Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Көршінің назары» бағдарламасы өз жұмысын бастады!


 Жерлікті полиция қызметінің қалыптасуы және қоғамдық тәртіп пен құқықбұзушылық профилактикасын қамтамасыз ету мақсатында Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімі мен Жергілікті полиция қызметкерлері  «Көршінің назары» атты жаңа бағдарламамен жұмыс жасауды мамыр айынан бастап қолға алды.

 Жаңа басталған жұмыспен аудан тұрғындарын хабардар етіп, аудан тұрғындарын қылмыспен күресуге тарту үшін ауыл, ауылдық округтердегі учаскелік инспекторлар үй-үйді аралап тұрғындарға түсінік жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 700-ге жуық үйді араласа, ауданға қарасты 60-дүкен иелерінің келісімімен дүкендерге арнайы бетшелер ілдірді.

  «Көршінің назары» бағдарламасы арқылы кез-келген аудан тұрғыны  үйлеріне жақын аумақта болып жатқан қылмыстық оқиғаны немесе күдіктілерді байқаған жағдайда «102» немесе 47-55-55 нөміріне хабарласып, қылмыстың алдын алуға мүмкіндік бар. Өзі жайлы еш мәліметсіз орын алған қылмыс немесе күдікті жайында  ақпарат түсірсеңіз, сіз берген ақпарат құпия сақталады. Осылайша полиция қызметкерлерімен тығыз байланыс орнатып, олармен бірге құқықбұзушылықпен күресіп қана қоймай, қылмыстың алдын алып және қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысқаныңыз үшін 10 айлық есеп көрсеткіш мөлшерінде немесе 22690 теңге сыйақы алуға жол ашылады.

  Аудан тыныштығының, қоғамдағы тәртіптің бұзылуына жол бермей, олармен күресіп,  жұдырықтай жұмылып жұмыстансақ ауданымыздың мәдениеті мен мәртебесі асқақ болары анық.

Г.Тасболатова


Ақпараттық ресурстар