Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Баянды ауылы әкімі Р.Таймуратовтың 2016 жылғы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі


Баянды ауылы әкімі Р.Таймуратовтың 2016 жылғы атқарылған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі

Баянды ауылы бойынша  2017 жылдың 1 қаңтарына халық саны-5230. 

Ауыл әкімі аппаратының бюджеті  203 628,0 мың  теңге, оның ішінде ауыл  әкімі аппаратының қызметін қамтамасыз етуге 19 988,0 мың теңге, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік қолдауға 99 845,0 мың теңге. Елді мекенді жарықтандыруға 13 026,0 мың теңге, елді мекеннің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету 12 552,0 мың теңге, елді мекенді абаттандыру және көгалдандыруға 8 748,0мың теңге, мекеменің күрделі шығыстары 526,0 мың теңге , жаяу жүргіншілер жолын  салуға 48 943,0 мың теңге болып, есепті кезеңде  жоспарланған қаржы толықтай игерілді.

Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының Заңының 39 бабының 6 тармағына сәйкес, «Мұнайлы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу туралы қағидсын бекіту туралы» Мұнайлы ауданы маслихатының шешімі негізінде қоғамдастық құрылып, экономикалық және қаржылық негізінде қолма-қол ақшаны бақылау шоты ашылды. Бұл шотта өзін-өзі басқару экономикалық және өзін-өзі басқару қаржылық негізінде кіріс көздерінен түсетін түсілімдерден түскен сомма 1 645,5 теңгені құрап отыр. 

 Ауыл әкімінің азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдау кестеге сай әр сейсенбі және бейсенбі күндері жүргізіледі,жыл басынан бері 92 адам қабылданып, тиісті жауаптар берілді. Қабылдауда негізгі көтерілетін мәселелер жер телімдері, тұрғын үй туралы болып отыр. Жеке тұлғалардан  2016 жылы тұрғын үй салу үшін-295 өтініш тіркелді.  «Баянды ауылы әкімінің аппараты» мемелекеттік мекемесінде стандартқа сәйкес төрт мемлекеттік қызмет көрсетіледі:  «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру»,  «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»,  «Өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушыларға тиесілілігін растайтын анықтама беру» және «Елді мекен шегінде обьект салу үшін жер учаскесін беру». 2016 жылға  барлығы 259 тұлғаға мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Ауылдың 2016 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы:

-Осы жылы желтоқсан айында «Алке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Б.Асанкуловтың және демеушілердің көмегімен  «Баянды ауылы мешіті» ашылды;

-Баянды-3 тұрғын үйлер массивіне 3624,7 метр жаяу жүргіншілер жолы салынып пайдалануға берілді, мердігер мекеме: «Дәм» ЖШС.

 -Баянды-3 тұрғын үйлер массивіне су құбырын тарту жұмысы басталды.

«Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасымен 27 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылды. Оның ішінде жастар іс тәжірибесі бойынша 4 жас маман оның біреуі тұрақты жұмыс орнына қабылданды.«Өрлеу» жобасына 6 жұмыссыз қатысты.«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының  ІІ бағыты бойынша  13 млн 200 мың теңге қөлемінде 5 адам несие алды.

Ауылдың демографиялық жағдайы:Ауыл тұрғындары жыл сайын көбеюде қазіргі мезгілде халық саны-5230. Еңбек жасындағы экономикалық белсенді тұрғындар саны 1850 адам, оның ішінде 1684 адам  Ақтау қаласындағы кәсіпорындар мен мекемелерде, аудан орталығы, ауылдағы мекемелерде, сонымен бірге Қаражанбас, Қаламқас, Жетібай кенорындарына вахталық әдіспен жұмыс жасайды, 72 адам жеке кәсіпкерлікпен  айналысады.  Тұрғындардың жұмыссыздық деңгейі  бұрынғы жылдармен салыстырғанда  төмендеді, 94 зейнеткер, І-ІІ-ІІІ топтағы 33 мүгедек, бала жасынан 7 мүгедек , 85 көп балалы аналар бар. Аз қамтылған 4 жанұяға материалдық , 8 атаулы көмек көрсетілді.  Өз кезегінде мереке күндері (наурыз мерекесіне, 9 мамыр жеңіс күні,  құрбан айт және тәуелсіздіктің 25 жылдығы) кәсіпкерлер тарапынан мүгедектерге, аз қамтылған жанұяларға көмектер көрсетіліп тұрады.

Коммуналдық шаруашылық: Ауылдың көшелері толықтай жарықтандырылған, ауыл ішілік жолдар тегістеліп тұрады. Ауыл іші тазалығымен «Ұшқын-Ақтау» ЖШС айналысады, күнделікті көшеге тазалық жұмыстары жүргізіледі. Ауылдың көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына 8,947,8 мың теңге бөлінді. «Ветеринарлық станциясы» қызметкерлерімен ағымдағы жылдың қорытындысында  бұрылқы 275 ит ауланды. Баянды-1,2 тұрғын үйлері масивіндегі үйлер су желісі арқылы су пайдалануда. Баянды-3 тұрғын үйлер массивінің тұрғындарына су авткөлікпен тасып берілуде. Баянды-3 тұрғын үйлер массивіне су тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, наурыз айында болған толассыз жауған жаңбыр салдарынан бүлінген көшелерді және тұрғын үйлердің аулаларын қалпына келтіру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудан әкімшілігінің қолдауымен штаб құрылып, суларды тазарту жұмыстары жүргізілді.

Білім беру саласы: Егемен елімізде жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына қатты мән берілуде. №3  жалпы білім беру орта мектебі 2016-2017 оқу жылында  1-11 сыныптар аралығында 1504  оқушы,дайындық топтарында 137 тәрбиеленуші білім алуда. Мектебімізде 147 мұғалім бар оның,жоғары  санатты 15 мұғалім, І санатты  21 мұғалім, ІІ санатты 37 мұғалім және санатсыз 46 мұғалім. 2015-2016 оқу жылында мектеп бітірушілер саны -30. Оның 18-і жоғары оқу орнына түсті. Мектеп кәзіргі заман талабына сай толық жабдықталған, пән кабинеттері, спорт зал, акт зал, спорт алаңы бар. Мектепте 6 компьютер сыныбы, әрбір кабинетте бір-бір моноблоктан бар және 6 интерактивті тақта бар, мектепте ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануда. «Мектепке-жол» акциясы аясында барлығы 70 бала қамтылып, 578 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. 194  аз қамтылған отбасы балалары тегін ыстық тамақпен қамтылып отыр.Қазіргі таңда 120 орындық жеке меншік «Ботақан»  бала-бақшасы және мемлекеттік  280 орындық «Айналайын» бала-бақшасында балалар тәрбиеленуде. Ауыл бойынша балабақша кезегінде тұрған балалар  жоқ. 

  Денсаулық сақтау.Баянды ауыл тұрғындарына 1 бастапқы медициналық көмек көрсету орталығы қызмет көрсетеді.  Толық медициналық құралдармен қатар тиісті жабдықтармен  қамтылған. Сапалы медициналық қызмет көрсетуге толық мүмкіндік бар.Амбулаторияда 2-жалпы тәжірибелі дәрігер, 1 стоматолог,  1 акушер гинеколог дәрігері, 12 медбике, 2 санититарлық қызметкер жұмыс істеп келді.  УЗИ,ЭКГ,физ.кабинет, лаборатория бар. Күндізгі ем қабылдау, емшара, егу жұмыстары жүргізілді. Есепте тұрған науқастарға ай сайын тегін дәрі-дәрмектер  беріледі.2016 жылы қаралған адам саны – 24382, оның ішінде 1 жасқа дейінгі бала саны-6400. Жыл басынан 211 бала  туылып, Өкпе құрты ауруларымен ауыратын адамдар саны – 3,  жалпы қайтыс болғандар саны 16 болды

Ауыл шаруашылығы:Ауыл шаруашылығы саласында43 шаруа қожалығы мен жеке қожалықтарында  2016 жылдың  2-жартысындағы есеп бойынша 4310 бас қой,  1198 ешкі,  1036  жылқы, 1126 бас  түйе,  93 бас сиыр  малдары болды. Шаруа қожалығы  мен жеке қожалықтағы малшаруашылығының есебі ауыл әкімі аппаратында шаруашылық кітаптарында тіркеліп әр тоқсан сайын есебі алынып отырады. Егін егіп,бау-бақша, көкөніс өнімдерін өндіретін шаруа қожалықтары жоқ. Ауыл аумағында құс фабрикасы жұмыс жасап тұр.Шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 55 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны тіркеліп, 225 адам жұмыспен қамтылған.Ауыл аумағында 17 азық түлік дүкені, 6 газ құю бекеті, 2 техникалық қызмет көрсету орталығы, 1 той салоны, 1 наубайхана,  2 шаштараз, 1 дәріхана, 2 мейрамхана, 17 өндірістік  база жұмыс жасап тұр.Ауылдың тұрғындарын арзан азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында  әр аптаның жұма күні жәрмеңке ұйымдастырылуда.

Мәдениет және спорт: Баянды ауыл  клубында 14 қызметкер жұмыс жасайды оның ішінде мәдени қызметкер саны-10.  Музыкалық  құрал-жабдықтарымен қамтылған. «Ақжелең» халықтық фольклорлық ансамбль ұжымы, «Домбыра», «Хореография», «Сурет» және «Вокал» үйірмелері жұмыс жасайды. Осы жылы 35 шара ұйымдастырылып, шара барысында 627 өнерпаз өнер көрсетті. Ауылда спортпен айналысатындардың санын көбейту және жастардың арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мектепте балалардың спорт секциясына қатысуға мүмкіндіктер жасалған. Ауыл жастары мектеп оқушыларымен бірлесе отырып әртүрлі сайыстар өткізіп отырады. Жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, оларды өнерге, мәдениетке баулу мақсатында «Сұңқар» аула клубы жұмыс жасайды.

Қылмыс пен құқықбұзушылық: Баянды ауылында1 учаскелік инспектор және көмекшісі бекітілген .2016 жылға  ауыл бойынша 25 қылмыс тіркеліп оның 13 ашылған. 272 арыз- шағым қабылданған ол бойынша заңға сәйкес шешім қабылданды. ҚР ӘҚБ тК-нің әртүрлі бабы бойынша 198 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.Қазіргі таңда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектеп оқушыларымен, ішкі істер бөлімі өкілдерінің қатысуымен жиналыстар, рейдтік шаралар ұйымдастырылып тұрады.

2017 жылға қойылған міндеттер мен жоспарлар:

1.Баянды-2 тұрғын үйлер массивіне 15 шақырымды құрайтын ауылішілік 

  автокөлік жолдарға асфальт төсеу жұмыстарын жалғастыру.

2.Баянды-3 тұрғын үйлер массивіне су құбырын тарту жұмысын аяқтау.

3.Баянды ауылында орналасқан ескі мектеп ғимаратын күрделі жөндеуге 

  ұсыныс беру.

 Ауыл әкімі   Р.Таймуратов

 


Ақпараттық ресурстар