Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мұнайлы ауданының жеке кәсіпкерлер назарына!


Түсіндіру жұмыстарын жүргізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 21.05.2018 жылғы №35-23/101-И санды хатына сәйкес, төмендегі ақпаратты жолдайды:

Қоғамдық тамақтандыру саласындағы мәселелерге қатысты

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 8-бабына сәйкес тұтынушының тауарларды (орындалатын жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді) иеленуге еркін шарт жасасуға құқығы бар.

Тұтынушыны тауарларды (орындалатын жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді) иеленуге шарт жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді.

Бұл ретте, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, орындалған жұмысқа (көрсетілген қызметке) ақы төлеудің нысаны мен тәртібі тұтынушы мен орындаушы арасындағы келісім бойынша айқындалады (Заңның 39-бабы).

Шарт туралы жалпы ережелері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (бұдан әрі - АК) 2-кіші бөлiмінде айқындалды.

Айталық, осы ережелерге сәйкес азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасасуға ерiктi. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркiмен қабылдаған мiндеттемеде шарт жасасу мiндетi көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасасуға мәжбүр етуге жол берiлмейдi (АК-нің 380- бабының 1- тармағы).

Бұл ретте, тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады (АК-нің 380-бабының 2- тармағы).

Тиiстi шарттың мазмұны, заңдармен жазылған жағдайлардан басқасында, шарт ережелерi тараптардың өз қалауы бойынша белгiленедi (АК-нің 382-бабының 1-тармағы).

Тараптар арасында шарттың барлық елеулi ережелерi бойынша тиiстi жағдайларда талап етiлетiн нысанда келiсiмге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледi (АК-нің 393-бабының 1-тармағы).

Осылайша, тұтынушыларды қоғамдық тамақтандыру объектілерінде ақшалай депозит енгізуге мәжбүрлеу заңнамалық актілердің аталған нормаларын бұзушылық болып табылады.

Ақпаратқа қатысты, сатушы (дайындаушы, орындаушы тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы қазақ және орыс тілдерінде ақпарат беруге тиіс (Заңның 24-бабының  1) тармақшасы).

Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 27-бабының  1) тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтауғаміндетті.

Осылайша, тұтынушыға тауар туралы егжей-тегжейлі ақпаратты, оның ішінде ұсынылатын тағамдардың құрамы, олардың энергетикалық құндылығы туралы ақпарат бермеу заңнамалық актілердің аталған нормаларын бұзушылық болып табылады.

Фото-, бейнетүсірілімді шектеуге қатысты

Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар. Сауда қызметі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, сауда қызметiн мемлекеттiк реттеудiң ұйымдық негiздерiн белгiлейтін нормативтік құқықтық актілерде (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi, «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі № 544 Заңы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының  2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидалары) тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді фото-, бейнетүсірілімге шектеу көзделмеген.

Сондай-ақ Заңның 24-бабының 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатушыға (дайындаушыға, орындаушыға) фото-, бейнетүсірілімді қолдануға қатысты тұтынушылардың құқықтарын шектеуге тыйым салынады.


Ақпараттық ресурстар