Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

ХАБАРЛАНДЫРУ


ХАБАРЛАНДЫРУ

«Мұнайлы ауданық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығынберу туралы конкурс жариялайды.

Конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

Жер телімінің орналасқан жері (ауылдық айма)

Көлемі, гектар

Жер учаскесінің пайдалану мақсаты

Жалға беру мерзімі

1

Мұнайлы ауданы, «Құйлыс» жерінен

497,68

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

10 жыл

2

Мұнайлы ауданы, «Боржақты» жерінен

100,0

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

10 жыл

3

Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық округі, «ЦБПО» аумағынан

5,0

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

10 жыл

4

Мұнайлы ауданы, «Қызылқұм» жерінен

30,0

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

10 жыл

5

Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылдық округі «Молжігіт» құдығының маңы

50,0

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

10 жыл

6

Мұнайлы ауданы, «Тышқанбай» жерінен

175,0

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

10 жыл

7

Мұнайлы ауданы, «Қызылқұм» жерінен

60,0

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

10 жыл

8

Мұнайлы ауданы, «Тышқанбай» жерінен

175,0

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

10 жыл

9

Мұнайлы ауданы, «Боржақты» жерінен

1000,0

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

10 жыл

10

Мұнайлы ауданы, «Қызылқұм» жерінен

50,0

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

10 жыл

11

Мұнайлы ауданы, Қызылтөбе ауылдық округі «Атамбай» жері

5,0

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

10 жыл

12

Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық округі, «ЦБПО» аумағынан

5,3185

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

10 жыл

13

Мұнайлы ауданы, Батыр ауылдық округі, «ЦБПО» аумағынан

8,2117

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

10 жыл

1. Конкурсқа Қазақстан Республикасының жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар (шетелдіктердің қатысуынсыз) қатыса алады.

2. Конкурстық құжаттама үш өлшемшартты, оның ішінде инвестициялардың көлемі, құрылатын жұмыс орындарының саны, жерді қорғау, оларды  ұтымды және тиімді пайдалану жөніндегі өлшемшартты қамтиды;.

3. қатысушылардың ұсыныстары мәлімделген жер учаскесін пайдалану өлшемшарттары бойынша баллдық бағалау тәртібі қамтылады.

4. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттар табысталу қажет:

1) мәліметтер түрінде жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру туралы конкурсқа қатысуға өтінім;

2) өкілдің өкілеттіліліктерін куәландыратын құжат. Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түп нұсқалар ұсынылады.

Жеке басты куәландыратын құжат, жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді ұйымдастырушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.

Қатысушы  ұсынысты (конкурстық өтінімді) басып шығарады немесе өшірілмейтін сиямен жазады, тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті жеке тұлғалар үшін - қатысушының қолымен, ал заңды тұлға үшін - бірінші басшының (сенім білдірген тұлғаның) қолымен және мөрімен куәландырылған түрде ұсынады.

Қатысушы конкурстық ұсынысты (конкурстық өтінімді) конвертке салып мөрлейді, онда мына деректер көрсетіледі:

атауы және мекен-жайы;

конкурсты ұйымдастырушы және оның мекен-жайы, сондай-ақ «жылғы « »_сағатқа дейін АШУҒА БОЛМАЙДЫ» (нақты уақыты мен күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.

5. Конкурсқа қатысу туралы өтінімдерді қабылдау хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан күннен басталады және 2017 жылғы 22 қыркүйек сағат 15-00 ге (мекен-жайы:Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, қоғамдық ұйымдар ғимарат, 3 қабат, №6 бөлмесінде (кабинет) аяқталады.

6. Конкурсқа қатысушылардың конверттерін ашу және конкурс қорытындыларын шығару жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы 2017 жылы 27 қыркүйекте Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, аудан әкімдігінің ғимаратында өткізіледі.

7. Жер учаскесін пайдаланудың талаптары мен шарттары:

1) жер учаскесінің орналасуы бойынша  салық органына жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлемақының салықтық есептерін (ағымдағы төлемдер сомасының есебін) есептік салық кезеңіндегі ақпан айының 20-нан кешіктірмей тапсыруға;

2) жерді нысаналы мақсатына  сәйкес пайдалану;

3) бекітіліп берілген және оған іргелес аумақтарды  тиісті санитарлық жай-күйінде күтіп ұстау жөнінде  іс-шараларды жүзеге асыруға;

4) санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес, өндірістік технологияларды қолдануға, өздерінің шаруашылық және басқа да қызметтерді жүзеге асыруы нәтижесінде халықтың денсаулығына және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге, санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық, экологиялық жағдайды  нашарлатпауға;

5) Қазақстан Републикасының Жер кодексінің 140 бабында көзделгендей жерді қорғау бойынша іс- шараларды жүзеге асыруға;

6) жер салығын, жер учаскесін пайдаланғаны үшін Қазақстан Републикасының заңнамасында және төлем шартында көзделген басқа да төлемдерді уақытылы  енгізуге;

7) шаруашылық және басқа да қызметтерді жүзеге асыру кезінде құрылыс, экологиялық, санитарлық-гигиеналық және өзге де арнаулы талаптарды (нормалар, ережелер, нормативтерді) сақтауға;

8) Мемлекеттік органдарға Қазақстан Републикасының жер заңнамасында белгіленген жердің жай-күйі және пайдаланылуы туралы  мәліметтерді уақытылы табыстауға;

9)  басқа  да жер пайдаланушылар мен меншік иелерінің құқығын бұзбауға;

10) жердің құнарлы қабатын қайтарымсыз жоғалтып алуды болдырмау қажеттілігінен болған сылып алуды қоспағанда, басқа тұлғаға сату және беру мақсатында жер учаскесін ластау, қоқыстау, нашарлату және  топырақтың құнарлы қабатының жағдайын төмендету, сондай-ақ, топырақтың құнарлы қабатын сылып алуға жол бермеуге;

11) өз меншігі болып табылмайтын, тұтыну және өндіріс қалдықтары анықталған жағдайда,  жергілікті атқарушы органдарға хабарлауға;

13) топырақтың құнарлылығын сақтаудың тәсілдерін, оның ішінде ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің технологиялық картасында қабылдануына сәйкес агротехникалық  операцияларды қолдану тәсілдерін қолдануға;

14) шаруааралық жерге орналастыру жобасына сәйкес, ауыл шаруашылық мақсатындағы жердердің тозуынан топырақты қорғау жөніндегі іс-шараларды орындауға;

15) дәнді дақылдарды ротациясының ғылыми-негіздемелік схемаларын  есепке  ала отырып тұқым себу айналымын сақтауға;

16) кешенді агроөнеркәсіпті дамыту саласында уәкілетті мемлекеттік органмен бекітілген, жайылымның бірлік алаңына ауыл шаруашылығы малдарын жаю ауыртпалығының нормативін сақтауға;

17) Жер кодексінде және қолданыстағы өзге де заңнамалар нормасында көзделген заңдылықтарды бұзуға жол бермеуге;

18) құнарлы қабаттың мелиоративтік жағдайының төмендеуін және құнарлылығын елеулі төмендетуге жол бермеуге.

7. Конкурсқа қатысты барлық сұрақтарға жауаптар мен кеңесті Мұнайлы аудандық жерқатынастары бөлімінен алуға болады.

Мекен-жайы:  Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, қоғамдық ұйымдар ғимарат, 3 қабат, №6 бөлме (кабинет), тел. 8 (7292) 46 61 18,  46 61 30; ұялы телефондар: 8 (702) 927 88 28, 8 (747) 220 0737.


Ақпараттық ресурстар