Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«БЖЗҚ» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының өкілдерінің Өмірзақ ауылы тұрғындарымен кездесуі.


Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру және күшейту мақсатында «БЖЗҚ» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының өкілдері Өмірзақ аулында 13 ақпан 2018 жылы тұрғындарымен кездесті. Шараға «БЖЗҚ» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының барып қызмет көрсету бөлімінің бастығы Бекмағанбетова Айдана Серікбайқызы, Өмірзақ  ауылының әкімінің орынбасары  және ауыл тұрғындары қатысты.  

Кездесу барысында ауыл тұрғындарын «Зейнетақы жүйесі туралы ең маңызды мәселе» атты презентациямен таныстырылды және Қазақстан Республикасының қолданыстағы зейнетақымен қамсыздандыру моделі, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жай-күйі, сондай-ақ тұрғындарға ақпарат беру, оларды жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту және қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелері де талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары өздерін толғандыратын «Көп балалы ананың зейнетақы қорындағы жинағын қай уақытта алуға болады?», «Қайтыс болған салымшының жинағын алуға кімдер құқылы?», «2018 жылда бастап әйел адамдардың жасының ұлғаю себебі», «Сақтандыру компаниясы арқылы жинағын салымшы қалай алуға болады?»т.б. сұрақтар қойылып, қойылған сұрақтарына толық-қанды жауап алып, зейнетақы қорының қызметкерлеріне алғыстарын айтты.

Зейнетақы жүйесі – әлеуметтік тақырып. Ол халықтың барлық әлеуметтік топтарын қамтиды. Сондықтан зейнетақы заңнамасындағы өзгерістердің мән-мағынасын Қазақстан Республикасының әрбір азаматына жеткізу өте маңызды екендігін Айдана Серікбайқызы атап өтті.

2018 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұлғайту және базалық зейнетақыны есептеуге қатысты өзгерістер күшіне енеді. Бұл ретте базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі, сондай-ақ зейнетақы жарналарын төлеумен расталатын, 1998 жылдан кейінгі еңбек өтілі ескерілетін болады. Бұдан басқа, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін зейнетақы төлемдерін есептеу тәртібі мен оларды алу кестесі де өзгеріске ұшырайды. 

«БЖЗҚ» АҚ қызметі туралы да айтылды. Қазіргі таңда облыста Қордың 8 бөлімшесі – Ақтау қаласындағы филиал және дербес қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді.

 «БЖЗҚ» АҚ Маңғыстау облыстық филиалының бөлім бастығы жиналыс соңында тұрғындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесіне белсенді түрде қатысып, тұрақты негізде зейнетақы жарналарын аударып тұру қажеттігі жайында жан-жақты әңгімелеп берді. Сондай-ақ қаржылық сауаттылығын арттыру мәселелерін және зейнетақы жүйесін жаңғырту  бойынша ақпарат беру мәселелерін шешудің маңыздылығын тағы да атап өтті .    


Ақпараттық ресурстар