Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Cалық төлеушілердің назарына!


  Электрондық сауда

  Электрондық сауда – ақпараттық техногиялар арқылы жүзеге асырылатын тауарларды өткізу жөніндегі кәсіпкерлік қызмет.

  Электрондық сауда «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы №720 бұйрығымен бекітілген «Электрондық сауданы жүзеге асыру қағидаларына» сәйкес жүзеге асады

Электрондық саудаға қатысушылар

 Электрондық саудаға сатып алушы, сатушы және (немесе) делдал ретінде қатысушы жеке және заңды тұлғалар (электрондық саудаға қатысушылар);
 ақпараттық жүйелер мен телекоммуникациялық желілерді қолданумен сатуға және сатып алуға ұсыныстары бар электрондық құжаттарды (электрондық хабарламаларды) алу, орналастыру, беру, сақтау бойынша қызмет көрсететін заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі - делдал);
 тиісті тауарларды әлеуетті сатып алушылар болып табылатын заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар (бұдан әрі - сатып алушы);
 белгілі бір тауарды өткізуге ұсынатын тұлғалар (бұдан әрі - сатушы);
 заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер (бұдан әрі – коммерциялық сатушы);
 кәсіпкерлік қызмет мақсатысыз бір реттік тәртіпте тауарларды сатуға ұсынатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – коммерциялық емес сатушы) қатысады.

Коммерциялық сатушы және (немесе) делдал сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органға, мемлекет алдындағы салық міндеттемелерінің орындалуына салық бақылауын қамтамасыз ететін мемлекеттік органға және құқық қорғау органдарына өзі туралы электронды нысанда қазақ және/немесе орыс тілдерінде, ал қажетті жағдайда басқа тілдерде шынайы ақпаратқа тиісті қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат мынадай мәліметтерді қамтиды:
 жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), заңды тұлғаның оның ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіле отырып, толық атауы;

 заңды тұлғаның тұрғылықты жері және мемлекеттік тіркелгені туралы мәлімет немесе жеке кәсіпкердің тіркелгені;
 лицензиясының болуы (заңнама талаптарына сәйкестігі кезінде), лицензия нөмірі, лицензияның қолданылу мерзімі, лицензияны берген мемлекеттік органның атауы туралы мәлімет, заңды тұлғалар үшін бизнес идентификационалық нөмірі, жеке кәсіпкерлер үшін жеке идентификационалық нөмірі, почталық және электрондық мекен-жайы, сондай-ақ телефон нөмірі.

    Электрондық сауда делдалы ақпараттық ресурстардағы қамтылған ақпараттың тұтастығын және құпиялығын қамтамасыз етуге міндетті.
 1) электрондық құжаттарда (электрондық хабарламаларда) қамтылған ақпаратты жария етпейді,
 2) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды (электрондық хабарламаларды) немесе олардың көшірмелерін, оның ішінде олардағы қамтылған ақпаратты үшінші тұлғаларға бермейді,
 3) егер электрондық сауданың басқа қатысушыларымен жасасқан шартта немесе Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, электрондық құжаттарды (электрондық хабарламаларды) не оларды пайдалану тәртібін өзгертпейді;
   4) тауарға бағаны тек ұлттық валютада бекітуді қамтамасыз етеді.

Электрондық сауданы жүзеге асыру тәртібі

 Нотариалдық куәландыруды немесе мемлекеттік тіркеуді талап етпейтін шарттар түпнұсқалығы Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес куәландырылған электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжаттармен немесе электрондық хабарламалармен (офертаны, акцепті, офертаны алуды растау) алмасу жолымен жасалады.

 Сатушы Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" 2004 жылғы 12 сәуірдегі және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңдарына сәйкес тауарлар туралы электронды түрде шынайы ақпарат ұсынады.

 Электрондық сауданы жүзеге асыру кезінде офертаны өз атынан электрондық нысанда жіберетін коммерциялық сатушы:
 1) офертаға шарттың маңызды талаптарын енгізуге немесе оларды айқындау тәртібін көрсетуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өзге де талаптарды енгізеді;

 2) шартты жасасу тәртібі туралы потенциалдық сатып алушыларға ақпаратты ұсынады;

     3) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған тәртіппен шот-фактураны электрондық формада жазып беруге, сондай-ақ "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Заңына сәйкес бастапқы eceпкe алу құжаттарының көшірмелерін потенциалдық сатып алушыларға береді;

      4) ЕАЭО аумақтық тауарларда әкелімде ЕАЭО және Қазақстан Республикасының кеден заңдар орындалуына қамтамасыз етіп жатыр;

      5) қазыналық жад және POS–терминалы бар бақылаушы - кассалық машинаны қолдану тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді.

Электрондық сауда мәмілелері бойынша ақша төлемдері мен аударымдарын жүзеге асыру тәсілдері Қазақстан Республикасының ақша төлемі мен аударымы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Электрондық сауда келісімдері бойынша төлемдерді қайтару "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңына сәйкес жүзеге асырылатын болады.

Электрондық саудада Қазақстан Республикасының төлемдер және аударымдар туралы заңнамаларына сәйкес қазақстандық эмитенттермен шығарылған электрондық ақша қолданылады.

Салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді айқындау үшін, сондай-ақ салықтық міндеттемелерді есептеу үшін негіздеме болып табылатын есептік құжаттаманы жасау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Тауарды сатып алу-сату туралы ереже, сонымен қоса тауарды қайтару және жеткізу шарттары азаматтық заңнамасымен сондай-ақ "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы Заңымен реттеледі.

Абаев А.Е.

Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының Салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің жетекші маманы.


Ақпараттық ресурстар