Тіркелу
   Резидент РК
   Сгенерировать пароль
Пароль прийдет на указанный Email адрес
Алға
Кері қарай
Тіркелу
 

Возможности после регистрации:

Сможете задавать вопросы руководителям госорганизаций и получать на них ответы, получите доступ к документам для скачивания.


Сможете пользоваться дополнительными сервисами: участвовать в онлайн-конференциях, читать блоги, оставлять отзывы к госуслугам и оценивать качество их оказания.


В случае подписки на новости, получите информацию о всех событиях на свой E-mail.

По вопросам работы интернет - ресурса просим обращаться по телефону: 8 (7292) 42-83-32

Мұнайлы ауданы

Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсы

Басқұдық ауылдық округінің әкімі Н.Қ. Қаржаубаевтың 2016 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есебі


Құрметті ауыл тұрғындары мен қонақтар!

Қазақстан Республикасы Президентінің «Барлық деңгейдегі әкімдер халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы №615 Жарлығын іске асыру мақсатындаауыл мен ауылдық округ әкімдері  жыл сайын тұрғындар алдында есеп беріп өткізуі тиіс. Бүгінгі күні ауданымызда ауыл әкімдерінің халық алдында есеп беруі басталды.

Басқұдық ауылдық округі бойынша 2016 жылдың 1-ші қаңтарынан статистикалық есеп бойынша халық саны 28 500 адам құрап отыр.

  2016 жылы - ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеті 311 907 мың теңге, оның ішінде жалақы бойынша 23 142 мың теңге, жарықтандыруға 26 003 мың теңге, тазалық жұмыстарына 138 16 мың теңге, абаттандыру 2756 және көгалдандыруға 3420 мың теңге, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарын қолдауға 132 290 мың теңге, сондай-ақ ішкі материалдық-техникалық жарақтандыруға 3330 мың теңге құрайды.

 Оқушыларды тасымалдауға – 33561 мың теңге. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы: РБ -64464 мың теңге, ЖБ – 7860 мың теңге.

  2016 жылы - ауылдық округ әкімі аппаратының бюджеті 408 917 мың теңге, оның ішінде жалақы бойынша 31 028 мың теңге, жарықтандыруға 32 126 мың теңге, тазалық жұмыстарына 34 570 мың теңге, абаттандыру және көгалдандыруға 9184 мың теңге, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарын қолдауға 147 583 мың теңге, Оқушыларды тасымалдауға – 104869 мың теңге. «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы: 48943 мың теңге.

2016 жылдың қаңтар – желтоқсан айларында әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындысы:

-  Ауылдық округтің «Самал» тұрғын үй массиві аумағынан ППБ поселкелік полиция бөлімшесінің құрылысы салынып, аяқталды. Тапсырыс беруші Маңғыстау облыстық ішкі істер департаменті, мердігер мекеме «Аktau Blyd Cervis» ЖШС;

-  Маңғыстау  облыстық  ІІД-нің  тапсырысы  бойынша, ауылдық округтің орталық және ауылішілік жолдарға 6 дана бейнекамера орнату  үшін, орындары белгіленіп,  ауылдық округі әкімі аппаратының шешімі шықты.

-  «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша ауылдық округтен «Соқырлардың қазақ қоғамының Ақтау оқу өндіріс кәсіпорны»ЖШС-і жалпы көлемі -3834м. жаяу жүргінші құрылысы салынып, пайдалануға берілді;

 «Ақтау-Маңғыстау–Гранит-Ақтау» автомобиль жолын қайта құрылымдауға -92,8 млн.теңге бөлініп, «Ақжол құрылыс» ЖШС-мен құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

2016 жылдың есепті кезеңінде 5 мемлекеттік қызмет түрі бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны.

2016 жылы 1974 қызмет көрсетілген: мемлекеттік органда -1844, ХҚКО арқылы – 130, бас тартылған – 30.

2015 жылы 1924 қызмет көрсетілген: мемлекеттік органда -1900, ХҚКО арқылы -24.

  АУЫЛ ӘКІМІНІҢ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЫНА ТҮСКЕН АРЫЗДАР

2016 жылы ауылдық округ әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан – 487 өтініш түскен. Заңды тұлғалардан – 9 өтініш түскен.

Жеке тұлғалардан түскен өтініштің -183 қанағаттандырылды, 304 түсінік берілді.

Заңды тұлғалардан – 1 қанағаттандырылды, 8 түсінік берілді.

2015 жылы жеке тұлғалардан – 685 өтініш түскен, оның 400 қанағаттандырылды, 285 тұлғаға түсінік берілді.

Заңды тұлғалардан 9 өтініш түсіп, оның 5 қанағаттандырылды, 4 түсінік берілді.

2015 жылы жеке тұлғадан 685 (соның ішінде 3 алтын 12 күміс), заңды тұлғадан  24 арыз қабылданды.

2016 жылы жеке тұлғадан 791 (соның ішінде 4 алтын 8 күміс), заңды тұлғадан  24 арыз қабылданды.

ҮДЕМЕЛІ ИНДУСТРИЯЛЫҚ – ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

  «Еврострой-А» ЖШС-і зауытының мақсаты: темір бетон бұйымдарын қуысты аражабындар плитасын өндіру  болып табылады. Бүгінгі күнге дейін аталған зауыт ТМД елдерінде  әлі  ашылмаған. Жобаны жүзеге асыруға жалпы көлемі 1 млрд. теңге жұмсалған. Жаңадан ашылған өндірістік мекемеге 100-ге жуық жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылған. Басқұдық ауылдық округі бойынша  аталған компанияға 52 адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Қуысты аражабындар плитасын өндіретін зауытта замануи неміс технологияларымен жабдықталған 18 метр ұзындықта плита шығаруға арналған жабдықтар жұмыс жасап тұр. Қазіргі таңда зауытта ұзындығы 6.3,  7 метр  темір бетон бұйымдарын өндіруде. Бұл, технология, яғни қуысты аражабындар плитасын өндіретін зауыт тек қана Қазақстанда емес, сонымен қатар, ТМД-елдерінде осы уақытқа дейін болмаған. Сондықтан «Еврострой-А» ЖШС-і бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарында үлесі зор  деуге болады. Зауыттың қуаттылығы жылына 36000 қуысты аражабындар плитасын өндіріп, шығарады. Жаңа өнімнің түрлерін қамтамасыз етуде компания  70 пайызға дейін Маңғыстау облысының қуысты аражабындар плитасына қажеттілігін өндіреді. 2015 жылы – 27679 мың тонна, жалпы құны: 431485,00 млн.теңге ТБӨ (тонна  темір бетон өнімі) шығарса, 2016 жылдың есептік кезеңінде -8026 мың тонна, жалпы құны: 125134,00 млн. теңге ТБӨ жасап  шығарылды.

АУЫЛ ХАЛҚЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

  Ауылдық округте статистикалық есеп бойынша халық саны – 28 500. Миграциялық толқынмен жылдан жылға халықтың өсімі байқалады. Табиғи өсіммен жылына 1000-ға жуық сәби дүниеге келеді.

Демографиялық жағдайдың өсімімен жұмыссыздар саны – 23 адамға өсіп отыр. Халықтың экономикалық белсенділігіне тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,1%.

Жұмыссыздар саны 2015 жылы – 260 құраса, 01.10.2016жыл жағдайында – 283-ке жетті. Кедейшілік деңгейінен төмен тұратындар саны – 23. 01.10.2015ж. – 62. Есепті кезеңде орташа айлық жалақы – 31 028 мың теңге, 2015 жылы – 23 142 мың теңгені құрады. Өсім- 75%.

КӘСІПКЕРЛІК ДАМУЫ

Ауылдық округ бойынша 2015 жылы 165 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, 2016 жылы 180 кәсіпкерлік субьектісі тіркеліп, 01.10.2015 жылмен салыстырғанда 15 субъектіге өсті.

Құрылған жұмыс орны  -139. 2016 жылы жұмыспен қамтылғандар саны – 3910,  2015 жылы жұмыспен қамтылғандар саны – 3775 адам, демек есептік кезеңде 135 адамға көбейіп отыр. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы №97 Қаулысына сәйкес «Өрлеу» жобасы бекітілді. Мемлекеттік саясаттың басты мақсаты: әлеуметтік қорғалмаған тұрғындар тобының өмір сүру деңгейін жақсарту болып табылады.

Бұл жоба бойынша шартты ақшалай көмек кірісі ең төменгі 60%-ға төмен, аз қамтылған отбасыларға беріледі. Ол үшін азаматтарға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысып, әлеуметтік келісім-шартты орындауы қажет.

Басқұдық ауылдық округі бойынша «Өрлеу» бағдарламасына қатысқан 50 отбасынан 200 адам құрап отыр. «Өрлеу» бағдарламасына қатысушы отбасылар мал шаруашылығымен, нан пісірумен және тігін тігумен айналысады.Басқұдық сауда орталығының жанынан жеке кәсіпкер Нұрлиева Зәкон қажының жетекшілігімен «Несібе» халал азық-түлік дүкені ашылып, ауылдың 10 тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылды.

Басқұдық ауылдық округінен жеке кәсіпкер Кемалов Шалқар жетекшілігімен «Самал» тұрғын үй массивінен «Нұрай» мейрамханасы ашылып, ауылдың 9 тұрғыны жұмыспен қамтылуда. «Жаңа қоныс» тұрғын үй массиві, Отпан көшесі №34/4 үйден жеке кәсіпкер Бижанова Гулнара жекеменшік балабақша құрылысын салып, аяқтады. 2017 жылдың қаңтар айында әлеуметтік нысанның пайдалануға беріліп, ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтылуы  жоспарлануда.

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – 2020 бағдарламасы

I.«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету»

2016 жылы 29.974,000 млн. теңге және 18. 969, 000 млн. теңге  аулдық округтен жаяу жүргіншілер жолын төсеу жұмыстары жүргізілуде.

II.  «Кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру»

«Ауыл шаруашылығын қаржылау қолдау қоры» АҚ Маңғыстау филиалы арқылы қайта қаржыландыру есебінен 1 адам мал шаруашылығымен айналысу мақсатында 3 млн. теңге несие алса, 1 адам бала бақша салу үшін – 3 млн.теңге және  1 адам фотосалон ашу үшін 3 млн.теңге, жалпы – 9 млн.теңге) несие берілді.

III.«Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»

2016 жылы:  тұрақты жұмысқа орналасқандар - 126, ақылы қоғамдық жұмысқа жолданғандар -2, жастар тәжірибесіне жолданғандар – 9, жасыл ел бағдарламасы бойынша – 6 адам жұмыспен қамтылды.

2015 жылы: мемлекеттен несие алғандар саны – 2, тұрақты жұмысқа орналасқан – 102, ақылы қоғамдық жұмысқа – 4, жастар тәжірибесіне – 7, жасыл ел бағдарламасы – 5 адам жұмыспен қамтылды.

БІЛІМ САЛАСЫ

Оқушыларды ыстық тамақпен қамту

Басқұдық №9 орта мектебінде 2015-2016 оқу жылында жетім, жартылай жетім, сәтсіз, аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан 723 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылды.Көп балалы -222, жартылай жетім -44, сәтсіз отбасы – 15, мүгедек отбасы -27, мүгедек оқушы -4, форма – 4-13,1-сынып оқушылары – 394, ата-ана қамқорлығынсыз қалған -4.01.10.2016 жылы жағдайда, 716 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Зерделеу бойынша: Мүгедек отбасы – 16,аз қамтылған -7, жартылай жетім -38, сәтсіз  отбасынан 14, ата-ана қамқорлығынсыз қалған – 4, форма 4 -14, 1-сынып оқушылары – 364, көпбалалы отбасынан -257 қамтылған.

Жылдар бойынша ҰБТ қорытындылары  ҰБТ қатысқан  оқушы саны

2013-2014 жылдары – 67,8%     66 оқушы 

2014-2015 жылдары -64,8%    52 оқушы

2015-2016 жылдары -72,7%    59 оқушы

Қазақстан Республикасының «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру

Басқұдық ауылдық округі бойынша оқушыларды автобуспен тасымалдау жұмыстарын «Номад» ЖШС атқарады. Ауылдық округтен «Басқұдық», «Болашақ» және «Жаңа қоныс» тұрғын үй массивінен 3 оқушылар аялдамасынан 1817 бала тасымалданады. 2016-2017 оқу жылына «Номад» ЖШС 35 автобуспен оқушыларды тасымалдау жұмыстарын жүргізуде. Маңғыстау селосы №5 мектепке 350 бала, Ақтау қаласы №23 мектепке 230 бала және Маңғыстау-4 селосы № 11 мектепке 1237 бала тасымалдануда. Оқушылар автобусының жол жүру сызбасы (схема) жасақталып, бекітілді.Оқушылардың автобуспен бару-келу кестесі де жасалып, кестеге сәйкес жүргізілуде. «Номад» ЖШС-нің 35 автобусының барлығы техникалық байқаудан өткізілген және жүргізушерінің денсаулық жарамдылығы медбикемен анықтау пунктінде күнделікті тексерілуде. Сонымен бірге, оқушылардың қауіпсіздігін қаматамсыз ету мақсатында мектеп педагогтарынан жауапты мамандар бекітілген. Күнделікті сағат 07.00-ден бастап ауылдық округі әкімі аппаратының жауапты мамандары оқушыларды кесте бойынша шығарып салады.

Ауылдық округ аумағынан 600 орындық орта мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттары жасалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынды. Тиісті ұсыныс облыс әкімдігіне жолданып, Республикалық бюджет есебінен 2017 жылы құрылыс жұмыстарын бастау көзделіп отыр.

Көрсеткіштер

Қараша 2015

Қараша 2016

2017 жылға жоспар

Ауылдағы орта мектептер саны

1

1

2

Мектептердегі орын саны

960

960

600

Оқушылар саны (МАД, 1-11 сынып)

2803

2671

-

Тасымалданған оқушылар саны

1102

1817

0

«БАЛАПАН» МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

«Балапан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ауылдық округтегі мемлекеттік және жекеменшік балабақшаларға мемлекеттен 2016 жылы 147583 мың теңге бөлінді.

Мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үлесі

2011 жылы «Өркен»мемлекеттік  280 орындық балабақша

2011 жылы «Еркемай» жеке меншік балабақшасы  Ж/К. Ж. Каирова

2011 жылы «Аяла» жеке меншік балабақшасы Ж/К. А. Байдаулетова

2011 жылы «Арай» жеке меншік балабақшасы Ж/К. Н. Наурызбаева

Ауылдық округтің «Жаңа қоныс» тұрғын үй массиві аумағынан Ж/К. Г. Бижанованың жетекшілігімен жеке меншік балабақша құрылысы салынуда. Құрылыс жұмысының аяқталу мерзімі 2017 жылдың қаңтар айына жоспарлануда.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

2015 жылы – 8 бала өлімі тіркелген. Ана өлімі тіркелмеген.

2016 жылы – 7 бала өлімі (0-1жаста  5 бала, 1-3 жаста 1 бала, 5-10 жаста 1 бала) тіркелген. 2016 жылдың есептік кезеңінде ана өлімі тіркелмеген.

Дүниеге келген бала саны: 2015 жылы 949, 2016 жылы 953 сәби.

Өкпе ауруына шалдыққандар: 2015 жылы 31, 2016 жылы 12 адам, демек былтырғы жылмен салыстырғанда 19 адамға азайған.

Онкологиялық ауруға шалдыққандар: 2015 жылы 7, 2016 жылы 8 адам.

Ауылдық округтің «Жаңа қоныс» тұрғын үй массивінің Достық көшесінен БМСККО филиалы ашылып, халыққа қызмет көрсетуде.

Қосымша ауылдық дәрігерлік амбулатория салу бағытында 0,5 га. жер телімі белгіленіп, тиісті құжаттары ресімделуде.

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

2015 жылы

Басқұдық ауылдық округі бойынша аудандық деңгейде 34 спорттық іс шара өткізіліп, 2670 спортшы  қатысты.

Облыстық  деңгейде  13 спорттық іс шара өткізіліп, 149 спортшы  қатысты.

Мемлекеттік қызмет бойынша

Еркін күрес - 2 спортшы II жасөспірімдік спорттық разряд және 9 спортшы  III жасөспірімдік спорттық разряд. Қазақ күресі - 5 спортшы III жасөспірімдік спорттық разряд. Грек рим күресі - 4 спортшы II жасөспірімдік спорттық разряд және 14 спортшы  III жасөспірімдік спорттық разряд.Қол күрес – 2 спортшы II жасөспірімдік спорттық разряд және 2 спортшы III жасөспірімдік спорттық разряд. Кір тасын көтеру – 3 спортшы  III жасөспірімдік спорттық разряд. Жеңіл атлетика- 7 спортшы III жасөспірімдік спорттық разряд. Алматы қаласы, Армрестлингтен ҚР чемпионаты жасөспірімдер арасында қос сайыста 2 орын - Бападжанов Талғат 9-12 маусым 2015 жылы Петропавл қаласы, Армрестлингтен әйелдер арасында ҚР чемпионаты сол қолдан 2 орын- Маймакова Айжан 3 орын- Текебаева Аманда. 26 қыркүйек-4 қазан. Малайзия, Куала-Лумпур, Армрестлингтен әлем чемпионаты Маймакова Айжан – сол қолдан 3 орын.

2016 жылдың 10 айында

Аудандық деңгейде спортшылар 8 спорттық шараға, облыстық, республикалық деңгейде 14 спорттық шараларға қатысты.Мемлекеттік қызмет бойынша 4 оқушы еркін күрестен спорт шеберіне үміткер атағына ие болды олар:Файзулла Путин. Саитов Бекзат. Сейдуллаев Нурсултан. Аяпов Сұңғат. 2016 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласында өткен Азия чемпионатында 1 орынға ие болған Шолпанов Ыбырай.

Басқұдық ауылдық округінен (345,6млн.теңге) кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының ЖСҚ қорытындысы алынды. 

  Ауылдық округте Мұнайлы ауданы әкімінің қолдауымен  2010 жылы ашылған «Басқұдық» аула клубында бүгінгі күні 11 үйірмеге 365 оқушы қамтылып, тәрбие алуда. Аула клубына жетім, жартылай жетім, сәтсіз, аз қамтылған, көп балалы отбасының балалары үшін,барлығының қатысуына мүмкіндіктер жасалған.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ САЛАСЫ

Ауылдық округ бойынша - I-II-III топтағы 1217 мүгедек, оның ішінде  16 жасқа дейінгі мүгедек - 65, көп балалы аналар - 1278, бала күтімі  бойынша жәрдемақы алушылар - 15. Аудандық комиссия қорытындысымен 2015 жылы 26 отбасы 175 000 мың. теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек алды. Комиссияның қаралуымен 2015 жылы туберкулез және онкологиялық сырқатпен – 22 адамға материалдық көмек көрсетілді.

  2016 жылдың 9 айында комиссия қорытындысымен – 11 адам, туберкулез және онкологиямен – 15 адам материалдық көмек алды.

«Мектепке жол» акциясы аясында ауылдық округтегі жетім, жартылай жетім, сәтсіз, мүжәлсі және көп балалы отбасылардың балаларына оқу-құрал жабдықтарымен, мектеп формасы, портфель және қаржылай көмек көрсетілді.

2015 жылы «Мектепке жол» акциясы аясында Басқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының демеушілік есеп шотынан - 300 000 (үш жүз  мың  теңге) Жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен – 185 (жүз сексен бес мың теңге)  жалпы акция барысында: 485 (төрт жүз сексен бес мың теңге) көлемінде көмек көрсетілді.

2016 жылы «Мектепке жол» акциясы аясында 239 оқушыға мектеп оқу құралдары салынған портфель және 230 мың теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

ЖЕКЕ ҚОЖАЛЫҚТАҒЫ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ

Ауылдық  округте фермер қожалығы, немесе мал шаруашылығы жоқ. Ауыл тұрғындары малдарын жеке қожалықта ұстайды. Жеке қожалықтағы мал шаруашылығының есебі ауылдық округ әкімі аппаратында шаруашылық кітаптарына тіркеліп, әр тоқсан сайын жеке малдардың есебі алынып отырады.

2015 жылы

түйе

сиыр

жылқы

Қой/ешкі

181

12

18

90

2016 жылдың 10 айында

Түйе

сиыр

жылқы

Қой/ешкі

201

21

15

148

Ауылдық округ бойынша ит, мысық аулау жұмыстарын Мұнайлы аудандық «Ветстанция» МКК  айын 2 рет жүргізеді. 2015 жылы ауылда 1443 ит атылды. 2016 жылдың 10 айында 827 ит ауланып отыр.

АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫН ДАМЫТУ

Ауылдық округтің территориясы 1117,3 га. жерді құрайды. АЕМ-нен Ақтау қаласына 7,5 км. қашықтықта орналасқан.

Ауылдық округте 2013 жылы – 1932метр, 2014 жылы – 5384 метр, 2015 жылы -0, 2016 жылы – 3834 метр жаяу жүргінші жолы төселді.

«Ақтау-Маңғыстау –Гранит-Ақтау» автомобиль жолын қайта құрылымдауға -92,8 млн.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. (Жалпы құны – 92,8 млн.теңге. Келісім шарт құны -91 млн.теңге) Жеңімпаз мекеме «Ақжол құрылыс» ЖШС.

  Автодромнан Басқұдық тұрғын үй массивіне (1,7 км) қиыршық табанды жол құрылысының  ЖСҚ мем. сараптама қорытындысы алынды.  Ауылдық округ аумағынан 2,2 км. асфальт жол төсеуге жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

ХАЛЫҚТЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТУ

Ауыз су бағдарламасын орындау мақсатында, сыйымдылығы 1000 текше метрлік  2 су қоймасы қосылған. Бүгінгі күні ауыл тұрғындарына жеңілдетілген бағамен ауыз су алу мүмкіндігі жасалды. Қазіргі таңда «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында елді мекендерді суландыру үшін жобалық-сметалық құжаттамасы мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынып, «Ақ бұлақ» бағдарламасына ұсынылды. 2017 жылдан ауылдық округтің елді мекендерін ауыз сумен толықтай қаматамасыз ету жұмыстары көзделуде.

«Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ 2016 жылы 103,1 млн.теңге субсидия бөлініп, бұрын «МАЭК Казатомпром» ЖШС-нен тәулігіне 3 мың текше метр су алатын болсақ, қазір, Каспий су тұщыту зауытынан алынатын судың көлемі тәулігіне 7-8 мың текше метр құрап отыр.

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫ

Бүгінгі күні,  ауылдық округ бойынша 16 мен 29 жас аралығындағы жастар саны –  1016.  «Жастар іс-тәжірибесі» бойынша тәжірибеден өткен екі қызметкер тұрақты жұмысқа орналастырылды. Ауыл жастары арасынан Әлем және Азия чемпионатынан жүлделі орынға ие болған -5.

Басқұдық ауылдық округі бойынша аудандық мемлекеттік басылым «Мұнайлы» газетінде жастар арасында патриоттық тәрбие беру, Қазақстандық елжандылық, отансүйгіштік, салауатты өмір салты бағыттарында 8 мақала жарияланды. Ауылдық округ әкімі аппаратының тарапынан Қазақстан Республикасы мемлекеттік  жастар  саясатының «Қазақстан 2020»тұжырымдаманың  орындалуына байланысты 20-дан астам түрлі  іс-шаралар өткізілді.

Басқұдық ауылдық округінде 2016 жылдың сәуір айында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, 1 – мамыр Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне орай «Тыныштық тілегіміз, тұрақтылық тірегіміз» атты аудан  жастарының  1  фестивалінде ауыл жастары бас жүлдені иеленді. 2016 жылдың қаңтар айында ауылдық округ әкімі аппаратының демеушілігімен ауылдық округ жастарынан құрылған «Жайдарман» КВН көңілділер мен тапқырлар командасы Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының бастамасымен «Жаңа маусым-жаңару маусымы» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында өткен Қазақстан КВН Одағы республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырған  сайыста жүлделі орынды иеленді.

Жастар белсенділігін арттыру мақсатында  өкізілген 3 аудандық, 1 ауылдық,  5облыстық  жастар форумдарына ауыл жастары белсенділік көрсетті. Ауыл жастары арасында қоғамдық пікірді білуде  әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Сауалнама барысында ауыл жастары Еліміздің болашағына сеніммен қарап, елдегі саясатты қолдайтындығы сараланды. 

ҚЫЛМЫСТЫҚ АХУАЛ

Тіркелген қылмыстық оқиға 2015 жылы – 173 қылмыс болса, 2016 жылдың есепті кезеңінде – 210 қылмыс тіркеліп отыр, оның ішінде 122 ұрлық. Өткен жылмен салыстырғанда өсім байқалады. 01.10.2016 жыл жағдайында 106 қылмыс ашылып, 104 қылмысты ашу бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Мұнайлы ауданының кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қаралуымен, ҚР қылмыстық Кодексінің 188 бабы (абайсыздан біреудің мүлкін бүлдіру) сәйкес, қылмысқа жол берген 2 жасөспірім есепке алыну туралы шешім шыққан. Ауылдық округтің аймақтық полиция учаскелік КТЖ инспекторларымен рейдтік шара барысында 3-11 жас аралығында ата-анасының қарауынсыз қаңғыбастықпен жүрген 2 жасөспірім  ұсталып, әкімшілік шараға тартылды. Басқұдық №9 орта білім беру мекемесінде, мектепішілік есепке - 8 оқушы тіркелген. Аталған оқушылардың негізгі есепке алыну себебі, ұрлық, сабақтан себепсіз қалу, қиын тәртібі және қаңғыбастық.

Кәмелетке толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсау деректері салыстырмалы зерделесек, 2015 жылдың қорытындысында ауылдық округ бойынша суицид фактілері тіркелген жоқ. Ал, 2016 жылдың 16 мамыр айында аяқталмаған бір суицид фактісі анықталды. Ауылдық округте жастар мен жасөспірімдер арасында қалмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамға қарсы бағытталған құқықбұзушылықты болдырмау, оқушылар мен студенттер арасында топтық қылмыстарды болдырмау мақсатында бірқатар профилактикалық жұмыстар атқарылуда.

АРДАГЕРЛЕР БАСТАУЫШ ҰЙЫМЫ, ӘЖЕЛЕР КЕҢЕСІ

Басқұдық ауылдық округінде ауылдық ардагерлер бастауыш ұйымы және әжелер кеңесі мүшелерінің қатысуымен 2015 жылы 54 шара, 2016 жылы 72 шара өткізілді. Олардың ішінде: 12 – құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша рейдтік шара,6- діни экстремизмнің алдын алу профилактикалық шара, 83- әлеуметтік және мәдени шаралар. Жыл сайын ардагерлер бастауыш ұйымының іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіледі.

ЭТНОС АРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС, ДІНИ АХУАЛ

Басқұдық ауылдық округінде қазіргі танда көрші Республикадан көшіп келген Отандас қазақ ұлтынан  бөлек 36 ұлттың өкілдері тұрып жатыр. Орыс ұлты -21, украин ұлты -2, беларус ұлты -1, өзбек ұлты-10, қырғыз -2  ұлт өкілдері тұрып жатыр. Олар мұсылман, провославиялық және католиктік христиан дініне бөлінеді. Христиан дінінің өкілдері өздерінің ресми діні, діни мейрамдарын жанұя ортасында өткізіп тұрады. Мәселен атап айтсақ, Иса Пайғамбардың туған күнін, "Пасха", "Крещение" мейрамдарын кеңінен өткізіп келеді. Олар әр күн, немесе апта сайын дұға оқымайды, себебі олардың жиналып дұға оқитын басқа да діни көпшілік шара өткізетін орындары Кеңес Одағы кезінен бері қалыптасып келе жатқан дәстүрімен ауылдың әр түрлі ұлт өкілдері бір-бірінің дінін, тілін, дәстүрін сыйлап, өзара араласып, тату-тәтті тұрып келеді. Діни конфессиялар жоқ. Сондықтан Ақтау қаласының шіркеуіне барып, мерекелерін атап өтеді.

   Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» «Стратегиясықалыптасқанмемлекеттің жаңа саяси бағыты» аттыҚазақстан халқына Жолдауында  түрлі әлеуметтік, этникалық және діни топтардың келісімі мен  татулығын былай депкөрсетті: Біз қазақ халқына, біздің мәдениетіміз бен тілімізге қатыстытарихи әділдікті қалпына келтірдік. Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияныңөкілдері үшінтуғаншаңырағынаайналды. Азаматтық татулық  пен ұлтаралық келісім – біздің бастықұндылығымыз.Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуіәлемдік эталонретінде танылған. Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің  бірегей еуразиялық үлгісі болды. Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу  орталығына айналды деді Елбасы. 

Басқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының «ҚР діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» іс шарасы жасалып, бекітілді. Бүгінгі күні, іс-шараға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Ішкі саясат маманы  (ҰҚК) Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің жауапты қызметкерлерімен бірлесе отырып, диструктивті діни ағымға бейім, күдікті тұғалардың тізімін анықтау бағытында  тұрақты жұмыстар жүргізуде. Ақпараттық насихаттық топтардың қатысуымен 2015 жылы 9 іс-шара өткізілсе, 2016 жылы АНТ мүшелері, дін өкілдерінің қатысумен 14 іс-шара ұйымдастырылып, өткізілді. Ауылдық округ бойынша теріс ағымда жүрген азаматтар анықталған жоқ. Басқұдық ауылдық округінің  №9 жалпы білім беретін орта мектебінде 9-10 сынып оқушыларына жоспарлы аптасына бір рет, 1 сағат «Дін тану» пәні бойынша сабақтар жүргізіліп тұрады. «Дінтану» пәні бойынша дәріс беруші: теолог Кенжебаев Ибадулла 20.02.1963 ж.т. білімі жоғары педагогикалық, тарих пәні мұғалімі. Бүгінгі таңда жастардың арасында діншілдік деңгейінің өсуіне байланысты дін мәселелерінің өзектілігіне көңіл бөле отырып, кәмелетке толмаған балалардың денсаулығын, өмірінің қауіпсіздігін  сақтау мақсатында ауылдық округ  аумағынан  жеке  кәсіпкер Серік Хантөриевтің бастамасымен 500  орындық мешіттің  құрылысы салынуда. Аталмыш мешіт  жұмыс істей бастаған жағдайда ата-анасы  балаларына жазбаша берген рұқсат қағазымен мешітке кірулері керектігі туралы түсіндіру жұмыстары жүгізілуде. Жазғы-қысқы оқу демалысының басталуымен ауылға келетін жоғарғы оқу орындарының студенттерінің тізімдері жасалып, олардың ата-аналарымен түсінік жұмыстары және студенттерді қадағалау жұмыстары тұрақты жүргізіледі.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асырылуының және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жоспарының орындалысы

2016 жылы  Басқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының 3 қызметкері  «Мемлекеттік мекемелер жәнекәсіпорындармен ұйымдарға басқаруды жетілдіру сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбы бойынша72академиялық сағат көлемінде семинар, оқыту курсынан өтті.

2015 жылдың 23 маусымында «Мемлекеттік қызмет өткеруді жетілдіру және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу аясындағы тұжырымды ұсыныстар енгізгені үшін, Басқұдық ауылдық округінің әкіміҚазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы  М. Нәлібаевтың III-дәрежелі Дипломмен марапатталды.

01.03.2014 жылғы енгізілген Қазақстан Республикасының ар - намыс кодексіне ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодекісінің 11.07.2016 жылғы өзгертілген мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының тақтасы жасалып, ғимарат ішіне ілінді.

  Ауылдық округ әкімі аппараты ғимаратының кіреберістегі қабырғасына сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алу мақсатында тұрғындарға арналған ескертпе тақтасы жасалып, (City Center) тел: 1494  ілінгенін назарыңызға береміз.

  Ауылдық округ әкімі аппаратының қызметкерлерімен, айына 1 рет сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын алу бойынша дәріс өткізіліп, тоқсан сайын құпия (анонимді) тестілеу өткізіледі.

ЭКОЛОГИЯ

Маңғыстау облысының орталығынан 3-4, Каспий теңізінен 7-8 шақырым  қашықтықтағы, Мұнайлы ауданына қарасты Басқұдық ауылдық округіне іргелес орналасқан аумағы жағынан әлемде теңдессіз /77 шаршы шақырым/ саналатын Қошқар ата қалдық қоймасы орналасқан.Мұнайлы ауданындағы «Қошқар ата» қалдықтар көлінің қауіпі сейілер емес. Кеңес дәруірі тұсында түрлі кәсіпорындардан зиянды заттар сонда құйылған. Кейін көлдің бір бөлігі шөлге айналып, қалдықтар қоршаған ортаға ұша бастады. Осыдан 5-6 жыл бұрын аумақтың кейбір тұсы жабылды. Бірақ іс аяқсыз қалды. Бұған экологиялық аймақ түбінде орналасқан  Басқұдық, Атамекен және Баянды ауыл тұрғындары алаңдаулы.

2016 жылдың 1 ақпанынан бастап Басқұдық ауылдық округіндегі «Ақтау қаласы «Көктем» МКҚ балансына қарасты қатты тұрмыстық қалдықтар төгетін полигон жабылып, Баянды ауылына қарасты аумаққа көшірілді. Қазіргі таңда, аталмыш полигонда жұмыстар жүргізілуде. «Қошқар ата» қалдық қоймасы айналасында тәжірибелік жасыл қорғаныш аймағын құру жұмыстары басталды. Бас мердігер мекеме «Оазис Актау»ЖШС. Аталған жұмыстар «Қошқар ата» радиоактивті зиянды элементтері, шаң-тозаң арқылы ұшып елді мекенге едәуір зиянын тигізуде. Жалпы аумағы 7,5га  құратйтын «оңтүстік-батыс аймақта орналасқан «Қошқар ата» ойпатынан қорғайтын жыңғыл, сексеуіл егіліп, елді мекен аймағына көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, «Жас Дәурен» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, ауылдық округ әкімі аппаратымен бірлесіп, «Ауыл тазалығы өз қолымызда» атты экологиялық акция өткізілді.  Акцияда ауыл тұрғындарын  ауыл көшелерінде санитарлық-тазалықты қалай сақтау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында кең көлемді мәліметтер берілді. Акция қорытындысында ауыл тұрғындарына брошюралар мен тазалық ережелері таратылды.

2017-2018 жылдарға  қойылған  алдағы міндеттер мен жоспарлар және оны одан әрі дамытудың негізгі бағыттары:

Әлеуметтік инфрақұрылымдар:

- Басқұдық тұрғын үй массиві аумағынан 600 орындық мектеп құрылысының ЖСҚ жасалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. 2016-2018 жылдардағы бюджеттік жоспарға 1 млрд 700 мың теңге қаражат енгізілді. Құрылыс жұмысын тездетіп бастау;

- «Алау» тұрғын үй массиві жанынан 1- ауылдық емхана құрылысының ЖСҚ-н жасақтау. Жер орны белгіленген;

- 960 орындық мектеп ғимаратына қосымша 300 орындық байлама ғимаратының құрылысын салу үшін ЖСҚ жасалып, мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынды;

Көліктік инфрақұрылым:

- «Автодромнан Басқұдық т.м. дейінгі 1.7км айналма жолдың ЖСҚ мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, қаражат мәселесін шешу үшін тиісті органға ұсыныс берілді;

- Ауылішілік 2.2 км жолдар құрылысының ЖСҚ мемлекеттік сараптамада;

- Ауылдық округтің «Ақтау-Маңғыстау» орталық автожол бойынан, «Қошқар ата» каналына дейін «Лоток» құрылысының ЖСҚ жасақталуда;

- Бұрынғы полигоннан «Авто ХҚКО» дейін автожол құрылысының ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс жұмыстарын тездету;

Елді мекенді газдандыру

-  Ауылдық округтің «Басқұдық, «Болашақ» және «Жаңа қоныс» тұрғын үй массивін газдандыру үшін  (275 учаске) ЖСҚ әзірлеуге тиісті органдарға ұсыныс беріліп, 2017 жылғы бюджеттік жоспарға енгізілді.

«Ақ Бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру

-   Ауылдық округтегі елді мекендерді суландыру үшін «Бағдат»ЖШС-мен жобалық-сметалық құжаттары әзірленді. Бүгінгі күні мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынып, 2016-2018 жоспарға енгізілді. Құрылыс жұмысын тездету;

Экология

-   «Қошқар ата» қалдық қоймасы айналасында тәжірибелік жасыл қорғаныш аймағын құру жұмысын жүргізіп, аяқтау. Маңғыстау облысы Басқұдық ауылдық округінің маңындағы «Қошқар ата» ойпатының оңтүстік-батысына қарай орналасқан, жалпы ауданы 7,5 га. жерді құрайды. Бас мердігер мекеме «Оазис Актау»ЖШС.

-  2 автокөлікке арналған V типті кешенді өрт сөндіру депосының құрылысын салу.

Басқұдық ауылдық округі бойынша өзекті мәселелер:

-  Басқұдық ауылының санитарлық эпидемиялогиялық талаптарын сақтау мақсатында «Кошқар ата» өлі көліне қалдық сулар төгілетін каналды жабу немесе рекультивация, реабилитация жұмыстарын жалғастыру;

-  Басқұдық елді мекені орталығынан өтіп жатқан жоғарғы қысымды газ құбырын елді мекен сыртынан «Кошқар ата» көліне қалдық сулар төгілетін канал бойы бағыты арқылы көшіру;

-  Елді мекендегі тұрғын үйлерді 100%-ға сымды телефонмен қамту;

-  Ауылдық округте 1 – дәрігерлік амбулатория немесе ауылдық дәрігерлік емхана  құрылысын салу;

-  «Балапан» бағдарламасы аясында ауылдық округте балалардың көптігіне байланысты мемлекеттік және жекеменшік балабақшалар санын көбейту;

-  Ауылдық округтен 600 орындық мектеп құрылысын тездетіп  бастау;

-  Басқұдық №9 орта мектепке қосымша 320 орындық байлама құрылысын салуды бастау.

НАЗАР ҚОЙЫП ТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!


Ақпараттық ресурстар