Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Сұхбат алаңында Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.І.Құли


Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Е.І.Құли 

Мемлекеттік қызметшіге тән қасиеттер туралы айтып берсеңіз?

Бүгінгі таңда, азаматтармен өзара тиімді қарым-қатынас мемлекеттік органның негізгі өлшемдерінің бірі болып табылады. Біздер, мемлекеттік қызметшілер әркез қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сәйкес болуға, адалдық, ашықтық және әділдік қағидаттарын басшылыққа ала отырып, қызметтерді кәсіби көрсетуге талпынуымыз керек. Азаматтармен қарым-қатынас жасау кезінде өз ойымызды дұрыс және дәлелді түрде баяндау, сөйлеп отырған адамның сөзін бұзбай, азаматтың сұрақтарын мұқият тыңдау, әңгімелесушіге ізгі ниеттілік пен құрмет білдіру, толық анықтамалық ақпарат беру және болуы мүмкін тәуекелдер туралы азаматтарды хабарландыру, жасы үлкен адамдарға, ардагерлерге, мүгедектерге ізгі ниетпен қарауға, шағым түскен жағдайда туындаған мәселені жылдам шешу үшін бірден шаралар қабылдауға және болашақта ұқсас жағдайдың алдын алуға жұмыстануымыз қажет. Тек осындай қарым-қатынас бізге мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық мәдениеті мен кәсібилігі туралы оң пікірді қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметші билік пен қарапайым халық арасын жалғайтын алтын көпірге айналуы тиіс. Бүгінде мемлекеттік саладағы мамандардың білім-біліктілігінен бұрын, адамгершілік асыл қасиет пен ананың сүтімен келетін тәлім-тәрбиені де талап ететіні анық.Ел үшін жан аянбай жұмыс істейтін мемлекеттік қызметші қашанда елге сыйлы, басшылыққа қадірлі.

Осы мақсаттарды бағындыру үшін мемлекеттік қызметтің жаңа моделін енгізу шеңберінде елімізде мемлекеттік органдарда Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығына сәйкес жаңа институт – әдеп жөніндегі уәкілдер институты енгізілді, олардың арнайы Ережесі бекітілді.Әдеп жөніндегі уәкілдер 2015 жылы «100 нақты қадам Ұлт жоспарының» 12-қадамын жүзеге асырудағы мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі бұзушылықтарының алдын алу, сондай-ақ өздерінің функцияларының шеңберінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға кеңес беру үшін енгізілген.

Мемлекеттік қызметшінің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта негізгі мінез-құлық қағидаттарын сақтау қатаң бақылауға алынды. Бұл жөніндегі пікіріңіз?

Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлықтың жалпы стандарттары негізінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі негізінде, мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етуге міндеттеледі және оны заң жүзінде бекітіп, бақылауда ұстау өте орынды деп ойлаймын.

Бұл мақсатқа жетер жолда, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен ұсынылған «Мемлекеттік қызметшінің әдебі және мінез-құлық нормалары» нұсқаулығы мемлекеттік қызметке енді орналасып жатқан жас маманға, мемлекеттік қызмет саласында жүрген кез-келген қызметкерге қызметтік және қызметтік емес қарым-қатынастардың қағидаттарын, олардың парасаттылық мәдениетін қалыптастырудың негізгі аспектілерін игеруге үлкен мүмкіндік берері сөзсіз.


Ақпараттық ресурстар