Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашық есік күні өтті


Алматы, Қазақстан

2017 жылғы 31 наурыз - жұма күні Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (Зейнетақы қоры) барлық филиалдарында «Зейнетақы жүйесі қалай құрылды» деген тақырыпта ашық есік күні өтті.

Филиал директоры Кибасова Жанар Майрамбаевна өзінің алғы сөзіндеАшық есік күні деген сөздің тек іс-шараның атауы ғана екенін, ал Зейнетақы қорының есігі барлық азаматтарымыз үшін әр уақытта ашық екенін айтып өтті.

Бөлімше басшысы: «Біз зейнетақы жүйесі кез-келген азаматқа түсінікті болу үшін тынбай еңбек етіп жатырмыз. Біз еліміздегі азаматтарымыздың мектеп қабырғасынан-ақ зейнетақының не екенін жақсы біліп, қартайған шағында қамсыз өмір сүру мәселесін де жетік меңгергенін қалаймыз», - деп түсіндірді.  

Ашық есік күні бағдарламасы өте жақсы өтті. Келген қонақтарға «Зейнетақы жүйесі қалай құрылды» деген тақырыпта тұсаукесер ұсынылып, зейнетақы жүйесінің үш құрамдауышы туралы жан-жақты түсіндірілді.

Келген қонақтар Зейнетақы қорының ерекшелігі туралы бейнероликті тамашалай отырып, зейнетақы активтері бір жерге топтастырылғаннан кейін комиссиялық  жарна деңгейінің бұрынғы жеке қорлар өндіріп алған жарналармен салыстырғанда екі есе азайғанын, әкімшілік шығыстардың қысқарғанын, инвестициялық саясат басқармасында үлестес тұлғалармен қасақана зиянды мәмілелер жасау тәуекелінің жойылғанын білді.  

Бейнеролик аяқталған соң, қонақтар www.enpf.kz сайтындағы «зейнетақы калькуляторы» арқылы болашақта алатын зейнетақы мөлшерін анықтау үшін интерактивтік «шеберлік сағатынан» өтті. Қонақтардың көп болуына қарамастан, бөлімше штат түзімінде жұмыс істеп, салымшылар мен алушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсетті.  

Ашық есік күніне келген салымшылардың бірі Ашық есік күндерін жиі өткізіп тұрған дұрыс» деп айтады. Ол: «Бағдарлама өте қызықты өтті. Танымдық сипаттары да молынан көрсетілді, мен көп нәрсе үйрендім. Енді зейнетке шыққанда қанша ақша алатынымды, зейнетақының тек біреу ғана емес екенін білдім, көптеген басқа да мәліметтерден хабардар болдым. Мені осы шараға  шақырғандарыңыз үшін көп-көп рахмет, келесі жолы тағы да келемін», - дейді.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есік күнін әрдайым өткізуді жоспарлап отыр. Себебі дәл осы күні кез-келген азамат Қордың стандартты қызметтерінің топтамасына қол жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге зейнетақы жүйесі туралы, оған қоса, Қордың жалпы қызметі жайында жаңа мәліметтер алатын болады.

Бірыңғай жинақиаушы зейнетақы қоры 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. Зейнетақы қорының құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. Қордың зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес Қор міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін жүргізуді, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ Баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыс дерегі: press@enpf.kz

 


Ақпараттық ресурстар