Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Маңғыстау ауылының әкімі Өтемұратов Қалқатай Азанғалиұлының 2016 жылда жасаған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы есебі


Маңғыстау ауылының құрамына Маңғыстау, Маңғыстау-1, Маңғыстау-2, Маңғыстау-3, Маңғыстау-4 және Маңғыстау-5 тұрғын үй массивтері кіреді. Ауылдың аулалар саны –4366, оның ішінде 63 көп пәтерлі тұрғын үйде 1305 пәтер орналасқан. Ауылдыңжалпы ауданы - 3063 га құрайды.Статистикалық мәліметке сәйкес, ауылдың халық саны – 28373 адам, соның ішінде экономикалық белсенді халық саны – 16182 адам, оқушылар - 5684, зейнеткерлер - 1483 адам. Ал, мүгедектер саны -802 адамды құрап отыр.Елді мекеннің халық саны жылына шамамен 8%-ға өсіп отыр, оның 780 жаңадан дүниеге келген сәбилер және 374 адам көшіп келушілерден құралып отыр.

  Ауыл әкімінің азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдауы аптасына екі рет жүргізіледі. Ауыл әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан 2016 жылдыңішінде 628 арыз түсті. Олардың ішінде 600 жеке тұлғалардан, 28 заңды тұлғалардан түскен өтініштер. Сондай-ақ, өткен жылы Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы барлығы 326 мемлекеттік қызмет көрсетті.

 

Тұрғын үй, коммуналдық-шаруашылық саласы

  Маңғыстау ауылыхалыққа қажетті негізгі энергоресурстармен, соның ішінде электр энергиямен, жылумен және газбен толықтай қамтамасыз етілген. Орталықтандырылған құбыр арқылы ауыз сумен Маңғыстау ауылының 51%-ы, атап айтқанда Маңғыстау ауылының өзі және Маңғыстау-1, 2 тұрғын үй массивтері қамтамасыз етілген (барлығы 5133 үйдің 2414 үйі). Қалған тұрғын үй массивтері ауыз суды тасымалды түрде алып отыр (2509 үй).

  «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында,Маңғыстау аулының 15 кварталында және Есмамбет және Шапағат көшелерінде орналасқан жеке тұрғын үйлерді құбыр арқылы ауыз сумен қамту мақсатында, 137 млн. теңге қаржы бөлініп, «Өркен-1» ЖШС-гі  құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Аяқталу мерзімі қаңтар айы.

  Маңғыстау-3 және Маңғыстау-5 тұрғын үй массивтерін құбыр арқылы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының ЖСҚ-сы жасақталып, мемлекеттік сараптамаға тапсырылды. Ал, Маңғыстау-4 тұрғын үй массивін құбыр арқылы ауыз жұмыстарын бастау үшін  бюджеттен бірінші кезеңіне 262 700 000 теңге бөлінді. Жалпы соммасы 588 247 000 теңге.

  Жылуды ауылдың көп қабатты үйлері, №1 орта мектеп, №2 сауықтыру балабақшасы орталықтандырылған түрде, қалған үйлер мен әлеуметтік объектілер жылуды дербес жылыту қазандықтары арқылы алып отыр.

  Жылу сапасын арттыру мақсатында Маңғыстау ауылында 10 дербес жылу қазандықтарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар ауыл аумағындағы орталықтандырылған жылу жүйесінен көп пәтерлі тұрғын үйлерге дейінгі ауылішілік 2350 метр құбырлары толық ауыстырылды.

  «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында  «Төрт қабатты жиырма төрт пәтерлі он екі тұрғын үй» құрылыс жұмыстары басталды. 

  Сонымен қатар бюджет саласының қызметкерлеріне арнап 100 орындық жатахана құрылысын салу үшін, жобалық сметалық құжаттамасы дайындалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарының жалпы соммасы 912 203 млн. тг. құрайды. Аталған жоба жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын есебінен салынатын инвестициялық жобалар тізіміне енгізілді.

  «Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында  № 6, 10, 22, 23, 37, 39, 40, 42, 43, 86, 99, 104 тұрғын үйлердің кондоминиум объектілері ретінде Әділет басқармасында тіркелгелді. Ал, № 22, 39, 40, 42, 43 тұрғын үйлердің құжаттамалары мемлекеттік сараптамадан өтіп, бюджеттік тапсырмасы берілді.

  Ауылішілік автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы 80,8 шақырымды құрайды, соның ішінде асфальт жолдар – 18,7 шақырым, қатқыл табанды жолдар – 24,6 шақырым.  Есепті кезеңде Маңғыстау ауылы аумағындағы көп пәтерлі тұрғын үйлердің маңына жалпы ұзындығы 3100 метр жолға асфальт жабындысы төселді және бұл бағытта 1100 метр асфальт жол алдағы уақытта төселетін болады. Сондай-ақ, Маңғыстау-3 және Маңғыстау-4 тұрғын үй массивтерінде ауылішілік 15 шақырымды  автокөлік  жол  құрылысын бастауға 100 млн.қаржы бөлініп, 3 шақырым асфальт жабындысы төселді. Қалған жұмыстары осы жылы жалғасатын болады. Сонымен қатар, Маңғыстау-4 тұрғын үй массивіндегі № 11 мектебінен орталық асфальт жолға дейінгі ұзындығы 523 метр шақырым жолды асфальттау жұмыстары жүргізілді. Маңғыстау-5 тұрғын үй массиві бойынша 15 шақырымды жолдың құрылысын қаржыландыру үшін бюджеттік тапсырма берілді. Ал, Маңғыстау-1, Маңғыстау-2 тұрғын үй массивтеріне және басқада ауылішілік автокөлік жолдардын асфальттауға  жобалық сметалық құжаттамасын жасақтауға ұсыныс берілді.

  «Маңғыстау ауылындағы темір жол вокзалы маңын абаттандыру, автокөлік тұрағын кеңейту және айналма жол салу» жұмыстары толық аяқталып, автокөліктерге арналған автотұрақ 3203 м2 кеңейтілді. 

2016 жылы бюджеттен 8 700 000 теңге қаржы бөлініп, аудан орталығы Маңғыстау ауылының көшелерінде 41 дыбыс ұлғайтқыш /громкоговоритель/ орнатылды.

 

Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы

Ауыл аумағында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Инфрақұрылымды және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бірінші бағыты бойынша жалпы ұзындығы 6 861 метр  жаяу жүргіншілер жолы төселіп, 38 ауыл тұрғыны уақытша жұмыспен қамтылды.

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру» екінші бағыты бойынша ауылымыздың 6 кәсіпкеріне, яғни мал шаруашылығын, көлік жуу орталығын, шаштараз ғимараты, телефон және компьютер жөңдеу орындарын дамыту үшін, барлығы 18млн. теңге несие берілді.

Сондай-ақ, бағдарламаның «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» үшінші бағыты бойынша жастар практикасына 89 жас маман, әлеуметтік жұмыс орындары арқылы жұмысқа 109 ауыл тұрғыны және ақылы қоғамдық жұмысқа 35 адам жолданды

Білім  саласы.

  Ауылдағы  4 орта мектепте 7274 оқушы білім алуда,соның ішінде 1494 оқушы Басқұдық ауылынан тасымалдау арқылы қатынап білім алуда .

  Былтыр мектеп бітірген 153 түлектің, 109 Ұлттық біріңғай тестілеуден өтіп, оның ішінде 5 алтын белгі және 6 үздік атестаттқа ие болды. 2016 жылғы ұлттық біріңғай тестілеу нәтижесінің қорытындысы бойынша№ 5 және №1 жалпы орта білім беру мектептері облыс бойынша үздік ондыққа енді. Сонымен қатар №5 орта мектеп облыстық конкурста Үздік білім беру мектебі номинациясын жеңіп алды.

  2016 жылы Маңғыстау ауылында 2 жеке меншік балабақша ашылып, қазіргі таңда ауыл аумағында барлығы бес мемлекеттік, алты жекеменшік балабақша және №1, №5 орта мектептерінің жаңындағы мектепке дейінгі тәрбие беру шағын орталықтарында барлығы 1552 бала тәрбиеленуде және балабақша кезегінде 1525 бала бар. Оның ішінде 181 бала 3 жастан жоғарылар. Маңғыстау-2 тұрғын массивінен мемлекеттік жекеменшік серіктестік аясында облыстық білім басқармасының тапсырысымен 140 орындық  балабақшаның құрылыс жұмыстары басталды. Мердігер мекеме «ХазарМұнайГазҚұрылыс» ЖШС-гі.

   

Денсаулық сақтау

  Маңғыстау ауылында 250 орындық орталық аудандық емхана мен 25 орындық аурухана, жедел жәрдем және Маңғыстау-5 тұрғын үй массивінде орналасқан дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетеді. Жедел жәрдем станциясына биыл жаңа екі автокөлік беріліп, көлік саны 14 ке жетті.

  Есептік кезеңде ана өлімі тіркелген жоқ, 4 бала өлімі тіркелді.2015 жылмен салыстырғанда 1 балаға азайған.

Әлеуметтік  сала.

  Маңғыстау ауылында ҰОС-ның  бір ардагері,14тыл ардагерлері және әлеуметтік қызмет көрсетілетін 14 жалғыз басты зейнеткер бар.

  Есепті жылы Алтын Алқа төс белгісімен 5 ана, Күміс алқа төс белгісімен 11 ана марапатталды. Ауылымыздың тұрғындарының Алтын Алқа иегерлерінің жалпы саны – 163 адамға, ал Күміс алқа иегерлерінің саны – 183 адамға өсіп отыр.

Ауылда 2016 жыл басынан бері атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 36 адамға барлығы 510 653 теңге жәрдемақы бөлінсе, 18 жасқа толмаған балалар жәрдемақысын алушы 155 балаға 1 849 511 теңге көлемінде, ал82 адамға 1 515 890 теңге бір жолғы материалдық көмекі, сондай-ақ, туберкулез ауруына шалыққан 16 адамға бір жолғы материалдық көмек ретінде барлығы 848 400 теңге қаржы берілген болатын.  

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша ауылымыздың 12 отбасына барлығы 3 225 536 теңге бөлініп, 15 адам жұмысқа орналастырылды.

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында, ауылдың мектебіне баратын мүжәлсіз отбасындағы 699 оқушы мектеп құралдарымен қамтылды. 1312 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.

  Есепті кезеңде кәсіпкерлердің демеушілігімен ауылдағы күн көрісі төмен 75 отбасы азық-түлік тағамдарымен қамтамасыз етілді.

Мәдениет және спорт салалары

Ауыл бойынша жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, оларды  өнерге, мәдениетке баулу мақсатында «Өнер» мектебі мен Маңғыстау-4 тұрғын массивіндегі «Өркен» және Маңғыстау-5 тұрғын массивіндегі «Тұлпар» аула клубтары бар. «Өнер» мектебінде 8 бағыт бойынша 348 бала,  «Тұлпар» аула клубындағы үйірмелерде 339 бала, «Өркен» аула клубында 320 бала қамтылған.

Маңғыстау ауылындағы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» 516 бала спортпен шұғылдануда. Мектептерде бокс, карате-до, дзюдо, футбол, волейбол, баскетбол, еркін күрес және қазақша күрес секцияларымен қамтылған. Ауылдың спорт және өнер салаларының жаттығушылары республика және облыс деңгейлеріндегі әр түрлі жүлделі орындарды иеленіп келуде. Сондай-ақ, ауыл көлемінде 8 ашық спорт алаңы мен 12 балалар ойын алаңдары орналасқан.

  Сонымен қатар, жер қойнауын пайдаланушы кәсіпорын есебінен салынатын инвестициялық жобалар тізіміне «160 орындық денешынықтыру-сауықтыру кешені» құрылысы енгізілді.

  Маңғыстау ауылындағы көлемі 3,2366 га болатын «Жеңіс алеясы»  саябағы қайта жарақтандырылды.

Маңғыстау ауылын құрылғанына елу жыл толуына орай, «Ырысы тасыған ауылым» мерекелік іс-шара өткізіліп, ауылдың әлеуметтік экономикалық дамуына өз үлесін қосқан азаматтары төс белгімен, құрмет грамотасы және алғыс хаттармен марапатталды. Естелік кітап жарыққа шықты.

Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесі аясында 500 орындық аудандық орталық Миғраж мешітінің  құрылысы аяқталды. Ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары, облыстың бас мүфтиі, аудан әкімі және ауыл ақсақалдары қатысып, мешітке автокөлік сыйға тартылды.

Криминогендік сала

Маңғыстау ауылы және Маңғыстау-5 тұрғын үй массивтерінде учаскелік полиция пунктерінде3 учаскелік инспектор және 3 көмекші бекітілген.  Есептік кезеңде 266 қылмыс дерегі тіркеліп, оның 137 ашылған. Қылмыс түрлерінің көбі тұрғындарымыздың жеке мүліктерін ұрлау және алаяқтық болып отыр.

Қоғамдық орындарда тазалықты сақтамаған, жасыл желектерді бүлдірген, мүлдем төзбеушілік қағидатын бұзған азаматтарға учаскелік полиция инспекторларымен 813 әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Сонымен қатар, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп оқытушыларымен, ІІБ-і, прокуратура өкілдерінің қатысуында жиналыстар, рейдтік шаралар өткізілді.

Шағын және орта бизнес пен ауыл шаруашылықты дамыту

  Қазіргі таңда Маңғыстау ауылында 221шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркеліп, 738адам жұмыспен қамтылып отыр.Ауыл тұрғындарын арзан бағалы азық түлікпен қамтамасыз ету мақсатында, «Жібек жолы» базары мен Маңғыстау-4 тұрғын массивінде орналасқан «Салтанат» сауда үйінде апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылып тұрады.

  Ауылда  «Ақшам» мейрамханасы, «Мерей» қонақ үйі, «Ынтымақ» мал сою орыны, «Ибрагим» көлік жуу орыны, «Ақ бұлақ» қоғамдық моншалары іске қосылып, 56 тұрғын жұмыспен қамтылды.

Сонымен қатар, ауыл аумағынан «Жанарыс» ЖШС-гі тігін фабрикасының құрылысы басталды. Фабрикаға 300-ге жақын ауыл тұрғындары  жұмыспен қамту жоспарда.

  Қазіргі таңда ауыл аумағында 37 шаруа қожалығы тіркелген. Олар «Қызыл құм» аймағында егін және мал шаурашылықтарымен айналысуда. Шаруа қожалықтарында барлығы 159 бас ірі қара, 117 бас түйе, 324 бас жылқы және 3256 ұсақ мал тіркелген.

  «Қызылқұм» аймағындағы жалпы көлемі 194,5 га жер алаңында орналасқан 18 ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан 13 485 600 теңге субсидия бөлініп, егін шаруа қожалықтарынан 1295 тонна қызанақ,  357 тонна қияр, 266 тонна қырыққабат, 249 тонна бұрыш, 220 тонна баклажан, 637 тонна қауын, 895 тонна қарбыз және 5 тонна асқабақ өнімдерін өндіріп, облыс көлеміндегі ауыл шаруашылық өнімдері жәрмеңкелерінде халыққа тұтынылды.

Есептік кезеңде 1438 бұралқы ит ауланды.

 

2017 жылға қойылған жоспарлар

1.  Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы аясында, Маңғыстау ауылында орналасқан тозығы жеткен көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын бастау;

2.  Маңғыстау-4 тұрғын үй массивінеқұбыр арқылы ауыз су тарту  жұмыстарын бастау. Маңғыстау-3 және Маңғыстау- 5тұрғын үй массивтерін құбыр арқылы ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстарының ЖСҚ-сын мемлекеттік сараптамадан алу және бюджеттік тапсырыс беру;

3.  «Жұмыспен қамту-2020» мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру бағытында шаралар алу (балалар ойын алаңы, ашық спорт алаңы,жаяу жүргіншілерге арналған жол) және құрылыс жұмыстарын жүргізу;

4.  «Қол жетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында, ауылдың 22 кварталында орын алатын «Төрт қабатты жиырма төрт пәтерлі он екі тұрғын үй» құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру;

5.  Маңғыстау-3 және Маңғыстау-4 тұрғын үй массивтеріндегі ауылішілік жолға асфальт төсеу жұмыстарын жалғастыру;

6.  Маңғыстау ауылы және Маңғыстау-1 және Маңғыстау-2 тұрғын үй массивтеріне ауылішілік автокөлік жолға асфальт төсеу құрылыс жұмыстарының ЖСҚ жасақтау үшін, қаржыландыру мәселесін қарастыру;

7.  Маңғыстау-5 тұрғын үй массивіндегі 15 шақырым ауылішілік жолға асфальт төсеу жұмыстарын қолға алу. 


Ақпараттық ресурстар