Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Амал мерекесі құтты болсын!

Егеменді ел өңірлерінің ішінде  өзіндік болмыс бітімі, тарихы мен мәдениеті, ауа-райына дейін өзгешелігі бар маңғаз Маңғыстаудың қайталанбас салт – дәстүрінде де өзгелерге ұқсамайтын мерейлі мерекесі  бар. Ол – «Жыл басы- Амал мерекесін» тойлауы. Бұл мереке Маңғыстау өңірінде наурыз айының он төрті күні тойланады. Биыл  мұнайлылықтар да ерекше қарсы алды.

Ең алдымен аудан әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері  мереке қарсаңында Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылында көшеттер отырғызды. Игі істен кейін, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі жанында «Амал келді –жыл келді» атты мерекелік шарасы  өтті.

Аудан әкімі Тәжібаев Нұрлан Төлегенұлы ауыл тұрғындарын ырыс пен берекенің, ризық-несібенің бастауы болған амал мерекесімен құттықтап, әр шаңыраққа құт-береке, елімізге татулық пен бейбітшілік тілеп, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар,  Мұнайлы ауданының мәслихат хатшысы Назаров Бердібек Ізтілеуұлы мен Мұнайлы ауданы қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Әміров Табылды Әмірұлы да ауыл жұртшылығын жыл басы мерекесімен құттықтап, ізгі ниетпен ақ тілектерін арнады.

Амал мерекесі күні ұлттық киімдерін киіп, жайдары  көңіл  күймен жиылған ауыл тұрғындары киіз үйлерде кең пейілмен жайылған мол дастарханнан дәм татты. Спорт десе ішкен асын жерге қоятын ауыл жастары қол күрес, баскетбол, асық ату секілді спорт түрлерімен сайысқа түссе, енді бірқатары алтыбақан тебісті.

Думанды кеште ұлттық құндылықтарымызды таныта білуге, тәрбиелеуге негіз қалайтын мағыналы сахыналық көріністер қойылып, әуелеген әсем ән мен шертілген тәтті күй мерекенің ажарын кіргізді.


  • 11.08.2017
    13:00
    7
    Тамыз айының 11 күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында үшінші сайланған Мұнайлы аудандық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы болып өтті.…
  • 21.08.2017
    11:01
    30
    «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 15-18 тамыз аралығында өткен Маңғыстау облысының мәдени күндері мерекелік бағдарламасының күәсі болып,  әлем назарындағы павильондарды…
  • 17.08.2017
    10:15
    41
    Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан да мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. …
Ақпараттық ресурстар