Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мұнайлы ауданының шағын және орта бизнес саласындағы «Үздік кәсіпкер-2018» конкурсын өткізудің Ережесі


І. Жалпы  ережелер

1.  Осы Ереже ауданның шағын және орта бизнес саласындағы «Үздік кәсіпкер-2018» конкурсына дайындық (бұдан әрі - конкурс), оны жариялау мен өткізудің тәртібін айқындайды.

2.  Ереженің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі аумақтық бағдарламасын жүзеге асыру, оның ішінде Мұнайлы ауданы көлеміндегі  шағын және орта кәсіпкерлік саласының өркендеуіне ықпал ете отырып, бәсекелестікті дамыту, кәсіпкерлерді ынталандыру, өнім (қызмет көрсету) сапасын арттыру, «Үздік кәсіпкерлерді» анықтап, олардың алдыңғы қатарлы іс-тәжірибиелерін насихаттау болып табылады. 

3.  Конкурс 2018 жылы желтоқсан айында қорытындыланады және келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1)  Сауда саласы бойынша үздік кәсіпкері;

2)  Қызмет көрсету саласы бойынша үздік кәсіпкері;

3)  Қоғамдық тамақтану саласы бойынша үздік кәсіпкері;

4)  Ауыл шаруашылығы саласы бойынша үздік кәсіпкері;

5)  Өндіріс саласы бойынша үздік кәсіпкері;

6)  Үздік безендірілген ғимарат.

4.  Конкурс өткізу туралы хабарландыру Мұнайлы ауданының «Мұнайлы» газеті және аудан әкімдігінің ресми интернет ресурсы арқылы жарияланады. Сонымен қоса, әлеуметтік желілердегі парақшаларда жарияланады.

ІІ. Конкурсқа қатысу тәртібі

5.  Конкурсқа шағын (жұмысшылар саны 100 адамнан төмен және жылдық табысы 300 мың АЕК аспау қажет)және орта (жұмысшылар саны 250 адамнан төмен және жылдық табысы 3 млн. АЕК аспау қажет) кәсіпкерлік субъектілері болып саналатын, аудан бойынша салық басқармасына тіркелген, тұрақты жұмыс жасап келе жатқан заңды және жеке тұлғалар қатыса алады.

6.  Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген жеке және заңды тұлғалар (шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері)ауыл әкімі аппараттары арқылы өзінің қызметі туралы ақпаратты қамтитын белгілі бір номинация бойынша өтінім-сауалнаманы, (одан әрі-өтінім) толтыруы және конкурстық комиссияға өтінімдегі барлық ақпараттардың сенімділігін растайтын қосымша құжаттарды ұсынуы қажет.

ІІІ. Конкурс өткізудің тәртібі

7.  Конкурсты аудан әкімінің «  » қарашадағы № өкімімен бекітілген шағын және орта бизнес саласындағы «Үздік кәсіпкер-2018» конкурсының жеңімпаздарын анықтау жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) ұйымдастырады және жеңімпаздарын анықтайды.

8.  Комиссия шағын және орта бизнес саласы кәсіпкерлерінің құжаттарын 2018 жылдың қараша-желтоқсан айында сараптама жасай отырып, өз шешімін  шығарады.

9.  Шағын және орта кәсіпкерлік саласының өкілдері ережеде аталған номинациялар бойынша конкурсқа  қатыса алады.

10.  Конкурстық комиссия бекітілген ережеге сәйкес жұмыс жүргізеді.

11.  Комиссияның шешімі, комиссия мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады, егер тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болып  қабылданады.

12.  Комиссияның конкурстық мәжілісі хаттамаланады.

IV. Конкурстық комиссияның жұмыс тәртібі.

13.  Конкурс өткізуді ұйымдастыру және аудандық комиссияның қызметін үйлестіруді аудандық кәсіпкерлік бөлімі жүзеге асырады.

14.  Аудандық комиссия құрамына аудан әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі бірлесе отырып, мүдделі мемлекет органдарының, сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері енгізіледі.

15.  Аудандық комиссияның сандық құрамы тақ және бестен кем болмауы тиіс, оның шешімі аудандық комиссия мүшелерінің жалпы санынан басым дауыспен ашық дауыс берумен қабылданады.

16.  Конкурс нәтижесі аудандық комиссия мәжілісінің хаттамасымен рәсімделеді.

V. Қорытынды ережелер

17.  Конкурсқа қатысушы шағын және орта бизнес өкілдері құжаттарын дайындап конкурс жарияланған соң құжат тапсыру мерзімінен кешіктірмей өткізулері тиіс. Конкурстың өту мерзімін кәсіпкерлік бөлімінің ұсынысымен аудан әкімдігі белгілейді. Құжат тапсыру мерзімін комиссия белгілейді. 

18.  Комиссия құрамына өзгерістер  (толықтырулар) енгізілуі мүмкін.

19.  Конкурс жеңімпаздары арнайы әзірленген сыйлықтар және аудан әкімінің Дипломы және Алғыс хаттарымен марапатталады.

VI.  Шағын және орта бизнес саласындағы «Үздік кәсіпкер-2018»

атты аудандық конкурсқа қажетті құжаттар тізімі:

1.  Ауыл мен ауылдық округі әкімінің ұсыныс хаты;

2.  Конкурсқа қатысуға белгілі формадағы өтініш-хаты;

3.  Кәсіпорын паспорты және кәсіпкер туралы мәлімет (өтінім-сауалнама);

4.  Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

5.  Жергілікті салық органынан бюджетке қарызы жоқтығы туралы анықтама;

6.  Ғимараттың сыртқы және ішкі фотолары және директордың 3 х 4 фотосы (электронды нұсқада).

Қажетті құжаттар аудандық кәсіпкерлік бөліміне табысталады.

Мекен жайы: Маңғыстау ауылы, 24 квартал, 13 учаске, Бизнес инкубатор ғимараты

Байланыс телефоны: 30-42-30, 30-23-62

Электронды мекен жайы: kasipkerlik2010@mail.ru

Жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма, сағат 09:00-18:30, түскі уақыты: 12:30-14:00

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2018 жылдың 7 желтоқсан

сағат 18:00 дейін қабылданады.


Ақпараттық ресурстар