Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

«Ауылды бірлесе дамыту!: жергілікті өзін-өзі дамытуға бірлесе ықпал ету» жобасын талқылау жөніндегі жиын өтті

Наурыз айының 17-күні Мұнайлы ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында «Ауылды бірлесе дамыту!: жергілікті өзін-өзі дамытуға бірлесе ықпал ету» жобасын талқылау жөніндегі жиын өтті.

Аталған басқосуға аудан әкімінің орынбасары Б.Сүлейменов, «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» ЗТБ кеңесшісі Ж.Маханбетова,  «Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» ЗТБ президенті Ж.Ахметова, аппарат басшысының м.а. Д.Мураталиев, үкіметтік емес ұйым өкілдері, экономика және қаржы бөлімінің мамандары,  ауыл, ауылдық округ әкімдері, БАҚ өкілі қатысты.

Жиын барысында аталған жобаның міндеттері мен мақсаты жан—жақты талқыланып,  ұсыныс-пікірлер айтылды.

Жоба міндеттері: жергілікті қауымдастық мүшелерінің, әкімшілік қызметкерлерінің потенциалын арттыру, ауылдық деңгейдегі іс-шараларды жоспарлауға инклюзивті тәсілді енгізу және оны қолдану, ауылдың даму жоспарын жүзеге асыруға ықпал ету,пилоттық аудандардың тәжірибиесін, облыстың пилоттық емес аудандарына тарату, сондай-ақ ЖӨӨ дамытуға аймақтық және ұлттық деңгейде ұсыныстар жасақтау арқылы ықпал ету. 

Жоба нәтижесі бойынша ауыл әкімдері жергілікті өзін-өзі басқарудың қызметін жүргізу және жоспарлау бойынша жаңа дағдыларға ие болады. Ауыл тұрғындары жергілікті қоғамдастықтардың қызметі арқылы тұрғылықты елді-мекендерінің нақты мәселелерін шешу, талқылау процессіне және ЖӨӨ дамытуға қатыса алады. Кәсіпкерлікті қолдау, дамыту және жаңа жұмыс орындарының пайда болуы жергілікті тұрғындардың жағдайын жақсартуға ықпал етеді. 


Ақпараттық ресурстар