Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылады.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырылады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің   басқармасында келісімшарт бойынша запастағы офицерлерді әскери қызметке іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

Келісімшарт бойынша әскери қызметке 18 жастан 32 жасқа дейінгі (әскери атағына  байланысты) әскери-есептік мамандығы бар, әскери кафедрада немесе Қорғаныс министрінің резерв дайындау бойынша арнаулы ұйымдарында әскери дайындықтан өткен Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады. Сонымен қатар, байланысшы, дәрігер, қаржыгер және өзге де  лауазымдарға әйелдер (әскери бөлім командирінің  қатынас қағазы бойынша) қабылданады. Келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданатын тұлғалар мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:

– Қазақстан Республикасының азаматтығы болуы қажет;

– жасы 18 жастан жоғары болу керек.

Әскери қызметке тұру үшін шектеулі жас – 45 жас, рәсімдеу 32 жасқа дейін жүргізіледі.

Іріктеу екі кезең бойынша өткізіледі. Бірінші — құжаттарды жинау және медициналық тексеруден өту. Медициналық комиссиядан Қорғаныс министрлігінің бұйрығы негізінде осы немесе өзге де әскерлер түрлеріне жарамдылық дәрежесін  анықтау үшін жүргізіледі. Әскери қызметке жарамдылармен бірге шектеулі түрде жарамды болып танылғандар да келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылданады.

Келісімшарт бойынша әскери  қызмет – мемлекеттік қызметтің ерекше түрі ғана емес, сондай-ақ әскери қызметші мен оның отбасының әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ететін, кәсіби өсуге мүмкіндік беретін және өзінің білімін жетілдіре түсетін қызмет. Келісімшарт бойынша әскери қызметші лайықты  жалақы алады.

Қызмет ету барысында офицерлер қызметтік тегін үймен, тұрғын үй жинақ банкі арқылы қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Әскери қызметші және оның отбасы мүшелері үшін тегін медициналық қызмет көрсету қамтамасыз етіледі, жыл сайын еңбек демалысы және сауықтыру жәрдемақысы төленеді. Егер әскери қызметші сырттай оқыған жағдайда оқу демалысын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әскери қызметші сырттай оқыған жағдайда және оның еңбек өтілімі 8 жылдан кем болмаса, оқу ақысының 50 пайызын  Қорғаныс министрі қаржыландырады. Қарулы Күштеріндегі әскери қызмет елді тануға, түрлі өңірлердегі оқу орындарында әскери мамандық деңгейін жоғарылатуға мүмкіндігін алады. Мектеп жасына дейінгі балалары бар әскери қызметшілер үшін тұрғылықты мекенжай бойынша кезектен тыс балабақшаға орналастыру қарастырылады. Бірінші келісімшарт 3 жылға, келесі келісімшарт 5 жылға жасалады, 5 жылдан кейін 10 жылға, одан әрі шекті жасқа жеткенге дейін жасалады.


Ақпараттық ресурстар