Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Әкімшілік-аумақтық бөлініс


Мұнайлы ауданы – Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 4 маусымдағы «Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрамына өзгертулер енгізу туралы» №338 санды жарлығына сәйкес, орталығы Маңғыстау ауылында орналасқан Маңғыстау облысы құрамына жататын жаңа әкімшілік аумақтық бірлік Мұнайлы ауданы құрылды.

Мұнайлы ауданының жалпы көлемі 492 189 гектар жерді құрайды. Ауданның әкімшілік құрамында жеті ауылдық округтер орналасқан, аумағында жалпы тұрғылықты адамдар саны аудандық статистика басқармасының 01.11.2018 берген анықтамасы бойынша 159 200 адамды құрайды.

Аудан орталығы Маңғыстау ауылында – 28,7 мың  халық тұрады.

Қызылтөбе ауылдық округінде – 28,5 мыңға жуық халық тұрады, аудан орталығынан 9 шақырым жерде орналасқан.

Баянды ауылында – 6,2 мыңға жуық халық тұрады, аудан орталығынан 14 шақырым жерде орналасқан.

Дәулет ауылдық округінде – 10,1 мыңға жуық халық тұрады, аудан орталығынан 7 шақырым жерде орналасқан.

Басқұдық ауылдық округінде – 30,2 мыңға жуық халық тұрады, аудан орталығынан 8 шақырым жерде орналасқан.

Атамекен ауылдық округінде – 41,1 мыңға жуық халық тұрады, аудан орталығынан 12 шақырым.

Батыр ауылдық округінде – 7,5 мыңға жуық халық тұрады, аудан орталығынан 12 шақырым.

Мұнайлы  ауданы  Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласынан 15 шақырым қашықтықта орналасқан, облыс орталығы мен қатынас тас жолдар арқылы жүзеге асырылады.

Мұнайлы ауданы Маңғыстау облысының Қарақия ауданы, Түпқараған ауданы, Маңғыстау аудандарымен және Ақтау қаласымен көршілес орналасқан.

Сонымен қатар, Мұнайлы ауданының орталығы Маңғыстау ауылында темір жол вокзалы орналасқан облысымыздың Бейнеу ауданы, Маңғыстау ауданы және Жаңаөзен қалаларымен темір жол арқылы қарым-қатынас жасауға мүмкіндік туғызылған.

Мұнайлы ауданы шоғырланған халықтың көпшілігін,  яғни 80 пайызы алыс-жақын шет елдерден көшіп келген қандастарымыз құрайды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының басқа облыстарымен және оларға теңестірілген қалаларға жолаушылар поездары қатынайды. Мұнайлы ауданы теңіз жағасынан 20-23 шақырым қашықтықта орналасқан, жері тастақ, төңірегі тегістік, жазық дала. Ауданның климаттық жағдайы цельси температурасымен есептеген кезде қуаң, континенттік, жазы ыстық, қысы суық. Қаңтардың орташа температурасы: -4-9ºС. Солтүстігінде - 10ºС, кейде-15ºС дейінгі аязды күндер болады. Шілденің орташа температурасы +24-38ºС аралығында.

Аудан көлемі негізінен шөл-шөлейт аймақ зонасына жататындықтан ылғалы аз, жері ащы, сорлы жерлерге тән өсімдіктер өседі. Аудан аумағындағы жануарлар дүниесінде негізінен кемірушілер, бауырмен жорғалаушылардың үлесі басым.


Ақпараттық ресурстар