Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мұнайлы ауданы тұрғындары назарына!


Қазіргі уақытта автокөлік жолдары мен теміржолдар бойында көлік құралдарының жануарлармен соқтығысуы, соның салдарынан адам мен мал шығыны, көлік құралдарының бүлінуі орын алып отырғандығы жасырын емес. Бұл негізінен мал иелері болып табылатын жеке және заңды тұлғалардың жауапкершілігінің төмендігінен, тиісті заңнамалар талаптарын сақтамауынан болып отыр.

Ауыл шаруашылығы жануарларын асырау қағидасында жануарларды тіркеу, асырау, сатып алу, сату, тасымалдау тәртіптері және жануарлар иелерінің құқықтары мен міндеттері нақты көрсетілген. Қағида бойынша көшелерде, алаңдарда, саябақтарда, теміржол мен автокөлік жолдарына тиесілі аймақтарда және басқа да қоғамдық орындарда жануарларды жаюға, сондай-ақ қараушысыз бос жіберуге тыйым салынады. Жануарлар жергілікті атқарушы атқарушы органдармен белгіленген жайылымдық жер телімдерінде жайылуы тиіс. Жануарларды жайғанда және айдап өткенде тұрғындардың қауіпсіздігіне жануарлардың иесі жауапты болады. ҚР ветеринариялық заңнамалары, соның ішінде ҚР «Ветеринария туралы» заңының 25-бабы 5, 6 тармақшалары, 32-бабы 1-тармағы және аталған жануарларды ұстау қағидасы бойынша, мал иелері өз қарауындағы жануарларды тиісті орындарға тіркетуге және бірдейлендіруге міндетті болып табылады. Жылқы жануарларын чиптеуді толықтай қамтамасыз етіп, заманауи үрдістердің соңында қалып қоймай, шаруашылығымызды барлық жағынан тиісті талаптарға сай дамытуымыз қажет екенін есте ұстағанымыз абзал!

Облыстық «Маңғыстау» газетінде «Мал асырау ережесін сақтау» туралы кеңінен мақала жарияланғанын хабарлайды.


Ақпараттық ресурстар