Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мұнайлы ауданы тұрғындарының назарына!


«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2  қарашадағы №383-V Заңының 14 бабына сәйкес, 26 қыркүйек  2016 жылы, сағат 15.00-де Мұнайлы аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтетіндігін  хабарлаймыз.

  Кеңес отырысының күн тәртібінде:

1.  Ауданның қысқы маусымға  дайындығы туралы;

2.  Атамекен ауылдық округінің әлеуметтік дамуы жөніндегі есебі;

3.  «Жұмыспен қамту 2020» жол картасы бағдарламасының орындалысы жөніндегі есебі;

4.  «2016 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру  және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысын бекіту  туралы;

5.  «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Мұнайлы  ауданы әкімдігі қаулысының жобасын қарау туралы;

6.  «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды пробоция  қызметінің есебінде  тұрған  адамдарды және жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімінің жобасын қарау туралы;

7.  «Басқұдық ауылдық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімінің жобасын қарау туралы;

8.  «Басқұдық ауылдық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері  туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімінің жобасын қарау туралы;

9.  «Маңғыстау ауылы бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемесіне  түзету коэффициенттері  туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімінің жобасын қарау туралы;

10.  «Маңғыстау ауылын салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының базалық мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері  туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімінің жобасын қарау туралы;

11.  «Атамекен ауылдық округі бойынша бағалық аймақтарға бөлу шекаралары және жер учаскелері үшін төлемақының базалық  мөлшерлемесіне түзету коэффициенттері  туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімінің жобасын қарау туралы;

12.  «Атамекен ауылдық округін салық салу мақсатында аймақтарға бөлу схемасы және жер салығының  базалық  мөлшерлемелеріне түзету коэффициенттері  туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімінің жобасын қарау туралы;

13.  «Бильярд үстелдеріне тіркелген жиынтық салық мөлшерлемесін белгілеу туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімінің жобасын қарау туралы;

14.  «Аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 20 сәуірдегі 2/17 «Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Мұнайлы аудандық мәслихатының шешімінің жобасын қарау туралы;

15.  Мұнайлы аудандық Қоғамдық кеңес отырысының төралқасын сайлау туралы мәселелер қаралады.

Өтетін орны:  Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залы.

Мұнайлы аудандық Қоғамдық кеңесі


Ақпараттық ресурстар