
Мұнайлы ауданы тұрғындарының назарына!
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V Заңының 14 бабына сәйкес, 29 желтоқсан 2016 жылы, сағат 15.00-де Мұнайлы аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтетіндігін хабарлаймыз.
Кеңес отырысының күн тәртібінде:
1) Халықтың жұмыспен қамтылуының жәй-күйі туралы;
2) Мемлекеттік кіріс басқармасының жәй-күйі туралы;
3) Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 22 желтоқсандағы №318-қ «Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 ақпандағы №32-қ Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасын бекіту туралы, қаулысына өзгеріс енгізу туралы», қаулысына өзгеріс енгізу;
4) «Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің, аудандық бюджеттен қаржыландырылатын аудандық атқарушы органдарының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы»
5) Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 13 маусымдағы №238-а «Қызылтөбе селолық округінің әкімшілік-аумақтық құрылысына қарасты құрамдас бөліктеріне атаулар беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Шешімнің күшін жою туралы;
6) Дәулет ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 10 қарашадағы №38 «Көшеге атау беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
7) Баянды ауылы әкімінің кейбір шешімдеріне өзгеріс енгізу туралы;
8) Қоғамдық кеңестің мүшелеріне куәлік табыстауы;
9) Мұнайлы аудандық Қоғамдық кеңес отырысының төралқасын сайлау туралы мәселелер қаралады.
Өтетін орны: Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залы.
Мұнайлы аудандық Қоғамдық кеңесі