Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Әкім орынбасарлары


Аудан әкімінің қаржы, кәсіпкерлік саласы бойынша орынбасары

 Сүлейменов Бейімбет Абдықадырұлы









1966 жылы 2 шілдеде Түрікменстан Республикасы Ташауыз облысында дүниеге келген.

Еңбек жолын 1988 жылы «Маңғыстауотын» АҚ механик қызметінен бастаған.

1996-2001 жылдары аралығында «Маңғыстауотын» АҚ жетекші инженер, заңгер қызметін атқарған.

2002-2004 жылдары Маңғыстау облысы прокуратурасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы,бастығы қызметін атқарды.

2004-2008 жылдары аралығында Ақтөбе қаласы прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі қызметінде болды.

2008-2010 жылдары аралығында Атырау облысының прокуратурасы тергеу және анықтама заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры, басқарма бастығының орынбасары, Атырау қаласы прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

2010-2011 жылдары Павлодар облысы прокуратурасы басқармасының, қаржы полициясы, ұлттық қауіпсіздік және кеден  органдарына тергеу мен анықтау заңдылығын қадағалау жөніндегі бөлім бастығы қызметінде болған.

2012-2013 жылдары «Маңғыстау облысы әкімдігінің талдау орталығы» АҚ директоры қызметін атқарды.

2013-2015 жылдары «Би-Логистикс» АҚ Маңғыстау облысы бойынша филиалы директоры лауазымында қызмет атқарды.

2015 жылдың 21 тамызынан бастап Мұнайлы ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы болып тағайындалды.




Аудан әкімінің әлеуметтік сала бойынша орынбасары

БІЛӘЛОВ Берік Жарылғапұлы








Облыс әкімінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің келісімдерімен 2015 жылғы 23 шілдеден бастап  «Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысы /санаты Е-2/ қызметінен ауысу тәртібімен Мұнайлы ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелері жөніндегі орынбасары /санаты Е-1/ қызметіне тағайындалды.

Берік Жарылғапұлы Біләлов, 1981 жылдың 16 қазанында Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Шетпе кентінде дүниеге келген.

Білімі жоғары, 2005 жылы Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша және 2015 жылы Халықаралық Бизнес Академиясын іскери әкімшілік менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 2000 жылы Ақату қалалық сотының машинист қызметінен бастаған.

2002-2005 жылдары аралығында Маңғыстау облыстық әкімшілік сотында жетекші маман, бас маман қызметтерінде қызмет атқарған.

2005-2007 жылдары аралығында Маңғыстау облысының ішкі саясат департаментінде жетекші, бас маман қызметтерінде қызмет атқарды.

2008-2010 жылдары аралығында Маңғыстау облысы әкімінің аппаратында бас маман қызметінде болды.

2010-2015 жылдары Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарды.

2015 жылдың шілде айынан бастап аудан әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.




Аудан әкімінің құрылыс, коммуналдық шаруашылық саласы бойынша орынбасары

Жолбаев Нұрлыбек Бергенғұлұлы









1962 жылдың 10 қарашасында дүниеге келген. Ұлты қазақ.

Бiлiмi жоғары. 1980-1985  жылдар аралығында Алматы архитектура-құрылыс институтын жылумен, газбен жабдықтау және вентеляция мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы.1985-1988 жылдар аралығында Маңғыстау облыстық коммуналдық шаруашылық басқармасының шебері.

1988-1990 жылдар аралығында Мұнайлы ауданы коммуналдық кәсіпорнында бас инженері.

1990-1993 жылдар аралығында Шевченко көпсалалы коммуналдық кәсіпорнында директор.

1993-1998 жылдар аралығында «Ақшұқыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас инженері, директоры.

1998-2011 жылдар аралығында «Маңғыстау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры.

2011 жылдың маусым айынан бастап күні бүгінге дейін Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары.


Мұнайлы ауданы әкімінің және әкім орынбасарларының

2017 жылдың I тоқсанына арналған азаматтарды қабылдау

КЕСТЕСІ

Лауазымы

Тегі, аты,

әкесінің аты

Қабылдау күндері

Қабылдайтын орны

1

Әкім

ТӘЖІБАЕВ НҰРЛАН ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

11, 25 Қаңтар

08, 22 Ақпан

15, 29 Наурыз

Маңғыстау ауылы,

Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимараты

2

Әкімнің

орынбасары

СҮЛЕЙМЕНОВ БЕЙІМБЕТ ӘБДІҚАДЫРҰЛЫ

10, 24 Қаңтар

07, 21 Ақпан

14, 28 Наурыз

Маңғыстау ауылы,

Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимараты

3

Әкімнің

орынбасары

ЖОЛБАЕВ НҰРЛЫБЕК

БЕРГЕНҒҰЛҰЛЫ

12, 26 Қаңтар

09, 23 Ақпан

16, 30 Наурыз

Маңғыстау ауылы,

Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимараты

4

Әкімнің

орынбасары

БІЛӘЛОВ

БЕРІК ЖАРЫЛҒАПҰЛЫ

13, 27 Қаңтар

10, 24 Ақпан

17, 31 Наурыз

Маңғыстау ауылы,

Мұнайлы ауданы әкімдігінің

ғимараты

Аудан әкімінің қабылдауына жазылу, қабылдау жүргізілетін күні Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимаратында сағат 09:00 ден 09:30-ге дейін жүргізіледі.

Қабылдау уақыты: сағат 10:00- 12:00-ге дейін.

Аудан әкімі орынбасарларының қабылдауына жазылу, қабылдау жүргізілетін күні Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимаратында сағат 09:00 ден 09:30- ге дейін жүргізіледі.

Қабылдау уақыты: сағат 10:00-12:00-ге дейін.





Ақпараттық ресурстар