Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«№5 Шоғы Мұңалұлы атындағы» жалпы білім беру орта мектебі ММ-гі өрт-тактикалық сабақ

Өртеніп жатқан үйге, отқа және түттінің арасына кіру үшін нағыз батыр болуың қажет. Қызметтік міндеттеріне байланысты өрт сөндірушілерге мұны күнделікті істеуге туралы келеді. Сондықтанда өзін де, өзгені де қауіпке қалдырмау үшін өрт сөндіруші-құтқарушылар барлық дағдыларын автоматты түрде орындайтындай жағдайға жеткізу керек. Осыған орай Мұнайлы аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің» ММ Мұнайлы аудандық №5 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, Мұнайлы аудандық Жедел-жәрдем қызметінің қызметкерлерімен бірлесіп «Мектептегі қауіпсіз Жаңа Жыл»  тақырыбында Мұнайлы ауданында орналасқан «№5 Шоғы Мұңалұлы атындағы» білім беру орта мектебі» ММ өрт-тактикалық сабақ өткізді.

Түтін, дабыл дауысы және асығып келе жатқан өрт сөндіру автокөліктері – мектептегі өрт-тактикалық сабақ міне осылай басталды.

Жаттығудың тактикалық тұрғысынан бірінші қабатта орналасқан мектептің сыныптарының бірінде өрт орын алды. «Өрт» дәліз бойына және ғимараттың басқа қабаттарына тарай бастады. Мекеменің қызметкерлері екі минуттан аз уақытта 50 оқушы мен 15 мектеп қызметкерлері ғимараттан қауіпсіз аймаққа шығарылды . Алайда, бірінші қабаттың бірнеше бөлмелерінде өздігімен сыныптарынан шыға алмаған оқушылар қалып қойды. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер тез арада барлық бөлмелерді барлау жұмыстарын жүргізді. Қатты түтіннің салдарынан сыртқа шыға алмаған үш бала өрт сөндірушілердің көмегімен қауіпсіз жерге көшірілді және алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өрт сөндірушілер шартты түрдегі өртті сөндіруге кірісіп, аздаған уақытта оны толық сөндірді. Жалынды отпен күрестің ең қиын кезеңі артқа қалды, адамдардың өміріне еш қауіп жоқ.

Өрт-тактикалық оқу-жаттығуына 2 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 15 адам, Мұнайлы аудандық жедел-жәрдем 1техникасы, жеке құрамнан 4 адам жұмылдырылды.

Жаттығу барысында Төтенше жағдайлар бөлімі, өртке қарсы қызметтің қызметкерлері, Мұнайлы аудандық жедел-жәрдем қызметкерлері мен мектептің әкімші қызметкерлерінің бірлесіп әрекет ету, өртті сөндіру тәсілдері және адамдарды қауіпсіз түтінге оранған аймақтан жерге көшіру әрекеттері машықтанды. Жаттығудан соң жеке құрамның іс-әрекетіне талдау өткізіліп, атқарылған жұмыс туралы қорытынды жасалды және өрт сөндірушілердің үйлесімді іс-әрекетіне оң баға берілді.

Мұнайлы ауданының

Төтенше жағдайлар бөлімі


Ақпараттық ресурстар