Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Аудан тұрғындарының назарына!


Аудан тұрғындарының назарына!

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек халыққа жаңа формата ұсынылады

«Мемлекет басшысының әлеуметтік қолдау бойынша берген бірқатар тапсырмалары азаматтардың әлеуметтік ахуалын жақсарту мақсатындағы шаралардың жалғасы болып табылады. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» шараларын іске асыру аясында 2018 жылдың 1-қаңтарынан бастап қазіргі таңда аз қамтылған азаматтарға төленетін әлеуметтік көмектің үш түрі атаулы әлеуметтік көмек түріне жаңа үлгіде өзгертіледі. Ол отбасының жұмысқа жарамды мүшелерінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді түрде қатысқан жағдайда ғана беріледі.Мемлекет басшысы әлеуметтік қорғаудың атаулы жағын күшейте отырып, оның тетіктерін жетілдіру жөнінде міндет қойды,  яғни әлеуметтік көмек тек қана нақты мұқтаж азаматтарға ұсынылатын болады.

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматы ең алдымен аз қамтылғандарды қолдауға бағытталған. Ал кейбіразаматтарүшінөмірлікқиынжағдайданшығудыңжолынтабудағыынталандыруболады.

«Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік  қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы ҚР Заңы қабылданды (2018 жылдың  1 қаңтарынан бастап күшіне енеді). «Заңда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап әр отбасы мүшесіне шаққанда табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан (бүгінде - 40%) төмен болған жағдайда отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәртібін енгізу көзделген, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек қазіргі кезде қолданыстағы: көпбалалы отбасыларға арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақының (АМЖ), аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына арналған мемлекеттік жәрдемақының (МБЖ)  және аз қамтылған үй шаруашылықтарына бері­летін атаулы әлеуметтік көмектің (АӘК) орнына тағайын­далады.

Көмектің бұл түрі шартты және шартсыз болып екіге бөлінеді.

Шартты ақшалай көмек: жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және қажет болған жағдайда, әлеуметтік бейімдеу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен аз қамтылған адамдарға ай сайынға немесе біржолғы ақшалай төлемдер түрінде көрсетіледі. 

Шартсыз ақшалай көмекті: еңбекке жарамсыз табыс табуға мүмкіндігі жоқ отбасылар мен азаматтардың жекеленген санатары үшін өтініш берілген айдан бастап , ағымдағы тоқсанға  тағайындалады, ай сайын төленеді.

  Атаулы  әлеуметтік көмек туралы ақпаратты алу үшін адам тұрғылықты мекенжайы бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына немесе ауыл және ауылдық округ әкімдіктеріне жүгінуге болады.

Мұнайлы аудандық

 жұмыспен қамту орталығы


Ақпараттық ресурстар