі таңда, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен, ішкі істер бөлімі өкілдерінің қатысуымен жиналыстар, рейдтік шаралар ұйымдастырылып тұрады.

2018 жылдың қорытындысымен

инженерлік- инфрақұрылымдардың орындалысы

Баянды ауылы, Баянды-4 тұрғын үй массивтеріне газбен қамту және электр желісінің жобалық сметалық құжаттары жасақталды.

Баянды ауылында 15 шақырым автокөлік жолының құрылысы жүргізілуде. 2019 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға жергілікті бюджеттен 50 млн. теңге қаралды.

Баянды ауылының №3 орта мектебіне дейін ұзындығы  2 шақырым автокөлік жолының құрылысының ЖСҚ қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарын бастау үшін 2019-2021 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізіміне енгізілді. (2020 жылға жергілікті бюджеттен 110,6 млн. теңге).

2018 жылғы есеп беру кездесуінде тұрғындар

тарапынан келіп түскен ұсыныс-пікірлердің орындалысы туралы

1. Баянды ауылындағы ауылішілік көше жолдарының құрлыс жұмыстарын жалғастыру;

-  Ауыл ішілік көше жолдарының құрылысы кезең кезеңімен жалғасуда қаражат бөлінген жағдайда 12 шақырым ауылішілік автокөлік жолының құрылысы салынатын болады.

2.Ауыл тазалығын қамтамасыз ету

-  2018 жылы ауыл тазалығымен «Мұнайлы-Қызмет» ЖШС айналасуда. Ауыл іші көшелері ұдайы тазартылуда, қордаланып қалған иесіз тұрмыстық қалдықтар жоқ. Күнделікті ауыл тазалығы ұдайы бақылауда.

2019 жылға қойылған міндеттер мен жоспарлар:

1. Баянды ауылында 15 шақырым автокөлік жолының құрылысын жалғастыру. 2019 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға жергілікті бюджеттен 50 млн. теңге қаралды.

2. Баянды ауылының ауылішілік  автокөлік жолдарына асфальт төсеу жұмыстарын жалғастыру.

3. Баянды-4 тұрғын үй массивтеріне газбен қамту және электр желісінің құрылысын бастау үшін қаржы бөлу жөнінде ұсыныс беру.

3.«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Баянды ауылында жұмыссыздардың санын азайту, кәсіпкерлерді қолдау арқылы табысы аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамтамасыз ету.



Басқұдық ауылдық округі әкімі Өсер Тлеповтің 2018 жылы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы ЕСЕБІ


Ауылдық округтің демографиялық жағдайы

Елбасы саясатының басты өзегі әрқашанда адам және оның игілігі. Бұл орайда Басқұдық ауылдық округінің халық саны да жыл сайын өсуде. 2018 жылы ауыл тұрғындарының саны 32 769 адамды құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 008 адамға артты.Экономикалық белсенді халық саны – 19 059 құрайды.

Ауылдың экономикалық дамуы

Қазіргі таңда ел экономикасы мен халқымыздың әл-ауқаты айтарлықтай артты. Тек Басқұдық ауылдық округінің өзінде экономикалық өсім 1,5 есеге өсті, жалақы мөлшері шамамен 2 есеге. Жалпы ауылдық округ экономикасын шағын және орта бизнес құрап отыр. 10 адамның 7-і шағын және орта бизнесте еңбек етеді. 2017 жылмен салыстырғанда кәсіпкерлерлік нысандар саны 2 есеге өсті. Бұл дегеніміз ауылдық округтің Мұнайлы ауданының аумақтарын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыруға талпынған, ең басты байлығы ауыл тұрғындары болып табылатынын, қауіпсіз, өмір сүруге қолайлы ауыл екендігінің бір айғағы. Ел жағдайын жақсартуға қол жеткізген оң өзгеріс жетерліктей тұрғанымен,атқарылуы тиіс істер де аз емес. Бұған Елбасы ұдайы назар аударып келеді. 2018 жылдың 5 қазанындағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» аттыжолдауында да Елбасы азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға ерекше назар аударды. Сондықтан-да, біздің басты мақсатымыз әрбір тұрғын үшін еңбек ету мен өмір сүруге қолайлы жағдай жасау болып қала бермек.

Жоғарыда атап өткендей ауылдық округ экономикасының басым бөлігін шағын және орта бизнес құрайды. Өздеріңізге белгілі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік бюджеттің төртінші деңгейіенгізілді. Яғни салықтың 6 түрі бойынша түсімдер ауылдық округтің шотына түсті. Бұл орайда, Басқұдық ауылдық округі аппаратымен бекітілген мөлшер бойынша жоспар орындалды. Атап айтар болсақ: Табыс көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы бойынша - 214%-ға,жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық бойынша -114,57%-ға, жеке тұлғалардың жер салығы бойынша – 83,98%-ға, заңды тұлғалардан көлік құралдарына салынатын салық бойынша - 100%-ға, жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық бойынша – 149,53%-ға орындалды.Бюджеттің жаңа деңгейі салық және салықтық емес төлемдерден түсетін табыс есебінен толықтырылатын болады. Бірақ кейбір жағдайларды заң аясында кәсібін атқармай отырған кәсіпкерлер де жетерлік. Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлының тапсырмасына сәйкес, Мұнайлы ауданы бюджетінің түсім көздерін ұлғайту және қосымша кіріс көздерін анықтау бойынша іс-шара жоспары бекітілді. Іс-шара жоспарына сәйкес, жұмысшы топ мүшелерімен ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп аралау жұмыстары жүргізілді. Тіркеу есебіне тұрмай жұмыстарын жүргізіп жүрген 39 жеке тұлғалар анықталып, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасына шара алу үшін ақпарат жолданды. Осы жерде ауылдық округтің кәсіпкерлерінзаң аясында жұмыс атқаруғашақырғым келеді. Түсетін салық көлемі ауылымыздың шешуді талап ететін маңызды істеріне жұмсалатын болады.

Ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеті

2018 жылы - ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеті 425 млн 735 мың теңгені құрады. Оның ішінде жарықтандыруға 36  млн 520 мың теңге, тазалық жұмыстарына 17 млн 271 мың теңге, абаттандыру және көгалдандыруға 7 млн 920 мың теңге, оқушыларды тасымалдауға – 120 млн 255 мың теңге, «Балапан» мемлекеттік бағдарламасына 286 млн 799 мың теңге, күрделі шығыстар – 1 млн 060 мың теңге.

Білім беру саласы бойынша

Мемлекет тарапынан білім саласына үлкен қамқорлық көрсетіліп келеді. Былтырғы жылы "Нұрлы жол» бағдарламасы аясында Жаңа қоныс тұрғын үй массивінде 600 орындық жаңа мектеп ашылды. Бұл орайда Маңғыстау ауылының №11 мектебіне тасымалданып отырған 1200 бала жаңа мектепке орналастырылды. Жаңа мектепте 1466 бала білім алуда.

Басқұдық ауылдық округінің №9 орта мектебі 2017-2018 оқу жылын  230 мұғалім және 2975 оқушымен аяқтады. Олардың ішінде үздік аттестат бітірушілер саны- 5, алтын белгі -1, негізгі орта білім туралы – 11. Жалпы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге 45 оқушы қатысып – 70,6 пайызды иеленді. Мектепте ең жоғары 118 балл иеленген бір оқушы – Аймахан Бағдат. Мектепте ыстық тамақпен қамтылған балалар саны - 785. 2017-2018 оқу жылында 230 мұғалім, 3219 оқушыны құрады. Оқушы санының шамадан тыс көп болуына байланысты, кабинеттер жетіспеді. Осы жағдайларды ескере отырып, аудан әкімінің тікелей бастамасымен жеке кәсіпкер «Басқұдық сауда үйі» директоры Айтжанов Ерболатпен келіссөз жүргізіліп, қосымша құрылысы салынған ғимараттың ішінен 260 оқушыға кабинет мемлекет бюджетінен жалға алынды. Аталған ғимаратта «Аула клубы» оқушылары да дәріс алуда.

Қазіргі таңда, ауылдық округтегі 960 орындық №9 орта мектепке қосымша 320 орындық 3 қабатты ғимарат құрылыстарының ЖСҚ дайындалды, құрылыстарын жүргізу үшін 2019 жылдың республикалық бюджеттің қаржыландыруына ұсынылды.

Мектепке дейінгі тәрбие беру саласында да айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. «Балапан» бағдарламасы аясында 2018 жылы жалпы 6 жеке меншік балабақша ашылды. 2019 жылы тағы да 312 орынды құрайтын 6 жекеменшік балабақша ашылады деген жоспарымыз бар. Бүгінгі күнде ауылдық округте 1 мемлекеттік және 12 жеке меншік балабақша жұмыс жасайды. Осылайша ауылдық округ бойынша балабақша мәселесі толықтай өз шешімін таппақ.

Денсаулық сақтау саласы бойынша

Кез келген мемлекеттің ең басты байлығы бұл  адами капиталы. 3 денсаулық сақтау ұйымдары бар, оларБасқұдық бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы (ауысымына 150 адамды қабылдайды) және «Мұхамбет» медициналық ұйымының 2 филлиалы тұрғындарға медициналық қызметтерін жүргізіп келеді.

Дүниеге келген бала саны: 2018 жылы– 405, 2017 жылдың есепті кезеңінде – 675, 2018 жылы сәби өлімі – 2, 2017 жылдың есепті кезеңінде - 5. Өкпе ауруына шалдыққандар: 2018 жылы - 4, 2017 жылдың есепті кезеңінде - 9 адам, демек былтырғы жылмен салыстырғанда 5 адамға азайған. Онкологиялық ауруға шалдыққандар: 2018 жылы - 3, 2017 жылдың есепті кезеңінде – 10.

Медицина саласын цифрландыру бағытында «Даму Мед» мобильдік қосымшасы жұмыс жасайды. Қазіргі таңда 1700-ден аса ауыл тұрғындарының  мобильді қосымшаға тіркелген.

Сонымен қатар ауылдық округтен жеке кәсіпкер Ж. Гулманова қаражаты есебінен медициналық орталықтың құрылысы жүруде. Құрылыстың аяқталу уақыты 2019 жылдың 1 тоқсаны. Жоба құны – 30 млн. теңге.

Әлеуметтік сала бойынша

Біздің алдымызда тұрған мақсаттардың бірі халықтың әлеуметтік әлеуетін арттыру мен жұмыссыздықтың алдын алу. «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы облыс әкімімен ауылдық округте 700 жұмыс орнын ашу міндеттелген болатын. Тиісінше 2018 жылы 824 жұмыс орны құрылып оның ішінде 713 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 413 жұмыс орнына көбейді. 2017 жылы - 352 жұмыс орны құрылды, соның ішінде тұрақтысы-221, уақытша-131).

Аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктері ұсынған бос жұмыс орындары жәрмеңкелері ұйымдастырылып, оған ауылдық округтің 100-ден аса тұрғындары қатысты.

2018 жылы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 284 балаға құрал-жабдықтармен толы сөмкелер және 115 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлының бастамасымен «Асар» қайырымдылық шарасы аясында қайырымды азаматтар мен жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен ауылдық округ бойынша жалпы алғанда 000 адамға қаржылай және азық-түлікпен, ет өнімдерімен көмек көрсетілді. Бұл игілікті шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы туралы

Ауылдық округте фермер қожалығы, немесе мал шаруашылығы тіркелмеген. Ауыл тұрғындары малдарын жеке қожалықта ұстап, бағады. Қазіргі таңда ауылдық округ бойынша сиыр - 94, жылқы - 40, қой - 128, түйе -167 құрап отыр. Басқұдық ауылдық округінде «Е-әкімдік» ақпараттық жүйесі орнатылып, жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні ауылдық округте 23 тұлғаның жеке қожалықтағы малдары (egov.kz порталына) енгізілген. Жеке қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама қызмет алушымен egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүргізіліп, ХҚКО-нан беріледі. Ауылдық округ әкімі аппараты жанынан ветеринариялық станциясы құрылған. Аталған мекемеде ветеринариялық дәрігер және ветеринарлық медбике жұмыс жасайды. Ветеринариялық станция қызметкерлері ауылдық округтегі бекітілген кестеге сәйкес, ит аулау жұмыстарын жүргізеді. «Ветсервис» қызметкерлерімен есептік кезеңде 898 бұралқы ит ауланды.

Кәсіпкерлік саласы бағытында өңірлік«Нұр капитал»  бағдарламасыаясында Басқұдық ауылдық округінен ағымдағы жылдың маусым айына дейін барлығы 6 жоба  мақұлданды. Жобалардың жалпы несие соммасы 109,4 млн.теңге, 41 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда.

  Ауыл тұрғындарына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының Мұнайлы ауданы бойынша филиалы «Бастау бизнес» курсы бойынша 6 адам оқып, шеберліктерін арттырды. Сонымен қатар ауылымыздың 2 тұрғына аталған курсты тәмамдап, жалпы соммасы 480 мың теңге көлеміндегі грантқа ие болды. Бүгінгі таңда тағы да 2 тұрғын құжаттарын рәсімдеп аз пайызбен несие алуға дайындық үстінде.

2018 жылы 403 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге өсті. шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 18 662 адамды құрадынемесе жұмыспен қамтылған халықтың 56,9%.

Мәдениет және спорт саласы бойынша

Еліміздің болашағы сауатты, салауатты ұрпақтың қолында десек өңірімізде мәдениет және спорт саласы да назардан тыс қалған емес.

2018 жылы 21 спорттық шара ұйымдастырылып, оған 256 спортшы қатысты.Облыстық деңгейде 174 спортшыларымыз 16 спорттық жарыстарға қатысып, 20 бала 1-ші орын, 14 бала 2-ші орын, 27 бала 3-ші орындарға ие болды. Республикалық деңгейде 15 спорттық жарыстарға 152 спортшы қатысты.2018 жылы 13-25 сәуір күндері аралығында Щучинск қаласында өткен (Армрестлинг) қол күресі бойынша жасөспірімдер, жастар, ерлер, әйелдер, спорт ардагерлері және мүмкіндігі шектеулі жандар арасында 17-ші Азия чемпионатында спортшыларымыз 1, 2 және 3 орындарды қанжығалады. Ауылда аудан әкімінің қолдауымен өнер мектебінің жанынан ашылған «Басқұдық» аула клубы бар, оның ішінде 9 үйірме, 9 ұжым жұмыс жасайды және «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК -де (БЖСМ) спорттың 11 түрі бар: Грек рим күресі, еркін күрес, қазақ күресі, волейбол, баскетбол, футбол, тоғызқұмалақ, қол добы, қол күрес, үстел теннис, жеңіл атлетика. Жаттықтырушылар саны: 31.Топ саны -47.Оқушы саны- 750.

Сонымен қатар, «Батыр 777» шағын спорт кешенінде - каратэ-до, кекушинкай, ережесіз жекпе-жек спорт түрлерінен панкратион, греплинг, ММА ережесіз жекпе-жегі спорт түрлерінен жаттығулар жүргізіледі.

Ауылдық округте Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері мен атаулы күндеріне орайластырылған көптеген мәдени-спорттық шаралар ұйымдастырылды.

Басқұдық ауылдық округіндегі кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының құрылыс жұмыстары2017 жылдың тамыз айында басталды. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары жалғасуда.

  Ағымдағы жылдың 3 сәуір күні кәсіпкерлер мен жомарт жандардың көмегінің арқасында, бас мүфти Серікбай қажы Ораз мен облыс әкімінің орынбасары Мақсат Сқақовтың қатысуымен 550 орындық «Төлей ишан» мешіті ашылды.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша

2018 жылдың есепті кезеңінде 5 мемлекеттік қызмет түрі бойынша  мемлекеттік қызмет көрсетілді. Жеке тұлғалардан жыл басынан 342 өтініш түсті. Елді мекен шегінен объект салу үшін жер учаскесін беру – 171, жер телімінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 171. Заңды тұлғалардан – 34 өтініш келіп түсті. Оның ішінде нысаналы мақсатын өзгерту – 2. Елді мекен шегінен объект салу – 31, egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы келіп түскен өтініш -1 (газ құбырын өткізуге байланысты). Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдау қызметін «Номад»ЖШС жүргізеді. Қазіргі таңда 1051 бала тасымалдануда. Жеке қосалқы шаруашылығы бар екендігі туралы анықтама қызмет алушымен egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүргізіліп, ХҚКО-нан беріледі. Бүгінгі күні ауылдық округте 22 тұлғаның жеке қожалықтағы малдары (egov.kz порталына) енгізілген. Ауылдық округ әкімі  аппараты аудандық  жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің өкілдерімен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу мәселелері бойынша тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 2018 жылдың  1- қаңтарынан қолданыстағы үш  әлеуметтік төлемдердің біріктірілуі есебінен жаңа форматта атаулы әлеуметтік көмек көрсетілетіні айтылып, жаңа заңды іске асыру төмен табысы бар отбасылардың санын қысқартуға мүмкіндік беретінін және  аз қамтамасыз етілген  азаматтар  ішінен  шығу  үшін  әлеуетін  дамытады  деген кең ауқымды түсініктер жүргізілуде. Бүгінгі күні, ауыл тұрғындарына қолжетімді болу үшін, ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратының 2-ші қабатында атаулы әлеуметтік көмектің жаңа нысандағы көрнекілік баннері ілінген.Елбасымыз «Үшінші жаңғыру: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында: Мемлекеттік қызметтер көрсету үрдісі мейілінше оңтайландыруға тиіс және құжаттардың мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек деп көрсеткен болатын. Елбасының Жолдауын басшылыққа алып, ауылдық округ әкімі аппаратының 2-ші қабатында «электронды үкімет» порталы арқылы қызметтерді электронды түрде алу тәсілдері  туралы үнемі түрде  көрсетіліп  тұратын  үйретуші  бейнероликтер орнатылған.

Инженерлік инфрақұрылымдар бойынша

Басқұдық ауылдық округін ауыз сумен қамту құрылысын аяқтауға 1 млрд. 729 млн. теңге қаражат бөлініп, қазіргі таңда, құрылыс жұмыстарының 90%-ы орындалды. Аяқталу мерзімі 2018 жылдың желтоқсан айы. Келісім шарт құны - 2 млрд. 511 млн.теңге, мердігер мекеме «Альянс ЛТД» ЖШС. Жұмыспен қамтылған адам саны - 61.

Басқұдық-Маңғыстау бағытындағы орталық бас жолды кеңейту бойынша жобалық - сметалық құжаттарын жасақтау үшін 2018 жылға қосымша 20 млн теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізілуде. Жобалаушы - «Engineering Design Consalting Group». Қазіргі таңда, тиісті мекемелерден техникалық шарттар алу жұмыстары жүргізілуде.

Басқұдық ауылдық округінің орталық бас жолы мен «Қошқар Ата» көліне баратын канал бойымен Ақшұқыр жолына қосылатын айналма (қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны арқылы автокөлік  иелері үшін мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына дейін) автомобиль жолын салу мақсатында, жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Жобалаушы мекеме: «Deluxe design» ЖШС. Қазіргі таңда, тиісті қаражат бөлу жөнінде ұсыныс берілді. (Жоба құны: 1 млрд. 100 млн. теңге).

Бұдан басқа жалпы құны 1 млрд. 175,9 млн. теңгені құрайтын 2 жоба дайын(1,7 шақырымды құрайтын айналма жолы және 2,2 шақырымды құрайтын автокөлік жолы).

Кезінде жобаға енбей қалған «Басқұдық», «Болашақ» және «Жаңа қоныс» тұрғын үй массивінің 275 учаскесіне газдандыру жұмыстарын «АБТМ» ЖШС жүргізуде

Қылмыстық ахуал туралы

  Ауылдық округте қылмыстардың алдын алу, қоғамға қарсы бағытталған құқық бұзушылықты болдырмау, жастар мен жасөспірімдер арасында, сондай-ақ, топтық қылмыстардың алдын алу бағытында бірқатар профилактикалық жұмыстар атқарылып келеді.

  Учаскелік тірек пунктінде 2 - учаскелік инспектор, 4 - учаскелік инспектордың көмекшісі және 2 - ювенальды полиция инспекторы 2 қызметтік автокөлікпен қызмет атқарады. Олармен 2018 жылы 21 тұлға профилактикалық есепке тіркелген.

  Қазақстан Республикасының Әкімшілік Құқықбұзушылық туралы Кодексінің әр-түрлі баптары бойынша 672 әкімшілік құқықбұзушылық хатттама толтырылды. 2017 жылдың ішінде әкімшілік аймақта болған қылмыстар бойынша, басқа бөлімдермен тығыз байланыс жасаудың нәтижесінде «Тұрмыс», «Контрафакт», «Пәтер», «Бекіре», «Қару», «Соғым», «Бақылау», «Құқықтық тәртіп», «Борышкер», «Стоп трафик», «Быт», «Тұзақ», «Хайтек», «Учаске» атты профилактикалық іс-шаралар өткізілді. Рейдтік шара барысында 224 тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің баптарын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Аймақтық учаскелік полиция қызметкерлерімен Басқұдық ауылдық округінде 2018 жылдың 9-айында 126 қылмыс дерегі тіркелген. Оның ішінде, 81 қылмыс ашылып (70.7%-ы), 40 ашылмаған (29,3%).

 

  Құрметті тұрғындар! Ауылымызда өткен жылы өңірді өрге сүйреген біршама жұмыстар атқарылды. Алдымызда атқаруға тиісті міндеттер бар. Ендігі ретте биылғы жылы жүзеге асырылатын жобалар.

- «Самал» тұрғын үй массиві аумағынан 200 орындық кітапханасымен бірге ауылдық клубтың құрылыс жұмыстарын аяқтау;

- 960 орындық №9 орта мектеп ғимаратына қосымша 320 орындық байлама ғимаратының құрылысының ЖСҚ-ның мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды, құрылыс жұмыстарын бастау;

- Алау тұрғын үй массивінен 1200 орындық және Жаңа қоныс тұрғын үй массивінен 600 орындық мектептің ЖСҚ аяқтап, құзырлы органдарға қаржы мәселесін шешуге ұсыныс енгізу;

- көшелердегі жарықшамдарына тұрақты бақылау жасау, істен шыққандарды уақытылы ауыстырып отыру;

- жекеменшік балабақшалар үлесін арттыру;

- жұмыссыздықты азайту, ауылшаруашылығын және кәсіпкерліктің  дамуына жағдай жасау;

- Басқұдық ауылдық округін ауыз сумен қамту жұмыстарының құрылысын аяқтап, ауыл тұрғындарын ауыз сумен 100% қамту;

- Басқұдық-Маңғыстау бағытындағы орталық бас жолды кеңейту бойынша жұмыстарды жандандыру;

- Басқұдық ауылдық округінің орталық бас жолы мен «Қошқар Ата» көліне баратын канал бойымен Ақшұқыр жолына қосылатын айналма жол жүргізу;

- Басқұдық ауылдық округінде ауылішілік автокөлік жолының құрылысын бастау;

- «Ақтау-Маңғыстау» автожолы бойындағы Маңғыстау ауылынан Басқұдық ауылдық округіне кіреберістегі көпірді қайта жаңғырту жұмыстарының ЖСҚ жасақталды және мемлекеттік сараптамадан қорытындысы алынды. Қаржы мәселесін шешу бойынша құзырлы органдарға ұсыныс беру;

- жер асты дренаж құрылыс жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынып, 2018-2020 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізіміне енуіне байланысты тиісті шаралар алу;

- Басқұдық ауылдық округі мен Шығыс шағын ауданы арасындағы жол қиылысына бағдаршам орнату жұмыстарын жүргізу үшін Ақтау қаласының әкімдігіне ұсыныс берілді. Ақтау қаласы әкімдігі тарапынан аталған жолды кеңейту жұмыс жобасында  бағдаршам орнату жұмысы қарастырылған, оңтайлы шешуге ықпал ету шарасын алуға жұмыстану;

- облыс және аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, 3–инвестициялық жобаны іске асыру;

- ауыл ішіне жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстарын жалғастыру;

- ауылішілік жолдарға құм төгу және тегістеу жұмыстарын жалғастыру;

- ауылдық округтегі көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жалғастыру;

- ауыл тазалығын үнемі қамтамасыз ету;

- ауылдық округ жастарын спортқа және мәдениетке баулу мақсатында шаралар ұйымдастыру.

- бюджетке түсетін салықтық түсімдердің орындалысын қатаң бақылау;

- «Басқұдық», «Болашақ» және «Жаңа қоныс» тұрғын үй массивін газдандыру жұмыстарын аяқтау;

- «Қошқар ата» қалдық қоймасы айналасында тәжірибелік жасыл қорғаныш аймағын құру жұмыстарынжандандыру;

- Елді мекендегі тұрғын үйлерді 100%-ға сымды телефон және интернет желісімен қамтамасыз ету.



Дәулет ауылдық округінің  әкімі Гизат Жолдасбаевтың

2018 жылғы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы ЕСЕБІ

Дәулет ауылдық округінде статистикалық есеп бойынша халық саны 2018 жылы - 10840  адам құрады. Тиісті кезеңмен салыстырғанда 1090 адамға көбейген. Оның ішінде;

Экономикалық белсенді халық саны - 7763, жұмыспен қамтылған халық саны - 6351, зейнеткерлер- 350, 14-29  жастар саны - 2910, 14 жасқа дейінгі жас өспірімдер - 2903, мүгедек 125, оның ішінде III- топ мүгедектер саны - 35,  I-II мүгедектер саны - 90.

  Ауыл аумағының жалпы ауданы - 3374,7 гектар жерді қамтиды.

2018 жылы ауылдық округі әкімінің аппаратына - 5 заңды және есепті кезеңде жеке тұлғалардан барлығы – 233 арыз келіп түсті. (Оның ішінде жер мәселесі бойынша- 193, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы- 9, әлеуметтік мәселелер жөнінде- 25,  спорт бойынша- 1 және  салық бойынша – 5 өтініш.) Барлық арыздарға жауаптар заң талаптарына сай, уақытылы жауап берілді. Сонымен қатар, әр аптаның 4-5 күндері ауыл әкімі және ауыл әкімінің орынбасарымен  ауыл тұрғындарының жеке сұрақтарымен қабылдау жүргізілді. Қабылдауда көтерілген мәселелер тұрғын үй құрылысын салуға арналған жер және әлеуметтік матералдық көмек алу мәселелер бойынша. 2018 жылы жеке тұрғын үй құрылысын салуға және  жер телімін сұрауға байланысты -  78 өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда, 1363 тұлғаның  өтініші жер кезегіне тіркелген.

БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША

Егемен елімізде жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына баса  мән берілуде. Жыл сайын Елбасының халыққа жолдауында да жастардың заман талабына сай білім алуы үшін үлкен мүмкіндіктер жасалынатыны жөнінде айтылып, тиісті орындарға тапсырмалар жүктелуде. Бүгінгі таңда, ауылдық округ бойынша 960 орындық орта мектеп, 1 шағын орталық, 2 жеке меншік және 280 орындық мемлекеттік  балабақша жұмыс жасап, ел игілігін көруде.  №4 жалпы білім беру орта мектеп 2018-2019 жаңа оқу жылын  1603 оқушы  173 мұғаліммен бастады.  Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша 2017 жылы 65,6 % көрсетсе, 2018 жылы 72,8% , яғни 7,2 пайызға артып отыр.  2018 жылы оқу жылының қорытындысы бойынша мемлекеттік грантпен -9 оқушы, «Серпін» бағдарламасы аясында -10 оқушы,1-оқушы облыс әкімінің грантымен және 1 оқушы ауыл аудан әкімінің грантымен оқуға түсіп, қазіргі таңда жоғарғы оқу орындарында білім алуда.

Елбасы, Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12 сәуірдегі «БОЛАШАҚҚА БАҒДАР: РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» атты  мақаласы жарияланған болатын.

Жарияланған бағдарламаны іске асыру мақсатында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Отаным - тағдырым» бағытында мектебімізде Елбасы, Әбіштану және Ш.Әленұлы кабинеттері ашылды. 

Сонымен қатар, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың  “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында берілген тапсырмаларды орындау мақсатында, «Цифрлы Қазақстан» кешенді бағдарламасы аясында мектебімізде IT және KREATIV ZONE алаңы ашылды. 

2018 жылы 1 қыркүйек «Мектепке жол акциясы» аясында -  жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен 550 000 мың теңге көлемінде қайырымдылық акциясын жасады. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Маңғыстау облысының білім басқармасына қарасты «№3 арнайы жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 131 оқушысы Қызылтөбе ауылдық округте орналасқан Мәдениет үйінде өткізілген жаңа жылдық шырша кешені қатысуы үшін 19500 мың теңге көлемінде жеке кәсіпкерлердің  қаржылай көмек көрсетілді. 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

 Дәулет  бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы 35 штат бірлігімен жұмыс жасайды. Аталған орталық норматив бойынша күніне 50 адамға есептелген болса қазіргі таңда, науқастарды күніне қабылдайтын нормасынан  артық  120  адамға  қызмет  көрсетуде. Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығында дәрігерлердің тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, жылжымалы медициналық көмек көрсету бойынша жылына 2 рет  стоматолог, лор, хирург, кардиолог, невропатолог  мамандары және аудан орталығынан  әр аптаның дүйсенбі  күні балалар неврологы мен кардиолог мамандары келіп қызмет көрсетеді. Ауылдық округ бойынша 2017 жылы 243сәби дүние есігін ашса, 2018 жылы  231  бала дүниеге келген.  2017- 2018 жылы  бала өлімі және ана өлімі болған жоқ.

Ауылдық округ бойынша дәрігерлік есепте тұрған азаматтар тізімі төмендегідей.

1.  Артериялдық қан қысымымен- 421;

2.  Қант диабеті- 40;

3.  Бронх демікпесі- 26;

4.  Онкологиялық аурулар-12;

5.  Қан ауруымен ауыратын бала-1;

6.  Қан аздық аурулар мен есепте тұрғандар-81.

Мемлекет тарапынан бөлінетін дәрі-дәрмекті қажет ететін тұрғындар 100 пайыз қамтылған.

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ БОЙЫНША

Ауылдық округтің тазалығына жауапты мекеме болып West Mangystau ЖШС-і мемлекеттік сатып алу конкурсы негізінде жеңімпаз атанып (келісім-шарт құны- ),  санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуде. Ауыл тазалығы бірқалыпты,күнделікті бақылауда. Тазалық жұмыстарында барлығы 17 адам жұмыспен қамтылған. Оның 12 адамы халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа қабылданды. Елді мекендерді  көгалдандыру және аббатандыру қызметтері бойынша мүгедектер арасында  мемлекеттік сатып алу тәсілімен конкурс өткізіліп, нәтижесінде «Қазақ соқырлар қоғамының Ақтау оқу-өндірістік кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жеңімпаз атанды.  Көгалдандыру қызметі бойынша ауылдық округте қоршауы бар әлеуметтік нысандарға - 50 дана раушан гүлі және 300  түп қара тал егіліп, бапталуда. Аббатандыру қызметі бойынша ауылдық округте орналасқан аялдамалар, көше бойындағы орындықтар және қоқыс жәшіктерді сырлау,  жаяу жүргіншілер жолдарының бүлінген жерлерін жөндеу және қатқыл табанды грейдер жолдары төсеу жұмыстары жүргізілді. 

  Дәулет ауылдық округі  2015 жылы «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында толық, яғни 1176 үй  орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Ауыз су бағасы 1 кубы 30 теңгені құрайды. Егер су пайдалану Маңғыстау Жылу МКК-нің бекітілген тарифтік жоспарына сәйкес, ауыл тұрғындарымен жасақталған келісім-шарт негізінде тұрғындар 3,6 кубтан жоғары су пайдаланған жағдайда, баға құны 280,29 теңгені құрайды.  Кәсіпкерлер үшін 1 куб су бағасының құны 550,29 теңгені құрайды.

Дәулет ауылдық округі мен Қызылтөбе ауылдық округі бойынша «Маңғыстауэнерго» МКК-не қарасты 1 учаскелік пункті орналасқан, онда жұмыс жасайтын адам саны - 19. Бекітілген тариф жоспарына сәйкес, 1 киловат электр энергиясы үшін ауылдық округ тұрғындары  16 теңге 26 тиын төлеуде. Көше жарық шамдарының саны - 887.

  Ақтау қаласына қатынайтын тұрғындарға №103 Ақтау-Қызылтөбе бағыты бойынша  маршруты қызмет көрсетеді, қызмет көрсету құны 110 теңге. Маңғыстау - Қызылтөбе-2- ЖаңаДәулет бағытындағы №13а маршрутын бекітілген жолсапарының жүру кестесіне сәйкес, 20 минут сайын құны 70 теңгеден қызмет көрсетуде.

НӘТИЖЕЛІ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЖАППАЙ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ – 2017-2021 бағдарламасы

Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында, ауылдық округте - 48 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркеліп, 80 адам жұмыспен қамтылған. Өндірістік база - 5, дүкен- 34, дәріхана – 2, көлік жуу- 1, көлік жөндеу -1, тігін шеберханасы – 1, жекеменшік балабақша -2 өз кәсіптерін дөңгелетіп отыр.

Маңғыстау облысы әкімі Е.Л. Тоғжановтың тапсырмасына сәйкес, облыстық деңгейде «НұрКапитал» бағдарламасы әзірленіп, аудан әкімдеріне инвестиция тарту арқылы кәсіпкерлікеті дәмыту және бос жұмыс орындарын құру тапсырылған.  Дәулет ауылдық округінен «НұрКапитал» бағдарламасына қатысу үшін 5 кәсіпкердің өтінімдері тиісті органға жолданып, нәтижесінде 47 млн теңге көлемінде жобалар мақұлданды. (Яғни, туризм саласын дамыту үшін ЖК Х.Кенжебековаға 15 млн, ірі қара малдарын бордақылау үшін ЖК Б.Төлебаевқа 12 млн және ауыл шаруашылық фермасын кеңейту үшін ЖК Т.Түркменбаевқа 20 млн теңге) Қазіргі таңда, қаражаттарын алу үшін екінші деңгейлі банктердің шарттарына сәйкес жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, Мұнай компаниясында ұзақ жыл қызмет етіп, 5/50 еңбек шартын бұзу арқылы зейнеткерлікке шыққан екі азамат кәсіпкерлігін ашты. Атап айтқанда, А.Салман және А.Бердікулов ауыл шаруашылығын дамытып, ірі қара және ұсақ малдарын бордақылауда.

Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017- 2020» жылдарға арналған бағдарламасы аясында аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы, 2018 жылға жасақталған жоспарға сәйкес, Дәулет ауылдық округінен  400 адамды жұмыспен қамту жоспары 100% орындалып, 400 азамат жұмыспен қамтылды. Қазіргі таңда, мәртебесі жоқ жұмыссыз тұрғындарды жұмыспен қамту орталығына тіркетіп, жұмыспен қамтуға жұмыстар жүргізілуде.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

 Дәулет  бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы 35 штат бірлігімен жұмыс жасайды. Аталған орталық норматив бойынша күніне 50 адамға есептелген болса қазіргі таңда, науқастарды күніне қабылдайтын нормасынан  артық  120  адамға  қызмет  көрсетуде. Бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығында дәрігерлердің тұрғындарға қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында, жылжымалы медициналық көмек көрсету бойынша жылына 2 рет  стоматолог, лор, хирург, кардиолог, невропатолог  мамандары және аудан орталығынан  әр аптаның дүйсенбі  күні балалар неврологы мен кардиолог мамандары келіп қызмет көрсетеді. Ауылдық округ бойынша 2017 жылы 243сәби дүние есігін ашса, 2018 жылы 9 ай ішінде 231  бала дүниеге келген.  2017- 2018 жылы  бала өлімі және ана өлімі болған жоқ.

Ауылдық округ бойынша дәрігерлік есепте тұрған азаматтар тізімі төмендегідей.

7.  Артериялдық қан қысымымен- 421;

8.  Қант диабеті- 40;

9.  Бронх демікпесі- 26;

10.Онкологиялық аурулар-12;

11.Қан ауруымен ауыратын бала-1;

12.Қан аздық аурулар мен есепте тұрғандар-81.

Мемлекет тарапынан бөлінетін дәрі-дәрмекті қажет ететін тұрғындар 100 пайыз қамтылған.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ  САЛАСЫ БОЙЫНША

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығы, 1-мамыр-Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай "Тыныштық-тілегіміз, тұрақтылық-тірегіміз" атты III жастар фестивалі өткізілді. Аталаған шарада Дәулет ауылдық округі  "белорусь" ұлтының мәдениеті мен салт-дәстүрін ауыл тұрғындарымен қонақтарға таныстырылды.

Дәулет ауылында «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» ауыл жастарына қызмет көрсетуде. Мектепте 26 адам, оның ішінде 10 бапкер, 16 басқа қызметкерлер жұмыс істейді. Аталған спорт мектебінде 383 бала спортпен шұғылдануда. 2018 жылдың сәуір айында әлемдік Африка мемлекетінде өткізілген Powerlifting  (Паверлифтинг) жатып сығымдау байқауында ерлер арасында 53-130 кг салмақ дәрежесінде Дәулет ауылдық округінің тұрғыны 11 сынып оқушысы Ельжанов Шыңғыс Қалбайұлы 1 орын алып, 53 кг салмақ бойынша әлем чемпионы атанды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың наурыз айында Стамбул қаласында өткен  халықаралық турнирге  ағайынды Айдос және Азамат Мұқатовтар қатысып, Айдос Мұқат 1 орынға ие болды. Аталған турнирге қатысуға ауылдық округтің жеке кәсіпкері демеушілік көрсеті.

Сонымен қатар, бекітілген жоспар аясында ауылдық округте ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында әр-түрлі спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, нәтижесінде жеңімпаздарға бағалы сыйлықтармен мақтау қағаздары табысталды.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Дәулет ауылдық округі әкімінің аппаратында - 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.  Өз-өзіне қызмет көрсету секторында «Электоронды үкімет» порталында ұялы телефон нөмеріне жолданған бір реттік порольді енгізу арқылы 44 қызмет түрі тегін және қосымша ақылы қызметтерді алуға мүмкіндік қарастырылған. Дәулет ауылдық округінде көрсетілетін қызметтерді халыққа қолжетімділігін және «Бір терезе» қағидасы бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізу, насихаттау мақсатында Дәулет ауылдық округі тұрғындарына жыл ішінде бекітілген жоспарға сәйкес, 12 рет түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

АУЫЛ ШАРАУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША

Ауылдық  округте фермер қожалығы немесе мал шаруашылығы жоқ. Ауыл тұрғындары  малдарын жеке қожалықта ұстайды. 2016 жылдың қортындысы бойынша 32 шаруа қожалығы тіркелген болатын. Алайда  қазіргі таңда, 29 шаруа қожалығына азайып отыр. Себебі елді мекенің шекара бөлінісіне сәйкес, Дәулет ауылдық округінің аумағында орналаспауына байланысты, елді мекен шекарасына орай тиісті ауылдарға жолданды. (Қызылтөбе ауылдық округіне 1 шаруа қожалығы, Баянды ауылына 1 шаруа қожалығы және Батыр ауылдық округіне 1 шаруа қожалығы) Жеке қожалықтағы мал шаруашылығының есебі ауылдық округ әкімі аппаратында шаруашылық кітаптарына тіркеліп, әр тоқсан сайын жеке малдардың есебі алынып отырылды.  Ауыл бойынша мал басы сиыр – 105, қой – ешкі 1317, жылқы – 638, түйе – 584 құрап отыр.

Ауылдық округ бойынша 2017 жылы «Ветсервис» МҚКҚ қызметкерлерімен  281 бұралқы ит ауланды. 2018 жылдың жартыжылдығында 128 ит ауланып, жоюлды. Бұралқы иттерді аулау жұмыстары  кестеге сәйкес жалғасын табуда.

ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР БОЙЫНША

  Дәулет ауылдық округі бойынша ағымдағы жылдың 12 айы ішінде барлығы  35  қылмыс тіркелді, оның ішіде:  ашылған қылмыс - 27, ашылмағаны -8. Тіркелген қылмыстар  бөтеннің мүлкін ұрлау, тонау, бұзақылық, есірткіге қатысты қылмыс  және  зорлық, көлікті масаю күйінде басқару қылмыстары тіркелмеген.  Сонымен қатар, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде бекітілген жоспарына сәйкес «бөлек бекеттер мен үйлер ұрлығына байланысты, үйлердің есіктерін  құлыптау, азық-түлік дүкендеріне бейне көрініс орнату, мейрамханалар мен кафе-барларға күзетші қою қажеттігі туралы хабарлама, жаднама парақшалар таратылып түсіндірі жұмыстары жүргізілуде.

2018 жылдың қорытынды есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтармен  ұсыныс-пікірлер бойынша

1.  Дәулет ауылдық округіне 15 шақырым асфальт жолын салу үшін ЖСҚ 2015 жылы жасақталған болатын. Алайда, Республикалық бюджеттен қаржы бөлу кейінге қалдырудың салдарынан,  ЖСҚ мерзімі өтіп кетіп, бүгінгі таңда қайта құрылымдау (түзету) үшін тиісті органдарға ұсынылды. 

2.  Қазіргі таңда, Дәулет ауылдық округі аумағынан бас жоспарға сәйкес, жаңадан 200 жер телімін беру мақсатында инженерлік желілерін жүргізу үшін тоқ, газ ЖСҚ жасақталып, тиісті органдардан сараптама қорытындылары алынып, қаржы көздерін қарастыру үшін ұсыныс берілді.

3.  2017 жылғы ҚР денсаулық сақтау министрінің №786 бұйрығымен тегін дәрі-дәрмек беріліп келді. 2018 жылы қаңтар айында жоғарыда аталған бұйрыққа өзгерістер енгізілуіне байланысты, ҚР бойынша тегін дәрі-дәрмек беретін ферма «ЭКС Фармация» болып анықталды. Қаңтар айының соңынан бастап, тегін дәрі-дәрмектер есепте тұрған тұрғындарға берілуде.

2019 жылға қойылған міндеттер мен жоспарлар және оны одан әрі дамытудың негізгі бағыттары:

  1) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жеке тұрғын үй құрылысына арналған жаңа «Нұрлы жер» бағдарламасын қабылдаған болатын. Бағдарламаны іске асыру мақсатында Дәулет  ауылдық округінің Бас жоспарына сәйкес, 200 жер телімдерінің Инженерлік коммуникациялық желілерінің (тоқ және газ) жобалық-сметалық құжаттамалары жасақталып. мемлекеттік сараптамадан қорытындысы алынып жоғарғы тұрған тиісті органдарға қаражат көзін қарарастыру үшін ұсыныс беру;

    2) «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017- 2021» бағдарламасы аясында Дәулет ауылында жұмыссыздар санын азайту, жеке кәсіпкерлерді қолдау арқылы табысы аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамтамасыз етіп, жеке кәсіпкерлерге жер телімдерін рәсімдеу арқылы, инвестиция тарту;

  3) Ауылдық округі аумағынан жеке кәсіпкердің демеушілігімен Мешіт ғимаратының құрылысын салу, халық игіліне беру.

  4) Жасақталған сметалық құжаттарға сәйкес, ауылдық округті көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізу.



Қызылтөбе ауылдық округі әкімі Серік Боранбаевтың 2018 жылы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы ЕСЕБІ

Қызылтөбе ауылдық округінің демографиялық жағдайы. Қызылтөбе ауылдық округінің құрамына 4 елді мекен кіреді. Олар: Қызылтөбе ауылы, Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабы, Бірлік және Ынтымақ елді мекендері. Ауылдық округтің жалпы ауданы - 12 661 гектар. Ауылдық округтегі барлық аулалар /үйлер/ саны - 3 700.

Соңғы статистикалық есеп бойынша халық саны - 29 741 адам, өткен  2017 жылғы халық саны - 28 113 болды, яғни өсім 5,8 %.

Ауылдық округтің 2017 жылғы бюджеті 276 млн. 641 мың теңге, оның игерілуі - 99,9 %, ал 2018 жылғы бюджетіміз 454 млн. 505 мың теңге болса, оның игерілуі - 97 %.

2018 жылы Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 314 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: 292 жеке тұлға, 22 заңды тұлға. Өтініштердің бөлінісі: жер мәселесі - 241, әлеуметтік мәселелер - 43, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша - 18, кәсіпкерлік және білім саласы бойынша - 12. Аталған өтініштердің барлығына заң талабына сәйкес жауап беріліп, тиісті жұмыстар жасалынды. 2017 жылдың есепті кезеңінде барлығы 409 өтініш келіп түскен болатын. Оның ішінде: жеке тұлға - 398, заңды тұлға - 11.

Ауылдық округ әкімінің және орынбасарының азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауы аптасына екі рет жүргізіледі. Осы жылы 32 тұрғын қабылданды. Негізгі қойылатын сұрақтар: жер телімдері, жұмыссыздық және коммуналдық мәселелер болып отыр. Жеке қабылдауға келген азаматтардың өтініштері толықтай шешімін тауып немесе жазбаша нысанда түсіндірме жауаптар берілді. Өткен 2017 жылы барлығы 33 тұрғын қабылданған болатын.

2018 жылы аудан әкімінің және орынбасарларының төрағалығымен өткізілген аппараттық кеңестердің және басқа да жиындардың 45 хаттамасына жауап беріліп, тапсырмалар тиісті деңгейде орындалды.

2018 жылы Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппаратында 275 мемлекеттік көрсетілетін қызмет ұсынылды. Бас тартулар саны - 145, оң шешімін тапқандар - 130. Оның ішінде: елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру - 229, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту - 43, қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру - 3. Қызмет алушылар тарапынан ешқандай арыз-шағымдар келіп түскен жоқ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «қызметкерді шақырту» батырмасы және пандус орнатылды. Сонымен қатар, әкім аппаратының ғимаратына кіре-беріс аумаққа арнайы стенд ілініп, бейне роликтерге арналған теледидар орнатылып, «өз-өзіне қызмет көрсету секторы» ашылды. Бұл жерде тиісті талаптарды орындай отырып, 30 қызмет бойынша анықтама немесе мәлімет алуға болады.

2018 жылы«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер 2017 жылмен салыстырғанда төмендеген /405-тен 241-ге дейін/, есесіне электрондық үкімет веб-порталымен 34 қызмет көрсетілген, 2017 жылы 6 электрондық қызмет көрсетілген болатын. Бұл дегеніміз - электрондық қызмет алушылардың саны 5 есеге өскендігін көрсетіп, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан түсінік жұмыстарының жемісін білдіреді. Бүгінгі күнге дейін, Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппаратымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 11 іс-шара ұйымдастырылып, барлығы 1220 тұрғынға түсінік жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік сала бойынша. 2018 жылы Қызылтөбе ауылдық округі бойынша барлығы 439 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты. 2 267 тұрғынның мәртебесі анықталып, 31 тұрғынға біржолғы материалдық көмек және 102 тұрғынға атаулы әлеуметтік көмек берілді. «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы шеңберінде 43 балаға 300 мың теңге көлемінде қайырымдылық көрсетілсе, 16 тыл ардагеріне, 8 анаға және 72 отбасына әр түрлі қаржылай және материалдық көмектер көрсетілді.

Сонымен қатар, Қызылтөбе ауылының белсенді жастары Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабының тұрғыны А.Мектепбаевтың үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, газ құбырын қосып беруге және жылу жүйесін жүргізуге қайырымдылық көрсетті.

2018 жылы 876 жасөспірімге әскерге шақырту хабарламасы таратылды, оның ішінде: мекенжайы бойынша тұрмайтындар - 124, шақырту қағазын алғандар - 752. Ауылдық округ бойынша Отан алдындағы борышын өтеп жатқан азаматтар саны - 70.

Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппаратына тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін алуға 2006-2018 жылдың аралығында өтініш білдірген азаматтардың саны 8 808-ді құрап отыр. Қазіргі таңда, тізімдегі тұрғындарға жер учаскесін беру үшін Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабының күншығыс бетінен арнайы алаң дайындау мәселесі пысықталуда.

Білім беру саласы бойынша. Қызылтөбе ауылдық округінде 2 мектеп /№2 және №6 жалпы орта білім беретін мектеп/, №13 мектеп-гимназия және Қызылтөбе лицейі жұмыс жасайды. Ондағы оқушылар саны:

№2 мектепте - 1 442;

№6 мектепте - 2 843;

№13 мектеп-гимназияда - 1 042;

Қызылтөбе лицейінде - 292. Барлығы: 5 619 оқушы бар.

2018 жылы Қызылтөбе ауылының Балауса көшесі бойындағы №13 мектеп-гимназиясы іске қосылды. Бұрын Бірлік және Ынтымақ елді мекендерінің оқушылары Жаңа-Дәулет елді мекеніне қатынап оқитын болса, 2018 жылғы оқу жылынан бастап жаңа мектептің іске қосылуымен Қызылтөбе ауылдық округіндегі балалар тасымалы мәселесі шешімін тауып, жыл сайын осы мақсатқа жұмсалатын 15 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделді.

  Қазіргі таңда, ауылдық округте 280 орындық №5 «Балбөбек» және  150 орындық №4 «Балапан» мемлекеттік балабақшалары және 299 балаға есептелген 5 жеке меншік «Сұңқар» /50 орындық/, «Болашақ» /60 орындық/, «Гүлдер» /75 орындық/, «Ырысжан» /43 орындық/ және «Тұмар» /71 орындық/ балабақшалары мектеп жасына дейінгі балаларға тәрбие беріп отыр. Соңғы аталған 3 балабақша өз жұмыстарын 2018 жылдан бастады. Ауылдық округ бойынша балабақша кезегінде тұрған бүлдіршіндер саны - 1 221, өткен  2017 жылы бұл көрсеткіш 1 282 болды, яғни 61 балаға азайған.

Денсаулық сақтау саласы бойынша. Қазіргі таңда ауылдық округте  3 дәрігерлік амбулатория және 1 пункт жұмыс жасайды. Атап айтқанда: Қызылтөбе ауылының төменгі аумағына арналған Қызылтөбе дәрігерлік амбулаториясы, Қызылтөбе ауылының жоғарғы аумағына арналған Қызылтөбе-1 дәрігерлік амбулаториясы, Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабындағы орталық дәрігерлік амбулатория және Бірлік елді мекеніндегі фельдшерлік пункт.

2018 жылы ана өлімі тіркелген жоқ. Алайда, 1 жасқа дейінгі бала өлімі бойынша 5 факт тіркелді. 2017 жылдың есепті кезеңінде ана мен бала өлімі тіркелмеген болатын. Статистикалық есеп бойынша туберкулез ауруына шалдыққандар саны - 19, онкологиялық аурулар саны - 3 болса, 2017 жылы туберкулез ауруына шалдыққандар саны - 15, онкологиялық аурулар саны - 1 болды, яғни көрсеткіш 6 адамға өскен.

Мәдениет және спорт саласы бойынша. Ауылдық округте жалғыз ғана «Қызылтөбе ауылының мәдениет үйі» жұмыс жасайды. Мәдениет үйінде  10 үйірме және 13 мыңнан аса кітап қоры бар кітапхана орналасқан.  2018 жылы мәдениет үйінде әр түрлі мерекелік және бағдарламалық 62 іс-шара өткізілді. Ал, 2017 жылы осы мәдениет ошағында 55 іс-шара өткізілген болатын. Сонымен қатар, Қызылтөбе ауылы мәдениет үйінің ұжымы аудан көлемінде өткізілетін мәдени іс-шаралардың барлығына белсене атсалысып отыр.

Ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында, Қызылтөбе ауылында 1 әмбебап жабық спорт алаңы, 1 ашық спорт алаңы, Бірлік елді мекенінде 1 ашық спорт алаңы және ауылдық округ аумағында 7 балалар ойын алаңдары орналасқан. Сонымен қатар, 2018 жылы Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабынан ережесіз жекпе-жек түрі бойынша жеке меншік спорт залы ашылып, қазіргі таңда жасөспірімдерді аталған спорт түріне баулуда.

  Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік саласы бойынша. Ауылдық округімізде 19 мал шаруашылығы жұмыс жасайды. Шаруа қожалықтарындағы мал бастары: жылқы - 458 бас, түйе - 741 бас, мүйізді ірі қара - 46 бас, ұсақ мүйізді мал - 830 бас. Сонымен қатар, ауылішілік қосалқы шаруашылықтардағы мал бастары: жылқы - 193 бас, түйе - 377 бас, мүйізді ірі қара - 145 бас, ұсақ мүйізді мал - 462 бас және құс - 327 бас. Барлық мал бастары - 3 579, яғни  2017 жылмен салыстырғанда /3 149 бас/ мал бастары 13,6 %-ға артқан.

Ауылдық округтегі шағын және орта кәсіп нысандарының жалпы саны -202, ал 2017 жылы 195 кәсіпкерлік нысан болды, яғни 7 нысан жаңадан жұмыс бастап отыр.

Сонымен қатар, азық-түлік тауарларына бағаның тұрақтылығын сақтау мақсатында, Қызылтөбе ауылында әр аптаның сенбі күні және Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабында сейсенбі күндері жәрмеңке базары өткізіліп тұрады.

Қоғамдық тәртіп және діни ахуал бойынша. Қызылтөбе ауылдық округінде 2 полиция тірек пункті жұмыс жасайды. 1 учаскелік полиция инспекторы, 5 учаскелік полиция инспекторының көмекшісі және кәмелетке толмағандар істерін қарайтын 2 инспектор бекітілген. 2018 жылы ауылдық округ аумағында 71 қылмыс орын алды. Оның ішінде: ашылған қылмыстар саны - 47, ашылмағандары - 24. 2017 жылы ауылдық округте 145 қылмыс орын алған болатын, яғни қылмыс саны 2 есеге төмендеген.

Қазіргі таңда, ауылдық округ бойынша жалғыз мешіт, яғни Қызылтөбе ауылының орталық мешіті жұмыс жасауда. Мешіт 500 адамның бір мезгілде ғибадаттары мен құлшылықтарын жасауына арналған. Мешіт ішінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары орнатылған. Мешіт ұжымы ауыл тұрғындарына қайырымдылық шараларын үзбей көрсетіп отыр.

Сонымен қатар, 2018 жылы жеке кәсіпкер Я.Мураталиевтің демеушілігімен Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабының күншығыс бетінен жаңа мешіт құрылысы басталды. Қазіргі таңда, құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Жоспарланған мешіт құрылысы 500 адамға арналған.

Иесіз, бұралқы иттер мәселесі бойынша. 2018 жылы арнайы мекеменің жүргізген жұмыстарының нәтижесінде 595 бас иесіз ит ауланды. 2017 жылы 942 бас ит ауланған болатын, яғни ауланған иттер саны 347 басқа азайған.

  Инженерлік-инфрақұрылым жүйелері:

Ауыз су мәселесі. Қазіргі таңда ауылдық округтің тұрғындары тасымал арқылы ауыз су тұтынып отыр. Қызылтөбе ауылы бойынша ауыз суды тасымалдау құны 3,6 м3 - 1800 теңгені, 4,2 м3 - 2000 теңгені, Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабына 3,6 м3 - 2000 теңгені, ал 4,2 м3 - 2200 теңгені құрайды.

Сонымен қатар, «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Қызылтөбе ауылдық округінде орналасқан елді мекендерді құбыр арқылы ауыз сумен қамту бойынша жалпы құны 2 млрд. 202 млн. теңге болатын жобалық-сметалық құжаттары жасақталып, 2018 жылға бюджеттен 300 млн. теңге қаражат бөлінген болатын. Қазіргі таңда, бөлінген қаражат толықтай игеріліп, құрылыстың 1-ші кезеңі аяқталды. Құрылыстың аяқталу мерзімі 2019 жылдың IV тоқсаны.

Электр қуаты мәселесі. Ауылдық округтің барлық елді мекендері 100% электр қуатымен қамтамасыз етілген. Елді мекендерді электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстарын «Маңғыстауэнерго» МКК және «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» АҚ /МРЭК/ жүргізеді. Атап өтер бір жайт, 2018 жылдың соңында Қызылтөбе ауылының Желтоқсан және Маусым көшелеріне түнгі көше жарығы шамдары орнатылды.

  Газ мәселесі. Ауылдық округтің барлық елді мекендері 100% табиғи газбен қамтамасыз етілген. Газ өнімін жеткізуші «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Маңғыстау өндірістік филиалы.

Байланыс мәселесі. Қызылтөбе ауылдық округінің аумағындағы тұрғын үйлер «Қазақтелеком» АҚ-ның сымды телефон және интернет желісімен қамтылған. Сонымен қатар, «Актив», «Билайн», «Теле2» және «Алтел» сынды ұялы телефон мен интернет желілері де тұрақты жұмыс жасайды.

Ауылдық округте «Казпошта» АҚ-ның Маңғыстау облыстық филиалының жалғыз ғана бөлімшесі қызмет көрсетуде.

Жол мәселесі. Ауылдық округ бойынша жалпы автокөлік жолы  95 шақырымды құрайды. Соның ішінде: асфальтобетонды жабындысы бар -  33 шақырым 400 метр, қатқыл табанды грейдер жолы - 11 шақырым 200 метр және ешқандай жабынды төселмеген ауылішілік жол - 50 шақырым 400 метр.

2018 жылы ауылішілік жолдарға 4 жасанды жол кедергісі мен жол белгілері орнатылды. Сонымен қатар, 4 көшенің жолдарына құм төгіліп, 1600 метр жол грейдермен тегістеліп, 400 метр аумаққа асфальтобетонды жол төселді.

Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабының ауылішілік 15 шақырым жолына асфальтобетонды жабынды төсеу жұмыстарын «СМК-Атамекен» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда, 7 шақырым жолға асфальтобетонды жабынды төселді. Бұл 15 шақырым автокөлік жолының құрылысы кезең-кезеңге бөлінген.

Сонымен қатар, Қызылтөбе ауылының 15 шақырым жолына асфальтобетонды жабынды төсеу үшін, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне ұсыныс берілді. Ұсыныс негізінде жобалық сметалық құжаттарды жасақтауға қаржы көзі қарастырылуда.

Ауылдық округте барлығы 6 шақырым 580 метр жаяу жүргінші жолы бар. 2018 жылы жаңадан ашылған №13 мектеп-гимназияға оқушылардың қатынауын оңтайландыру мақсатында, 200 метр жаяу жүргінші жолы салынды. Айта кетер бір жайт, қажеттілікке байланысты бұл жаяу жүргінші жолы абаттандыру жұмыстарына бөлінген қаржыдан орындалды. Жаяу жүргінші жолдарының бойында 156 данакөше отырғыштары мен қоқыс урналары орналастырылған.

Коммуналдық  шаруашылық бойынша. Ауылдық округтің санитарлық тазалық жұмыстарын «Атамекен-тазалық» ЖШС жүргізуде. Тазалық жұмыстарына 16 адам және 5 дана арнайы техника шоғырландырылған. Жыл басынан бері ауылдық округ бойынша 8 сенбілік өткізіліп, 330 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды. 2017 жылы ауылдық округте 11 сенбілік өткізіліп, 400 тонна қоқыс тазаланған болатын. Бұл жердегі қоқыстың көп бөлігі бұрынғы уран карьер аумағынан тазаланды. Сонымен қатар, бұрынғы уран карьерге кіре-беріс жол бойына «карьер аумағын қазуға болмайды», «қоқыс тастамаңыздар» секілді стенд орнатылды.

Айта кетер бір жайт, мемлекеттік сатып алу порталында ауылдық округтің санитарлық жұмыстарына жыл бойы жеңімпаз анықталған жоқ. Бұл мәселемен бірнеше рет сот процесстері өткізіліп, біздің іс-әрекетіміз заңды болып табылғанымен, әлі күнге дейін толық шешімін таппай отыр.

Абаттандыру жұмыстары бойынша 18 аялдаманы сырлау, жаяу жүргіншілер жолдарының бұзылған жерлерін ретке келтіру, жаяу жүргіншілер жолының бойындағы отырғыш және қоқыс салғыш жәшіктерін және Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабындағы орталық жолы бойының бордюрларын сырлау жұмыстары жүргізілді.

Көгалдандыру жұмыстары бойынша Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабының орталық жол бойына 80 дана және Қызылтөбе ауылының Құбыла көшесі бойына 120 дана, барлығы 200 дана ағаш көшеттері отырғызылды. Отырғызылған көшеттерге 5 тонна тыңайтқыш қосылып, аптасына 2 рет суару жұмыстары жүргізіледі. 2017 жылдың есепті кезеңінде ауыл аумағына 750 дана көшет отырғызылған болатын, яғни биыл 550 дана көшет аз отырғызылды. Сонымен қатар, ауылдық округте орналасқан жаяу жүргінші жолдарының бойларын және орталық автожолдар жиегін арам және қураған шөптерден тазарту жұмыстары жүргізілді.

Жолсапарлар /маршрут/ бойынша. «Ақтау-Қызылтөбе-Ақтау», «Ақтау-Қызылтөбе-2-Ақтау» және «Маңғыстау-Дәулет-Қызылтөбе-2» бағыттарына қатынайтын №13А қоғамдық жолсапарлары ұйымдастырылған.

Мемлекет басшысының бес институционалдық реформасы аясын­­дағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шең­бер­ін­де, халық саны 2 мың адамнан асатын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа, яғни 4-ші деңгейлі жергілікті өзін-өзі басқа­рудың дербес бюджеті енгізілді. Ауылдық округтің бюджетін салықтық түсімдер құрайтындықтан, 2018 жылы салықтық міндеттерін өтеу бойынша 964 тұрғынға хабарлама таратылып, төмендегідей салық түсімдері жиналды:

жеке табыс салығы - 4 616 300 теңге;

жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық - 565 100 теңге;

жер салығы - 970 400 теңге;

жеке және заңды тұлғаларға салынатын көлік салығы - 27 965 400 теңге;

коммуналдық мүлікті жалға беруден түсетін салық - 7 900 теңге.

Барлық түсім - 34 125 100 теңге, яғни 2018 жылға жоспарланған салық бойынша түсімдердің орындалысы 143,8 %.

2017 жылғы қорытынды есеп беруде халық тарапынан көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстар:

1. 2016 жылы «Молжігіт» жерасты су көзін қайтадан ашу жұмыстары аяқталып, шыққан су құрамындағы тұздың мөлшері мал ішуге жарамсыз болғандықтан, қазіргі таңда оған жақын «Бала әулие» маңынан «МаңғыстауМұнайГаз» АҚ демеушілігімен іздеу-бұрғылау жұмыстары жүргізіліп жатыр /850 метр тереңдікке дейін бұрғыланды/. Бұл жұмыстармен аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі айналысып отыр.

2. Қызылтөбе ауылының төменгі аумағындағы газ құбырының күші әлсіз болғандықтан, қайта құрылымдау мақсатында 2014 жылы жобалық-сметалық құжаттама жасақталып, «Дарас» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда, құрылыс кезінде анықталған бірнеше кемшіліктерге байланысты, құрылысты қабылдау кейінге қалдырылды. Қазіргі таңда, ескі Қызылтөбе ауылының жер асты газ құбырларын жер үстіне шығару мәселесі бойынша «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның Маңғыстау өндірістік филиалы жұмыс жүргізуде. 2019 жылдың көктем мезгілінде құрылыс жұмыстары басталады деп жоспарланып отыр.

3.  Қызылтөбе ауылдық округінде 2 полиция тірек пункті қалыпты жұмыс жасайды. Онда: 1 учаскелік полиция инспекторы, 5 полиция инспекторының көмекшісі бар. Әрине 28 мыңнан астам халқы бар ауылдық округке 6 қызметкердің аздық ететіні түсінікті, алайда, қылмыстық ахуалдың ауданның басқа ауылдарымен салыстырғанда төмен көрсеткішке ие болуынан артық штаттық бөлініс берілмей отыр. Ауылдық округ аумағындағы ұрлық және басқа да қылмыстарды бақылауға алу үшін учаскелік инспекторларға тапсырмалар берілді.

4. Қатты қоқыс қалдықтарын салатын контейнерлер мәселесі бойынша, ауылдық округ әкімдігі мен тазалық жұмыстарына жауапты мердігер мекеме арасында жүргізілген келіссөздер нәтижесінде, 2017 жылдың қыркүйек айынан бастап контейнерсіз қоқыс жинау эксперименті жүргізілді. Қоқыс жинайтын кесте бекітіліп, контейнерсіз қоқыс жинау тазалық мәселесінде біраз оң көрсеткіш берді. Тазалыққа жауапты мекеме сол кесте бойынша қоқыстарды алып, көше аумағының қоқыс үйіндісіне айналмауын қамтамасыз етеді. Қорыта айтқанда, ауылымыздың тазалық мәселесі бақылауға алынып, күнделікті жұмыс жоспарына қойылды.

Қызылтөбе ауылының Құбыла көшесінен Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабына дейінгі аралық жол бойына жаяу жүргіншілер жолын салу үшін сметалық құжаттама жасақталып, бюджеттен қаражат көзін бөлу үшін аудандық құзырлы мекемеге табысталды. Бюджеттен қаражат берілсе Қызылтөбе ауылы мен Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабының аумағына жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады.

Тұрғындарды жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша аппарат мамандары аудандық жұмыспен қамту бөлімімен біріге отырып, тұрақты түрде айналысып отыр. 2018 жылы Қызылтөбе ауылдық округі бойынша 439 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл жұмыстар алдағы уақытта-да жалғасын табатын болады.

Алдымызға қойған жоспарларымыз:

1) Елді мекендерді құбыр арқылы ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастыру /құрылыстың жалпы сомасы 2 млрд. 202 млн. теңге/;

2) Ауылішілік көшелерді асфальттауды жалғастыру;

3) Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабынан мектеп құрылысын бастау мәселесін шешу /1200 орындық мектептің ЖСҚ жасақталып, сараптамаға жіберілді/;

4) Қызылтөбе ауылынан мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бағытында балабақша салу мәселесін шешу;

5) Елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру;

6) Мәртебесі жоқ азаматтарды анықтап, жұмыссыздардың санын азайту;

7) Қызылтөбе ауылынан көп функционалды саябақ орналастыру мәселесін шешу /жер учаскесі белгіленді, құжаттары рәсімделуде/;

8) Қызылтөбе ауылы жастарының бастамашыл тобымен бірлесе отырып стрит воркаут алаңын орналастыру /бұл мақсатта жалпы ауданы 400 ш.м. жер учаскесі рәсімделуде/.



Атамекен ауылдық округі әкімі Ескендір Ибрагимовтың 2018 жылы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы ЕСЕБІ

Ауылдық округтің демографиялық жағдайы

2018 жылдың 1 қаңтардағы статистикалықмәліметбойыншаокруг аумағында тіркелген халық саны 40772, өткен жылғы 1 қаңтардағы статистикалықмәліметке сәйкес ауылдық округ халқының саны 1145 адамға өскен. Қазіргі таңда, экономикалық белсенді халық саны20749 адамды құрап отыр. Ауылдық округі бойынша2018 жылжағдайына 242 шағын кәсіпкерлержәне 101 ЖШС тіркелген, оның ішінде 27 ЖШС Атамекен ауылдық округі аумағында жұмыс жасайды.

2018 жылы жеке тұлғалардан 173, заңды тұлғалардан 9 арыз тіркелді.

Сонымен қатар, аптасына 2 рет ауыл әкімі және ауыл әкімінің орынбасары 710 ауыл тұрғынын жеке сұрақтарымен қабылдау жүргізді.

2018 жылы жеке тұрғын үй құрылысын салу жер телімін сұрап 1өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда,524 өтініш жер кезегінде  тіркеуде тұр.

Салық және бюджет

Атамекен а.о. бойынша кірістер бөлігінің 2018 жылдың жылдық жоспары 429 750,4 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 28 643,4 мың теңге, салықтық емес түсімдер – 3 864,0 мың теңге, ағымдағы трансферттер – 32 658,0 мың теңге және субвенция – 364 585,0 мың теңгені құрайды.

2019 жылдың 1 қаңтар жағдайына салықтық-салықтық емес түсімдер жоспары 32 507,4 мың теңге, оның кассалық орындалысы  44 485,3 мың теңге, немесе  137 пайызға артық орындалды. Оның ішінде:

1.  Салықтық түсімдербойынша  (ЖЖ-28 643,4 мың теңге)  2019 жылдың 1 қаңтар жағдайына  жоспары 28 643,4 мың теңге, оның кассалық орындалысы 40 714,1 мың теңге немесе 142 пайызға артық орындалды.

Немесе әр-бір түсім көздері бойынша:

Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығын төлеушілер саны барлығы 837, оның ішінде 736 жеке кәсіпкерлер және 101 заңды тұлғалар. 2019 жылдың 1 қаңтар жағдайына жоспарланған 9 513,4 мың теңгенің орындалысы 11 685,4 мың теңге, немесе 122 пайызға артық орындалды;

Жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер саны – 5 034,  2019 жылдың 1 қаңтар жағдайына жоспары 500,0 мың теңгенің орындалысы 642,7 мың теңге немесе 128 пайызға артық орындалды;

Жеке тұлғалардың жер салығын төлеушілер саны – 4097 (жеке тұрғын үй құрылысына берілген телімдер), 2019 жылдың 1 қаңтар жағдайына жоспары 230,0 мың теңгенің орындалысы 270,7 мың теңге немесе 117 пайызға артық орындалды;

Заңды тұлғалардың көлік құралдары салығын төлеушілер саны – 98,  2019 жылдың 1 қаңтар жағдайына жоспары 1 300,0 мың теңгенің орындалысы 1 303,0 мың теңге немесе 100 пайыз орындалды;

Жеке тұлғалардың көлік құралдары салығын төлеушілер саны – 4 340,  2019 жылдың 1 қаңтар жағдайына жоспары 17 100,0 мың теңгенің орындалысы 26 812,3 мың теңге немесе 157 пайызға артық орындалды;

2.  Салықтық емес түсімдербойынша (ЖЖ- 3 864,0 мың теңге)   2019 жылдың 1 қаңтар жағдайына жоспары  3 864,0 мың теңге, кассалық орындалысы 3 771,1 мың теңге немесе 98 пайыз.

Немесе әр-бір түсім көздері бойынша:

Коммуналдық меншіктегі мүлікті жалға беруден түскен табыс есепті кезеңге жоспарланған 180,0 мың теңгенің орындалысы 87,3 мың теңге (48 пайызға орындалды);

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол шотына қалдық қаражаттың түсуі 2019 жылдың 1 қаңтар жағдайына жоспарланған 3 684,0 мың теңгенің орындалысы 3 683,9 мың теңге немесе 100 пайызға орындалды.

Ағымдағы трансферттер бойынша (ЖЖ-32 658,0 мың теңге)  2019 жылдың 1 қаңтар жағдайына жоспары 32 658,0  мың теңге, кассалық орындалысы 32 658,0 мың теңге немесе 100 пайыз.

Субвенция бойынша (ЖЖ-364 585,0 мың теңге) 2019 жылдың 1 қаңтар жағдайына жоспары 364 585,0  мың теңге, кассалық орындалысы 327 855,0 мың теңге немесе 90 пайыз.

Шығыстар бөлігі бойынша (ЖЖ-429 750,4 мың теңге), 2019 жылдың   1 қаңтар жағдайына жоспары 429 750,4 мың теңге, оның кассалық орындалысы 404 379,4 мың теңге немесе 94 пайыз.

БІЛІМ САЛАСЫ БОЙЫНША

Егемен елімізде жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына баса  мән беріліп, жыл сайын Елбасының халыққа жолдауында да жастардың заман талабына сай білім алуы үшін үлкен мүмкіндіктер жасалынатыны жөнінде айтылып, тиісті орындарға тапсырмалар жүктелуде. Қазіргі таңда, ауылдық округі бойынша мектеп жасындағы балалар саны 5146, олардың 2312 оқушысы 3 ауысым тәртібімен және «0» сыныпта 184 бала, 640 орындық №7 орта мектепте, 2834 оқушы және «0» 204 бала 1200 орындық №12 орта мектепте екі ауысымда білім алуда.

2017 – 2018 оқу жылында № 7 жалпы білім беру орта мектебінде:

9 сыныпты - 168 оқушы бітіріп атестатын алған

10 сыныпты бітірген оқушы- 52

11 сыныпты 76 оқушы бітіріп атестаттарын алған.

ҰБТ тапсырған 76 оқушы, соның ішінде 59 өтіп 17 оқушы өтпеген.

3 бала алтын медаль, 2 үздік пен тапсырған.

№ 12 жалпы білім беру орта мектебінде

9 сыныпты бітірген оқушы 192 атестатын алған

10 сыныпты бітірген оқушы 67

11 сыныпты 75 бала бітіріп шықты, 2 бала ерекше (қызыл) атестат алды.

ҰБТ тапсырған 57 оқушы, соның ішінде 53 өтіп, 4 өтпеген.

Жазғы демалыста № 12 орта мектеп жаныннан ашылған лагерьде 150 бала қамтылды.

 Ақтау қаласының №23 орта мектебіне орысша сыныптарға 91 оқушы тегін тасымалданып оқытылуда. Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымы бойынша «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ашылған 6 жекеменшік балабақшалар есебінен 551 бала және 280 орындық мемлекеттік  балабақшасында 280 бүлдіршін тәрбиеленуде. Қазіргі таңда, мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымына 788 бала кезекте тұр. Алдамыздағы жылы ауылдық округте 3 жеке меншік балабақша ашылады деп жоспарлануда.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

Атамекен ауылдық округінде Бастапқы медициналық санитарлық қызмет көрсету орталығы(БМСККО), Атамекен-1 дәрігерлік амбулаториясы және Ясин медициналық орталығы орналасқан. Бастапқы медициналық санитарлық қызмет көрсету орталығында63 қызметкер, Атамекен-1 амбулаториясында 54 қызметкер жұмыс жасайды.Сонымен қатар, тұрғындарға сапалы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жылжымалы медициналық көмек көрсету авто көлігі келіп тұрады. Аталған автокөлікте стоматолог, лор, хирург, кардиолог, невропатолог  мамандары тегін қызмет көрсетеді. Ауылдық округі бойынша 2017 жылы747 сәби дүниеге келген. 2018 жылда 665сәби дүниеге келіп, ана өлімі тіркелмеген. 

  Ағымдағы жылы «Атамекен-1» амбулаториясында  балаларды ерте жастағы даму және жүкті әйелдердің күтімін жоспарлап жүргізу халқаралық стандартына сай  ресурстық орталық кабинеті ашылды.

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА БОЙЫНША

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсету бойынша 182 өтініш қаралып қанағаттандырылды, біржолғы материалдық көмек сұраған 99 азаматтың арызы қанағаттандырылып,оның ішінде өкпе ауруына және онкологиялық ауруларға шалдыққан азаматтарға қаржылай көмек берілді. Сонымен қатар, мереке күндері (8 наурыз халықаралық әйелдер күніне, 14 наурыз, 22 наурыз, 1 мамыржәне Жаңа жыл т.б.) мерекелер қарсаңында демеушілердің көмегімен:

460отбасына азық түлікпен көмек;

8 отбасына қолма-қол қаржылай көмек;

9 мамыр Жеңіс күніне орай тыл ардагерлеріне және ауылдың құрметті ақсақалдарына құрмет көрсетіліп,  сыйлықтар берілді.

40 балаға халықаралық балаларды құқық қорғау күніне сыйлықтар;

Жаңа жыл мерекесіне 215 балаға мерекелік сыйлықтар;

1 қыркүйек «Мектепке жол» акциясы аясында ауылдың белсенді жеке кәсіпкерлерінің қолдауымен 475 балаға оқу құралдары мен жабдықталған сумкелер және 215 бала мектеп формалары  берілді.

Мемлекеттік награда марапатын алған аналар саны- 11(4 алтын, 7күміс алқа).

Ауылдық округ аумағында дәстүрлі емес дін ұстанушы тұлғаларды анықтау бойынша аппараттың жауапты маманы, аудандық теолог мамандарымен бірге жұмыстар жүргізуде және тұрақты бақылауда.

Ағымдағы жылы №7 және №12 орта мектептері ғимаратында мектеп оқушыларының міндетті мектеп формасын сақтау, соның ішінде діни атрибуттарға еліктеу және түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында 9-11 сынып оқушылары арасында жиын өткізілді. Жиынға ауыл әкімі, ауданның теолог маманы, ауыл ақсақалдары, Ар-Рахман мешітінің наиб имамы, аудандық прокуратура, аудандық ішкі саясат және тілдері дамыту бөлімінің өкілдері қатысты. Жиынның басты мақсаты мектеп оқушылары арасынан дәстүрлі емес теріс діни ағымдардан аулақ болуының алдын алу, қажет болған жағдайда мешіт өкілдері мен теолог маманның көмегіне жүгіну болып табылады. Жиында оқушыларымыздың көпшілігіне асыл дініміз Ислам Әбу Ханифа мәсхабы туралы мәліметтер беріліп, ата-аналар тарапынан үнемі бақылауға алу туралы түсіндірілді.

№7 және №12 орта мектептер  оқушыларының арасында діни атрибутикада немесе хиджаб киіну фактілері тіркелген жоқ және мектеп әкімшілігі тарапынан қатаң бақылануда. 2017-2018 жаңа оқу жылдарында №7 және №12 орта мектептерінде «Дін тану» бойынша факультативтік сабақтарында ата-баба ұстанған дәстүрлі дініміз тақырыбында сабақтар өткізіліп келеді.

МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫН ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕСІ БОЙЫНША

 «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  «2017- 2020» жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бірінші бағыты аясындажыл ішінде қысқа мерзімді курстарға жұмыспен қамту орталығының жолдамасымен 35 адам жолданып, оның ішінде тұрақты жұмысқа 6 адам орналасты. «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты аясында «Бизнес-Бастау»  кәсіпкерлік курсына  26 адам оқуға жіберілді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 4 адам 14,0 мың теңгеге несие алды. (1 адам баспахана, 1 адам техникалық жабдықтарды алуға, 1 адам мал шаруашылығын, 1 адам токарь цехын ашуға). «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыту аясында тұрақты жұмысқа 700 адам, қоғамдық жұмыстарға 16 адам, жастар практикасына 26 адам, әлеуметтік жұмыстарға 23 адам жолданды.

Мұнайлы  аудандық жұмыспен қамту орталығынан, Атамекен ауылдық округінде тұратын азаматтардың статусын анықтау мақсатында жыл басынан бері  4300 тұрғынның тізімі келіп, оның ішінде аулаларды аралау арқылы -1694 тұрғынның мәртебесі анықталды.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында анықталған тізімнен -2005 азаматтардың статусын қайта анықтауға жолданып, оның ішінде: (өзін-өзі қамтығандар саны-1120, мәртебесі белгісіз азаматтар  саны-100, жалдамалы жұмысшылар (міндетті зейнетақы жарнасыз ОПВ) -680, жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендер саны-120,студенттер саны  - 2, зейнеткерлер саны -13) анықталмаған 100 тұрғынның статусын қазіргі таңда анықтау бағытында жұмыстар жүргізуліде, күнделікті бақылауда. Анықталған тұрғындар бойынша мәліметтер Мұнайлы  аудандық жұмыспен қамту орталығына кері жолдануда. Ауылдық округі бойынша - 6620 зейнеткер,  667 мүгедек тіркелген.

КӘСІПКЕРЛІК, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША

  Мұнайлы ауданы әкімінің өкіміне байланысты кәсіпкерлік нысандарды түгендеу мақсатында жұмыстық топ құрылып, тексеру барысында 242 шағын кәсіпкерлердің  нысаны араланып, оның ішінде 6 объект тіркелмегендігі белгілі болды. Аралау барысында жеке кәсіпкерлерге архитектуралық нормаларын сақтау, кассалық аппарат қондыру және көгаландыру, абаттандыру, әктеу-әрлеу туралы түсінік жұмыстары жүргізілді. Ауылдық округтегі 242 шағын кәсіпкерлердің бөлінісі (стоматология-2, мақта түту цехы-1, пластикалық терезе өндірушілер-3, тігін шеберханасы-7, компьютер, бильярд клубтары-2, телефон жөндеу орталықтары-5, ломбард-3, авиа-теміржол кассалары-2, нотариус-2,шаштараз-18, сұлулық салоны-6,монша,сауна-3, сауда үйлері- 2, базар-1, шұбатхана,қымызхана-2, тез тамақтану орындары-5, наубайхана-1, азық-түлік дүкендер-67, шағын маркеттер-6, ет, балық дүкені-5, құрылыс дүкені-1, кеңсе тауарлары-3, әртүрлі дүкендер(киім кешек)-9, автобөлшек дүкендері-6, мейрамхана-4, кафе, шайхана-11, автогаз құю бекеттері – 6, жанармай бекеті-1, көлік жуу – 4, дөңгелек жөндеу – 3, ТҚКО - 14, фотосалон – 1, жиһаз салоны – 1, өндірістік базалар – 10, дәріхана – 11)

Маңғыстау облысының әкімімен бекітілген «Жергілікті бюджет түсімдерін ұлғайту және қосымша кіріс көздерін анықтау» туралы 2018 жылға арналған іс-шара жоспарын орындау және жергілікті бюджеттік түсім көздеріне талдау жүргізу мақсатында, ауыл аумағында тіркелген берешек қарыздары бар мекемелермен, кәсіпкерлерге қарыздарын уақытылы төлеу бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы, аудандық жер қатынастары бөлімі, аудандық сәулет және құрылыс бөлімі, аудандық экономика және кәсіпкерлік бөлімдерініңөкілдерімен бірге түсіндіру жөнінде жиналыс ұйымдастырылды.

 Мұнайлы ауданының әкімімен бекітілген, 2018 жылға «Мұнайлы ауданы бюджетінің түсім көздерін ұлғайту және қосымша кіріс көздерін анықтау бойынша  іс-шара жоспарының» 5.2 тармағын орындау бағытында, тұрақты түрде рұқсат құжаттары жоқ сыртқы (көрнекі) жарнама нысандарын орналастырушыларды анықтау мақсатында Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі мамандарымен бірлесіп рейдтік тексеру жұмыстары жүргізілді.

Ауылдық  округте 4 шаруа (фермерлік) қожалығы орналасқан,(ЖК Аділет, Ауелбаев Камбар Мыратович, ЖК Кирманов, Кирманов Акылбек Парахатович, мал шарушылығымен айналысуда). (ЖК Редько, Редько Станислав Николаевич шошқа шаруашылығымен айналысуда). (ЖК Нұржау  Тасмуратов Руслан Матаевич жылы жайымен айналысады).Ауыл тұрғындары  малдарын  жеке үй шаруашылықтарында ұстайды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 58 жеке үй шаруашылықтары тіркелген. Жеке қожалықтағы мал шаруашылығының есебі ауылдық округ әкімі аппаратында шаруашылық кітаптарына тіркеліп, әр тоқсан сайын жеке малдардың есебі жүргізіледі.  Есеп бойынша мал басы сиыр – 157, қой – ешкі 618, түйе – 40, жылқы – 169, шошқа – 50 басты  құрап отыр. Ауылдық округ бойынша  жыл бастап «Ветсервис» МҚК қызметкерлерімен  1322 бұралқы ит ауланды. Бұралқы иттерді аулау жұмыстары  кестеге сәйкес жүргізілуде.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫ БОЙЫНША

Ауылымызда аудан әкімінің қолдауымен ашылған Атамекен аула клубы жұмыс жасайды. Атамекен аула клубында (домбыра, тоғыз құмалақ, ән, сурет салу, би ) үйірмелерінде  333  оқушы тәрбиеленуде. Аталған аула клубтың тәрбиеленушісі Джунебаев Парахат ағымдағы жылдың 14-18 желтоқсанында Түркия мемлекетінің Мангала қаласында тоғызқұмалақтан халықаралық турнирде алтын алқа иеленді. Сонымен қатар, орта мектептердің спорт залында қосымша волейбол, баскетбол, футбол т.б. спорт үйірмелеріне 158 бала тартылған. Және де ауылдық округтегі «Иса» жекеменшік спорт кешеніне қазақша күрес,грек рим күресіне және т.б. спорт түрлеріне 100 жасөспірім қатысады. Аталған спорт кешенінде жаттығып жүрген жастардың жетістігіне тоқталар болсақ, ағымдағы жылы аралас жекпе-жек сайысынан Әлем чемпионатының қола жүлдегері А. Дунямалиев (Россия, Тула), шілде айында Астана қаласының 20 жылдығына арналған панкратионнан Ақтөбе қаласында республикалық ашық турнирінің, тамыз айында Маңғыстау облысы бойынша панкратион және греблинк спорт турнирінен іріктеу сайысының, қыркүйек айында Қызылорда қаласында өткен жасөспірімдер, жастар, кадеттер және ересектер арасында панкратион және греблинктен ҚР кубогының жүлдегерлері.  Және де ҚР-ның Тәуелсіздік күніне орай толық жекпе-жек сайысынан балалар мен жасөспірімдер арасында Республикалық ашық турнирде «Мұнайлы ММА» командасының шәкірттері Атамекен ауылдық округінің жастары жүлделі орындарға ие болды.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Атамекен ауылдық округі бойынша 6 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Оның ішінде:

1. қызмет «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту» жөнінде ХҚКО арқылы 169 арыз қабылданып, қанағаттандырылған арыздар саны –144 , бас тартылған арыздар саны 25.

2. қызмет «Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру» жөнінде ХҚКО арқылы 157 арыз қабылданып, қанағаттандырылған саны – 87, бас тартылған -70

3. қызмет «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалды ұсыну» туралы мемлекеттік қызметтер бойынша жыл ішінде азаматтардан арыз түспеген.

4. қызмет «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін  мемлекет меншігіндегі жер  учаскелеріне құқықтарды беру».

5. қызмет «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігін туралы анықтама беру».

6. қызмет «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілігін растайтын анықтама беру» туралы мемлекеттік қызметтер бойынша жыл ішінде азаматтардан арызтіркелмеген.

Ауыл тұрғындарының қолайлығы үшін Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты ғимаратында өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс жасайды. Ай сайын ауылдық округте көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша түсінік жұмыстары жүргізіледі және 2018 жылы 5 шара өткізілді.

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ БОЙЫНША

Елді мекенге санитарлық қызмет көрсету қызметі бойынша 2018 жылға 14784000,00 теңгеге конкурс тәсілімен «AIS BOTTLERS» ЖШС -мен келісімшарт жасақталып, жыл басынан осы уақытқа дейінгі аралықта округ бойынша6500 м3 тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.Тұрмыстық қатты қалдықтарды тұрғындардан жинау тарифі 150 теңге.Тазалық жұмыстарында барлығы 25 адам жұмыс жасайды. Ауыл тазалығы бірқалыпты, күнделікті бақылауда.

Елді мекеннің  көгалдандыру және аббатандыру қызметтері бойынша конкурс жүргізіліп,  «Ақтау қалалық соқырлар қоғамы» оқу орталығы жеңімпаз мекеме деп танылды. Конкурс нәтижесінде көгалдандыру және аббатандыру бойынша 10299362.00 теңгеге келісім-шарт жасақталды. Көгалдандыру қызметімен ауылдық округі бойынша 70 дана роза гүлі, 10 туя ағашы және 500 түп қара тал егілдіжәне 14,2 км ауыл ішілік қатқыл табанды жолдарға құм төгіліп, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Көгаландыру қызметінде 7 адам жұмыс қамтылды.

 Атамекен ауылдық округінің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында «Маңғыстау Жылу» МКК-ның 2000м3 ауыз су резервуары орналасқан. Мемлекет тарапынан берілген жеңілдікке сәйкес, әр адамға су тұтыну нормасы тәулігіне 120 литр 30 теңгені құрайды, ал нормадан артық пайдаланылған ауыз судың 1м3 тұрғындар үшін 280,29 теңгені құраса,  кәсіпкерлер үшін  550,29 теңгені құрайды.

Соныменқатар  «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілген орталық су құбырына ауылдық округтің үйлерінің 100%  ауыз сумен қамтылып белгіленген кесте бойынша берілуде.

    Атамекен ауылдық округін электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету жұмыстарымен «Маңғыстау энерго» МКК-нің 1 учаскелік пункті орналасқан, аталған учаскелік пунктте 18 адам жұмыс жасайды. Бекітілген тариф жоспарына сәйкес, 1 киловат электр тоғы үшін ауылдық округ тұрғындары 16 теңге 26 тиын көлемінде.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ, Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылдық округінде  учаскелік пункті орналаспаған. Бекітілген тариф жоспарына сәйкес, 1 м3 үшін ауылдық округ тұрғындары 11 теңге көлемінде қаржы төлейді.

  Ақтау қаласына қатынайтын тұрғындарға №104 Ақтау-Атамекен бағыты бойынша  маршруты қызмет көрсетеді, қызмет көрсету құны 110 теңге. Ақтау-Қызылтөбе және Қызылтөбе2 бағытында маршруттар ұйымдастырылған.

  Ағымдағы жылдың 06 наурызында Мұнайлы ауданының аумағында «Төтенше жағдайлардың салдарын жою бойынша және азаматтық қорғаныс іс-шаралары»тақырыбында ауданның шұғыл әрекет ету отряды, Ақтау қаласының №6656 әскери бөлімі, Ақтау қаласының №1,2 маманндырылған өрт сөндіру бөлімшелері және Мұнайлы ауданының №5 өрт сөндіру бөлімшесінің қатысуымен Атамекен ауылдық округінің «Қаламқас» тұрғын массивінің көше бойларын нөсер жауын салдарынан жиналған суларды сорып тазалау, елді-мекен шетіне шығару, Атамекен ауылдық округіндегі № 7 орта мектепте орын алған жағдайларды жою бойыншакомандалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді.

ҚЫЛМЫС ПЕН ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР БОЙЫНША

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ауылдық округ аумағында 2 учаскелік тірек пунктінде 2 учаскелік инспекторлары, 6 инспектордың көмекшілері және 2 ювенальдық полиция инспекторы қызмет етеді. Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында бейсенбі-жексенбі күндер аралығында және мереке күндері Ұлттық Ұлан сарбаздарының жаяу жасағы ауыл ішін аралау жұмыстарын түнгі сағат 23.00 дейін жүргізеді. Атамекен ауылдық округі бойынша ағымдағы жылдың ішінде барлығы 95 қылмыс тіркеліп, оның 83 %  қылмыс ашылған. Оның ішінде: пәтер ұрлығы79(47 толықтай ашылған ), тонау бойынша 5 қылмыстары тіркелген.

2019 жылға қойылған міндеттер мен жоспарлар және оны одан әрі дамытудың негізгі бағыттары:

Алда тұрған міндеттері:

1.  Ауылдық округте 200 орындық кітапханамен бірге мәдениет үйінің ЖСҚ-сы жасақталып мемлекеттік сараптамадан оң қортындысы алынды. Құрылыс жұмыстары басталды. Сапалы және уақытылы аяқталуын қадағалау.Жоба құны: 412 млн. теңге.

2.  640 орындық №7 орта мектепке қосымша 320 орындық құрылыс жұмыстарының жобалық сметалық құжаттары жасақталып мемлекеттік сараптамадан оң қортындысы алынды, құрылыс жұмыстарын бастау.

Жоба құны: 206 млн. 14 мың теңге.

3.  Атамекен ауылдық округі бойынша жер асты дренаж құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптамадан оң қортындысы алынды, қаржы көзін қарастыруға ұсыныс беру.

Жоба құны: 1 млрд. 13 млн. 913 мың теңге.

4.  Ауылішілік 3 шақырым асфальт жол құрылысын салу үшін ЖСҚ жасақталуда. Мердігер мекеме «АТК-Жаңа өзен» ЖШС. Мемлекеттік сараптамадан қорытындысын алып, құрылыс жұмыстарын бастау.

Жоба құны: 3 млн. 900 мың тенге.

5.  Ауылішілік орталық 3,3 шақырым асфальт жолына қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ жасақталуда. Мердігер мекеме «KGS» Porging Consulting ЖШС. Алдағы уақытта мемлекеттік сараптамадан қорытындысын алып, құрылыс жұмыстарын бастау.

6.  Атамекен және Басқұдық ауылдық округтерінде жобаға енбей қалған тұрғын үйлерге газбен жабдықтау бойынша ЖСҚ – сы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан 16.02.2018 ж. оң қорытындысы алынды. Қазіргі таңда аталған жоба «ҚазТрансГазАймақ» АҚ инвестициялық жобасына еніп құрылыс жұмыстары Басқұдық ауылдық округінде басталды. Алдағы жылы Атамекен ауылдық округіндегі 108 тұрғын үйлерді газбен жабдықтау жұмыстарын бастау жоспарлануда.



Батыр ауылдық округінің әкімі Қалнияз Оңдабаевтың 2018 жылда атқарылған жұмыстар және алдағы уақытқа жоспарланған перспективалық міндеттері туралы есебі

  Батыр ауылдық округі Маңғыстау облыстық мәслихатының №35\404 шешіміне және Маңғыстау облысы әкімінің №2189 қаулысына сәйкес 26.06.2011 жылы құрылды. Аумағы 11715 гектарды құрайды.

Ауылдық округ Емір, Шерқала, Самал, Болашақ, Хазар, Астана, Алматы, Тамшалы атты 8 шағын ауданнан, 2 баубақша («Южное», «Геолог»)  серіктестігінен тұрады және  оларда қазіргі таңда 2502 тұрғын үй тіркеліп, ауылдық округтің елді мекендерінде халықтың саны  12,5 мыңнан астам тұрғынға жетіп отыр. Өткен жылмен салыстырғанда табиғи өсім, жаңа туылған 458 бала және жаңадан қоныстанушылар есебінен 3000 адамға көбейіп отыр.

  Жеке және заңды тұлғалардың өтінштерін қарау тәртібі бойынша 2018 жылдың бойында ауылдық округ әкімінің аппаратына 4 заңды және 418 жеке тұлғалардан барлығы 422 арыз келіп түсті. Арызданушылардың басым көпшілігі тұрғын үй құрылысы және жеке кәсіпкерлік ашу үшін жер телімдері, тұрғын үй мәселесі, жұмыс орны және әлеуметтік мәселелермен  жүзденген. Ауыл әкімінің  тұрғындарды және азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау күні бекітілген кестеге сәйкес аптасына 2 рет (Сәрсенбі, жұма  күндері сағ: 15:00-18:00 аралығы) жүргізіліп, онда 440 азамат жеке қабылдауда болды. Барлық арызданушылардың арыздары заңға сәйкес қаралып, мерзімінде жауап берілді.

Мемлекеттіккөрсетілетін қызметер саны – 6, мемлекеттік көрсетілген қызметтердің жалпы саны жеке тұлғаға -2777, заңды тұлғаға 33 қызмет. Жеке тұлғаларға электронды түрде көрсетілген қызметтердің саны – 20.

Оның ішінде: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы –Жеке тұлғаға-2757,  заңды тұлғаға- 33.

Өзіне-өзі қызмет көрсету секторы бойынша 20 тұрғынға қызмет көрсетілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметің сапасын көтеру үшін халыққа түсіндіріп жеткізу бойынша 8 шара өткізіліп 279 адам қамтылды.

Әкім аппараты ғимаратында мүмкіндігі шектеулі жандарға, сапалы қызмет көрсету мақсатында, қызметкерді шақырту батырмасы орнатылған, оның іске қосылуын үнемі бақылау мақсатында әкім аппараттының қызметкері Бағдат Бегімбетов бекітілген.

Сондай-ақ, Қызмет алушыларды ақпараттандыру мақсатында, қызметтерді электрондық түрде алу тәсілдері туралы бейнероликтер, мекеменің ғимаратында орнатылған.

Барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету кезінде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп отырады.

Ауылдың экономикалық дамуы және бюджет

Мемлекет басшысы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытында отандық және шетелдік компанияларды тарту арқылы инвестициялық жобалар іске асыруды мақсат етіп, атқарушы органдар алдына үлкен міндет қойып келеді.

Бұл мақсатта 2018 жылдың мамыр айында Батыр ауылдық округінен құны 1,2 млрд теңге құрайтын күн сәулесінен 2 Мвт электр қуатын алатын станциясы жұмысын бастады. Орналасқан жерінің жалпы аумағы 27,2775 гектарды құрайды. Панель саны 8580. Жұмыспен қамтылған адам саны 10.

«Экзотикалық құс әлемі» фермасында (үйрек, қаз, түйеқұс, бөдене, күрке тауық, қырғауыл және павлин) 5000-ға жуық құстар өсіріледі.

Жалпы алаңы 800 шаршы метрді құрайтын 3 жылыжай салынып, қызанақ және құлпынай өнімдерін өндіруде. Бөдене құстарының күніне 850 жұмыртқалары өндіріліп, Ақтау қаласының сауда орталықтарына тапсырылып отыр. Тұрақты жұмыспен 15 адам қамтылған.  Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін кеңінен насихаттау бағытында, этноауыл тұрғызып оңірімізге келген туристер, қонақтардың қызығушылық танытып жиі келетін орнына айналуда.

  «Каспий агро компани» ЖШС 4-га, тұратын өндірістік жылы жайда 600тонна қияр өнімін алды. Жұмыспен қамтылғандар 40 адам.

«Greenhause E.C.O» ЖШС 2 гектар көлемінде егін егіп, 150 тонна қияр өнімін алып, қол жетімді бағамен халыққа жеткізуде. Жұмыспен қамтылғандар саны-60.

«Достық» шаруа қожалығы Монолова Ханзада 1 га, құрайтын жай 22 жылы жайдан40 танна қияр, помидор өндіріп отыр.

Округте бюджеттің орындалысы

Жеке кәсіпкерліктен алынатын табыс салығы 665 мың теңгеге жоспарланған, орындалғаны 696 мың теңге, яғни 104,6%  мүлік салығы 373 мың теңге жоспар, орындалғаны 418,8 мың теңге, яғни 112,3% жерден алынатын салықтың жоспары 219 мың теңге, орындалысы 329,2 мың теңге, яғни 150,3%   транспорттан алынатын салық жоспар бойынша 2658 мың теңге болса, 4067,1 мың теңгеге яғни 153%  орындалып отыр. Салықтық емес түсімдердің жоспарланғаны 139 мың теңге болса, 139,2 мың теңгеге яғни 100,2%   орындалып отыр. Түсімдер бойынша жалпы жоспар 4054 мың теңге болатын, ол 5650,3 мың теңгеге яғни 139,4% орындалып отыр.

Мәліметтерден көрініс алғандай, округіміздің бюджетін қалыптастыруда атқарып жатқан жұмыстарымызды одан әрі жетілдіру бағытында бізде үлкен мүмкіндіктер бар. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалану арқылы  округімізде келесі мәселелерді жүзеге асыру қажет деп есептеймін:

-  Жеке кәсіпкерлікке берілген жер телімдерінің пайдаланылуына талдау жасау;

-  Жеке кәсіпкерлікпен айналысып жүрген кәсіп иелеріне мемлекеттік бағдарламалар арқылы берілген жеңілдікпен қолдауларды (жеңілдетілген несиелер алу, ауыл шаруашлығының құрал жабдықтарын сатып алу, шаруашылық жүргізу үшін су көздерін ашу, т.с.с.) түсіндіру жұмыстарын күшейту, нәтижесінде ауыл тұрғындарының өзін-өзі жұмыспен қамту, отбасылық әлеуметтік жағдайларын жақсартуына қол жеткізуі;

-  Интенсивті технологияларды орналастыру арқылы егін шаруашылығының өнімділігін, табыстылығын арттыру.

-  Асыл тұқымды малдардың, құстардың бас санын арттыру арқылы мал шаруашлығынан алынатын өнімдердің сапасымен көлемін көбейту.

-  Ауыл тұрғындарының экономикалық белсенді топтарын жұмыспен қамтудың жеке сектордағы үлес салмағын жоғары көтеру.

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы саласы

Округіміз бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мақсатында  87  кәсіпкерге жер телімдері бөлінген.Жалпы 65 кәсіпкерлік субьектілер жұмыс жасап тұр. Олардың қатарында 9 газ құю бекеті, 13 азық-түлік дүкені, 2-құрылыс дүкені, 2 дәріхана,1 шаштараз, 1 дәмхана, 25 мал шаруашылығыжәне 12 егін шаруашылықтары тіркелген. Шаруашылықтарда үй шаруашылықтарын қоса алғанда барлығы 2633 бас мал тіркелген соның ішінде түйе 254 бас, сиыр 235 бас, жылқы 352 бас, қой, ешкілер 1752 бас, 40 асыл тұқымды  зааненский ешкісі құрайды. Сонымен қатар 5000 жуық құстар тіркелген.

«Нәтижелі  жұмыспен  қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған»  бағдарламасы аясында «Атамекен» «Микроқаржы ұйымы» ЖШС арқылы 1 кәсіпкерге қара мал өсіріп, сүт өнімдерін өндіруге (Мұқатаров А.Г) 4 млн теңгеге несие берілді. «Ауылшаруашылықты қаржылай  қолдау қоры» арқылы ауылдық округ тұрғыны Ж.Жанаев түйе өсіру арқылы  сүт өнімдерін өндіруге 3 млн теңге несие алды.

  Сонымен қатар, «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянс» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен жергілікті кәсіпкерлерге қаржылай грант беру арқылы ауыл экономикасын көтеру мақсатында, бизнес идеялар байқауы  ұйымдастырылды. Қорытындысы бойынша Батыр ауылы бойынша 3 млн теңгені құрайтын 2 кәсіпкер жеңімпаз болып анықталды. (Д.Айтжанова –құрттарды өсіру, М.Дүйсенова –наубайхана ашу).

  Өңірлік «Нұр капитал» бағдарламасы аясында Батыр ауылдық округінен 8 азаматтан өтініш келіп түскен. Ауыл тұрғындарына «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Маңғыстау облысының кәсіпкерлер палатасының Мұнайлы ауданы бойынша филиалы «бизнес кеңесші» қысқа мерзімді курсында 17 тыңдаушы білім алды. 

Білім саласы

Ауылдық округте  «Емір»  шағын ауданында орналасқан  960 орындық  бір жалпы  білім беру орта мектебі бар.  Онда 3158 бала білім алуда.  Мектептен шалғай елді мекендерде тұратын 2640 оқушы  және  248  «0» сыныптын балалары  тегін тасымалдануда.

2018 жылдың  қыркүйек айында ауылдық округтің  «Алматы»  шағын ауданынан  960 орындық мектеп құрылысын салу үшін жобалық – сметалық  құжаттың  мемлекеттік сараптамасы алынып және  2019 жылдың бюджетінен қаржы бөлінді.  Мектептің құрылысы  осы  жылы басталады.  Сонымен қатар «Самал» шағын ауданынан  1200  орындық мектептің  құрылысының  жобалық –сметалық құжаты  байлама тәсілі  арқылы жасақталып  мемлекеттік  сараптамаға  тапсырылуда. 

3-6 жас аралығында балаларды  бала бақшамен қамту мақсатында  есеп беріліп отырған жылда 3 жеке меншік бала бақша ашылып  қазіргі таңда халыққа қызмет көрсетуде.  Ол бала бақшалар  «Емір»  шағын ауданындағы 86 орындық «Жұлдыз», «Шерқала» шағын ауданындағы 75 орындық «Әмина»  және «Самал» шағын ауданындағы 100 орындық  «Айзере»  бала бақшасы, барлығында 261 бала тәрбиеленуде. 89  адам жұмыс пен қамтылды. Бұлардан басқада  жеке меншік бала бақшалар салу  үшін  8  кәсіпкерге  жер телімдері рәсімделіп  құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.  Солардың  қатарында  2 бала бақшаны  осы жылдың  6 айында жұмысқа қосу жоспарлануда. 

Денсаулық сақтау

Бұл салада ауылдық округімізде  ауысымында  50 адамға қызмет көрсететін  бір дәрігерлік амбулатория қызмет көрсетуде. Онда 4 жалпы тәжірибелік дәрігер, 1 окушер гинеколог дәрігері,  1 тіс дәрігері, 31 медбике қызмет етуде. Амбулатория  ем шара кабинеті, егу кабинеті  және талдау түрлерін жасайтын лабараториямен камтылған. Округте дәрігерлік амбулаториялардың қатарын  көбейтіп  «Алматы»  және «Самал»  шағын аудандарында салынуы өте қажет.  Ауданымызда жеке меншік сектордағы  жұмыс жасап тұрған емханалардың  тәжірибесі  бар осындай тәжірибелерді пайдалануға  жер телімдері жеткілікті. Осы бағытта жұмыс  жүргізуі өзекті мәселе болып алға шығып тұр.  Бір жасқа бейінгі 5 сәби өлімі тіркеліп,  туылған мың сәбиге шаққанда 10,7 промильді  құрап отыр.  (Өткен жылы 11,4 промиль) Өткен жылмен салыстырғанда 0,7 промильге төмен.  2018 жылда туылған балалар саны  458. Ана өлімі тіркелмеген. Өкпе ауыруына шалдыққандар 7 адам.

Әлеуметтік сала бойынша

Өткен 2018 жылы бір жолғы материалдық көмек сұраған 44азаматтың арызы толығымен қанағаттандырылып,  1114 225 теңге қаржылай көмек көрсетілді. Аз қамтылған отбасыдан шыққан бір студентке 900 мың теңге оқу ақысына көмек берілді.  64 тұрғынға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. 206 тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылды. Қоғамдық жұмыстың есебінен 13 адам,жастар тәжрибесімен 8 жас жұмыспен қамтылды. «Мектепке жол» акциясы қарсаңында 333 аз қамтылған отбасы оқушыларына жалпы құны 1125230теңгеге оқу құралдары мен мектеп формасы, спорттық киімдер алынып берілді.

Сонымен қатар, баспанасы жоқ 2 отбасыға құрылыс материалдары мен техникамен көмек көрсетіліп, баспана тұрғызылды. Желтоқсан айының 28 жұлдызында Батыр ауылы әкімінің шыршасы өтіп, көп балалы, аз қамтылған отбасыдан шыққан 150 оқушыға тәтті сыйлықтар үлестірілді.

Мәдениет және спорт

Мәдениет және спорт саласы бойынша 2018 жылдың  бойында аудан көлемінде  Қазақстан  Республикасының мемлекеттік  мерекелері мен атаулы күндерге орайластырлған 2 мәдени, 4 спорттық шаралар ұйымдастырылды.  Ауылдық округте 1 аула клубы, 9 үйірме, 2 спорт алаңы жұмыс жасайды.

Батыр ауылдық округі әкімшілігі ғимаратынан мектеп жасындағы балалардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында жұмыс жасап тұрған аула клубта  9 түрлі: гитара, домбыра, би, ағылшын тілі, қол өнер, өлкетану, вокал сынды үйірмелер жұмыс жасайды,  үйірмелерде барлығы 270 бала қосымша білімдерін жетілдіруде. Аула клубында 9 мұғалім жұмыс жасайды.

Алдағы уақытта тұрғындарды бұқаралық спортқа кеңінен қатыстыру  мақсатында «Шерқала», «Астана» шағын аудандарынан, жеке инвесторларды тарту арқылы жабық спорт алаңдарын салу жоспарлануда.

Инженерлік инфрақұрылымдар (газ, электр энергиясы, жол, су)

Округіміздің шағын аудандары бүгінгі күннің талабына сай, электр желісі, газ, су сияқты инженерлік инфрақұрылымдармен толық қамтылып отыр. 

Округтің электр жүйесіне қызмет көрсету үшін «Маңғыстауэнерго» ММК-на қарасты бір учаскелік бөлімше жұмыс жасайды. Онда 14 адам қызмет етеді. Бекітілген тарифтық жоспарға сәйкес 1 киловат энергия үшін тұрғындар 1.01.2019 жылға дейін 16,26 теңге көлемінде қаражат төлеп келді. Ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап тарифтік төлем және де төмендетіліп арзан бағамен ұсынылады.  Ауылдық округ көшелері түнгі жарықпен толық қамтылған, көше жарығына 2018 жылға бюджеттен 48040 мың теңге қаражат бөлінді.

Ауылдық округтің елді мекендеріне көгілдір отынмен «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның дербес АГРС газ қондырғысымен қамтылған газ жүйесі қызмет көрсетуде. Газдың 1 кубы тариф жоспарына сәйкес тұрғындарға 10,40 теңге қаржыға берілуде.

Хазар шағын ауданында орналасқан 7200 текше метрлік 3 резервуары бар су сораптау станциясы мен қазіргі таңда ауыл тұрғындары құбыр арқылы ауыз сумен қол жетімді бағада (1 куб м -30 тг) толық қамтылып отыр.

Ауыл тұрғындарын Ақтау қаласымен байланыстыратын «Ақтау-Батыр-Ақтау» жиілігі 30 минут сайын жүретін қоғамдық көлік сапары, сонымен бірге ауданішілік «Маңғыстау-Батыр-Маңғыстау» бағытындағы жиілігі 45 минут сайын жүретін қоғамдық көлік жол сапары жолға қойылған олардың бағалары сәйкесінше 120 теңгені және 100 теңгені құрайды.

Сонымен қатар Батыр ауылдық округінде «Казпочта» АҚ-бөлімшесі қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда тұрғындарға жалақы төлеу, зейнетақы беру, коммуналдық төлемдер, ақша аударымдары, мерзімдік баспасөзге жазылу, абоненттік жәшіктерді жалға беру қызметтері көрсетілуде.

Елді мекендерге санитарлық тазалық қызмет көрсету бойынша 2018 жылға 15023 мың теңгеге «Самал-2003» ЖШС-мен келісім шарт жасалды. Ауылдың санитарлық жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде 15 тұрғын жұмысқа тартылды.

  Есепті жыл ауылдық округті көгалдандыру және абаттандыру қызметтері бойынша, мүгедектер арасында мемлекеттік сатып алу тәсілі мен конкурс өткізіліп нәтижесінде «Қазақ зағиптар қоғамының Ақтау оқу өндірістік кәсіпорны» ЖШС-мен келісім шарт жасақталды. 2600 мың теңгеге көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, 300 түп қара ағаштың орнына 550 түп ағаш, 100 түп қылқан жапырақты туя ағаштары және 70 түп роза гүлдер отырғызылып, жаз бойы малдан қорғалып, уақытында су беріліп, ағаштардың өсіп дамуына, толық шарттар жасалынды. Сонымен қатар  17377 мың теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, округтің елді мекендерінің 21 шақырым жолы қиыршық тас аралас құм төгіліп тегістелінді. 25 шақырымға жуық қоғамдық көліктер қатынап тұрған, бұрынғы салынған грейдер жолдар қажеттілігіне қарай грейдермен тегістелініп күтіп ұсталынды.

Қылмыстық ахуал – округ бойынша 2018 жылда жалпы қоғамдық тәртіпті сақтауда, тұрғындар тарапынан қылмыстың орын алу жағдайы төмендегідей.  21 ұрлық қылмысы орын алып 14 ашылып отыр, 1 адам тонау қылмысы, 1 адам зорлау қылмысы және 1 бұзақылық қылмысы орын алып барлығы ашылған.  1 адам өлтіру фактісі орын алып, қазіргі таңда тексерулер жүргізілуде, есептік жылда жастардың арасында орын алған қылмыс тіркелген жоқ.  

Округ бойынша, қоғамдық тәртіпті сақтау, ауыл тазалығын сақтауға байланысты 289 әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Батыр ауылдық округі  әкімінің 2017 жылғы есеп беру кезінде тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныс -шағымдардың орындалысы туралы

1.   Хазар шағын ауданы 4 көше 120 үйді тоқ желісіне қосып беру:

Хазар шағын ауданы, 4 көше 120 үйге электр жарығы қосылды. Мәселе шешімін тапты.

2.  Батыр ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулаторияда жетіспейтін жалпы тәжірибе дәрігері және гинеколог дәрігермен толықтыру, дәрігерлердің жұмыс жасау тәртібі мен уақытын реттеу:

Батыр ауылдық округіндегі дәрігерлік амбулатория 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап жалпы тәжірибе дәрігерімен және гинеколог дәрігерімен толықтырылды. Бүгінгі күні барлығы 6 дәрігер: 2 жалпы тәжірибе дәрігері, 1 педиатр, 1 гинеколог, 1 психолог, 1 тіс дәрігері жұмыс жасайды.

3.  Жол мәселесі. Батыр ауылының көшелеріне қиыршық-құмды қоспа төсеп, тегістеу жұмыстары:

2018 жылдың қаңтар айынан бастап, «Маңғыстаужылу» МКК-ның, қолдауымен округіміздің елді мекендері «Астана» - «Алматы», «Хазар» -«Астана» және «Самал» - «Тамшалы» шағын аудандарының ортасын бөліп тұрған орталық көшелер,  «Хазар», «Астана» «Алматы» және «Болашақ» шағын аудандары арқалы өтетін 7-нші, көше, «Шерқала» шағын аудандарының 9-ші, көшесіне  қиыршық тас аралас құм төселіп, тегістеліп жол салынды.

Округті абаттандыру бағдарламасы аясында, бөлінген қаражатқа «Самал», «Тамшалы» шағын аудандарының 9-шы көшесі, «Шерқала», «Самал», «Тамшалы» шағын аудандарының 11-ші көшелері, «Болашақ», «Тамшалы» шағын аудандарының 1-ші көшелері, «Шерқала», «Самал», «Тамшалы» шағын аудандары арқылы өтетін 4-ші көше, «Шерқала», «Самал» шағын аудандарының орталық көшесі, қиыршық тас аралас құм төселіп тегістеліп жол салынды.

Сонымен қатар, «Қызылтөбе 2» арқылы ауданнан 4-ші карьерге өтіп жатқан асфальт жолға дейін  «Хазар», «Астана» шағын аудандарының орталығымен өтетін жолға қиыршық тас аралас құм төгіліп жол жасалды. Осы жасалған жолдардың барлығының ұзындығы 21 шақырымнан асады.

  Округтің елді мекендерінің ішкі көшелеріне асфальт жол жүргізу үшін, жобалық сметалық құжат жеті кезеңге бөлініп жасалды. Мемлекеттік сараптама тапсырылуда, бүгінгі таңда мемлекеттік сараптама қортындысын алу күтілуде.

4.  №10 жалпы білім беру орта мектебінің алдындағы түнгі жарықтандыру және оқушылардың автобусқа мініп-түсетін алаңдарын жарықтандыру.

№10 жалпы білім беру орта мектебінің айналасындағы алаңдарының түнгі жарықтандырылуы үшін электр желілері ауыстырылып ДРЛ-250 маркалы 29 лампа орнатылды.

Оқушылардың автобусқа мініп түсетін алаңына 35 куб метр асфльт үгіндісі төселіп тегістелінді және жарықтандыру лампалары орнатылды.

5.  Батыр ауылдық округіндегі салынған жеке тұрғын үй иелерінің өтініші бойынша газға қосылу қызметінің құнын бірнеше бөліп төлеуге жұмыстану.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ басшылығымен газды тұрғын үйге қосу үшін төленетін қызмет құнын үш бөліп төлеуге келісім алынып, бұл шаралар  жүзеге асуда. Бұл шара алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

6.  Тұрғын үй құрылысын салуға арыз жазып, кезекте тұрған тұрғындарға жер телімінің берілу заңдылығын түсіндіру

ҚР Заңдарына сәйкес жер телімінің берілу тәртібі толықтай түсіндірілді.

7.  Қызытөбе-2 массивінен Батыр ауылдық округіне қатынап оқитын, оқушыны маршруттық автобуспен мектепке жеткізу.

№10 орта мектептің 9 сынып оқушысы Тәжімбетова Айгерімнің «Батыр-Маңғыстау» маршруты бойынша жолаушы тасымалдайтын автобуспен мектепке келіп кетуі ұйымдастырылды.

2019 жылға атқарылатын міндеттер.

1) «Алматы»  шағын ауданынан 960 орындық мектептің құрылысын сапалы салып, мерзімді аяқтау.

2) «Самал»  шағын ауданынан  құрылысы салынатын 1200 орындық мектептің жобалық – сметалық  құжатының  мемлекеттік сараптама қорытындысын  алу және бюджетке ұсыныс беру.

3) «Алматы»  және «Самал» шағын аудандарынан  ауылдық амбулатория құрылысын салуға жеке инвесторларды тарту үшін шаралар алу.

4) Округтің елді мекендерінің 156 шақырым ішкі жолдарын асфальтау үшін жасақталып жатқан жобалық – сметалық  құжаттың мемлекеттік сараптама қорытындысын алу.

5) Ауылдық округтің аумағының тазалығын және тазалыққа жауапты мекеменің әр шағын ауданан шыққан тұрмыстық қатты қалдықтарды кестеге сәйкес алуды үнемі бақылау.  

6) Ауыл аумағын (саябақты кеңейту) және тұрғын үй аулаларын көгалдандыру бойынша шаралар қабылдау.

7) «Алматы»  шағын ауданынан салынатын 960 орындық мектепке, оқушылар баратын жая жүргіншілер жолының құрылысын салу.

8) Ауылдық округты абаттандыруға бөлінетін қаражат есебінен, ауыл ішілік көше жолдарына қиыршық тасты құм төгіп, тегістеу жұмыстарын жүргізу.


Ақпараттық ресурстар