Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің 2016 жылы атқарылған жұмыстарының халық алдындағы есебі


Қызылтөбе ауылдық округте2016 жылы статистикалық мәлімет бойынша халық саны 28 343 адамға құрап отыр.  1,2,3 топтағы мүгедектер саны 336,  16 жасқа дейінгі мүгедектер саны 79,  зейнеткерлер саны 2215,  студенттер саны 2702, жұмысқа белсенділер саны 12688 адам,  0-5 жасқа дейінгілер саны 3460, оқушылар саны 4682.

2016 жылы әкім аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 350 арыз тіркелген. Түскен өтініштердің 315 жер мәселесі,  алтын алқа, күміс алқа, материалдық көмек 27, тұрғын үй шаруашылығы бойынша 7, кәсіпкерлік сала бойынша 1. Аталған арыздардың барлығына заң талабына сәйкес жауап беріліп, тиісті жұмыстар жасалды.

Округ әкімінің азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдауы аптасына екі рет жүргізіледі, осы есепті кезеңде - 68 тұрғын қабылданды. Қабылдауда негізгі көтерілген мәселелері жер телімдері мен тұрғын үй мәселелері болып отыр.

  2016 жылы- ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеті 277 518 мың теңге, оның ішінде жалақы бойынша 26 983 мың теңге, жарықтандыруға 51 876 мың теңге, тазалық жұмыстарына 26 16 мың теңге, абаттандыру 3501 және көгалдандыруға 2989 мың теңге, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарын қолдауға 128 027 мың теңге, сондай-ақ ішкі материалдық-техникалық жарақтандыруға 607 мың теңге құрайды.

 Оқушыларды тасымалдауға – 11 412 мың теңге. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы: РБ -22 753 мың теңге, ЖБ – 9460 мың теңге.

  2017 жылы - ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеті 266 496 мың теңге, оның ішінде жалақы бойынша 28 450 мың теңге, жарықтандыруға 52 306 мың теңге, тазалық жұмыстарына 27 127 мың теңге, абаттандыру және көгалдандыруға 12 768 мың теңге, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарын қолдауға 130 926 мың теңге, Оқушыларды тасымалдауға – 14 909 мың теңге.

Қызылтөбе ауылдық округінің құрамына Қызылтөбе елді мекені, Қызылтөбе-2 тұрғын массиві, Бірлік және Ынтымақ елді мекендері мен 25 жеке шаруа қожалықтары кіреді.

Білім саласы бойынша: Қызылтөбе селолық округі бойынша №2, №6 жалпы білім беру  орта мектептері және Қызылтөбе лицейі оқушыларға сапалы білім беруде.

 -№2 орта мектепте1729 оқушы (сыйымдылығы 960), №6 орта мектепте  2698 оқушы  (сыйымдылығы 960), «Қызылтөбе» лицейінде  255 оқушы (сыйымдылығы 300) – ауылымызда барлығы 4682 оқушыны құрап отыр.

2016-2017 оқу жылында орта мектепте мүжәлсіз отбасы, аз қамтылған, жетім және жартылай жетім отбасынан шыққан 542,оқушы және бірінші сыныптың 832 оқушысы ыстық тамақпен қамтылды. «Мектепке жол» қайырымдылық акция аясында жағдайы жоқ мүжәлсіз отбасы, жартылай жетім, тұлдыр жетім көп балалы отбасының45 балдарына  қайырымдылық көмек көрсетілді.

2016-2017 оқу жылдында11 сыныпты 168 оқушы аяқтап, 100оқушы ҰБТ  тестке қатысып,68- оқушы мектепте дәстүрлі емтихан тапсырды. 

ҰБТ сынағының қорытындысы бойынша пайыздық көрсеткішті алатын болсақ  ең жоғары бал 94,4 ең төмен 42,3- балды құрап облыс көлемінде Мұнайлы аудан бірінші орынды иеленді .

Қызылтөбе ауылдық округіндегі мектептерде  560 қызметкер оның ішінде 396 қызметкерлері Қызылтөбе ауылының тұрғындары.

2016-2017 оқу жылында мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес, 182 оқушы мемлекет тарапынан мектепке тегін тасымалдануда. Оқушыларды тасымалдау  бағыттары төмендегідей:

  -Бірлік, Ынтымақ елді мекендерінен - Жаңа Дәулет елді мекенінде орналасқан №4 орта мектепке.

  Балабақша мәселесі:бүгінгі күні«Балапан» бағдарламасы аясында Қызылтөбе-2 тұрғын массивінен 280 орындық №5 «Балбөбек» балабақшасы, Қызылтөбе елді мекенінен 150 орындық №4 «Балапан»  балабақша, №6 ортамектеп жанынан 75 орындық шағын орталық ашылыпмектепке дейін білім беруді қамтамасыз етуде.

Әрине,  бүгінгі күнге аталған балабақшалар жеткіліксіз, Қызылтөбе селолық округінде кезекте тұрған балалар саны 1210.

Аталған мәселені шешу мақсатында, мемлекеттік «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі балаларды бала бақшамен қамту мақсатында, ағымдағы жылдың қыркүйек айында Қызылтөбе елді мекенінен 100 орындық«Болашақ» балабақшысы ашылды. Тағы 100 орындық жекеменшік балабақша құрылысын салу үшін екі жеке кәсіпкерге жер телімі беріліп, несие алуға құжаттарын тапсырып, нәтижесі күтілуде.

Сонымен қатар, «Балапан» бағдарламасы аясында мемлекет тарапынан Қызылтөбе елді мекенінен тағы 280 орындық, Қызылтөбе-2  тұрғын массивінен 140 орындық бала бақша құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжаттарынжасақтауға9,5 млн теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілуде. Жер телімдері дайын. 2017 жылға құрылысын жүргізуге қаржы бөлу үшін ұсыныс беріліп нәтижесі күтілуде.

Денсаулық сақтау– ауылдық округі тұрғындарына 3 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет көрсетуде.

Медициналық көмек көрсетудің негізгі көрсеткіштері ана өлімі, бала өлімі, туберкулезбен аурушаңдық, кеш тіркелген онкологиялық аурулар болып табылады.

  Ана өлімі 2016 жылдың жарты жылдығында тіркелген жоқ. Бала өліміне байланысты жылдық сараптамалық қорытындысын зерделесек: 2015жылы-2 бала,2016 жылы-1 бала, 2017 жылы –тіркелмеген.

Туберкулезбен аурушаңдық көрсеткіші:  2015 жылы -16 адам, 2016 жылы – 16 адам тіркелген.

Онкологиялық маңызды аурулары бар 1адам.

Жас мамандардың әлеуметтік мәселелерін көтеру мақсатында мемлекеттік «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жүщеге асырылуда. Осы бағдарлама аясында мәдениет,спорт, мұғалімдер, дәрігерлер әлеуметтік сала қызметкерлеріне 2016 жылы 21 жас маманға бір жолғы жәрдемақы берілсе, тұрғын үй алуға 9 маманға бюджеттік несие берілді. Аталған бағдарлама жалғасын табуда.

Ауылдық округ аумағында мал, ауылшаруашылығымен шұғылданатын шаруа қожалықтарының саны бүгінгі күні 34- ті құрап отыр. Мал басын көбейту мақсатында атқарылған жұмыстардың нәтижесін сараптасақ: сиыр-203 (2015 жылы 208) қой ешкі 2010(2015 жылы 5011), жылқы 985 (2015 жылы 925), түйе 970 (2015 жылы 1276). Мал азығы жем мемлекет тарапынан мүмкіндігінше арзандатылған бағамен жеткізілуде.

Мәдениет және спорт мекемелері ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану және ауыл жастарын, тұрғындарынбұқаралық спортқа, өнерге тарту мақсатында «Маңғыстау» мәдениет үйінде 8 үйірме (вокал, жыр – терме, хореография, көңілді тапқыштар, сән үлгісі, балапан, ұлт аспаптар драма ұжымы жұмыс жасауада. Бұл үйірмелерге ауылдың 246 баласы қатысып ,тәлім алуда.

Сондай-ақ, осы аталған мәдениет үйінде 13384 кітап қоры бар кітапхана жұмыс жасайды. Қазіргі таңда, мәдениет үйінде 28 қызметкер жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, 2008 жылы шілде айынан  бастап «Тайбурыл» балалар аула клубы жұмыс істеп келеді.  Аталған клубта 8 үйірме бар, ОЛАР: қолөнер, тігін, би, сурет, ағылшын тілі, ән, жыр терме, домбыра. Жалпы барлығы  348 бала қамтылған.

Қызылтөбеауылдық округі бойынша әлеуметтік инженерлік инфрақұрылымын  дамыту мәселлері бойынша.

Электр жарығы бойынша Қызылтөбе ауылдық округіндегі Қызылтөбе, Бірлік, Ынтымақ елді мекендері және Қызылтөбе-2 тұрғын массиві толықтай электр жарығымен қамтылған.Елді мекенді элекр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстарын «Маңғыстауэнерго» МКК және  АҚ «МЭТБ» (МРЭК) басқармасы  жүргізеді.

2016 жылы «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы аясында орталық Түркістан көшесінен Достық көшесіне дейінгі аралыққа түнгі көше жарықтары  (25 дана) және Бірлік елді мекенінен Дәулет ауылдық округіне дейінгі аралыққа 45 дана түнгі көше жарықтары орнатылып халық игілігіне берілді. Қызылтөбе ауылының  түнгі көше жарығы орнатылмаған Маусым, Желтоқсан, Уалиханов, Абай, Әуезов, Маметова, Молдағулова, Сағыныш, Иманов, Атамекен, Жамбыл, Арай, Наурыз, Түркістан көшелерінің түнгі көше жарығы шамдары орнатылмаған. Осыған орай, «Маңғыстауэнерго» МКК тарапынан 25 қараша күнінен бастап  түңгі көше жарығы шамдарын орнату жұмыстары басталды.Қазіргі таңда, 13 көшеге 100 дана жарық шамдары орнатылып, қалған 2 /екі/ көшеге 2017 жылдың басында орнатылатын болады.

Газ мәселесі бойыншаҚызылтөбе ауылдық округі газ желісімен толықтай қамтылған.

Жолсапарлар бойынша (маршрут)Ауылішілік барлық аялдамаларға  жолсапарлардың жүру кестесі қағаз түрінде ілінген, «Ақтау-Қызылтөбе-Ақтау», «Маңғыстау-Дәулет-Қызылтөбе-2»  №13А және «Ақтау-Қызылтөбе-2-Ақтау» бағыттарына қатынайтын қоғамдық жолсапарлардың халыққа сапалы қызмет көрсету сапасына мониторинг жүргізілуімен бірге тұрақты бақылауда.

Ауылдық округ бойынша  жалпы ауылішілік автомобиль жолдары  95 шақырым құрайды. Соның ішінде асфальтобетонды жабындысы бар 24 800 шақырым, қатқыл табанды қиыршықты ұсақ тас (грейдер)-15 шақырым және мүлдем жол жоқ ауылішілік жол -55 200 шақырым.

2016 жылға ауыл ішіндегі  жолдарға және Қызылтөбе-2 т.м орталық асфальтобетонды жол бойына жол белгілерін, жол кедергісін орнатуға аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөліміне ұсыныс берілді. 2016 жылдың  қыркүйек айында ауыл ішіндегі ой-шұқыр бар 6000 м2 асфальт жолдарға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді, бөлінген қаржы 12 млн теңге.

  Қызылтөбе ауылдық округіндегі мүлдем жол салынбаған аймақ  Қызылтөбе-2 тұрғын массиві болып келді. Сондықтан, Қызылтөбе-2 тұрғын массивінің ауылішілік 15 шақырым жолына асфальтобетонды жабынды төсеу жұмыстарын, мемлекеттік сатып алу конкурсында жеңімпаз атанған «СМК-Атамекен» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда, жолға 2 шақырым асфальтобетонды жабынды төселді. 2016 жылға 2-кезең 100 млн теңге қаржы бөлініп, жоспарланған құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. 2017 жылға 3 –кезең 300 млн теңге жоспарланған.

  Ал, Қызылтөбе-2 тұрғын массиві мен Жаңа Дәулет тұрғын массиві аралығындағы орталық грейдер жол бойына  асфальтобетонды  жабынды төсеу жұмыстарын  жүргізу үшін, 2016  жылғы 2-кезеңге бюджеттен 196 млн теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсында «МЖҚМК» АҚ жеңімпаз атанды. Жалпы жоспарланған жолдың ұзындығы 8 шақырым 100 метр. Оның ішінде:Қызылтөбе ауылдық округіне  тиесілі бөлігі 3 шақырым 800 метр жолына асфальтобетонды жабынды төселді.

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қызылтөбе ауылында 1 шақырым 544 метр жаяу жүргіншілер жолының құрылысы №2 орта мектептен Мереке көшесіне дейін және Қызылтөбе-2 тұрғын массиві №6 орта мектеп шұбатхана аралығына дейін (келісім шартқа отырған мекеме «Қазақ соқырлар қоғамы» ЖШС) жұмысқа тартылғандар саны 4/төрт/ адам, жаяу жүргіншілер жолының бойына 56 дана отырғыш және 56 дана қоқыс салғыш жәшіктерін орнату жұмыстарына 1 адам жұмысқа алынып, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Қызылтөбе-2 тұрғын массиві №6 орта мектебі ғимаратының «Б» блогына күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен 74 млн теңге бөлініп, келісім шартқа отырған мекеме («Табын Строй Техникс» ЖШС)13 адам жұмысқа алынып, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды.

Шағын бизнес обьектілері-шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ауылдық округтегі 93шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркеліп, оның ішінде: азық-түлік дүкендері 49 дана, 12 газ құю бекеттері, 14 автокөліктерге қызмет көрсету орталықтары, 5 дәріхана, 4 автобөлшектер дүкені, 7 мейрамхана, 2 ет дүкені, 3 наубайхана, 5 шаштараз, 5 шағын сауда орталығы және 4 тігін шеберханасы жұмыс жасап, өз кәсәптерін жүргізуде. Осы аталған нысандарда барлығы  511  ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып отыр.

  Сонымен қатар, 22 өндірістік мекемелер әр түрлі бағытта өз жұмыстарын жасауда.

Телефон байланысы: Қызылтөбе  ауылы аумағындағы барлық тұрғын үйлерді телефон байланысымен қамту мақсатында, Қызылтөбе-2 тұрғын массивінің 1500 және Қызылтөбе елді мекенінің бұрын тартылмаған 360 тұрғын үйлеріне телефон және интернет желісі тартылды.

Ұялы байланыс желілері барлық елді мекенде бар, актив, ксеел, беллайн, теле-2 байланыс желісі бірқалыпты жумыс жасауда.

Сонымен қатар, ауылда «Казпочта» АҚ-ның Маңғыстау облыстық филиалының бөлімшесі халыққа қызмет көрсетуде. Бір бөлімшеде 28000 мың тұрғыны бар ауылға 3 адамның қызмет көрсетуі жеткіліксіз болуына байланысты, облыстық филиалға қосымша Қызылтөбе-2 тұрғын массивінен казпочта бөлімшесін ашу жөнінде ұсыныс беріліп, нәтижесі күтілуде. Жер телімі  бөлінген, дайын. 

Ауылдық округ бойынша қоғамдық тәртіпті ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырған 1 учаскелік полиция инспекторы,3 учаскелік полиция көмекшісі және кәмелетке толмағандар істерін қарайтын 1 инспектор сағат: 1900-ден 2300- ге дейін ауылдық округтің қауіпсіздігін қарайды. Сонымен қатар, 24 сағат бойы арнайы көлікпен жабдықталған жол патрульдік полициялары барлық бағытта қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.

2016 жылдың наурыз айында Қызылтөбе елді мекені және Қызылтөе-2 тұрғын массивінен полиция тірек пункітінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.Бүгінгі күні учаскелік полиция инспекторлары өз жаңа ғимараттарына жұмыстарын жасауда.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауылдық округ бойынша 12 қылмыс оның ішінде кәмелет жасына толмағандар жастар арасында 3 қылмыс орын алып отыр, бүгінгі күні барлық қылмыстардың 88,4 пайызы ашылып отыр.

  Қызылтөбе ауылдық округінде діни ахуал тұрақты, бірқалыпты. Ауыл аумағындабір мешіт жұмыс жасайды. Сыйымдылығы 500 адамдық жаңа мешіттің құрылысы демеушілер көмегімен аяқталып, халық игілігіне берілді. Ауыл аумағына сырттан келіп немесе басқа жаққа барып діни уағыз айтушылар тіркелген жоқ.

Иесіз бұралқы иттер мәселесі бойынша «Мұнайлы аудандық ветеринариялық станциясы» КММ-сі бекіткен кестеге сәйкес, ауыл әкімдігінің маманы және учаскелік инспектордың қатысуымен ай сайын жүргізіледі. 2016 жылы жалпы 929 иесіз бұралқы иттердің көзі жойылып, жұмыстары жалғасын табуда.

Ауыз су мен қамту мәселесі Қызылтөбе ауылдық округі бойынша ауыз суды тасымалдау құны 3,6 м3 – 1500 теңгені, ал 4,2 м3 ауыз су бағасы 1700 теңгені құрайды.

  Сонымен қатар, мемлекетік «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында Қызылтөбе ауылдық округінде орналасқан елді мекендерді құбыр арқылы ауыз сумен қамту бойынша аудандық құрылыс бөлімінен тарапынан жобалық сметалық құжаттары жасақталды. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын жүргізуге облыс әкімдігіне жалпы құны 2 202 млн теңгеқаржы бөлу үшін ұсыныс жолданды.

Ауылдық  округ тұрғындарынан арзан азық-түлік тауарларымен қамту бойынша тауарлар мен қызмет көрсетулерге, әсіресе азық-түлік тауарлары мен коммуналдық қызметтерге бағаның тұрақтылығын сақтау мақсатында, Қызылтөбе ауылында  әр аптаның сенбі күні және Қызылтөбе-2 тұрғын массивінде сейсенбі күндері жәрмеңке базары тұрғындарға арзан бағамен азық-түлік тауарларын және әр-түрлі тұрмысқа қажетті заттарды сатуды ұйымдастыруда.

  Сонымен қатар, ауылдық округтегі орналасқан газ құю бекттеріне, азық-түлік дүкендеріне аптасына бір рет тауарларға заң талабына сай сапасы мен бағасына мониторинг жүргізіліп, үнемі бақылауда болады.

Кәсіпкерлікті дамыту бойынша: Осы жылы ауыл аумағынан  орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 13 кәсіпкер жеңілдетілген пайызбен несие алып,  әр түрлі салада өз кәсіпкерліктерін дамытуда. Қосымша 3 кәсіпкер несие алуға құжаттарын тапсырылып, комиссия қарауына жолданып, нәтижесі күтілуде.

Әлеуметтік көмек бойыншаауылдық округте 5жаңа жұмыс орны ашылды, жаңадан ашылған жұмыс орындарына  16 жұмыссыз орналасты. Округте мемлекеттік атаулы көмек алатын 3 отбасы, жастар іс-тәжірибесіне 2 адам жұмысқа жіберілді, кәмелет жасына толмаған балаларына жәрдемақы алатын 14 отбасы бар.Сондай- ақ, ҰОС ардагерлері жоқ, оларға теңестірілгендер саны 26 қария, жалғызілікті асыраушысы жоқтар-2, көп балалы аналар-1688.

  Ауылдық округте жылбасынан бері, мемлекет тарапынан біржолғы және әр түрлі  бағыттағы атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 34 отбасы құрады.

  Ауылдық әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға демеушілердің көмегімен барлығы 388 мың теңгеге әр түрлі азық-түлік киім-кешек тауарларымен көмек көрсетілді.

2017 жылғақойылған міндеттер мен жоспарлар

1. Қызылтөбе елді мекенінің 15 шақырым ауыл-ішілік жол жоқ көшесіне асфальтбетонды  жолын  салу үшін қаржы көзін қарастыру.

2. Қызылтөбе ауылдық округі елді мекендерді құбыр арқылы ауыз сумен қамту.

3. Қызылтөбе-2 тұрғын массивінен 600 орындық мектеп құрылысын салу үшін жобалық сметалық құжатын жасақтауға қаржы көзін қарастыру.

4. Қызылтөбе-2 тұрғын массивінен 140 орындық балабақша құрылысын салу үшін қаржы қарастыру.

 сметалық құжаттары жасақталып мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы  алынды.

  Назарларыңызға рахмет!

  Б.Сүлейменов__________

  Ш.Сұңғат_____________


Ақпараттық ресурстар