Мұнайлы ауданы тұрғындарының назарына!
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-VЗаңының 14 бабына сәйкес, Мұнайлы ауданының Қоғамдық кеңесінің 9- отырысы өткізіледі.
Отырыс күн тәртібінде:
1. «Мұнайлы ауданының аумағында уақытша сауда орындарын, алаңдарын (алаңқай) белгілеу туралы» Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаулысының жобасын қарау туралы;
2. «Көшелерді қайта атау туралы» Атамекен ауылдық округі әкімінің шешімінің жобасын қарау туралы.
3. «Мұнайлы ауданында пробация есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» Мұнайлы ауданы әкімдігінің қаулысының жобасын қарау туралы;
4. Маңғыстау ауылының әлеуметтік дамуы жөніндегі есебі
5. Мұнайлы ауданының Қоғамдық кеңесінің төралқасын сайлау туралы.
Өтетінорны: Мұнайлы ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залы.
Өтетін уақыты: 28 маусым 2016 жыл, сағат 10.00-де
Мұнайлы ауданының Қоғамдық кеңесі