Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Жыл адамы – 2018» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Ағымдағы жылдың 28 желтоқсан күні Мұнайлы ауданы бойынша ең үздіктер марапатталды. Шараның негізгі мақсаты ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында қажырлы еңбек етіп, ерекше көзге түскен азаматтардың еңбектерін елеп, дәріптеу болып табылады. Аталған шарада аудан басшысы Рахат Елтизаров құттықтау сөз сөйлеп, марапатталушыларды құттықтады.

  Марапатталушылар:

1. «Жылдың мемлекеттік қызметкері» номинациясы бойынша Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Жолбаев Нурлыбек Бергенгулович;

2. «Жыл меценаты» номинациясы бойынша Маңғыстау ауылдық Миғраж мешіті жанынан құрылған «Үммет жастары» қайырымдылық тобы;

3. «Жыл дәрігері» номинациясы бойынша Дәулет ауылдық округі дәрігерлік амбулаториясының аға дәрігері Отегулова Роза Каиркуловна;

4. «Жылдың үздік коммуналдық қызметкері» номинациясы бойынша «Маңғыстау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының қызметкері Мазан Айдарбай Жарылғапұлы;

5. «Жыл спортшысы» номинациясы бойынша Маңғыстау ауылы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Суюншалиев Арслан Адилович;

6. «Жыл полицейі» номинациясы бойынша Мұнайлы ауданы полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция  инспекторы, полиция капитаны Майлаков Бакытжан Кадырович;

7. «Жылдың мәдениет және өнер қызметкері» номинациясы бойынша Маңғыстау өнер колледжінің мұғалімі Асқамбаев Темірбек Ерсайынұлы;

8. «Жыл ұйымдастырушысы» номинациясы бойынша Мұнайлы аудандық білім үйлестіру орталығының директоры Жасақова Рахат;

9. «Жыл фермері» номинациясы бойынша «Ақмырза» шаруа қожалығының басшысы Ақмырзаев Лезгин Көкішұлы;

10. «Жыл теміржолшысы» номинациясы бойынша Жүк тасымалы Маңғыстау жол бөлімшесі, Маңғыстау стансасының еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жөнінің инженері Аяпова Айгул Базарджановна.

  Шара мәдениет майталмандарынан құралған концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.


Ақпараттық ресурстар