Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Мұнайлы аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті

Наурыз айының 10 күні Мұнайлы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Мұнайлы аудандық мәслихатының кезекті сессиясы өтті.

Жиынды сессия төрағасы Ильясов Құралбай Жолдасұлы ашып, жүргізді.

Мұнайлы аудандық мәслихатының кезекті сегізінші сессиясының жұмысына: аудан әкімінің міндетін атқарушы Сүлейменов Бейімбет Әбдіқадырұлы, аудандық мәслихатының хатшысы Назар Бердібек Ізтілеуұлы, аппарат басшысының міндетін атқарушы Мураталиев Дастан Яхияұлы, Маңғыстау облысы жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары  Өтешов Абдурасул Мухитденұлы, ауыл мен ауылдық округ әкімдері, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, ұйымдар мен мекеме басшылары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Аталған жиынның күн тәртібіндегі бірінші мәселе - Мұнайлы аудандық жергілікті полиция қызметінің жұмысы. Ол жөнінде  жергілікті полиция қызметінің басшысы Айғарақов Қалдымұрат Бисенұлының баяндамасы тыңдалды.

Күн тәртібінде қаралған келесі мәселелер: аудандық мәслихаттың 2016  жылғы 26 желтоқсандағы №6/116 «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы; аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 20 сәуірдегі №2/14 «Аудандағы жұмыссыздықты азайту және халықты жұмыспен қамту бойынша атқарылған жұмыстар туралы» шешімінің орындалысы туралы; аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 24 сәуірдегі №21/230 «Біріңғай тәртіптік комиссияның құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;  аудандық мәслихаттың тоғызыншы сессиясының төрағасын сайлау туралы.

Сессия барысында аталған мәселелер жөнінде экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Көшекбаева Айша Қосайқызының, орталық аурухананың басшысы Шыршықбаев Айларбек Елтайұлының,  Маңғыстау облысы жергілікті полиция қызметі басшысының орынбасары полиция подполковнигі Өтешов Абдурасул  Мухитденұлының баяндамалары тыңдалды.

Келесі өтетін сессияның төрағасы болып №11 сайлау округінен депутат Нокеров Юсуп сайланды.

Сессия соңында аудан әкімінің міндетін атқарушы Сүлейменов Бейімбет Әбдіқадырұлы қорытынды сөз сөйледі.


  • 23.06.2017
    17:12
    48
    Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату.  Өркениеттің өріне қадам бастайтын мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы…
  • 16.06.2017
    11:06
    50
    Баланың көңілді, тиімді пайдалы өткізген жазғы демалысы – алдағы оқу жылындағы сапалы білім кепілі. Бүгін аудан әкімі Нұрлан Төлегенұлы Тәжібаев…
  • 16.06.2017
    10:37
    56
    Спортты жандарына серік ете отырып, ауданның намысын қорғап жүрген жандардың бірі: Шолпанов Ыбырай, Маймакова Айжан, Маммедова Жансүйген. Олар маусым айының…
Ақпараттық ресурстар