Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2016 жылда атқарылған жұмыстар бойынша ЕСЕП


«Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Мұнайлы ауданы әкімінің 2015 жылғы 10 наурызындағы  № 48-қ қаулысына сәйкес «Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып бөлініп, Мұнайлы ауданы Әділет басқармасына мамыр айында тіркелген болатын.

  Мұнайлы ауданы бойынша жеті ауылдық округтердің бас жоспары  Мұнайлы ауданы маслихатының 2013 жылғы 19 қарашадағы №16/164 шешімімен Мұнайлы ауданының Батыр ауылдық округінің, 2015 жылғы 10 сәуірдегі №31/328 шешімімен Маңғыстау ауылы, Қызылтөбе, Дәулет, Басқұдық, Атамекен ауылдық округтерінің және 2015 жылғы  11 желтоқсандағы №39/422 шешімімен Баянды ауылының Бас жоспарлары жасақталып, бекітілді.

  Өткен жылы яғни 2015 жылы бөлімде бес (5) мемлекеттік қызмет стандартқа сәйкес 2652 қызмет көрсетілді.

2016 жылдан бастап стандартқа сәйкес, 6 (алты) мемлекеттік қызмет көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.

Қызмет көрсету облыстық басқармалар, аудандық, қалалық және ауылдық аймақтар әкімшіліктері дәрежесінде жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет алу бойынша азаматтардың құқықтарын қорғау үшін, мемлекеттік мекемелермен мемлекеттік қызмет бойынша стандарт пен регламент бекітіледі және қызмет көрсету кезінде сол стандартқа сәйкес қызмет көрсетулері қажет.

«Мұнайлы аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, белгілі стандартқа сәйкес 2016 жылдың басынан осы күнге дейін   6 (алты) мемлекеттік қызмет бойынша 6653 қызмет көрсетілген.

Алты қызметті атап айтқанда, олар:

1.   «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру;

2.   Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (АПЗ);

3.   Жарнама орнату:

4.  Жылжымайтын мүлік объектілерінің мекен-жайын анықтау;

5.  «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимраттардың үй-жайларын реконструкциялауға рұқсат беру»

6.  Нобайлық (Эскиздік) жобаны бекіту.

  Қазіргі таңда бөлімде екі (2) бас маман, бес (5) нұсқаушы осы мемлекеттік қызметтермен жұмылдыра жұмыс жасауда.

  Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №270 бұйрығы бойынша  «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызмет бойынша бас жоспарға сәйкес, барлығы -1357 өтініш тіркелген.

Атап айта кететін болсақ:

  Электір желілерін, газ құбырларын және ауыз су, кәріз су жүргізу үшін Дәліз (коридор) сұрап жазған – 161 арыз иесіне қызмет көрсетілген болатын, соның ішінде – 15  қызмет  бас тартылды, ал қалған – 146  арыз  оң шешімін тапты. Үй жанынан өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, кеңейтуге,  көгалдандыру абаттандыру үшін және кірме-шықпа жол құрылысын салу үшін сұрап жазған арыз бойынша – 1196  қызмет, соның ішінде –719 арыз қанағаттандырылып, 477 қызмет бас тартылды.

  Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Жер кодексінің 49-1 бабына сәйкес, нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі қызметі бойынша 459 арыз келіп түскен, соның ішінде – 59 арыз бас жоспарға сәйкес келмеуіне байланысты бас тартылып, ал 400 арызды бас жоспар мен сәйкестендіріліп «Мұнайлы ауданы аумағынан жер учаскелерін бөлу, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту және өзге де жер қатынастары мәселелерін қарау жөніндегі» комиссия отырысында қарауға «Мұнайлы аудандық жер қатынастар бөлімі» мемлекет мекемесіне жолданған болатын.

   Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 17 наурыздағы №137 бұйрығына сәйкес, осы жылдан бастап «Нобайлық жобаны яғни эскиздік жобаны келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін стандарты енгізіліп, және де Маңғыстау облысының сәулет және қала құрылысы басқармасынан 2016 жылы сәуіріндегі хатын басшылыққа ала отырып, «Эскиздік жобаны келісу» бойынша – 24 өтініш тіркеліп келісілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығына сәйкес, «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» (АПЗ) қызметі бойынша – 104 арыз тіркеліп, сәулет-жоспарлау тапсырмасы жасақталды.  

2016 жылғы 21 қаңтардағы №237 бұйрығына сәйкес, «Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй-жайларын реконструкциялауға рұқсат беру» қызметі бойынша арыз келіп түспеді.

 2015 жылғы 27 наурыздағы №257 бұйрығының 1 қосымшасына сәйкес, «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау жөнінде анықтама беру» қызметі бойынша – 4705 ғимараттарға  мекенжай анықтамасы берілді.

Елді мекендерде жарнама орнатуға жыл басынан бері – 4 жарнама орнатуға арыз тіркелді.

  Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өзбетінше яғни, ғимаратты қабылдау комиссиясының актісі (акт ввода) жыл басынан бері күні бүгінге дейін - 70000 м² ғимараттар қабылданды.

  Мұнайлы ауданына қарасты газ, су құбыларын және инженерлік жүйелерін жүргізуге қазба жұмыстарына (ордер) рұқсат алуға жыл басынан бері- 40 арыз тіркелді. 

  Ағымдағы жылдың 23 мамыр мен 23 маусым айлар аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша Департаменті ҚР Мемлекеттік қызмет істер министрінің 2016 жылғы 15 наурыздағы №57 бұйрығын орындау мақсатында ішінара тексеру жүргізілді. Тексеру барысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көрсетілуі бойынша кемшіліктер анықталып, аталған кемшіліктерге шара қолданып, мұндай кемшіліктердің болмауын қадағалаймыз.

  Алдағы уақытта Қазақстан Республикасының Заңнамаларын және құқықтық актілерін сақтау үшін мекеме қызметкерлерімен бірлесіп ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізу;

  Қызметкерлердің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерін уақытылы бекітілуін жолға қою;

  Әрбір кеңесте тексеру кезіндегі кемшліктерді және туындаған мәселелерді қарап, талқылап кемшіліктерді болдырмау;

2017 жылы атқарылатын жұмыстар:

-  Аталған мемлекеттік қызметтердің 2015 жылға қарағанда 2016 жылы көп түсуіне байланысты кадастрлық базасын орнату мәселесін шешуге және кадастрлық базаға бас маман лауазымына штат беруіңізді сұраймын.

-  Заңсыз құрылыстар жұмыстарын тексеріп Маңғыстау облысы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына (ГАСК) құжаттарды жіберу;


Ақпараттық ресурстар