Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ АУМАҒЫНДАҒЫ ЖЕР УЧАСКЕСІНІҢ МЕНШІК ИЕЛЕРІ МЕН ЖЕР ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫҢ НАЗАРЫНА!


ҚҰРМЕТТІ, жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар!

- «Мұнайлы аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Сіздерге, жер учаскесін табыстау туралы аудан әкімдігінің қаулысы немесе ауыл, ауылдық округ әкімдерінің шешімі қабылданғаннан кейін, аудандық жер қатынастары бөлімімен екі жақты (жер учаскесін жеке меншікке сату туралы немесе жер учаскесін уақытша өтеулі немесе өтеусіз жалға беру туралы) шарт, сәйкестендіру құжатын (мемлекеттік акт) жасақтау міндетті екендігіңізді ескертеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  26 шілдедегі «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9 тармағына сәйкес, жер учаскесінің құжаттары табысталғаннан кейін 6 ай мерзім ішінде міндетті түрде әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге алынуы тиіс. Аталған мерзім ішінде, меншік иелері немесе жер пайдаланушы әкімшілік құқық бұзушылыққа әкеліп соғатындығын хабарлаймыз.

- Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 65 бабына сәйкес, жер учаскесінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар жерді оның нысаналы мақсатына сай, ал уақытша жер пайдалану кезінде жер учаскесін беру актісіне немесе жалдау шартына сәйкес пайдалануға міндетті.

- Жер учаскесiнiң нақтылы (белгiлi бiр жердегi) шекарасы белгiленгенге дейiн және құқық белгiлейтiн құжаттар (қаулы, шешім, мемлекеттік акт) берiлгенге дейiн жер учаскесiн пайдалануға жол берiлмейдi. Осы норманы сақтамау жер учаскесiн өз бетiнше иеленiп алу деп бағаланады және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылықты көздейдi. Сонымен қатар, белгіленген шекара шегінен тыс жер учаскесін пайдалану жер учаскесін өз бетiнше иелену болып саналады.

- Меншік иесі немесе жер пайдаланушы жер салығын, жер учаскелерiн пайдалану төлемақысын және Қазақстан Республикасының заңдары мен шартта көзделген басқа да төлемдердi уақтылы төлеуге міндетті.

- Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің  49 бабына сәйкес, жер учаскесін жеке меншікке сатып алушы жер учаскесі үшін төлемді сатып алу-сату шартына қоса берілетін және оның ажырамас бөлігі болып табылатын төлем кестесіне сәйкес ай сайын төлеп отыруға міндетті. Егер, жер учаскесi үшiн ай сайынғы төлем төлем кестесінде көрсетілген мерзімінен кешіктірілсе, кешiктiрген әрбiр күн үшiн жер учаскесiнiң төленбеген бағасының  0,1 пайызы мөлшерiнде өсімақы (пения) жүргізіледі.


Ақпараттық ресурстар