Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Үкіметтік емес ұйымдар назарына!


Үкіметтік емес ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және жұртшылыққа олар туралы ақпарат беру мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру шеңберінде пайдалану, гранттар ұсыну және сыйлықақылар беру үшін ақпараттар Дерекқоры қалыптастырылуда.

 Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі (ДІАҚМ) Үкіметтік емес ұйымдар Дерекқорын қалыптастыруға жауапты уәкілетті орган болып табылады. Тікелей жұмысты ДІАҚМ-нің Азаматтық қоғам істері комитеті жүргізеді.

  ҮЕҰ өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға жыл сайын 31 наурызға дейін ҮЕҰ өз қызметі туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс болатын.

Осыған орай, қазір шұғыл түрде Дерекқорға мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынған ҮЕҰ-ға әкімшілік жауапкершілік қарастыру жүргізілетін болады. (Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 489-1-бабы).

Пошта арқылы ҮЕҰ Дерекқоры үшін мәліметтерді қайда жолдау керек:

010000, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 15-кіреберіс,  Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитеті.

«Жедел желі» телефондары: 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47.

Сондай-ақ, ҮЕҰ өз сұрақтарын 74-04-28@mail.ru электрондық мекен-жайға жолдай алады.

ҮЕҰ Дерекқорынаесеп беру нысандарын толтыру жөніндегі  Әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар ДІАҚМ сайтында орналасқан (www.din.gov.kz/rus/pravovaya_baza/prikazy).


Ақпараттық ресурстар