Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік»

Ұстаз – ұлағатты есімШәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

Қазан айының 4-күні Баянды ауылы, №3 орта мектепте Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ауданның 10 жылдығына ұйымдастырылған ұлағатты ұстаздар күніне орай «Ұстаз аты - биік, әрі мәңгілік» атты мерекелік шара өтті.

Кешке аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы Тәжібаев, облыстық білім басқармасының кадр бөлімінің басшысы Б.Өмірбекова, аудандық мәслихат депутаттары, ауыл, ауылдық округ әкімдері, ауыл ақсақалдары, ардагер ұстаздар, мекеме басшылары, ұстаздар қауымы, БАҚ өкілдері қатысты.

Кеш шымылдығын құттықтау лебізімен аудан басшысы Нұрлан Төлегенұлы ашып берді:

«Құрметті білім саласының қызметкерлері!Қадірлі ұстаздар және ардагерлер!Сiздердi Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш ашылған Мұнайлы ауданының 10 жылдығымен тұспа-тұс келген төл мерекелеріңіз Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Білімнің салтанат құруы» бағытында: «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген болатын.  

Еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар, Отанын ғаламдық дамудың көшінен қалдырмай өрге шығарар азамат тәрбиелеу саласында ұстаздарға аса жауапты қоғамдық міндет жүктелген»-дей келе, ұстаздар қауымының жас ұрпаққа тағылымды тәрбие мен терең білім беру жолындағы атқарып отырған еңбектерінің нәтижелі болуына тілектестік білдірді.

Кеш барысында, бірқатар ұстаздар қауымы облыс, аудан және Білім басқармасының Алғыс хатымен, Құрмет грамотасымен марапатталып, жас мамандар тарапынан  ардагер ұстаздарға құрмет көрсетілді. Сонымен қатар, ауданның 10 жылдық мерейтойына арналған төс белгі табысталды.

Мерекелік кеш соңы, концерттік бағдарламаға ұласты.


Ақпараттық ресурстар