Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мұнайлы ауданы әкімінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі арнайы комиссияның 2016 жылғы атқарған жұмыстары және алға қойған міндеттері туралы қорытынды ақпарат


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес профилактикасының тиімділігін арттыру мақсатында аудан әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі арнайы  комиссия жұмыс жасайды.

Комиссия жоспары бойынша 2016 жылдың 4 тоқсанында білім, тұрғын-үй, құрылыс, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде заң бұзушылықтардың алдын алу, бюджет қаражатының игерілуі, сыбайлас жемқорлық жасауға мүмкіндік туғызушы құқықтық актілері және нормалары арасында қайшылықтар, олқылықтар, коллизияларды жою мәселелері бойынша аудан әкімдігінің қолданыстағы құқықтық актілеріне құқықтық мониторинг жүргізу туралы және комиссияның 2017 жылға арналған жоспарын бекіту туралы мәселелер қаралды.

Отырыстардың қорытындысы бойынша 12 хаттамалық тапсырма беріліп тиісті шаралар алынды:

Атап айтқанда:

-  жастар ұйымдарын тарта отырып және оқу бағдарламаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс жоспары бекітілді;

-  білім беру ұйымдарындағы қаржылық операцияларының бекітілген қаржы жоспарына сәйкес жүргізілуін және бюджет қаражатының тиімді игерілуін аудандық білім бөлімінің қатаң бақылауына алынды;

-  II тоқсанда облыстық қаржы бақылау инспекциясы, мемлекеттік кірістер, қазынашылық департаменттерінің мамандарын қатыстыра отырып, аудандағы мемлекеттік мекемелердің бірінші басшылары мен бас есепшілеріне (жауапты мамандарына) қаржы құжаттарын (операцияларын) жүргізуді түсіндіру бағытында семинар-тренинг ұйымдастырылды;

-  Ауыл мен ауылдық округ әкімдері мен мемлекеттік мекеме басшыларының сенім телефондары аудан әкімдігінің ресми-интернет ресурсында орналастырылды;

-  ауданның мемлекеттік ұйымдарының жауапты мамандары мен басшылары мемлекеттік сатып алу заңнамаларына өзгерістер бойынша ақылы семинарларға қатысты;

-  мемлекеттік кірістер органдарында және кәсіпкерлер ретінде тіркелмеген, ресми еңбек қатынастарын рәсімдемеген жалға алушы жеке тұлғаларға алаңдарды беру бойынша ауыл әкімдері және кәсіпкерлік бөлімімен бақылау жүргізілуде;

-  аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық қаулылары, аудан, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық шешімдеріне уақытылы мониторинг жүргізілуде және тоқсан сайын әділет департаментіне ұсынылып келеді;

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Маңғыстау облысының 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша арнайы тарау ашылып ақпараттар орналастырылған.

Мұнайлы ауданы әкімдігінде жүргізілетін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың, үй алған және тізімнен шығарылған азаматтардың тізімдері, заң талаптарына сәйкес жыл сайынғы түгендеу жұмыстарының қортындысы «Мұнайлы» газетінің 08.04.2016 жылғы №19-20 санында және Мұнайлы ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Қажеттілігіне қарай кезектерде орын алған өзгерістерге байланысты тізімдер жүйелі түрде заңмен белгіленген мерзім ішінде жарияланып келеді.

Сондай-ақ, Мұнайлы ауданының 2015 жылғы аумақтарды дамыту бағдарламасының есебі және аудандық бюджетінің 2015 жылғы кірістер мен шығындар есебі аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсына жарияланды.

Жоспар бойынша өткізілген «Өзіңнен баста» акциясына орай, мемлекеттік мекеме басшыларының табысы мен мүлкіне қатысты толық ақпарат ағымдағы жылдың II тоқсанында «Мұнайлы» газетіне жарияланды.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытындағы құқықтық түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Бұл орайда арнайы медиа-жоспар жасақталып, әр сала бойынша атқарылған жұмыстарға ақпараттық қолдау көрсету мақсатында аудандық «Мұнайлы» газетінде тұрақты айдар ашылған. 

Комиссияның 2016 жылға арналған жоспарына сәйкес баспасөз басылымдары мен аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылған ақпараттық материалдардың сапасы мен толықтығына, мемлекеттік қызметшілерге қатысты жарияланған сыни мақалаларға үнемі мониторинг жүргізіліп отырады.

  Жыл басынан бері аудан әкімдігіне қарасты мемлекеттік органдарда қызмет атқаратын қызметшілерге қатысты сыни мақалалар жарияланған жоқ. 

  Лауазым иелерінің құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне қатысты жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдары мен хабарламалары 46-62-01 және 46-62-34 сенім телефондары мен аудан әкімдігінің ғимаратына қойылған арнайы жәшік арқылы қабылданады. (Қазіргі таңда сенім телефондары мен арнайы жәшік арқылы арыз-шағымдар мен хабарламалар түскен жоқ).

  Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыружәне қоғамда сыбайлас жемқорлыққа мәдениеттің деңгейін қалыптастыру бағытында  ауданда алдағы уақытта да жұмыстар жалғасын табады және үнемі бақылауда болады.


Ақпараттық ресурстар