Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды өткізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар


Әдістемелік ұсынымдар жергілікті атқарушы органдардың өңірлік деңгейде «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу бойынша іс-шараларды (бұдан әрі – іс-шаралар) ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді.

Іс-шаралар қоғамдық бірлестіктерге көмек көрсету және халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеру мақсатында әзірленді. 

Іс-шараны ұйымдастырушы

1. Іс-шараны республикалық деңгейде ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі (бұдан әрі –  Министрлік), өңірлік деңгейде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдіктерінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармалары(бұдан әрі –  Басқармалар) болып табылады.

2. Өңірлік деңгейде іріктеу турының ұйымдастыру қызметін үйлестіру үшін Басқармалар Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияларды құрады.

3. Әлеуметтік жобаларды іріктеу жөніндегі комиссияның құрамына «Нұр Отан» партиясы филиалдарының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, Үйлестіру кеңесінің мүшелері, ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарының өкілдері, әкімдердің мүмкіндіктері шектеулі азаматтар мәселелерімен айналысатын кеңесшілері және басқа да мүдделі адамдар қосыла алады.

Іс-шараларды өткізу тәртібі

1. Өңірлік деңгейде әлеуметтік жобаларды іріктеуді ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап тамыз айына дейінгі  кезеңде Комиссия жүргізеді.

2. Әлеуметтік жобалардың авторлары қызметі халықтың әлеуметтік осал топтарының, оның ішінде өмірлік қиын жағдайға тап болған мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған қоғамдық бірлестіктер, мүгедектер ұйымдары, өзге де мекемелер және ведомстволар, жеке тұлғалар және басқа да үкіметтік емес ұйымдар бола алады (бұдан әрі – Қатысушылар).

3. Басқармалар ұлттық кәсіпкерлер палатасының өңірлік филиалдарымен бірлесіп жұмыс берушілер қатарынан Астана қаласына республикалық Көрмеге алып жүру үшін демеушілерді тарта алады.

4. Комиссия әлеуметтік жобаларды іріктеу үшін 5 балдық жүйе бойынша мынадай бағалау өлшемшарттарын айқындай алады:

1) жобаның Байқау мақсаты мен шарттарына сәйкес келуі: «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қоса алғанда, азаматтарға медициналық, әлеуметтік, білім беру және басқа салаларда қолдау көрсету, сондай-ақ жұмыс орындарын ашу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»;

2) жобаның өзектілігі мен әлеуметтік маңыздылығы;

3) жобаны сапалы жоспарлау (іс-шараларды жобаның мақсаты мен міндеттеріне сәйкес нақты іске асыру);

4) жоба нәтижесінің қолжетімділігі;

5) осыған ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы (ағымдағы жобаны жалғастыру және кеңейту);

6) қосымша қаржыландыру көздерінің болуы (қайырмалдық, гранттар, қайырымдылық, әлеуметтік тапсырыс, өз қаражаты);

7) аумақтық қамтуы (жобаны масштабтау);

8) өмірлік қиын жағдайға тап болған халықтың қамтылу үлесі;

9) жобаның ұзақтығы (1 жылдан кем емес);

10) жобаны іске асыруға еріктілерді тарту.

5. Көрмеге қатысуға ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар:

1) ұсынылған құжаттарды, презентация материалдарын ресімдеудің сапасы;

2) жобалардың слайдтар, роликтер түріндегі презентациялау ұзақтығы 3-5 минут болатын презентациялық материалдарын құрастыру;

3) өткен жылғы республикалық Көрмеге ұсынылған жобалар қайталап қаралмайды.

6. Қажеттілік туындаған кезде Комиссия мүшелері «Қазақстанда іске асырылатын үздік әлеуметтік жобаларды» іріктеу өлшемшарттарына түзетулер енгізе алады.

7. Іріктеу турына қатысуға өтінім қосымшадағы нысан бойынша 
(№ 1 қосымша) өңірлік деңгейде өткізілетін іріктеу турының басталған уақытынан бастап ұсыныла алады.

8. Қатысушылардың қолына жобаның толық материалдарының қабылданғаны туралы хабарламалар берілуі мүмкін.

9. Жоғарыда аталған өлшемшарттардың талаптарын сақтамаған жағдайда Комиссия қатысушыларға ұсынылған материалдарды кері қайтарып беруі мүмкін.

10. Жобаларды іріктеу кезінде даулы сұрақтар туындаған жағдайда Комиссия төрағасының шешімі басымды құқыққа ие болуы мүмкін.

11. Комиссия іріктеп алған жобалар материалдары ағымдағы жылдың  1 тамызына қарай Министрлікке республикалық Көрмеге жолданады.

  Жоғарыда көрсетілген ұсынымдар бойынша мына мекен-жайға хабарласуыңызға боладыайен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі:  Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Қоғамдық ұйымдар ғимараты (Цон) 3-қабат. «Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ. Байланыс  телефон / факс

46-58-75 , 46-58-93


Ақпараттық ресурстар