Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2016 жылбарысында атқарған жұмыстары жөнінде АҚПАРАТ


Қысқаша сипаттама: «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы аясында аудан тұрғындарын әлеуметтік қорғау, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен отбасы мүшелерін әлеуметтік  қамсыздандыру шараларын ұйымдастырады. Қазіргі таңда Бөлімде әртүрлі салалар бойынша барлығы 39 қызметкер еңбек етеді.

2016 жылбойынша аз қамтылған отбасылар мен нысаналы топтарға мемлекет тарапынан оларға тиесілі төмендегі кестеге сәйкес әлеуметтік төлемдер төленді. Оның ішінде:

р/н

Төлем негіздемесі

Төлем мерзімі

Жәрдемақы алушылар саны

Төлем сомасы

(мың теңгемен)

2016 ж. 12 ай

1

Наурыз мерекесі

Барлық топтағы мүгедектер

22 наурыз

3367

35707,0

Алтын алқа, Күміс алқа

2057

8725,8

2

ЧАЭС

мүгедектер

26 сәуір

5

636,3

86-87 жж. қатысушы

9

954,5

88-89 жж. мүгедек, қатысушы

3

127,3

3

Халықтар бірлігі күні

Барлық топтағы мүгедектер

1 мамыр

3433

36407,0

4

9 мамырда, оның ішінде  Жеңіс күніне, Ауған соғысына қатысушылар мен Семей ядролық полигонынан зардап шеккендерге арналған  біржолғы төлемақы

Қатысушылар мен мүгедектер

9 мамыр

3

636,3

ҰОС және Ауған соғысы мүгедектеріне теңестірілгендерге материалдық көмек

187

19895

Тыл еңбегі үшін марапатталғандар

81

6872,0

Жеңістің 65-жылына марапатталғандар, ҰОС қайтыс болғандардың жесірлеріне

9

763,6

Бейбіт кезеңде қайтыс болған соғыс батырлары отбасыларына материалдық көмек

5

424,2

Семей ядролық полигоны сынағынан зардап шегушілер

38

760,0

5

Балаларды қорғау күні

16 жасқа дейінгі мүгедек балалар

1 маусым

719

7625,0

6

Конституция күні

Барлық топтағы мүгедек

30 тамыз

3493

37043,3

Асыраушысынан айырылған балалар

1502

25485,9

7

Қарттар күні

70 жастан асқан зейнеткерлер

1 қазан

1505

6384,2

8

Мүгедектер күні

Барлық топтағы мүгедектер

6 қазан

3528

37414,4

9

ЖОО оқитын студенттер

жол жүруге

ай сайын

74

8271,8

оқу ақысы

қыркүйек

58

29238,7

10

Тәуелсіздік күні

Барлық топтағы мүгедектер

16 желтоқсан

3639

38591,6

11

Мед. диспансер емделушілері

Онколог., туб., және т.б. емдеу орынд. шыққандар

соңғы 6 ай көлемінде

98

4666,1

БАРЛЫҒЫ

306630,0

Аудан тұрғындарын, сонымен қатар оның ішінде нысаналы топтарды жұмыспен қамту жөнінде аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 2016 жылы барлығы 2194 адамаралығында ақылы қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орындары және жастар іс-тәжірибесі арқылы жұмыспен қамту мәселелері бойынша төмендегі кестелерге сәйкес бірқатар шаралар ұйымдастырды.

р/н

Атауы

Мерзімі

2016

жоспар

орындалуы

айырмасы (+/-)

1

Тұрақты жұмысқа жолданғандар

1000

1012

+12

2

Әлеуметтік жұмыс орындары

180

435

+ 255

3

Жастар тәжірибесі

143

245

+ 102

4

Ақылы қоғамдық жұмыстар

65

83

+ 18

5

І-бағыт инфрақұрылымды дамыту

120

129

+ 9

6

Кәсіпкерлік қолдау (несиелеу)

51

39

- 12

7

Кәсіптік оқыту

14

15

+ 1

Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы бойынша Бөлімге қарасты әлеуметтік бөлімше арқылы аудан мүгедектеріне қажеттілігіне қарай протезді-ортопедтік, сурдо-тифлотехникалық құралдар, жүріп-тұруы қиын балалар мен үлкендерге арналған кресло-арбалармен қамту, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектерге үйде қызмет көрсету, оның ішінде жеке көмекшінің қызметін ұсыну, денсаулығын сауықтыру бойынша оларды санатория-курорттық мекемелерге жолдау, ымдау тілі маманы, сонымен қатар міндетті гигиена құралдарымен қамту бағыттары бойынша 2016 жылы төмендегідей қызметтер көрсетілді. 

р/н

Көрсетілген қызметтер атауы

қажет ететіндер

қамтылуы

қамтылмау себебі

1

Протезді-ортопедтік құралдар

195

68

облыстық басқарманың сатып алуына сәйкес

2

Сурдотехникалық құралдар

26

20

облыстық басқарманың сатып алуына сәйкес

3

Тифлотехникалық құралдар

27

18

облыстық басқарманың сатып алуына сәйкес

4

Кресло-арбалар, күйме арбалар

58

23

облыстық басқарманың сатып алуына сәйкес

5

Міндетті гигиена құралдары (1 адам*700 шт.)

371/700

371/700

толық қамтылды

6

Ымдау тілі маманының қызметі

6

0

маман тапшылығына байланысты

7

Санатория-курортқа жолдау

365

85

облыстық басқарманың сатып алуына сәйкес

8

Үйде қызмет көрсету, оның ішінде қарттар

9

9

толық қамтылды

9

Жеке көмекші қызметі

53

53

толық қамтылды

2015 жылдың тамыз айынан бастап Мұнайлы ауданында шартты ақшалай көмектің «Өрлеу» пилоттық жобасы (ШАК) -  халықтың аз қамтылған санатын әлеуметтік қолдау бағдарламасы іске қосылды.«Өрлеудің» негізгі бағыттары – жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінің кең қолжетімділігі, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында оқыту және  қайта оқыту, отбасының өмір сапасы мен деңгейін арттыру, жеке қосалқы шаруашылықты дамыту арқылы, ШАК алушылардың еңбек әлеуетін жүзеге асыру. 2016 жылы «Өрлеу» пилоттық жобасына қатысқандар және  олардың көрсеткіштері:

р/н

Қызмет атауы

«ӨРЛЕУ» ШАК пилоттық жобасы

105 отбасы 556 адам

1

Жұмыспен қамтылуы (ӘЖО-СРМ, ЖІТ-МП, АҚЖ-ООР және т.б)

128 адам

2

Мал шаруашылығы

44 отбасы

3

Тігіншілік

26 отбасы

4

Дәнекерлеуші

1 отбасы

5

Кондитерлік өнімдер

33 отбасы

6

Ағаш шебері

1 отбасы

БАРЛЫҒЫ

105 отбасы

Мемлекеттік атаулы көмек

р/н

Атауы

Адам саны

Төленген сомасы, мың теңге

1

18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік  жәрдемақы (ГДП)

167

6165,7

2

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АСП)

101

2 464,385

Ауылдық елдімекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отынсатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау қызметін көрсету бойынша 2016 жылы 3058 маманға 37001,80 мың теңге көмек көрсетілді. "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" қызметі бойынша 2016 жылдың 01 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында 172 адамға 3345,6 мың теңге көлемінде қаражат аударылды.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 2016 жылдары аралығында жолданған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту шараларын ұйымдастырып, нәтижесінде жұмысқа орналасуға ниет білдірген 1 азамат мамандығына сәйкес тұрақты жұмысқа орналастырылды. Қалған азаматтар отбасының материалдық жағдайының жақсы болуына, сонымен қатар өз бетінше жекеменшік жұмыс орындарына тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндіктері болуына байланысты жұмыспен қамту бөлімі арқылы ұсынылған жұмыстардан жазбаша бас тартқан.

р/н

Атауы

Адам саны

оның ішінде

жұмысқа жолданғандар

өз қалауымен бас тартқандар

1

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар

8

1

7

2

Пробация қызметінің есебінде тұрғандар

7

0

7

 

  Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім басшысының тікелей қабылдауына (аптаның – әр сәрсенбісі) жыл барысында 32 азамат әлеуметтік мәселелер бойынша хабарласқандардың мәселелері қаралып, толығымен қанағаттандырылды.


Ақпараттық ресурстар