Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мұнайлы аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік мекемесінің 2016 жылдың атқарған жұмыстары жөніндегі есебі


«Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жергілікті атқарушы органдарға ғимараттарды, инженерлік және көлікті коммуникацияларды кеңейту, техникалық жағынан қайта жарақтау, жетілдіру, қайта құрылымдау, қайта жаңғырту және күрделі жөндеу  жөнінде, сондай-ақ аумақты инженерлік дайындау абаттандыру және көгалдандыру, аяқталмаған объектілер құрылысын тұмшалау, объектілерді қайта пайдаға жаратқаннан кейінгі жұмыстар кешенін жүргізу туралы ұсыныстар даярлау жұмыстарын атқару жалпы міндеттерінің бөлігі болып табылады.

Тұрғын үй саласы бойынша:

Мұнайлы ауданы әкімдігінде жүргізілетін мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың тізімінде 2016 жылдың 25 желтоқсаны жағдайына – барлығы 2 540 азамат тіркелген. Оның ішінде, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын осал топтарына жатататын азаматтардың тізімінде – 1221, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тізімінде – 42, бюджет саласының қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер мен әскери қызметшілер болып табылатын азаматтар тізімінде – 1277адам тіркелген.

2016 жылы тізімнен барлығы 199 азамат (5 адам кезектері бойынша үй бөлінуіне, 194 адам тұрғын үй комиссиясы тарапынан анықталған мәліметтердің негізінде заң талаптарына сәйкес мұқтаж азаматтардың қатарына енбеуіне байланысты)  тізімдерден шығарылған. 

2016 жылы мекеме теңгеріміне Маңғыстау ауылынан салынған  №46 тұрғын үйден жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 5 пәтер сатып алынды.

Мұнайлы аудандық тұрғын үй комиссиясымен 2016 жылғы 30 қыркүйекте5жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балағақолданыстағы заң талаптарына сәйкес пәтерлер бөлініп, пәтер кілттері ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай табысталды.

Бөлім тарапынан 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2016 жылдың  12 айында 656 тұтынушыға қызмет көрсетілген. 

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың 25 наурызы жағдайына жасақталған тізімі  08.04.2016 жылғы жергілікті «Мұнайлы» газетінің №19-20 санында жарияланып, әкімдік интернет сайтына орналастырылды. Сондай-ақ, үй бөлінген және тізімдерден шығарылған азаматтардың тізімдері заңмен белгіленген талаптарға сәйкес баспасөз құралдарында және әкімдіктің интернет ресурсында орналастырылып тұрады.

«2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» бағдарламасы аясында 2011-2012 жылдар аралығында Маңғыстау облысының көп қабатты тұрғын үйлерді I механизмі арқылы жөндеуге 336,5 млн.теңге бөлінген болатын.  Соның ішінде,  Мұнайлы ауданына 4 тұрғын үйді жөндеуге  117,193 млн.теңге (№ 45 үй – 24 млн.теңге, № 41 үй – 26,292 млн.теңге, № 50 үй – 10,831 млн.теңге, № 48 үй – 56,069 млн.теңге) қаралды.

Қазіргі таңда, аталған  бағдарламаны  одан  әрі  жалғастару  мақсатында, №6, 10, 22, 23, 37, 39, 40, 42, 43, 86, 99, 104  тұрғын  үйлердің  кондоминиум  объектілері  ретінде  Әділет  басқармасында  тіркелген  болатын. Ал, №22, 39, 40, 42, 43 тұрғын  үйлердің  құжаттамалары  мемлекеттік сараптамадан  өтіп, Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы басқармасы қаржы бөлу үшін бюджеттік өтім берілген.

Жылыту маусымына дайындығы бойынша:

  Аудан аумағында 12 орта мектеп, 1 лицей, 10 мемлекеттік балабақша, 1 өнер мектебі, 1 ауыл клубы, 1 мәдениет үйі, 1 аудандық емхана, 1 аудандық аурухана, 1 жедел-жәрдем станциясы және 10 ауылдық амбулатория жұмыс жасайды. Барлығы 39  әлеуметтік  нысан.

    Аудан бойынша жалпы ұзындығы-42,7 км жылу жүйесі, 58,6- км сумен жабдықтау жүйесі, 11км-кәріз жүйесі, 397 км-электр желісі, 466,9 км - газ желісі соның  ішінде  15,4 км жоғарғы  қысымды, 133,6 км  орта  қысымды, 337,9 км  төменгі қысымды және 106 бірлік трансформатор қондырғылары бар.

2016 жылдың 26 мамырында аудандағы бірқатар әлеуметтік нысандарға қажетті су айдайтын, жылу жүйесінің насостарын сатып алу жөнінде Маңғыстау облысының энегетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасына ұсыныс хат жолданып, бюджеттік өтінім берілген болатын. Аталған мәселе бойынша өз шешімін тауып, облыстық бюджеттен 10 млн. теңге қаражат бөлініп, аталған әлеуметтік нысандарға қажетті құрал жабдықтар алынды. Маңғыстау ауылында жеке жылыту қазандықтарын орнату жұмыстары. Келісім-шарт құны 698,768 млн. теңге. Аталған қаражат толық бөлініп, 10 жеке жылыту қазандықтары орнатылды. Мердігер мекеме “Альянс ЛТД” ЖШС.Аталған қазандықтарды қосу 2017/2018 жылғы жылыту маусымына жоспарлануда.

Жол құрылысы міселелері бойынша:

Мұнайлы ауданы бойынша 636 шақырым жол бар, оның ішінде аудандық маңыздағы жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолының ұзындығы 70,9 шақырымды құрайды, оның 60,2 шақырымы асфальтталған, 10,7 шақырымы грейдер  жолдарды құрайды .

Ø  2016 жылы аудан көлеміндегі аудандық, селоішілік автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында, Батыр ауылындағы 15 шақырым грейдер жол құрылысына 77 млн.теңге және Қызылтөбе-2 тұрғын массивіндегі 5,2 км. автокөлік жолына ағымдағы жөндеу жұмыстарына  88,2 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілді. Мердігер мекеме - ”Маңғыстау-Жылу” МКК. (Бұл жол Уран карьеріне баратын жол).

Ø  Қызылтөбе ауылдық округінде жалпы ұзындығы 500 метр  автокөлік жолға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, үнемделген қаржыға қайта 500 метр автокөлік жолына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны – 12 151 мың теңге. Мердігер мекеме-”ТабынСтройТекс” ЖШС.

Өңірлерді дамыту бағдарламасына сәйкес:

·  Мұнайлы ауданының автокөлік жолдарына бағдаршам орнатуға 10 млн.теңге бөлінді.

·  Мұнайлы ауданын абаттандыруға (дауыс ұлғайтқыш байланысын монтаждау) 8,7 млн.теңге

·  Қызылтөбе ауылдық округіндегі темір жол қиылысынан Тұлпар балабақшасына дейін жарықтандыруға – 35,3 млн.теңге

·  Батыр ауылдық округінің аумағын абаттандыруға (қатқыл табанды жол жүргізу, тұрғын үйлерге бағыт көрсетуші белгі орнату) 17,2 млн.теңге.

Ø  Қызылтөбе-2 –Жаңа Дәулет автомобиль жолына қатқыл табанды жол құрылысына ағымдағы жылы 200 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жалпы құны – 532,2млн.теңге. Келісім-шарт  құны – 378,1 млн.теңге. Жеңімпаз мекеме – «МКДСМ» АҚ.

Ø  Маңғыстау-3,4 тұрғын үй массивтерінде 15 шақырым автокөлік жол құрылысына ағымдағы жылы – 100 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны – 524,4 млн. теңге. Келісім-шарт құны – 515,3 млн.теңге. Жеңімпаз мекеме «Ақжол құрылыс» ЖШС.

Ø  Маңғыстау-4 тұрғын үй массивіндегі №11 орта мектепке кіріс жол автомобиль жолын салуға ағымдағы жылы – 73,2 млн. теңге бөлініп құрылыс жұмыстары басталды. Жоба құны - 73,2 млн. теңге. Келісім-шарт  құны – 61,6 млн.теңге. Жеңімпаз мекеме «Алтынқұрық» ЖШС.

Ø  Қызылтөбе-2 – Батыр ауылдық округінің жолын салуға ағымдағы  жылы  56,8 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жоба құны – 61,1 млн.теңге. Келісім-шарт құны – 55 млн.теңге. Жеңімпаз мекеме «Жан-Рин» ЖШС.

Ø  Баянды ауылында 15 км. ауылішілік автомобиль жолын салуға ағымдағы жылы 100 млн.теңге бөлінді.  ЖСҚ бойынша жоба құны – 521,7 млн.теңге. Жеңімпаз мекеме «Алтын Құрық» ЖШС. (Келісім - шарт құны – 501,3 млн.теңге).

Ø  Ақтау-Маңғыстау-Гранит-Ақтау бағытындағы аудандық маңыздағы автомобиль жолын салуға ағымдағы  жылы  92,8млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Жоба құны – 98,0 млн.теңге. Келісім-шарт құны – 90,6 млн.теңге. Жеңімпаз мекеме «Ақжол құрылыс» ЖШС.

Ø   Аудандық  маңыздағы  автокөлік  жолдарын  күтіп  ұстауға  осы жылы жергілікті  бюджеттен  53 056 млн. теңге қаражат  бөлініп,  күтіп ұстаушы мекеме «МаңғыстауЖылу» МКК-ны.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында:

Ø  Маңғыстау ауылының ауылішілік автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылы 55,9 млн. теңге қаражат бөлініп, жұмыстар «МаңғыстауЖылу» МКК-мен жүргізілді. Бүгінгі таңда, жалпы жоспарланған 4,2 шақырым автокөлік жолының 3,1 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 Қазіргі таңда, кәсіпорын тарапынан  өз жұмысын жүзеге  асыруда,  Маңғыстау  ауылындағы жолдарына жамау жүргізуде және 5000 м2 жол жолағын сызылды және 100 дана жол белгілерін, леж.полиция 100 метр, жол жиегін тазалау, аудандағы маңыздағы жол жиегіндегі аялдаманы сырлау жұмыстары жүргізлді.

  Аудан аумағына бағдаршам орнату және күтіп ұстау:

  Аудан аумағына бағдаршамды күтіп-ұстау мақсатында, жергілікті бюджеттен 5 496 000 теңге қаржы бөлініп, жұмыстар жүргізіліп бастады. мердігер мекеме «Амаль и Б» ЖШС-гі.

Жолаушылар тасымалы саласы:

Жолаушылар тасымалы бойынша қазіргі таңда аудан аумағында, селоларды аудан орталығымен жалғап отырған  №13 А жолсапары халыққа қызмет көрсетеді. Сонымен қатар, облыс орталығы Ақтау қаласымен  «Ақтау - Басқұдық - Маңғыстау», «Ақтау – Атамекен - Маңғыстау», «Ақтау-Қызылтөбе-Ақтау», «Ақтау-Қызылтөбе-2-Ақтау», «Ақтау-Батыр-Ақтау», және «Ақтау-Баянды-Ақтау» облысішілік жолсапарлары арқылы аудан орталығы, ауданға тиесілі барлық селолармен елдімекендер қоғамдық тасымалмен қамтылған және «Батыр-Маңғыстау-Батыр» жолсапарын ашу жоспарлануда.

 №14 жолсапары ағымдағы жылдың мамыр айының 26 жұлдызынан бастап тоқтатылды. 2016 жылдың 3 қыркүйек айында қайта жүргізіліп, қазан айының 3 жұлдызында тоқтатылды. Негізгі жолсапарының тоқтау себебі Жеке кәсіпкердің жүру құнының ақтамауынан.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және коммуналдық кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында, ағымдағы жылы 10,5 млн.теңгеге жүк тиегіш (погрузчик) көлігін, 28 млн.теңгеге автогрейдер, 19 млн.теңгеге эксковатор, Кран монипулятор көлігі  25,7 млн.теңгеге және көше тазалайтын көпсалалық көлік техникасын 17,0 млн.теңге сатып алынды. Сонымен бірге, 4,5 млн теңгеге 3 дана мотопомпа, 1,4 млн. теңгеге  2 шақырымды су соруға арналған шланг сатып алынды.

Соқырларға арналған бағдаршамға дауыс ұлғайтқыш қондысын Республикалық бюджеттен 1 млн теңге бөліп, аудандағы күтіп ұстаушы мекеме «МаңғыстауЖылу» МКК-ны тарапынан 4 дауыс ұлғайтқыш қондырғысы орнатылды.

Пәтер меншік иелерінің кооперативі бойынша:

  Маңғыстау ауылындағы  22 кварталдаорналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің ортақ пайдалануға жататын тұрғын үйлердің ғимараттарын күтіп ұстау уақытылы жөндеу жүргізу үшін «ЖылуСервис» ЖШС-гі құрылып, тұрғындарға қызмет көрсетумен айналысуда. Бүгінгі таңда, аталған серіктестік Маңғыстау ауылындағы №42, 45 көп қабатты тұрғын үйлерге қызмет көрсете бастады.

2017 жылға жоспарланған жұмыстар тізбесі:

1.  Келесі нысандардың мемлекеттік сараптама қорытындысын алып, қаржыландыруға ұсыныс беру

-  Атамекен ауылдық округіне 3 шақырым автокөлік жолы құрылысы;

-  Басқұдық ауылдық округінде 2 шақырым автокөлік жолын қайта жаңғырту;

-  Басқұдық ауылдық округіндегі су айдау каналы бойындағы көпірді қайта жаңғыртуға ЖСҚ жасақтау;

-  Қызылтөбе ауылдық округі автокөлік жолы құрылысына ЖСҚ жасақтау;

-  Маңғыстау ауылында автокөлік жолы құрылысына ЖСҚ жасақтау;

-  Маңғыстау ауылының Маңғыстау-1 тұрғын массивіне автокөлік жолы құрылысына ЖСҚ жасақтау;

-  Маңғыстау ауылының Маңғыстау-2 тұрғын массивіне автокөлік жолы құрылысына ЖСҚ жасақтау.

- Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылдық округіндегі ҚТҚ полигонынан арнайы автөкөлікке ҚКО-на дейін айналма жол құрылысы жұмыс жобасының ЖСҚ жасақтау.

2. Атамекен ауылдық округінде 2,4 шақырым ауыл ішілік жолы құрылысын салу үшін конкурстық рәсімдерді жүргізу;

3. Ақтау-Жаңаөзен автокөлік жолымен Ақтау-Құрық бағытындағы  автокөлік  жолынЦБПО арқылы  жалғайтын аудандық  маңыздағы  көлік  жолына орташа  жөндеу  жұмыстарын жүргізу  үшін конкурс рәсімдерін жүргізу.

4. Аудан әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарды жер қазатын арнайы «Ямобур» көлігімен, 25 тонналық жүк көтергіш көлігімен, 10 м3 осенезатор көлігімен жабдықтау.

5. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтуды қаржыландыруға ұсыну.


Ақпараттық ресурстар