Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Хабарландыру!


«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысына сәйкес Мұнайлы ауданы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық іріктеу кезеңіне 2017 жылдың сәуір айында құжаттар қабылданатындығын хабарланады.

1.Аудандық әкімдігі ғимаратының 2 қабатында орналасқан «Мұнайлы аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қатысуға ниет білдірген отбасы төмендегі құжаттарды тапсырады:

Конкурсқа қатысуға өтінім (осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша) аудандық (қалалық) комиссияға жыл сайын конкурстың басталғаны туралы көпшілікке жариялаған күннен бастап бір ай ішінде мынадай құжаттармен бірге беріледі: 

1) ата-аналардың  (қорғаншылардың,  қамқоршылардың)  жеке  басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап  алушы  (қорғаншы)  отбасылар  үшін  –  жергілікті  уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

4)  ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі – бар болса; 

5) балаларды  тәрбиелегені  үшін  алған  көтермелеулердің,  белгілі  бір жетістіктері үшін алған көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) балалардың,  ата-аналардың  (қорғаншылардың,  қамқоршылардың) жұмыс (оқу) орнынан анықтамалар және мінездемелер;

7) ұсынымдар (әріптестерінің, көршілерінің, достарының);

8) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері.

2. Құжаттарды көрсетілген мерзімнен кейін ұсынған үміткерлер іріктеу кезеңіне қатысуға жіберілмейді.

3. Ұсынылған құжаттар қайтарылмайды.

Байланыс нөмерлері: 46-52-43; 46-62-28.


Ақпараттық ресурстар