Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Дәулет ауылдық округі әкімі Ғ.Жолдасбаевтың 2016 жылғы жасаған жұмыстары және алдағы міндеттері туралы есебі


«Дәулет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Мұнайлы ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы №109-Қ қаулысы негізінде құрылды. «Дәулет ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және Заңдарына, ҚР Президенті мен Үкіметтің актілеріне, өзге де құықтықактілерге сәйкес жүзеге асырады.Сонымен қатар, ауылдық округ аумағында мемлекеттің саясатын жүргізу және ауылдық округтің даму жағдайын қалыптастыруға қызмет етуде. Белсенді халқының саны 2016 жылдың 01 қаңтар жағдайына 9350 адамды құраса, 01.01.2017 жылы жағдайына статистикалық есеп бойынша халық саны 9750 адамды құрап отыр.Демографиялық жағдайды зерделесек, халық саны күннен күнге өсуде. 

Ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеті 210880,0 мың теңге,оның ішінде аппаратты ұстауға 20812,0 мың теңге, ауылдың санитарлық қызметін қаматамсыз етуге 25962,0 мың теңге,көше жарығымен қамтамасыз етуге 21767,0 мың теңге, абаттандыру және көгалдандыру қызметтері бойынша 10600,0 мың теңге, мектепке дейін тәрбиелеу және оқыту ұйымдарын қолдауға 109939,0 мың теңге және мектеп оқушыларын мектепке дейін және кері тегін тасымалдау қызметіне 2393,0 мың теңге, «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 18969,0 мың теңге.

Ауылдық округ әкімінің тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдауы аптасына екі рет жүргізіледі, есепті кезеңде 50 тұрғын қабылданды.Ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан 2016 жылы – 144 арыз тіркелген. Нысаналы мақсатын ауыстыру -16 , коммуналдық шаруашылық бойынша-6 , жер телімі бойынша 122  өтініш тіркелген.

2016 жылдың қорытынды есеп беру кездесуінде тұрғындар тарапынан келіп түскен ұсыныс-пікір бойынша жасақталған іс-шара жоспарының орындалысы:

- Қызылтөбе-2–Жаңа Дәулет автокөлік жолдарының құрылысын бастау жұмыстары екі кезеңнен тұрады. Аталған жолды салуға 1-кезеңге 196 млн. теңге қаражат бөлініп, мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша «Маңғыстау жол құрылысы материалдар комбинаты» АҚ жеңімпаз атанды. Қазіргі таңда, жалпы ұзындығы 8,1 шақырым жолдың 7,2 шақырым асфальтбетонды жабынды төселіп, жұмыстар жалғасуда.

- «Өңірлерді дамыту» бағдарламасына Дәулет ауылдық окугіне «Тұлпар бала бақшасынан Қызылтөбе қиылысы бағдаршамға» дейінгі аралықтағы аудандағы маңызы бар автомобиль жол жиегіне көше жарықтарындырумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 32 млн теңге қаражат бөлініп, конкурс жеңімпазы болып “БекАқтауГазСнаб” ЖШС анықталып, Дәулет ауылына тиісті жоғарыда аталған көше бойына 44 бағана және ауыл ішіне 211 жарық шамы орнатылды.

Коммуналдық шаруашылық:Елді мекендерге санитарлық қызмет көрсету қызметі бойынша 2016 жылға 22 400 000 тенгеге конкурстәсілімен “Арас Актау” ЖШС-мен келісімшартқа отырғызылды. Бүгінгі таңда ауылдық округ бойынша 1900м3 алаң  қатты қалдықтан тазартылды.Ауыл тазалығы бірқалыпты,күнделікті бақылауда.

Елді мекендердің  көгалдандыру және аббатандыру қызметтері бойынша мүгедектер арасында  конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, “Ақтау қалалық соқырлар қоғамы” жеңімпаз атанды. Көгалдандыру бойынша 5200 000 теңгеге, аббатандыру бойынша 5 400 000 теңгеге келісімшартқа отырғызылды.Көгалдандыру қызметімен ауылдық округі бойынша 120дана роза гүлі және 200 түп қара тал егіліп,бапталуда.Аббатандыруқызметі бойынша жол бойындагы аялдамаларды сырлау, жаяу жүргіншілер жол жиегінен орнатылған орындықтармен қоқыс жәшіктерін сырлау, қайта орнату, саябақты ағымдағы жөндеу, 13,8,16 кварталдарға және Жаңа Дәулет 637 үйден Қызылтөбе ауылдық округі бағытына шығатын жолға  құм (дорожный ПГС) төгіп,жаю жұмыстарыжүргізілді.

Өзіңізге белгілі 2015 жылдың 12 қарашасынан бастап Елбасының «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша Дәулет ауылдық округіне 312 үйге су құбыры жүргізіліп, қолданысқа берілді. Қазіргі таңда орталық су жүйесінің құдығынан су тартужұмыстары жалғасын тауып, 1014 үйге көбейіп отыр. Судың бағасы 1кубы 30 теңгені құрайды.

  Байланыс және интернет қызметтері бойынша Дәулет ауылының тұрғындары мен мекемелерге, ұйымдарға «Қазақтелеком» АҚ және «Мұнайтелеком»  АҚ  қызмет көрсетеді. Округ бойынша шамамен  445-дей телефон нөмері іске қосылған.  Дәулет ауылдық округі аумағының тұрғындары бүгінгі күнде мемлекеттік (Еларна, Хабар, Қазақстан-1, Қазақстан-Ақтау, Евразия) және «Отау ТВ» (501 үй) телеарналарымен қамтамасыз етілген.Ауылдық округ әкімі аппаратының  ұйымдастыруымен ауылда 5 мүжәлсіз  және аз қамтылған отбасыларға «Отау Тв» телеарнасы тегін қосылып берілді.

Ақтау қаласына қатынайтын тұрғындарға №103 Ақтау-Қызылтөбе бағыты бойынша  маршруты қызмет көрсетеді, қызмет көрсету құны 110 теңге.Маңғышлақ-Қызылтөбе-2-Жаңа Дәулет бағытындағы №13а маршрутын бекітілген жолсапарының жүру кестесіне сәйкес, 30 минут сайын құны  50 теңгеден қызмет көрсетуде.

Ауылда 01.01.2016 жыл жағдайына 27 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, бүгінгі таңға 32 шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп,  01.01.2016 жылмен салыстырғанда  5  субьектіге өсті. Шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны   65 адамды құрап, 01.01.2016 жылмен салыстырғанда 11 адамға өсті. «Жұмыспен қамту 2020»  бағдарламасыныңІІ бағыты бойынша  3 тұрғын мал шаруашылығын дамыту мақсатында 3 000 000 және 1 тұрғын 2 700 000 теңге көлемінде несие алып, жұмыстар жүргізуде.

«Жұмыспен қамту2020 жол картасы» бағдарламасының І бағыты  бойынша Дәулет ауылдық округінен 1,7 шақырым жаяу жүргіншілер жолын төсеу жұмыстарына конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, жеңімпазы болып «Ақтау қалалық соқырлар қоғамы» АҚ анықталды, келісімшарт бойынша сомасы 18 969,0 мың теңге.Бүгінгі таңда №4 орта мектептен Жаңа Дәулет 371 үй аралығына 1,3 шақырым, сонымен қатар, 13 кварталға 200 метр және №3 арнайы орта мектептің жанына 200 метр жаяу жүргіншілер жолы төселіп, коммисияға ұсынылып, қабылданды.Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 7 адам жұмысқа жүргізілді.

Дәулет ауылында орналасқан №4 жалпы білім беретін орта мектебінің ғимаратын ағымдағы жөндеуден өткізуге бюджеттен 7751,0 мың теңге бөлініп, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, жеңімпазы болып анықталған  «Арман құрылыс»  ЖШС және «Нұр Иса құрылыс» ЖШС келісімшартқа 5773,0 мың теңгеге отырғызылды. Жұмыспен қамту орталығы арқылы 4 адам жұмыспен қамтылып, бүгінгі таңда ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту2020 жол картасы» бағдарламасының ІІІ бағыты  бойынша аудандық әлеуметтік жұмыспен қамту – 23, жастар практикасына 6, инженерлік инфрақұрылымға – 17 адам жіберілді Ауылдық округ бойынша - 238 зейнеткер, I-II-III топтағы 130 мүгедек, оның ішінде 16 жасқа дейінгі мүгедек - 17, асыраушысы жоқтар - 4, көп балалы аналар - 146, бала күтімі бойынша жәрдемақы алушылар - 4.  ауылдық округ бойынша  2015  жылы аз қамтылған - 11отбасы, ал 2016 жылдың есептік кезеңінде 10 отбасы  материалдық көмек алды. «Өрлеу» пилоттық жобасына ауылдық округ бойынша 3 азамат тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында, жобаға қатысып, бизнесін дамытып отыр. Аз қамтылған отбасылар балаларының 2-еуі әлеуметтік грантымен оқуда.Сонымен қатар,  мереке күндері 8 наурыз, «Ұлыстың ұлы күні» 14-22 наурыз және 7-9 мамыр мерекесі  қарсаңында демеушілердің көмегімен аз қамтылған отбасыларға, Алтын,  Күміс алқа иегерлеріне, тыл ардагерлерімен ауыл ақсақалдарына түскі ас ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды.

  Білім саласы: Егемен елімізде жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына баса  мән берілуде. Жыл сайын Елбасының халыққа жолдауында да жастардың заман талабына сай білім алуы үшін үлкен мүмкіндіктер жасалынатыны жөнінде айтылып,тиісті орындарға тапсырмалар жүктелуде.Бүгінгі таңда ауылдық округ бойынша 960 орындық орта мектеп, 1 шағын орталық,2 жеке меншік және 280 орындық мемлекеттік  балабақша жұмыс жасауда. Дәулет ауылдық округінің №4 орта мектебі 2015-2016 оқу жылын 176 мұғалім, соның ішінде жоғары санатты -21 мұғалім, бірінші санатты -34 мұғалім, екінші санатты -57 мұғалім және 1691 оқушымен аяқтады. Олардан 74 оқушы 11 сынып түлектері, ал -118 оқушы 9 сынып бітіруші «Жас қанаттар». Олардың ішінде үздік куәлікпен бітірушілер саны- 3. Жалпы  ҰБТ-ге – 33 оқушы қатысып – 79 пайызды иеленді. Мектебімізде ең жоғары балл иеленген бір оқушы – 105 балл.Мектепте интерактивті тақталармен, физика, химия, биология кабинеттерімен қамтылған.Ауылдық округте «Дәулет» және «Тұлпар» атты 2 жеке меншік балабақшада 105 бала, №4 орта мектептің жанына ашылған шағын орталықта 100 бала және мемлекеттік №10 «Ақбота» балабақшасында 280 бала, барлығы 485 мектепке дейінгі балалар тәрбеленуде. 1 қыркүйек «Мектепке жол акциясы» аясында «ARTRUS UNIVERSAL» ЖШС басшысы Токушов Рахымберді, «Еміройл» ЖШС директоры Чунь Мин, жеке кәсіпкер Мирасова Салтанат, Юсупова Роза, «Арас Ақтау» ЖШС директоры Нұрмағамбетова Әселдің көмегімен №4 жалпы білім беру орта мектебінің 34 оқушысын оқу құралдарымен қамтыды, сонымен қатар, №3 Арнайы жалпы білім беру орта мектебінің Дәулет ауылының 6 оқушысына жеке кәсіпкер Сауырбаева Жаңыл жәнеСабырбаеваАқдидар  мектеп формасымен толықтай қамтыды.«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша әлеуметтік сала мамандарына 148470,0 теңге көлемінде көтерме жәрдемақылар және тұрғын үй сатып алуға 3 181 500,0 теңге көлемінде бюджеттік несеилер берілді.

  Денсаулық сақтаусаласында ауылдық округте Дәулет бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету орталығы қызмет көрсетуде.Дәулет  БМСКК орталығы 37 штат бірлігімен жұмыс жасайды. БМСКК орталығы норматив бойынша күніне 50 адамға есептелген. Дәулет БМСКК орталығы науқастарды күніне қабылдайтын нормасынан  артық  120  адамға  қызмет  көрсетуде. БМСККО орталығында дәрігерлердің тұрғындарға сапалы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында жылжымалы медициналық көмек көрсету бойынша жылына 2 рет  стоматолог, лор, хирург, кардиолог,невропатолог  мамандары және аудан орталығынан  әр аптаның дүйсенбі  күні балалар неврологы мен кардиолог мамандары келіп қызмет көрсетеді. Ауылдық округ бойынша 2015 жылы 270 сәби дүние есігін ашса, 2016 жылы 260 бала дүриеге келген.  2015 жылы 1 жасқа дейінгі 5 сәбилер өлімі тіркелсе, 2016 жылы 3 бала өліміне азайды және ана өлімі болған жоқ. Ауылымыздың тұрғыны Аймагамбетова Баянның қызы 2003 жылы туылған, диагнозы ХПН яғни қос бүйрегі өспей, 5 сатыдағы мүгедек Арипова Динараға дәрі-дәрмек сатып алуға жеке кәсіпкер Хасниязов Жақсыгелдінің тарапынан 120 000,0 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Спорт және мәдениет саласы: Дәулет ауылында «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» жұмыс істейді. Мектепте 26 адам, оның ішінде 10 бапкер, 16 басқа қызметкерлер жұмыс істейді. Аталған спорт мектебінде 373 бала спортпен шұғылдануда. Мектепте каратэ, бокс, футбол, волейбол, баскетбол, дзюдо және қазақша күрес секцияларымен қамтылған. Ауылдың спорт салаларының жаттығушылары республика және облыс деңгейлеріндегі әртүрлі жүлделі орындарды иеленіп келуде. Атап айтсақ, 2016жылдың 16-17-18 желтоқсанайында Ақтау қаласында каратэ-додан өткен «Кубок Актау» Халықаралық турнирде КуватовАнуарII орын, Мұхат Айдос III орын иеленді.
15-16.10.2016 ж.  Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер (ұлдар) арасында «Дәулет ауылы әкімінің кубогы»волейболдан ашық турнир өткен болатын.Жарысқа 9 команда қатысып  І, ІІ, ІІІ орын алған спортшыларға кубок, диплом және төс алқаларымен марапатталды.

Дәулет (345млн.теңге) ауылдық округінен кітапханасымен бірге  200 орындық ауыл клубы құрылыстарының ЖСҚ қорытындысы алынды. 

Жеке қожалықтағы мал шаруашылығы: Ауылдық  округте фермер қожалығы немесе мал шаруашылығы жоқ. Ауыл тұрғындары  малдарын жеке қожалықта ұстайды.Ауылдық округ бойынша 32 шаруа қожалығы тіркелген.Жеке қожалықтағы мал шаруашылығының есебі ауылдық округ әкімі аппаратында шаруашылық кітаптарына тіркеліп,әр тоқсан сайын жеке малдардың есебі алынып отырады. Ауыл бойынша мал басы сиыр – 71, қой – 1244, ешкі – 159, жылқы – 849, түйе – 656 құрап отыр.Дәулет бойынша 36 азық-түлік дүкені тіркелген, қазіргі таңда 30 дүкен, 4 шағын кәсіпкерлік жұмыс жасап тұр.

Қылмыс пен құқық бұзушылықтар: Дәулет, Жаңа Дәулет селосы бойынша ағымдағы жылдың 12 айы ішінде барлығы 45 қылмыс тіркеліп, 25 қылмыс ашылып, 20 қылмыс ашылмаған. Оның ішінде: Зорлау 1 (ашылған 1), бөтеннің мүлкін ұрлау 17 (ашылғаны 4, ашылмағаны 13), тонау 1 (ашылған 1), бұзақылық 4 (ашылған 3, ашылмаған 1), есірткіге қатысты қылмыс болған жоқ, алаяқтық 2 (ашылған 2), бөтеннің мүлкін жою 1 (ашылған 1), алимент төлеуден жалтару 1 (ашылған 1), көлік құралын есірткі немесе мас күйдегі адамның басқаруы 12 (ашылған 12), өзіне қол жұмсау 2.

Сонымен қатар, 2016 жылға арналған қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде бекітілген жоспары туралы мәліметті қаперлеріңізге саламыз, «бөлек пункты мен үйлер ұрлығына байланысты, үйлердің есіктеріне құлыптандыру  және азық-түлік дүкендеріне бейне көрініс орнатуларыңыз, мейрамханалар мен кафе-барларға күзетші қоюларыңыз сұралады.

2017 жылға қойылған міндеттер мен жоспарлар және оны одан әрі дамытудың негізгі бағыттары:

-  Қызылтөбе-2–Жаңа Дәулет  автокөлік жолдарының құрылысын жалғастыру;

-  Ауылдық округтің бас жоспарына сәйкес, Жаңа Дәулет-2 тұрғын массивінің инженерлік желілері құрылысына ЖСҚ жасақтау;

-  «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында Дәулет ауылында жұмыссыздар санын азайту, жеке кәсіпкерлерді қолдау арқылы табысы аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамтамасыз ету.


Ақпараттық ресурстар