Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мерейлі мекен - Мұнайлы!

Бүгін Мұнайлы ауданының 10 жылдығына орай, аудан әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы әртүрлі сала қызметкерлерін марапаттап, кеудесіне мерейтойлық төс белгі тақты. Марапат алғандардың басым бөлігі ауданның қалыптасуына және дамуына аянбай еңбек еткен жандар.

Ең алдымен Мұнайлы аудандық ішкі істер бөлімінінде марапаттау рәсімі өтті. Ішкі істер органы - қоғамның тыныштығын сақтау, қылмыспен күресу сияқты аса жауапты саламен байланыстырған тәртіп сақшылары.

Оларға қоғамдық тәртіпті қорғау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қылмыспен күрес, оның алдын алу бойынша күрделі міндеттер жүктеледі. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Адамдар полиция қызметкерлерін өздерінің қорғаушысы ретінде танып,  өз қауіпсіздіктерін сезінуі тиіс» -деп атап көрсетті. Бұл халық алдында адал қызмет етуге ант берген қатардағы әрбір тәртіп сақшысына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Өйткені, еліміз үшін адам өмірінің қауіпсіздігі қашанда басты назарда.

Одан әрі, марапаттау рәсімі аудан әкімдігінде жалғасын тапты. Онда ел игілігіне аянбай қызмет етіп жүрген жеке кәсіпкерлер, ауған соғысы ардагерлері мен «Қазпошта» және телекоммуникация, әскери қызметкерлер марапатталды.

Айта кетсек, қазан айының 5 және 6 күндері Мұнайлы ауданының 10 жылдығына орай мерекелік шаралар өтеді. Барша аудан тұрғындарын мерекелік шараға қатысуыңызға шақырамыз! Мереке тағы да құтты болсын!


Ақпараттық ресурстар