Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мұнайлы аудандық бюджетінің 2017 жылдың 1 қаңтар жағдайына орындалысы бойынша


   1. КІРІСТЕР

Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы №40/439 «2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес, аудандық бюджеттің кірістер бөлігі 11 070,3 млн. теңге көлемінде бекітіліп, есепті кезең ішінде 4 рет нақтыланып және 2 рет түзетулер енгізу жүргізілді. Кірістер бөлігінің  2016 жылдың 1 қаңтар жағдайына жоспары 16 597,2 млн. теңге, оның кассалық орындалысы 16 176,1 млн теңге, немесе 97,5% пайыз.

Салықтық түсімдер бойынша жоспардағы  3 917,5 млн.теңгенің орындалысы 3 989,3 млн. теңге. Артық орындалуы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына сыйақы беруіне байланысты. 

  Салықтық емес түсімдер бойынша жоспардағы 30,9 млн. теңгенің орындалысы 32,1 млн. теңге.

  Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша есепті кезеңге  206,4 млн. теңге салықтар жиналды. Түсімдердің артық орындалуы жер учаскелерін жеке меншікке бөліп алған жеке және заңды тұлғалар, яғни жер пайдаланушылардың уақыты нан бұрын төлем жүргізілуімен және 2016 жылы «Мұнайлы аудандық жер бөлімі» ММ тарапынан Жер Кодексінің 48 бабына сәйкес кәсіпкерлік нысандағы жерлерді жеке меншікке аукцион арқылы жер сатуына байланысты.

 

2. Шығындар

Шығыстар бөлігі 11 070,3 млн. теңге көлемінде бекітілді. Оның ішінде, облыстық бюджет есебінен 206,7 млн. теңге субвенция бөлінген болатын. Есепті кезең ішінде аудан бюджетінің (2017 жылдың 1 қаңтар жағдайына бос қалдықты қоса есептегенде) шығыстар бөлігі 16 597,2 млн. теңге көлеміне жетті. Соның ішінде, даму бюджеті  4 728,6 млн. теңге. Облыстық және республикалық бюджет есебінен бөлінген ағымдағы нысаналы трансферттердің жалпы сомасы 4 555,3  млн. теңге болса, сонымен бірге ауылдық жерлерге жұмысқа келген әлеуметтік сала мамандары тұрғын үй сатып алуға 365,8 млн. теңге бюджеттік несие бөлінді.

Аудан бойынша 2017 жылдың 1 қаңтар жағдайына жоспарланған 16 597,2 млн. теңге, оның кассалық орындалысы 16 164,1 млн. теңге (МБ- 7 542,1 млн. тенге,  РБ- 8 621,9 млн. тенге) немесе 97,4% құрады. Жете игерілмеу сомасы 433,1 млн. теңге республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер мен жергілікті бюджеттің даму бюджеті мен ағымдағы шығындар есебінен болып табылады.

Республикалық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша  орындалысы – 8 621,9 млн. теңге (Жоспар- 8 751,2 млн. теңге) (98,5%), соның ішінде: ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша – 98%,  даму бюджеті – 98,2% және бюджеттік кредиттер бойынша – 99,8% құрайды.


Ақпараттық ресурстар