Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мұнайлы ауданына - 10 жыл толды!

Мұнайлы ауданы - еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін құрылған алғашқы аудан. 2007 жылы Елбасының Жарлығымен ашылды. 10 жыл бұрын мұнда халық саны 53 мың болса, бүгінде 148 мың адамға жетіп отыр. Қазіргі таңда мұнда ондаған мектептер мен балабақшалар және медициналық орталықтар салынды. Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік саласы да қарқынды даму үстінде. Халық саны мен экономикалық әлеуеті жағынан да Мұнайлы ауданы облыс бойынша алдыңғы қатарда.

Тәуелсіздік жылдарында ең алғаш бой көтерген аудан 10 жылдығын кең көлемде атап өтті. Мерейтой қарсаңында ұйымдастырылған мерекелік шаралар, жұмысын бастаған әлеуметтік нысандар аудан тұрғындарының көңіліне қуаныш ұялатты.

Атап айтар болсақ, Маңғыстау ауылында ашылған 100 орындық «Мұрагер» балабақшасы мен ұн-жарма зауыты, Басқұдық ауылындағы «Мұхамбет» медициналық орталығы аудан халқына сапалы қызметтерін ұсынбақ.

Мерейтой күні ашылған алғашқы нысан –Басқұдық ауылдық округіндегі «Мұхамбет» медициналық орталығы.  Бүгін аудан әкімі Н.Төлегенұлы, облыс әкімінің орынбасары Руслан Сакеев, облыстық денсаулық саласының өкілдері мен ауыл тұрғындары салтанатты түрде орталықтың ашылу рәсімін өткізді. Медицина орталығына облыс басшысы Ералы Тоғжановтың атынан теледидар табысталды.

Басқұдық ауылында бүгінде 30 мыңға жуық халық тұрады. Алғашында 15 дәрігермен өз жұмысын бастаған ауданның медицина саласында қазір 240 дәрігер, 570 орта буынды медбике жұмыс істейді.

10 жыл ішінде 7 дәрігерлік амбулатория, ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана, жедел жәрдем бөлімшесі, түбіркүлезге қарсы бөлімше ашылды.

Орталықтың негізгі бағыты – медициналық консультациялық қызмет беру.  Мұндағы 12 дәрігер, 20 мейірбике ауысымына 150 адамға дейін қабылдап, қызмет көрсете алады.

Мұнайлы ауданының 10 жылдығы қарсаңында ашылған тағы бір нысан - ұн-жарма комбинаты. Маңғыстау ауылында іске қосылған нысан жеке кәсіпкер Ерсұлтан Асқаровтың қолға алған игілікті ісінің нәтижесі.

Зауыт тәулігіне 120 тонна жоғары және 1-сұрыпты ұн, 30 тонна кебек беріп, 30 адамды жұмыспен қамтуға негізделген.

Ұн-жарма комбинатының директоры Ақжібек Сәкенқызының айтуынша, зауыт қазан айының соңында толықтай іске қосылады.

Қазан айының соңында комбинат толығымен іске қосылған кезде 50 шақты адам жұмыспен қамтылмақ. Оның ішінде Мұнайлы ауданының азаматтарын іске тарту міндеттеліп отыр.

Салтанатты түрде іске қосу тетігі басылған соң жеке кәсіпкер, комбинат иесі Асқаров Ерсұлтан зауыттың жұмысы жөнінде ақпарлама берді.

Одан әрі, Мұнайлы ауданының балалары үшін 100 орындық «Мұрагер» балабақшасы пайдалануға берілді. Жаңа нысан 20 адамды жұмыспен қамтиды.

Мереке қарсаңында аудан орталығының Тәуелсіздік саябағында биіктігі 12 метрлік «Мәңгілік ел» монументінің ашылу рәсімі өтті. Нысанның ашылу рәсіміне облыс әкімі Ералы Тоғжанов арнайы қатысып, жүрекжарды лебізін білдірді.

Ұлттық тарихымыз бен дәстүрімізді дәріптейтін ескерткіш Маңғыстаудың қиыршық тасынан жасалған. Басына алтын күн мен қыран бейнеленіп, ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен безендірілген. Тұғырдың артына орнатылған 7 метрлік колонна Мұнайлы ауданындағы 7 елді мекенге негізделіпті. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысы майдангерлері құрметіне «Ер есімі – ел есінде», Ауғанстан және тәжік-ауған соғысы ардагерлеріне «Ерлік пен Елдік» ескерткіш тақталары тұрғызылған. Саябақтағы мүсіндер мен ескерткіштер – жергілікті қолөнер шеберлерінің туындысы.

«Мәңгілік ел» монументінің ашылу рәсімінен кейін, облыс басшысы Ералы Тоғжанов пен аудан әкімі Нұрлан Тәжібаев, аудан ақсақалдары мен белгілі тұлғалар және аудан халқы жиылып, болашақ жастарға «Қазақстан жолы – 2050» аманат хатын қалдырды. Болашақ ұрпаққа арналған хат салынған капсула 2050 жылдың 6 қазанында ашылуы тиіс.

Нысандарды аралағаннан кейін облыс басшысы ауданның 10 жылдығына арналған салтанатты жиынға қатысты. Мұнда Мұнайлы ауданының жеткен жетістіктері сараланып, болашақ жоспары айқындалды. Шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін бірқатар азаматтар Маңғыстау облысы және аудан  әкімдігінің Алғысымен, Құрмет грамотасымен марапатталды. Сонымен қатар, бірқатар азаматттарға  «Мұнайлы ауданына 10 жыл» мерейтойлық төс белгілер табысталды.

Мереке аясында алаңда  гала-концерт, көрме, жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Киіз  үйлер тігіліп, тойға жиылған қауымға дәм ұсынылды.

Кешкісін, облыс және аудан  өнерпаздары жиналған қауымды өз өнерлерімен тәнті етті. Гала-концерттің соңы, мерекелік от шашумен аяқталды.


Ақпараттық ресурстар