Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«БЖЗҚ» АҚ «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: тарихы мен даму бағыттары» атты Ашық есік күніне шақырады


2018 жылдың 20 қыркүйегінде «БЖЗҚ» АҚ  Маңғыстау облыстық филиалында Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесінің 20 жылдығына арналған Ашық есік күні өтеді. 

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» зейнетақы жүйесіне қатысты кешенді сұрақтар бойынша белсенді түсіндірмелік жұмыс жүргізуді жалғастыруда.  Зейнетақы заңнамасына сәйкес, БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартумен және зейнетақы жинақтарының есебін және төлемін жүргізумен, салымшыларды (алушыларды) олардың жеке зейнетақы шоттарының жай-күйі туралы хабарландырумен айналысады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

Шара аясында Қор өкілдері қатысушыларды Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің тарихы мен негізгі даму бағыттары, Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының қызметі, зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы заңнамалық өзгерістермен таныстырады. Шараға қатысушылар зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша Қор мамандарынан жеке кеңес ала алады.

Осыған орай, барлық ниет білдірушілерді, БАҚ өкілдерін Ашық есік күніне  20 қыркүйек күні сағат 10:00 нан 17:00 дейін шақырамыз. Мекен-жайымыз:Ақтау қ-сы, 26-ықшамаудан, №16 жер телімі («Отар» бизнес орталығына қарама-қарсы). Қор Филиалының телефондары  8 (7292) 414550, 418161, 468566, 418177.

«БЖЗҚ» АҚМаңғыстау облыстық филиалы

Байланыс:

Едилханова Айгуль Максутовна

Тел.: 8 7292709559 (вн.39)

8 701 5566590


Ақпараттық ресурстар