
БАСҚҰДЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының талаптарына сай, ағымдағы жылдың қараша айының 30 күні сағат 15:00-де Басқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының ғимаратында жергілікті қоғамдастықтың мүшелерінің қатысуымен жиналыс өтеді.
Жиналыстың күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланатын болады:
1. Басқұдық ауылдық округінің 2018-2020 жылдарға бюджетін нақтылау туралы;
2. Жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.
«Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі