Зағип жандарға арналған мерекелік кеш ұйымдастырылды
Мұнайлы аудандық «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің корпоративтік қоры мен «Қамқор Ақтау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен аудандағы зағип жандарға «Сымбат» мейрамханасынан ұлыстың ұлы күніне орай дастарқан жайылып, көңілді кеш ұйымдастырылды.
Қамқорлық шарасына аталған «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының басшысы Қалиолла Сахипов, аппарат басшысының м.а. Дастан Мураталиев, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а. Жанат Көбейсін қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Мерекелік жиынды өнер мектебінің оқушылары мың бұралған биімен, әсем әнімен әрледі. Шақырылған қонақтар да өнерден құралақан емес екен. Отырыстың тартымды өтуіне олар да атсалысты.
« Бүгін тағы да көңілге қуаныш ұялататын шара өткізіп отырмыз. Бірлестігіміздің мақсаты - аудандағы зағип жандарға қуаныш сыйлау. Қамқорлық таныту, жақсылық жасау - барлығымыздың ортақ міндетіміз деп білемін» – дейді, кешті ұйымдастырушылардың бірі Кенжегүл Тайғара.
-
21.04.201815:337Сенбілік – тазалық кепілі. Ауыл тазалығына үлес қосу – туған жерге деген қамқорлық болып табылады. Мұнайлы ауданында да, ауылды қоқыстан…
-
15.04.201811:0220Мұнайлы ауданында 2018 жылдың сәуір айының 13-15 күндері Мұнайлы аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Дәулет ауылдық округінің БЖСМ…
-
13.04.201817:1136Ұранды ердің - ұрпағы қайсарАғымдағы жылдың 13 сәуірінде Мұнайлы ауданы "Тәуелсіздік" саябағында әскерге аттанушы сарбаздардың "Туған жерге тәуелсіздік талдары" атты…