Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Ветеринария


Мұнайлы ауданы аумақтарында ветеринариялық-санитарлық салауаттығын қамтамасыз ету, жануарлар ауруларының алдын-алу және сауықтыру, мал мен адамға ортақ аурулардан халықты қорғауды ұйымдастыру, аса-қауіпті аурудың сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы бойынша іс-шараларды жүргізеді. Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды, ауыл шаруашылық малдарын бірдейлендіру және бірдейлендіру жөніндегі дерек қордың жүргізілуін ұйымдастырады. Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмысы өзекті жұмыс болып табылады.Бұл жұмыс қазіргі таңда үкімет басшысының бақылауында.Сол себепті жыл сайын бірдейлендіру жұмысына жоспар жасап,соның орындалысына қатты көңіл бөліп отырамыз. Осы жұмысқа тұрғындардың да мән беріп,ветстанция қызметкерлеріне үнемі көмектесіп отыруын сұраймыз.

«ҚР-дағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы  23 қаңтарындағы және «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурызындағы КР-ның заңдарына сәйкес аудан әкімдігінің 15.08.2014 жылғы №273-қ қаулысымен «Мұнайлы аудандық ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып, 2015 жылы 20 қаңтарда қайта ұйымдастырылды. 7 селолық округтен ветеринариялық пункттер  ашылып, Республикалық бюджеттен мемлекеттік ветеринариялық станцияларды материалдық-техникалық жарақтандыру арқылы құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Аудан аумағындағы елді мекендерде ит аулау күндерінің кестесі жасалынып, 6 бригада түгелдей жұмылдырылып, нәтижесінде 2016 жылы 6350 бас ауланып жойылды.

Аудан әкімінің ақпараттық кеңесінде берілген тапсырмаларға сәйкес, аудан көлеміндегі 12 мектепте жиын өткізіліп, үй жануарлары оның ішінде итті ұстау ережелері таныстырылып ит арқылы тарайтын жұқпалы аурулар жөнінде түсінік жұмыстары жүргізілді.

Аудандық газет арқылы иттерді бақылауда ұстау, итте кездесетін жұқпалы аурулар жөніндегі хабарландырулар, «Маңғыстау облыстық мәслихатының 23.06.2015 жылғы Мұнайлы ауданының елді мекендері аумағында иттер мен мысықтарды ұстау және серуендету қағидасы туралы» №26/405 шешімімен бекітілген жалпы ережелер тұрғындар назарына берілді.

  2016 жылға арналған жануарлардың аса-қауіпті ауруларының диагностикалық, ветеринариялық іс-шаралары жоспар бойынша 100%  орындалды. Аудан бойынша бірде-бір жұқпалы ауру тіркелген жоқ. Осының бәрі сайып келгенде аудандағы ветеринариялық станция қызметкерлерінің еңбегі екені даусыз.

2016 жылдың 1 наурыз айынан бастап 19 795 бас ұсақ мүйізді  малдан, 1641 бас ірі қара малдан, 28 бас жылқыдан, 2131 бас түйе малдарны бруцеллез, туберкулез  ауруына қарсы тексеруден өткізіліп аса – қауіпті ауруларға қарсы

1.  Құтыру

1.1.  Ірі қара-467 бас

1.2.  Ұсақ мал- 1677 бас

1.3.  Ит -831 бас

1.4.  Мысық-150 бас

2.  Пастереллез:Ұсақ мал- 1226 бас

3.  Сібір жарасы

3.1.   Ірі қара-939 бас

3.2.  Ұсақ мал- 18208 бас

3.3.  Жылқы- 3 334 бас

3.4Түйе-3 487 бас

4.  Оспа ( күл): Ұсақ мал-18208 бас

5.  Чума (оба): Түйе-3200 бас

6.  Сап (маңқа) : Жылқы-1250 бас

7.  Эхинококкоз: - 2 150 бас

8.  Жоғары патогенді құс тумауы: Құс -12812 бас

9.  Эмкар (қарасан): Ірі қара- 939бас

10.  Туберкулез :

10.1.  Ірі қара-939 бас

10.2.  Түйе-3 487бас

11.  Брадзат (өттеме ): Ұсақ мал- 10080 бас ауруларына қарсы егілді.

Ауыл шаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмыстары жоспар бойынша 8600 бас қой, 1135 бас түйе, 530 бас ірі қара, 920 бас  жылқы  малы  бірдейлендіріліп  дерек қорға  енгізілді.

Қазіргі таңда  ветеринариялық жұмыстарды атқаруға және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық мүмкіндігіміз бар.


Ақпараттық ресурстар