Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Құрылыс


Мұнайлы ауданы аумағындағы 2016 жылғы құрылыс объектілерінің жәй-күйі туралы ақпарат.

«Мұнайлы аудандық құрылыс бөлімі» ММ-сі, 2016 жылғы құрылыстың жай күйін баяндайды.

Қазіргі таңда «Мұнайлы ауданы, Батыр ауыл аймағында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы.Электрмен жабдықтау 0,4 кВ» нысаны 2014 жылы конкурс өткізіліп жеңімпазы "Айком LTD" ЖШС-мен құрылыс жұмыстары басталған болатын.  Нысанның жалпы құны - 1 601 555 546,6 теңгені құрайды. Оның ішінде 2014 жылы - 770 419522,0 теңге, 2015 жылы 411630679,0 теңге, ал 2016 жылы - 412471975,0 теңге қаражат бөлініп игерілген болатын, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, ағымдағы жылдың қыркүйек айының 16 да қабылдау комиссиясының акті негізінде қабылданып, қолданысқа берілді.

«Маңғыстау селосының тұрғын массивтерін сумен жабдықтау желілерін салу. Маңғыстау-1 тұрғын массивін сумен жабдықтау» нысанының жалпы құны -167 182 883,3 теңгені құрайды. 2015 жылы - 40 000 442,0 теңге қаражат бөлініп, бас мердігер  "Нұр-Жол Құрылыс ЖШС-мен құрылыс құрастыру жұмыстары басталған болатын. 2016 жылы жалпы құны - 127 182 441,3 теңге бөлініп және игеріліп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, ағымдағы жылдың сәуір айының 15 де қабылдау комиссиясының акті негізінде қабылданып, қолданысқа берілді.

«Мұнайлы ауданы, Атамекен селосы аймағындағы тұрғын массивтерін электр энергиясымен жабдықтау жүйелерін қайта құрылымдау» нысанының жалпы құны - 316 369 665,7 теңгені құрайды. Бас мердігер "Бейнеу Газ" ЖШС-мен 2016 жылы қаражат бөлініп, толығымен игеріліп құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың  қыркүйек айының 26 да қабылдау комиссиясының акті негізінде қабылданып, қолданысқа берілді.

 «Мұнайлы ауданы,Батыр ауылы, «Емір» ықшамауданында 20 төрт тұрғын үй құрылысы» 2 кезек нысанының инженерлік желілерін жүргізуге бөлінген қаражаттың жалпы құны - 262 250 527,8 теңгені құрайды. Бас мердігер "Айком LTD" ЖШС-гі. 2016 жылға  бөлінген - 244 799 000 теңге қаражат толығымен игеріліп қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жалғасын табуда. Нысан 2017 жылға өтпелі (переходящий) және 13 600 294 теңге қаражат қаралуда.

«Маңғыстау селосындағы көлік тұрағы және вокзал маңындағы аумақты қайта құрылымдау ұлғайту және абаттандыру» нысанының жалпы құны - 73 344 465,6 теңгені құрайды. Бас мердігер "СИКО" ЖШС-мен көктемгі маусымда құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстар толығымен аяқталып, қаражаты игеріліп ағымдағы жылдың қыркүйек айының 7 де қабылдау комиссиясының акті негізінде қабылданып, қолданысқа берілді.

«Баянды селосындағы қатты-тұрмыстық қалдықтар көму полигоны құрылысы» 2 кезек нысанның жалпы құны - 707 697 981,35 теңгені құрайды. Бас мердігер "Desing School" ЖШС-гі,  2015 жылы- 259 642 000,00 теңге бөлініп құрылыс жұмыстары басталған болатын,  2016 жылға - 100 000 000,00 теңге бөлініп, қазіргі таңда бөлінген қаражат толығымен игеріліп, 2017 жылға толығымен аяқтап қолданысқа беру жоспарлануда.

2016 жылдың екінші жартысында мемлекеттік сатып алу заңымен өткізілген конкурстар.

Оның ішінде:

«Мұнайлы ауданының, Батыр селолық, округінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым салуға жайғастыру құрылысының жобасы. Сыртқы сумен жабдықтау. 1 кезек» нысаны,жалпы құны - 737 026 057,6 теңге, бас мердігер "Альянс LTD" ЖШС-гі, 2016 жылға бөлінген сомма 331 000 000 теңге.

«Мұнайлы ауданының, Батыр селолық, округінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым салуға жайғастыру құрылысы. Сыртқы сумен жабдықтау. 2 кезек» нысанының жалпы құны - 902 173 518,4 теңге, бас мердігер "Альянс LTD" ЖШС-гі 2016 жылға 401 000 000 теңге.

«Атамекен тұрғын массивтерін сумен жабдықтау желілерінің құрылыс» нысанының жалпы құны - 1 538 335 993,6 теңге, бас мердігер "Нұр-Жол Құрылыс" ЖШС-гі, 2016 жылға жылға бөлінген сомма 401 000 000 теңге.

 «Баянды-3 тұрғын үй массивін сумен жабдықтау желілерін салу» нысаны,жалпы құны - 511 887 017,6 теңге, бас мердігер "Альянс LTD" ЖШС-гі, 2016 жылға бөлінген сомма 219 195 000 теңге.

«Мұнайлы ауданы, Батыр ауылының "Емір" ықшамауданында 40 төрт бөлмелі тұрғын үй салу. 2 кезек инженерлік желілері» нысаны жалпы құны - 651 157 008 теңгені құрайды, Бас мердігер мекеме жеке кәсіпкер (ИП) "Нурбосинов", 2016 жылға бөлінген сомма 608 968 000 теңге.

«Мұнайлы ауданының, Маңғыстау селосында төрт қабатты 24 пәтерлі екі жалгерлік үйдің құрылысы (жайлылығы 4-деңгейлі топтағы)» нысандардың жалпы құны –331 851 520 теңгені құрайды (1 үйлің құны 165 925 760 теңге), конкурс жеңімпазы "АС-Құрылыс" ЖШС-гі 2016 жылға бөлінген қаражат соммасы 199 354 557 теңге.

«Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылындағы 4 қабатты 24 пәтерлік он жалгерлік үйдің құрылыс» нысаны, жалпы құны 1 300 876 469 теңгені құрайды. конкурс жеңімпаздары «Ғимарат 01» ЖШС-де (1 тұрғын үй құрылысы),«Фирма Жак-Жал» ЖШС-де (4 тұрғын үй құрылысы), «Измукшир строй стандарт» ЖШС-де (1 тұрғын үй құрылысы), СУ «УНДУЗ» ЖШС-де (2 тұрғын үй құрылысы), «АЛЬЯНС СТРОЙ ЛТД-R» ЖШС-де (1 тұрғын үй құрылысы), «МАКС-КМ» ЖШС-де (1 тұрғын үй құрылысы) 2016 жылға бөлінген соммасы 999 817 108 теңге.

Жоғарыда аталған құрылыс нысандары 2017 жылға өтпелі нысан болып табылады, қазіргі таңда барлық нысандардың 2016 жылға қаралған қаражаттары толықтай игеріліп, құрылыс құрастыру жұмыстары жүргізілуде.

«Маңғыстау селосында жаңа орамдардағы №1,2 телімдеріне сумен жабдықтау желілерін салу» құрылыс нысанының жалпы құны - 185 565 363 теңге, оның ішінде 2016 жылға - 167 993 000 теңге, ал 2017 жылға - 17 572 363 теңге қаралған. Бас мердігер "Өркен-1" ЖШС-гі мемлекеттік сатып алу заңымен конкурс өткізілу кезінде 50 269 363 теңгеге жеңілдік беріп түсіп кеткен болатын, Конкурс процедуралары бітіп, 01.10.2016 жылы жұмыстары толығымен басталды. Бірақ, бағаны көп түсіп кетуіне байланысты 2017 жылға бөлінген қаражат үнемделіп, қысқарып қалды. Алайда, мемсараптама қорытындысында көрсетілген құрылыс-монтаждау жұмысының уақыты тиісінше берілген 6 ай болғанымен,  игерілетін қаражаты тек қана 2016 жылдың 2 айына қаралды. Осыған орай, қысқы мерзімдегі ауа-райы шарттары және уақыттың тығыздылығы құрылыс жұмыстарын толықтай бітіруге және бөлінген қаражатты игеруге құрылысшылардың мүмкіндігі болмай 16 792 270 теңге игерілмей қалды. Туындалған қиындықтарға қарамастан құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасын табуда және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында қабылдау комиссиясының акті негізінде қабылданып, қолданысқа берілетін болады.

 «Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылында көп қабатты тұрғын үйлер құрылысы және толық жоспарлау жобасының» жалпы құны - 717 095 960,0 теңгені құрайды. Конкурс жеңімпазы "Талап Мангистау" ЖШС-гі, құрылыс нысанына 2014 жылы 70 070 160,0 теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары басталған болатын. 2015 жылы - 205 490 161,0 теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жалғасын тапты, ал 2016 жылы тұрғын үй құрылыстары басталып кетуіне байланысты, құрылыс материалдарымен (плита, тас, топырақ) және арнайы техникалар (кран, эксковатор) абаттандыру, көгалдандыру құрылыс жұмыстарын жасақтайтын аумағында көбейіп кеткені егжей-тегжейлі жоспарлау жұмыстарын жасақтауға кедергі тудырды. Осыған орай, асфальт, брусчатка, көгалдандыру және абаттандыру құрылыс жұмыстарын жасақтауға мердігер мекеменің ("Талап Мангистау") мүмкіндігі болмады. Бірақ қиындықтарға қарамастан сыртқы электр желісін және сыртқы газ құбырын 12 тұрғын үйге тартып берді. Алайда, 2017 жылға бөлінген - 432 144 439,0 теңге қаражаттан 41 247 133 теңге игерілмей қалды. Бірақ, жұмыстар жалғасын табуда және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында нысанды қабылдау комиссиясының акті негізінде қабылдау жобалануда.


Ақпараттық ресурстар