Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Наурыз мерекесімен!

Ардақты ағайын!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған Әз-Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Наурыз – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мейрам. Ол өткенді саралап, болашағымызды болжайтын ерекше кезең.

Наурыз - жақсылық пен мейірімділік, сенім мен жылылық сияқты қасиетті сезімдерден бастау алып, шуағын ала келген бұл мейрам - халқымыздың тірлігі мен бірлігінің, ырысы мен берекесінің дәлелі екендігі баршаға аян.

Жылдан жылға еліміз өркендеп, халқымыздың әл-ауқаты жақсарып келе жатырғанына баршамыз куәміз. Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті.

Бүгін алдымызда Қазақстанды үшінші жаңғырту міндеті тұр. Елбасының биылғы  Жолдауында ел  дамуының 5 басымдығын айқындап бергені тұрғындарға зор сенім ұялатып қана қоймай, баршамызға ауқымды да салмақты жауапкершілік жүктейді,еліміздің бірлігі мен ынтымағын нығайтуға өз септігін тигізеді. Елбасының салиқалы саясаты мен ұстанып отырған оң бағыттағы реформаларының нәтижесінде көптеген табыстарға  қол жеткіздік. Отанымыздағы береке-бірліктің, бейбітшілік пен еңсесі биік елдіктің арқасында тәуелсіз еліміздің экономикасы қарқынды даму үстінде.

Бұл баршамыздың бейбіт елімізде тізе біріктіріп, жасаған кемел еңбегіміздің арқасы. Еліміздің тыныштығы мен бірлігімізді сақтауға үлес қосып, ерен еңбек атқарған әрбір азаматтарымызға шын жүректен ризашылығымды білдіре отырып, наурыз мерекесімен құттықтап, берекелі бірлік пен баянды бақыт тілеймін.

Ұлы даланың биік рухы мен тәңірге сиынған тәкаппар мінезінен басталатын Наурыз – халқымыздың тірлігі мен бірлігінің, ырысы мен берекесінің бастауы. Бүгінгі биік рухымыздың да, өрелі мәдениетіміз бен өнеріміздің де өзегі – салт-дәстүр, тіл мен ділімізде.

Сондықтан ағайын, бүгінгі мерейлі күнмен бастау алған жаңа жылға, жаңа табыстарға қол жеткізетін ақ жолымызды бірге бастайық. Алар асуымыз бен бағындырар белестеріміз бізге, болашақ ұрпаққа бейбітшілік пен тұрақтылық берсін.

Наурыз сияқты салт-дәстүріміздің мәртебесін үстем ету баршамыздың ортақ парызымыз деп білемін.

Көктемнің осы бір күнінде Сіздерге дүниенің бар жақсылығы мен қуанышын, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ырыс пен бақыт тілеймін.

Жаңару мен жасару күні елімізге бақ-береке, ырыс-ынтымақ әкелсін! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!


Құрметпен

Мұнайлы ауданының әкімі                                                                Н.Тәжібаев


Ақпараттық ресурстар